(Монтенегро тесті) қолданады. Төбешік немесе лейшманиоманың
жиегіндегі
инфильтратты
екі
саусақпен
басады
және
скальпельмен терінің кішкентай және терең емес бөлігін кесіп
алады. Кескен жиектерден скальпельмен кішкене тін және тін
сұйықтығын
жағындыға
алады.
Алынған
материалдан
Романовский–Гимзе бойынша бояп, жағынды дайындайды.
Қоздырғыш ұзындығы 2–5 мкм, ені 1,5–4 мкм жұмыртқаға ұқсас
түзіліс, протоплазмада екі ядро анықталады – ірі овальды және
қосымша таяқша тәрізді (блефаробласт). Жағындыда лейшмания
протоплазмасы ашық-көк түске, ірі ядро – қызыл немесе қызыл-
күңгірт, қосымшасы – қою-күңгірт түске боялады.
Паразит көп
мөлшерде макрофагтарда және қанда, сонымен қатар терінің
зақымдалған ошақтарында орналасады.
Емі.
Тері лейшманиозының негізгі үш емдеу әдісі бар:
хирургиялық, физиотерапиялық және химиотерапиялық. Әрбір
әдістің ауру сатысына, таралуына және орналасуына байланысты
көрсеткіштері бар. Жалғыз айқын шектелген ошақ болса
көрсеткіші
алып
тастау
(криотерапия,
лазеротерапия,
электрокоагуляция, диатермокоагуляция). Көптеген жаралы
элементтер болса, химиотерапия,
физиотерапия және сыртқы
қабынуға қарсы антибактериальды препараттармен кешенді ем
тағайындалады. Жиі ішуге метронидазол, рифампицин, низорал
(кетоконазол), аллопуринол, тетрациклиндер (метациклин,
доксициклин) қолданады. Метронидазол ересектерге 0,25 г күніне
4 рет және балаларға жасына сай 0,125 г күніне 2–3 рет 7–10
күнге тағайындалады. Бір апта үзілістен кейін препаратты тағы да
2 апта (сүйемелдеуші доза) ересектер 0,25 г күніне 2–3 рет және
балаларға 0,125 г күніне 1–2 рет қолданады.
Рифампицин ересектерге ішуге 0,3 г тәулігіне 2–3 рет
тамақтан 30–40 минут бұрын, балаларға 7,5–10 мг/кг 2 рет
тағайындайды. Емнің курсы 7–20 күн.
Бұрын қолданылған
мономицин нефро- және ототоксикалық әсеріне байланысты
ішуге тағайындалатын доксициклин (вибрамицин) немесе
метациклин гидрохлоридіне (рондомицин) ауыстырылды. Оларды
0,1 г немесе 0,3 г күніне тамақтан кейін 2 рет, ем курсы 10–15 күн
қолданады. Кетоконазол 5–10 мг/(кг*тәулігіне) 1 немесе 2 рет 60
күн қолданады.
Таңдау препараттары мепокрин және 5-валентті сурьма болып
саналады. Лейшманиоманың емі ерте сатысында 5% 2–3 мл
мепокрин ерітіндісін 3–5 күн сайын егу өте тиімді, ем курсы 3–5
инекция. 5-валентті сурьманы натрий спитоглюконаты немесе
антимониат мегломинін тері астына тәулігіне 1 рет 2–3 мл-ден
арасына 1–2 күн салып егеді, ем курсы 3–5 инъекция. Сурьма
препаратымен
емдегенде тиімділігі жоқ болса, ароматты
диаминдер (пентамидин, гамоляр), делагил немесе амфотерицин
В тағайындау жөн. Әсіресе глюкантим тиімді, 10–15
мг/(кг*тәулігіне) ішуге 4 апта ішінде бөртпелердің толық регрессі
байқлады.
Сонымен қатар лейшманиозға қарсы аминохинол және
фуразолидон әсер етеді. Аминохинол ішуге 0,15–0,2г тәулігіне 3
рет тамақтан кейін 20–30 минуттан соң қолданады, емнің
ұзақтығы 10–15 күн. Фуразолидон 0,15–0,2 г күніне 4 рет 15–18
күнге тағайындалады. Жергілікті жақпамайлар қолданылады: 5–
10% проторголды, 5–10%
стрептоцидті, 1–2% акрихинді, 1%
этакридин лактат жақпамайын, 5–10% сулфаниламидті, 3%
метациклинді, 5% тетрациклинді жақпамайды.
Лейшманиоздың кез келген формасынан емделгеннен кейін
тұрақты иммунитет қалады. Ауылдық (зоонозды) типінде супер-
және реинфекцияны қабылдамаушылық 2 айдан, ал антропонозды
(қалалық) – 5–6 айдан кейін дамиды.
Жасанды активті иммунизациялаудың оң мәні бар.
Лейшманиозға шынайы иммунитет болмайды;
ауырғаннан кейін
әдетте иммунитет қалады, қайталап зақымдалу сирек кездеседі
(10–12% аурудың антропонозды типінде).
Достарыңызбен бөлісу: