Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет106/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Профилактикасы.
Кезекті 
ошақтарда 
кешенді 
дератизациялық жұмыстар жүргізіледі. Науқаста ауруды уақтылы 
анықтау және емдеу өте маңызды, москиттерден қорғау үшін
жекеленген препараттар қолданады. Күзде және қыста құрамында 
лейшманиоз қоздырғышының ауылдық типінің (
L.tropica major

тірі културасымен, 0,1–0,2 мл тері астына профилактикалық
екпелер жүргізеді. Лейшманиоманың жедел дамуы лейшманиоз 


екі типіне иммунитетті қамтамасыз етеді. Екпелік лейшманиома 
жедел жоғалады, көрінер көрінбес атрофиялық тыртық 
қалдырады. 
Кеміргіштерді жою үшін елді мекендерде ені 15 км олардың 
індерін улайды (москиттердің ұшу ұзақтығы). Москиттердің 
орындарын 
хлорлы 
известьпен 
өңдейді, 
ғимараттарда 
инсектицидтер (тиофос, гексахлоран) шашып тастайды. Тұрғын 
үйлер мен ғимараттарды дезинфекциялау қажет. Москиттер 
көбінесе адамдарды түнгі мезгілде шағады, сондықтан 
эндемиялық райондарда кроваттарға репеллентпен өңделген, 
москиттерді қашыратын марліден масақаналар жасайды. Күндіз 
теріні «Геолог» немесе «Тайга» кремін, қалампыр майын жағады; 
сонымен қатар москиттердің тістеуінен бірнеше сағат қорғайтын 
қатты иісі бар одеколон немесе диметилфталат қолдануға болады.
2.1.4.
 
Т
ЕРІ МЕН КІЛЕГЕЙ ҚАБАТТАРДЫҢ САҢЫРАУҚҰЛАҚТЫ 
АУРУЛАРЫ 
 
Жалпы мағұлматтар. 
Тері ауруларында дерматомикоздар 
пиодермиттерден кейін 2-ші орын алады. Саңырауқұлақтар 
табиғатта кең таралған, бірақ оның аз бөлігі ғана жануарлар мен 
адамдарға патогенді әсер етеді. Олар топырақта, өсімдіктерде 
өмір сүреді, жануарлар мен адамдар үшін паразит болып келеді. 
Саңырауқұлақтарды жануарлар (зоофильді) мен адамдарда 
(антропофильді) ауру тудыратын монопатогенді және екеуін де 
зақымдайтын 
полипатогенді 
(зооантропофильді 
немесе 
антропозоонофильді) түрлерін ажыратады. Адамның терісін 
зақымдайтын патогенді саңырауқұлақтар – дерматофиттер, ал 
олар шақыратын ауру – дерматомикоздар деп аталады.
 
Кандида тұқымдастығының патогенді ерекше тобына ашытқы 
тәрізді патогенді саңырауқұлақтар жатады. Олар спора түзбейді, 
көбейеді, ал олардан түзілген жіптерден шынайы тармақ 
болмайды, сондықтан оларды псевдомицилдер деп атайды. 
Инфекциялану екі жолмен жүреді. Инфекцияның тіке берілу 
жолы өсімдіктермен, ауру жануарлармен немесе ауру адамдармен
қатынаста болған жағдайда, тіке емес жолы – ауру адам 


қолданған әртүрлі заттар мен құралдарды және жануарларды күту 
құралдарын ұстағанда жұғу. 
Кейбір саңырауқұлақ ауруларымен (беткей трихофития, 
микроспория және т.б) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы 
балалар, ал басқа түрлерімен (эпидермофития, рубромикоз, терең 
жүйелі микоздармен және т.б) ересек адамдар ауырады. Белгілі 
бір саңырауқұлақ ауруларының жұғу (мысалы, мамық 
микроспория – күзде, ал зоофильді трихофития – жазда) және 
өршу (табан эпидермофитиясы көктемде және жазда өршиді) 
мезгілдері 
байқалады. 
Дерматомикоздардың 
жайылуына 
климаттық жағдайларда әсер етеді. Соңғы кезде микозбен 
аурудың өсу және төмендеу циклділігі байқала бастады. Бұның 
барлығын 
әрбір 
облыстар 
мен 
республикаларда 
дерматомикоздарға қарсы күрес жүргізгенде ескеру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет