Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет102/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Профилактика.
Биттеудің пайда болуына тазалықтың 
болмауы, біреудің жеке гигиеналық заттарын және киімін 
қолдану алып келеді, сондықтан негізгі профилактикалық 
шаралар болып халықтың санитарлық мәдениетін көтеру және 
жалпы гигиеналық шаралар жүргізу. 
Кеңес беру. 
Дәрігер-стоматолог битшеңдіктің жекелеген 
адамдарда және ұйымдасқан ұжымдарда таралуы мүмкін екенін, 
санитарлық-гигиеналық шаралар жүргізу қажеттігін естен 
шығармау керек.
 
2.1.3.3. Тері лейшманиозы (Боровский ауруы) 
Тері лейшманиозы – трансмиссивті, ыстық немесе жылы 
климатты аймақтар үшін эндемиялық ауру. Лейшманиоздың 
географиялық 
таралуы 
москиттердің 
орналасқан 
жеріне 
байланысты. Бұл жәндіктердің бір популяциясы даму үшін 50 
күнаралығында температурасы 20
о
С төмен түспеуі қажет. 


Аурудың 
мерзімділігі 
тасымалдаушының 
өмір 
сүру 
ерекшеліктеріне байланысты: температура төмендегенде ауру 
келесі жылы жылынып, москиттер ұша бастағанша тоқтайды.
Ауру Солтүстік Африкада (Алжир, Тунис, Марокко, Египет, 
Ливия, Эфиопия), Азияда (Сирия, Ирак, Иран, Түркия), Орталық 
Азияда (Түркмения, Өзбекстан), Афганистан, Индия, америкалық 
континетті елдерде кездеседі. Бірең-сараң жағдайларда біркелкі 
климатты елдерде байқалады. ДДҰ мәліметтері бойынша, 
жылына 400000 дейін жаңа жағдайлар тіркеледі.
Ауруды қарапайымдылар тұқымдастығының бірнеше түрі бар 
қоздырғышы шақырады. Лейшманиоз қоздырғышы – 
Leischmania 
tropica
– қарапайымдыларға жатады 
(Protozoa)
. Аурудың жедел 
некроздалатын (
ауылдық
, немесе 
зоонозды
типі) және кеш ойық 
жара пайда болатын (
қалалық антропонозды
типі) клиникалық 
түрлері бар. Бірінші түрінің қоздырғышы 
Leischmania tropica
major
, екіншісі – 
L

tropica minor
болып есептеледі. Екі 
қоздырғышты биологиялық және үрдістің эпидемиологиялық 
ерекшеліктерімен ажыратады. Сонымен, 
L.tropica major
, аурудың 
жедел некротикалық түрімен негізделеді, құмды жазықтықты 
кеміргіштерде өмір сүреді және паразиттеледі (саршұнақтар, 
құмдауыт, кірпілер, тышқандар, иттер). Тасымалдаушылар болып 
Phlebotomus 
туыстығының москиттері табылады. 
L. tropica minor
тек қана адамда паразиттеледі, бірақ тасымалдаушылар болып 
Phlebotomus 
туыстығының москиттері табылады. 
Ауылдық типіне мерзімділік тән, себебі москиттердің жылдың 
жылы мезгілінде өмір сүруіне байланысты. Ауру көктемде 
басталады, оның көлемі жазда ұлғайып және қыста төмендейді. 
Қалалық типінің мерзімділігі болмайды және ұзақ дамиды. Ол 
жылдың кез келген мезгілінде анықталуы мүмкін. Жиі жануарлар 
мен адамдарда инфекцияның тасымалдануы айқын клиникалық 
көрініссіз өтуі мүмкіндігі анықталған, (П.В. Кожевников, Н.Ф. 
Родякин), ол лейшманиозбен күресті қиындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет