Өзін мұсылман санайтын адам баласы 5 парызды ұстануы керек.
1. Аллаға сеніп, Мұхаммедтің үмбеті екенін мойындау.
2. Дәрет алу, күніне бес рет намаз оқу.
3. Рамазан айында отыз күн ораза ұстау
4. Қажылыққа Меккеге бару.
5. Жарлыға зекет беру (пітір - садақа беру)
Алла тарапынан білдірілген әмір, міндет және тыйымдардың жиынтығын дін деп атайды. Дін – үлкен ғылым. Ислам діні қоғамға және ізгі адам баласын адамгершілікке баулуға қызмет етеді.
Қасиетті Құран кітабын дәрет алып қолға ұстағанда «Биссмиллаһир - рахманир - рахим» деу керек. Құран кітапта жазылған аяттар адамды мұсылмандық жолға бастайды.
Мешіт – Алла үйі, қасиетті инабат, ғибадат орыны. Мешітке оң аяқпен сәлем беріп кіреді. Мұнда төрге, орынға таласпайды, әдепсіз сөйлеуге болмайды. Әр мұсылман Алла үйіне құрметпен қарауға міндетті.
Тәрбие сағаты өз деңгейінде өткізілді. Оқушылар ислам діні туралы көптеген тың деректермен танысты. Тәрбие сағатының соңында оқушылар өз ойларымен бөлісті. Атап айтқанда, Шерубай Диас бұдан былай үнемі ислам дінінің ережесін сақтап, тәртіпті болу керек екенін айтты
Қаулы етеді:
Ислам дінінің ережелері үнемі қаперде ұсталсын;
Оқушылар үнемі жол дін туралы білімін толықтырып отырсын;
Сынып жетекші: Ақшора П.
Хатшы: Арабдин І.
Хаттама
Б. Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебі 7 «Б» сыныбында «Әке – білек, саусағы – балалары, қан тамырмен жалғасқан аралары» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.
Қатысқаны – 23
Күн тәртібінде:
«Әке – білек, саусағы – балалары, қан тамырмен жалғасқан аралары» тақырыбында тәрбие сағатының өтілу барысы туралы
Тыңдалды:
«Әке – білек, саусағы – балалары, қан тамырмен жалғасқан аралары» тақырыбында тәрбие сағатының мақсаты:
Мақсаты: ата - ананың мектеппен байланысын дамыту, бала тәрбиесіндегі әке орнының ерекшелігіне назар аударту, тарихта болған өнегелі әкелер бейнесін, тарихи тұлғаларды үлгі ету.
Алдымен сынып жетекшісі Ақшора Пернекүл бүгінгі «Әке – білек, саусағы – балалары, қан тамырмен жалғасқан аралары...» атты тәрбиелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сабағымыздың эпиграфы ретінде мен Қорқыт атаның: «Ұл әкеден үйренбей, сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей, өнеге алмас» - деген нақыл сөзін алып отырмын. Ендеше, ата - ана, оның ішінде әкенің бала тәрбиесіндегі орны туралы бүгінгі күннің өзекті тақырыбы жөнінде сіз болып, біз болып, ой бөлісейік, сырласайық. – деп сөз алды.
Сынып жетекшісі ары қарай тәрбие сағатында орындалатын сабақ кезеңдерімен таныстырды.
Тәрбие сағаты өз деңгейінде өткізілді. Оқушылар осы сабақта үйренген нәрселерді өмірде де қолданамын деп өз ойын білдірді.
Қаулы етеді:
Мектеп пен ата-ана арасында тығыз байланыс жалғасын таба берсін.
Әкенің бала тәрбиесіндегі орнының ерекшелігі үнемі назарда ұсталсын.
Сынып жетекші: Ақшора П.
Хатшы: Арабдин І.
Достарыңызбен бөлісу: |