23
•
«Өзіңді-өзі тəрбиелеу үшін алдымен өзіңді-өзің қатал əрі əділ сотыңа
тарта білуің керек» Н. Островский
•
«Егер естілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мəрте, болмаса
жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал. Сол алдағы есеп
алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен... өзің өкінбестей қылықпен
өткізіпсің бе?
Жоқ болмаса, не қып өткізгеніңді өзің де білмей
қалыппысың?» Абай Құнанбайұлы
2. Өсиет əңгімені оқып, жұппен
кейін топпен өз ойларыңызды
талқылаңыздар, ортақ шешімдеріңізді көпшілікке ұсыныңыз.
«Өміріміздегі 1 мен 0-дер»
Физмат факультетінің профессоры бір күні студенттеріне өмірлік бір
сабақ үйрету ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студентеріне қарап:
«Бұл – адамгершілігіңіз. Өмірлеріңізде болуы керек ең маңызды қасиет» деп
түсіндіреді. Сосын 1-дің қасына 0 санын жазады да: «ал
бұл болса,
жетістіктеріңіз. Бойыңыздағы адамгершілікке табыс қосылса, адам 1-ден 10
бола қалады. Тағы бір 0 – тəжірибеңіз. Тəжірибесі болса, адам 10 емес, енді
100 болады» деп, кезек-кезек 0-дерді қоса береді: зеректік… тəртіптілік…
сүйіспеншілік…. Қосылып тұрған əрбір 0 саны адамды 10 есе байытатынын
түсіндіреді. Бір кезде профессор сандар тізбегінің ең басында тұрған 1 санын
өшіреді. Сонда тақтада тек 0 сандар қалады. Сонда профессор студенттеріне:
«Адамгершілігіңіз жоқ болса, қалғанның бəрі түк те тұрмайды».
3. Рухани-адамгершілік тəрбие ұғымын одан əрі өз білім, білігіңізге
сүйене отырып толықтырыңыз.
4. Кестені
пайдалана отырып, оқушылардың бір пəн негізінде рухани-
адамгершілік тəрбиесінің қалай жүзеге асатынын көрсетіңіз:
Достарыңызбен бөлісу: