Б иттитай Назкен Дулатқызы Эссе Неге мен мұғалім мамандығын таңдадым?



Дата13.06.2023
өлшемі62,71 Kb.
#101094
Байланысты:
Биттитай Н.Д. Эссе Неге мен мұғалім мамандығн таңдадым


Б
иттитай Назкен Дулатқызы



Эссе


Неге мен мұғалім мамандығын таңдадым?

Өмірде мамандықтың өте көп түрі бар. Әр мамандықтың өзінің ерекшелігі болады. Адам өзінің қызметтік жолын жүрек қалауы бойынша таңдауы керек. Себебі, болашағымыз таңдаған мамандығымызға тікелей тығыз байланыста. Өзінің ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарған кезде ғана адам өзін бақытты сезінеді. Соның ішінде, қиыны мен қызығы қатар жүретін ол – ұстаздық жол. Ұстаз – ол адам баласын білім нәріне жетелейтін мамандықтың ең қиын түрі.


Мен, қазіргі уақытта ұстаздық жолын таңдаған жас маманмын. «Болмасаң да ұқсап бақ, сол ғалымды көрсеңіз», – дейді. Иә, менде бұл дара жолға өзімнің ғалым болмаса да, талай-талай биік шыңдарды бағындырған ұстаздың жетелеуімен таңдап, 2021 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін. Таңертең мектептің ауласына жақындай бергеніңде, оқушылардың дауыстары мені қуантады. Мектепке кіргеннен бастап, сан түрлі ойлардан арылып, оқушыларымның тәтті қылығы мен бұзық істеріне, әдемі нәзік жүректерімен күлімдеген жүздеріне шаттана қараймын. «Баласыз үй мазар, балалы үй базар», – деп ата-бабаларымыз бекер айтпаса керек. Балалардың әр күні біздің көз алдымызда өтіп жатыр. жатыр. Алдымызға келген балалар - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жал дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жал дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет.
Мектеп — балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те артық етпейді. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз мұғалімдердің еншісінде.
Ақын да, ғарышкер де, ұшқыш та, тіпті Елбасының өзі бәрі-бәрі ұстаздың алдынан тәлім-тәрбие алған. Сол себепті де, ұстаз сөзі сыйлы, қадірлі құрмет тұтатын мамандық десем, артық айтпаспын. Тіпті ақын-жазушыларымыз ұстаз туралы неше түрлі ғибратті сөз айтып, мұғалім мамандығын биік көтерген. Атап айтатын болсақ, қазақтың дара, дана ақыны Абай Құнанбайұлы былай жырлаған еді.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
Міне, осындай тамаша өлең жолдары қай ұстазды болсын тебірентпейді ме? Еңбек жолын енді бастаған мұғалімнің де ұраны осы болмақшы. Өйткені, бұл дара жолда көп еңбек ету керек. «Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кіл тұру керек», – деп Мұхтар Шаханов айтқандай, алдыңда отырған шәкірттің жүрегінен орын алып, баланың бойындағы дарындылықты ашып, білім нәрімен сусындату мұғалімнің басты міндеті деп ойлаймын. Ол үшін, әрине, тыңбай еңбек етсең ғана жемісін көресің алма ағашын қалай баптап күтсең ағаш күзде жемісін күткеніндей береді. Мұғалім мамандығы да дәл сол іспеттес. «Адал еңбек, алғыр ой – анық досың біліп қой», – дейді. Шынымен де, мен де бұл мұғалімдік жолға білім алып, түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, қазақ тілі мен әдебиет мамандығының қыр сырын іздеп, түсініп, таңдап, талдап ұстаздық жолдық – дара жолына аяқ бастым.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар». Ұстаз – ол бір қолыңды сермеп таңдай салатын жол емес. Бұл жол – жас ұрпақтың бойына құндылық қалыптастыратын, қоғамда ерекше орын алатын мамандық. Осы жолда барлық ұстазға тілейтінім, атымызды Ай-әлемге паш ететін шәкірттеріміз көп болсын!
М – үмкіндік ылғи беретін,
Ұ – ғынып жымиып жүретін.
Ғ – алым да, шахтер, барлығы
А – рдақтап басын иетін.
Л – аулатып, от қып сенетін,
І – згілік нұрын себетін.
М – ұғалімдер мәңгі жасасын!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет