бұл патогенді (шигелла, сальмонелла , т.б.) және шартты патогенді (протей, клебсиелла , клостридии , т.б.) бактериялармен , вирустармен және паразиттермен шақырылатын, энтеральды механизммен (фекальды – оральды) берілетін, асқазан – ішек жолдарының зақымдалуы , диарея және интоксикация симптомдарымен жүретін жұқпалы аурулар тобы.
Инвазивті диарея - нәжіс аз мөлшерде , жиі , кілегей мен қан аралас , колиттік синдром, сол жақ мықын аймағында ауырсыну , тенезмдер , кейде нәжіссіз , тек кілегей мен қан арлас «ректальды түкірік» болуы ( шигеллез, сальмонеллез , энтероинвазивті эшерихиоз, кампилобактер), қызба 40,0 С
Секреторлы диарея - көп мөлшерде сұйық, сулы нәжіс , патологиялық қоспасыз, іштегі ауырсыну сирек болады , көбінесе кіндік айналасында ауырсыну , метеоризм. (тырысқақ, энтеропатогенді және энтеротоксигенді эшерихиоз , вирусты диареялар) , құсу