Б. Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебі 7 «Б» сыныбында «Жол ережесін білу бәріне міндет» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті


а) Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру және дамыту ұйымшылдықпен тәртіптіліктің тиімді жолдарын үйрету, жауапкершілікті арттыру; ә)



бет2/3
Дата01.02.2023
өлшемі21,58 Kb.
#64293
1   2   3
Байланысты:
Хаттама5

а) Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру және дамыту ұйымшылдықпен тәртіптіліктің тиімді жолдарын үйрету, жауапкершілікті арттыру;
ә) Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
б) Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Алдымен сынып жетекшісі Ақшора Пернекүл сөз алып, құқықбұзушылық туралы түсіндіріп өтті. Еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетімізде қабылданған Ата – заңның 1 – бабында «ҚР –сы өзін демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, құқықтық мемлекет деп таниды, оның ең қымбат қазынасы адам, адамның өмірі және құқықтарымен бостандықтары» деп көрсетілген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы қылмыстық құқық саласында мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Құқық бұзушылық және жауапкершілік» деп аталады. Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт.
Бұдан соң тәрбие сағатында құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты түрлі тапсырмалар орындалды. Құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты көптеген ақпараттар алды, сұрақтарға жауап берілді, көріністер көрсетілді, заңдар туралы айтылды. Қорытындысында, оқушылар тәрбие сағатынан алған ойларымен бөлісті. Болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл еліміздің нағыз жанашыр, патриот азаматтары боламыз деп сөз берді.
Қаулы етеді:
Оқушылар тәрбие сағатынан алған білімдерін өмірде пайдалансын;
Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары үнемі жүргізілсін;
Сынып жетекші тарапынан үнемі қадағалансын;


Сынып жетекші: Ақшора П.
Хатшы: Арабдин І.

Хаттама
Б. Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебі 7 «Б» сыныбында «Дін – тәрбие діңгегі» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.


Қатысқаны – 23
Күн тәртібінде:
«Дін – тәрбие діңгегі» тақырыбында тәрбие сағатының өтілу барысы туралы
Тыңдалды:
«Дін – тәрбие діңгегі» тақырыбында тәрбие сағатының мақсаты:
Ислам діні туралы, мұсылмандықтың бес парызы туралы ұғындыру, имандылық туралы түсінік беру, Ойлау қабілетін шыңдау, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Алдымен сынып жетекшісі Ақшора Пернекүл дін туралы түсіндіріп өтті:
Ислам діні адамның тән тазалығымен қатар ішкі жан дүниесін де таза ұстауға көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет