АК сульфоянтарлы қышқыл моноэфирінің жақсы жуғыш әсері
бар және рН-ы терінікіне жақын. АБ катамині негізінде жасалған
“Вега” жуғыш пастасы айқын бактериоцидті әсер етеді. Тері
күтімі үшін құрамына түрлі биогенді стимуляторлары,
дәрумендері, өсімдік гормондары, өсімдіктердің спирттегі
ерітіндісі кіретін эмульсиялы жақпамайлар жағады.
Аутоинокуляцияның алдын-алу үшін үстінде іріңдігі бар
балаларды жуындыруға, ал ересектер душ пен ванна қабылдауына
болмайды. Емшек жасындағы балаларға калий перманганатының
әлсіз ерітіндісімен, түймедақ ерітіндісімен, 1:1000 этакридин
лактатымен кішкене ванналар жасауға болады. Шоколад, бал
және басқа да тәтті тағамдарды міндетті түрде шектеу керек.
Қотыр, экзема, отит, ринит, конъюнктивитті емдеп, созылмалы
инфекция ошақтарын (созылмалы тонзиллит, тіс жегісі,
холецистит,
жыныс
мүшелерінің
созылмалы
аурулары)
санациялау керек.
Достарыңызбен бөлісу: