Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет90/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   386
Клиникалық көрінісі.
Индуративті эритема тығыз терең 
орналасқан баяу ұлғаятын түйіндермен немесе тегіс көк-қызғылт
түсті диаметрі – 1-5см үлкен инфильтраттармен білінеді. 
Түйіндер тері және тері асты шел май қабатында терең 
орналасқан, пальпацияда ауырсынады. Олар әдетте симметриялы,
көбіне тізеде, сиректеу санда, жамбаста, қолда орналасады. 
Сиректеу 
ауыз 
және 
мұрынның 
кілегей 
қабаттарында 
зақымдайды. Дамудың шегіне жеткен кезде түйіндер регрессияға 
ұшырап, артынан сақина жағдайда ошақтар бір-бірімен қосылу 
барысында орталықтан ыдырап, ауырмайтын фистулезді шеттері 
қудалап қазылған жаралар (индуративті эритеманың жаралық 
түрін суреттеген Гетчинсон, сондықтан гетчинсондік түрі деп 
атайды) пайда болады. Жаралар жазылғаннан кейін төмен 
басылған пигментацияланған тыртықтар пайда болады. Емдемесе, 
дерт айлап немесе жылдар бойы созылады және салқын 
мерзімдерде рецидив береді. Түйіндер тамырлар бойымен 
лимфангитпен асқынады. Терінің индуративті туберкулезінде, 
жаксы иммунитет фонында, гиперергиялық қабыну нәтижесінде 
туберкулин сынамалары 60-70% науқастарда оң нәтиже береді. 
Диагностикасы
.
Диагнозы 
клиникалық-гистологиялық
мәліметтеріне қарап қойылады. Көбінесе қиыншылыктар түйінді 


эритема мен скрофулодерманы ажыратқанда, оның ішінде 
соңғысы тізеде орналасқанда туады. Түйінді эритема айқын 
қабынумен, қызбамен және ауырсынумен білінеді. Зақымдану 
тізенің алдыңғы бетінде, ыдырауға икемділігі және туберкулез 
ошақтары организмде болмайды. Пирке реакциясы теріс мәнді.
Клиникалық күрделі жағдайларда арнайы ем тиімділігі ескеріледі.
Скрофулодермада 
түйіндер 
консистенциясы 
және 
ойық 
жараланған аймақтар негізі жұмсақ, жара жиектері қиық тәрізді, 
жыланкөз жолдары болады. Гуммалы сифилидтерде субъективті
сезімдер болмайды, өзіндік тығыздығы бар, зақымдалған ошақтар
күнгірт-кызғылт түсті және мерездің басқа белгілері байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет