Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет89/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   386
 
М
ИЛИАРЛЫ ТУБЕРКУЛЕЗ НЕМЕСЕ БЕТТІҢ ЖАЙЫЛМАЛЫ МИЛИАРЛЫ 
ЖЕГІСІ
 
Бет терісінде бөлек орналасқан, бір-бірімен қосылмаған 
мөлшері 3-7 мм, төмпешіктер. Консистенциясы қамыр тәрізді, 
зонд феномені оң мәнді. Диаскопияда «алма дірілдегі (желесі)» 
белгісі оң мәнді. Туберкулез жегісінен төмпешіктерінің 
орталығында пустуланы еске түсіретін ошақты некроздың 
болуымен және ағымының ерекшелігімен ажыратылады. Олар тез 
беткей пигментация немесе атрофиялық тыртықтар қалдырып 
жазылады. Көбіне жас әйелдер ауырады. 
Диагностикасы 
бөртпенің 
клиникалық 
көрінісіне, 
төмпешіктің казеозды некрозына және гиспатологиялық 
құрылымына негізделеді. Процессті розацеа мен папулезді 
мерезбен және папулонекротикалық туберкулезбен ажыратады. 
Милиарлы туберкулезден бөлек папулезді сифилидтер айқын 
 
33-сурет. Папулонекротикалық 
туберкулез 


тығыздықпен және басқа арнайы белгілермен, серологиялық 
реакциялармен ажыратылады. Терінің папулонекротикалық 
туберкулезі ерте жастағы балаларда және жасөспірімдерде
кездеседі. Оның бөртпелері оншалықты көп емес, тығыздау зонд 
және «алма дірілдегі (желесі)» феномені болмайды. 
 
И
НДУРАТИВТІ 
(
ТЫҒЫЗДАЛҒАН
)
 
Б
АЗЕН ЭРИТЕМАСЫ

Тері туберкулезінің ең кең тараған түрлерінің бірі. Әдетте,
16-40 жас әйелдер, жиірек өкпе, лимфа түйіндері туберкулезімен, 
скрофулодермамен, 
папулонекротикалық 
туберкулезбен 
ауыратын науқастарда кездеседі. Аурудың байқалуына қан 
айналым бұзылысы немесе акроцианоз, тамырдың варикозды 
кеңеюі, аяқтың жиі салқындауы, ұзақ уақыт аяқпен тұрып жұмыс 
жасау себеп болады. Күз және қыс айларында рецидив беруі 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет