95
«Сальмонеллез» диагнозын қою үшін аурудың пайда болуымен
байланысты тамақ өнімдерінің сынамаларына (егер бар болса),
науқастардан алынған материалдарға, жабдықтан алынған шайындыларға
зерттеулер жүргізу және тамақ объектісі жұмысшыларын (күдікті тамақ
өнімдері дайындалған) бактерия тасымалдаушылықты бақылау қажет.
Сальмонеллезді диагностикалауға микробиологиялық зерттеулер
кіреді: қанды зерттеу кезінде таза культураны бөлу (бактиеремия
жағдайында және антибиотиктерді қолданбай), құсу массалары, асқазан
мен нәжістің жуу суларынан қоздырғыштың түрін полимеразды тізбекті
реакцияны (ПТР) қолдану арқылы анықтау, агглютинация және пассивті
гемагглютинация
реакцияларын
қолдана
отырып
серологиялық
ретроспективті бағалау. Азық-түліктің толық микробиологиялық талдауы
(таза дақылдарды оқшаулау және анықтау) 5 күнді алады. Дәлдігі аз
экспресс - диагностика 2 күн ішінде жүргізілуі мүмкін.
Азық – түлік – таралудың ең көп факторлары. Сальмонеллалардың
берілу факторлары болып табылатын тамақ өнімдеріне ең алдымен ет, құс
еті (әсіресе суда жүзетін құстар), жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері, балық
және теңіз өнімдері, сондай-ақ майонездер мен салат тұздықтары, кілегей
десерттері, желатин, жержаңғақ майы, какао және шоколад жатады.
Өнімдердің сальмонеллалармен ластануы келесідей пайда болады:
- сою және ұшаны мүшелеу ережелерінің бұзылуы;
- сальмонеллезбен ауыратын жануарлардан алынатын ет пен сүтті
пайдалану;
- бактерия тасымалдаушылардың тамақ объектілерінде жұмыс
жасауы және жеке гигиена ережелерін бұзу;
- кейбір шикізат көздерін (суда жүзетін құстар жұмыртқалары)
пайдалану кезінде санитарлық ережелерді бұзу;
- тамақ өндірісі ағымының бұзылуы;
-
азық-түлік
объектілерінде
ағымдағы
дезинфекция
мен
дезинсекцияны уақтылы жүргізбеу.
Өнімге түскен сальмонеллалардың көбеюіне тамақ өнімдерін
дайындау мен айналымында, әсіресе өңдеудің жылу режимі мен сақтау
жағдайында санитарлық нормалар мен ережелердің бұзылуы ықпал етеді.
Тамақ өнімдерін өндіру мен олардың айналымының барлық
қолданыстағы
ветеринариялық
және
санитариялық
қағидалары
сальмонеллездің профилактикасына бағытталып орындауы тиіс. Өндірістік
бақылау өндірілетін және өткізілетін өнімнің әрбір партиясының
қауіпсіздігін, оның ішінде сальмонеллалардың болуы бойынша
қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: