Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет93/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   386
Жіктелісі. 
1953 жылғы мадрид жіктелісі бойынша алапестің 2 
полярлы түрін ажыратамыз: лепроматозды және туберкулоидты, 2 
аралық түрін: жетілмеген және аралық (диморфты). Соңғы 
жіктеліс (1973) Ридли-Джоплинг бойынша, дәлірек айтсақ дамып 
келе жатқан мадридтік жіктеліс субполярлық типтер туралы 
түсінік енгізді – аралық полярлық туберкулоидты немесе 
лепроматозды 
және 
аралық 
туберкулоидпен 
немесе 
лепроматоздымен арасындағы аралық түрлері деп бөледі. 
Клиникалық түрлерінің арасында нақты шекара болмауына 
байланысты оларды тек клиникалық тәжірибеде лепроматозды, 
туберкулоидты, жетілмеген немесе аралық түрлерін ажыратуға 
болады. Осы әр типтің ағымында төрт саты байқалуы мүмкін: 
үдемелі, ауруханалық, регрессиялық және қалдық көріністер. 
Өршитін және ауруханалық кезеңдерінде тиімді ем жүргізу 
барысында да негізгі ошақтардың өршуімен және екіншілік 
аллергиялық бөртпелермен бірге алапестік реакциялар байқалады.
Аурудың бастапқы көрінісі болып жіктелмеген алапес, содан 
соң 
организмнің 
иммунобиологиялық 
резистенттілігіне 
байланысты процесс бір полюске қарай ығысады. Астеникалық 
фоны бар және иммуножетіспеушілік байқалатын науқастарда 
алапес сынамасы теріс мәнді, көбіне қатынасты түрі – 


лепроматозды болып келеді. Жоғары иммунды реактивтілігі 
жоғары, оң мәнді алапес сынамасы бар науқастарда –
туберкулоидты түрі дамиды. 
 
А
ЛАПЕСТІҢ ЖЕТІЛМЕГЕН 
(
ЖІКТЕЛМЕГЕН
)
 ТҮРІ
 
Алапестің жетілмеген түрінде
бөртпелер болмайды. Аздаған, 
шеттері айқындалмаған, әртүрлі көлемде және мөлшерде 
байқалатын бұлыңғыр таңбалар диагностиканы қиындатады. 
Ганзен таяқшасын бұндай науқастарда анықтауға сирек 
мүмкіндік туады. Патогистологиялық көрінісі жай ғана, кезкелген 
созылмалы дерматоздарда болуы мүмкін, арнайы емес 
инфильтратпен 
білінеді. 
Лепрозды 
таяқшалар 
бұндай 
инфильтратта көбіне анықталмайды. Бұндай науқастардың 
қатынастық залалы аз, жалпы жағдайы және көңіл-күйі әдетте, 
жақсы. 
Лепраның 
толық 
анықталмаған 
түрінде 
тері 
жамылғыларының зақымдалуымен қатар, процесс шеткі нерв 
жүйесін қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет