20
баласы бiр-бірiнен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нəрселермен озады» – деп
келесi
рухани-адамгершілiк
құндылықтарына
мəдени-этикалық
құндылықтардың мəнiн ашып көрсетедi
.
Көрнекті философ Ғ.Есім Абайдың Риясыз махаббат туралы
пайымдауларын былайша зерделейді: «Абай айтқандай толық адам болу
үшін, ең бастысы ізгі іс жасау керек. Оны Отыз сегізінші қара сөзінде де
айтады. «Біз айтқан үш сүю бар. Осы үш сүю – адамның толық адам
болуының ең басты тірегі». Өлең жолдарында Абай өз тыңдаушыларын
риясыз сүйіспеншілікке шақырады.
1.2-cурет. Адамгершіліктi өрбiтетiн игiлiктер
Абай өз тағылымдарында: адамның өзiн-өзi тану арқылы адамгершіліктi
өрбiтетiн игiлiктерін атап кеткен (1.2-cурет).
Тыныштық қуаты – жүректе,
Келісiм қуаты – қайратты, ерiкті, иманды кісiде.
Адамның кісiлігі – əсерлi, əдептi, табысты өнерiнде;
Адамның ең биiк қасиетi – Адам бола білу;
Таза өмірдiң бастауы – адамгершілiкті өрбiтетін бұл адам бойындағы
келесi қасиеттер: адамшылық, адалдық, əділеттiлік, білімділік, еңбеккерлiк,
терең ой, кісілік, рахымдылық, махаббат, арлылық, намысқойлық, сертке
берiктік, татулық, тəуекелшiлдік, имандылық т.б. жатады.
Ал осы адамгершіліктiң дамуына керi əсерін тигiзетін адам бойындағы
кездесетін: арамдық, азғындық, арызқойлық, сараңдық, сайқалдық,
əдiлетсіздік, əдепсiздік, пəлеқорлық, өсекшiлдік, надандық, менмендiк,
ерiншектік, жалақорлық, залымдық, жылпостық, қанағатсыздық, жиіркенiшті
мiнез-құлық т.б. бөлiп көрсетедi.
Абайдың рухани-адамгершіліктi өрбiтуге байланысты осындай
көрсеткішi ақыл мен білiм, рухтың тазалығы əрбiр адамның санасына,
тəрбиесiне пайдаланса, болашақ жастарымыздың ақыл-парасаттылығы мен
ой тазалығы мүдделерiне сай келетiніне көз жеткізуге болады.
Одан
кейiнгі
ұлттық
тəлiм-тəрбиенiң
көрнектi
өкілдерi
Ш.Құдайбердіұлы, М.Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А.
Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, С. Қалиев, Ш.Майғаранова т.б. өздерiнің
педагогикалық шығармаларында адамгершілiк, парасаттылық идеяларын
кеңiнен уағыздап, мəдени, рухани-адамгершiлік туралы көптеген құнды
деректер қалдырған.
Достарыңызбен бөлісу: