Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет134/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Патогенез
Барлық 
Candida
туыстығы шартты-патогенді 
саңырауқұлақтарға жатады, сондықтан кандидоз инфекциясының 
патогенезінде 
шешуші 
болып 
қоздырғыш 
қана 
емес, 
макроорганизм жағдайы да маңызды. Саңырауқұлақтың 
патогенділігі аурудың дамуында белгілі бір роль атқарады.
Candida
туыстығының саңырауқұлақтарының патогенділік 
факторларына 
протеолитикалық 
ферменттер 
және 
гемолизиндердің секрециясы, дерматонекротикалық активтілігі 
және адгезивтілігі (эпителий клеткаларына жабысу мүмкіндігі) 


жатады. 
Candida 
albicans
штаммалары 
макроорганизм 
гомеостазының 
әртүрлі 
өзгерістерінде 
өзінің 
патогенді 
қасиеттерін 
күшейтетіндігі 
анықталды. 
Candida 
саңырауқұлақтарының 
шартты-патогенді 
вируленттілігінің 
белсенділігіне қоршаған орта факторлары саңырауқұлақтардың 
организмге енуіне көмектесетін (экзогенді), микроорганизм 
қарсылығын төмендететін эндогенді факторлар, саңырауқұлақтың 
өзінің вирулентті қасиеттері, олардың патогенділігін қамтамасыз 
ететін факторлары алып келеді. Қоршаған ортаның қолайсыз 
факторларының арасында дене қызуы, тері мацерациясы мен 
тершеңдік, теріге және кілегей қабаттарына кәсіби зиянды 
әсерлер (қышқылдар, сілтілер, цемент, еріткіштер), кондитерлік 
өндірістерде, ақуыз синтездейтін гидролиздейтін цехтарда ауа 
құрамында саңырауқұлақ спораларының көп болуы, тері 
жарақаттары, әсіресе консервалық өндірістік шикі заттарда осы 
саңырауқұлақтардың болуы, тиімсіз гигиеналық режимге алып 
келеді. 
Кандидозға қантты заттармен және жидек шырындармен, 
қымыздық, алма, лимон, сүт қышқылдары мен сілтілер тері 
мацерациясына алып келетін кондитерлік және консервалық 
өндірістердің жұмысшылары ауырады. Жақсы қоректік ортада 
(монша, 
бассейндер, 
тағам 
өндірісінің 
жұмысшылары)
саңырауқұлақ вируленттілігі жоғарлайды. Тері мацерациясы 
сонымен қатар сатушыларда да болады. 
Эндогенді факторлар өте көп. Бірінші орынға иммундық 
жетіспеушіліктер, 
метаболизм 
аурулары 
(қант 
диабеті, 
диспротеинемия, жаралы колиттер, дисбактериоз, семіздік) 
шығады. Ауруға созылмалы инфекциялық процесстер, қан жүйесі 
аурулары, жаңа түзілістер, микседема, тиреотоксикоз, Иценко-
Кушинг 
ауру, 
жоғары 
тершеңдікпен 
вегетодистония, 
авитаминоздар алып келеді. 1 жасқа дейінгі балалардың өмірінде 
кандидоздың патогенезінде ашытқы флорасының тіршілігінің 
тежелуіне, сонымен қатар сілекей бөлінудің физиологиялық 
жетіспеушілігі және сілекейде ашытқыға қарсы лизоцим 
активтілігінің төмендеуіне, қан сарысуындағы фунгистазының 
активтілігінің төмендеуі маңызды роль атқарады. 1 жасқа дейінгі 


балаларда 
кандидоздың 
дамуына 
Candida
туыстығының 
саңырауқұлақтарының өсуіне қолайлы орта болып ауыз қуысына 
асқазан ішіндегі қышқылды жиі лоқсу алып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет