21
Шəкəрім Құдайбердіұлы əдеби-көркем
шығармалары өзін-өзі тану
бағдарламасының мазмұндық өзегін құрай отырып, адамгершілік
құндылықтарды жетілдіруге бағытталған. Ш. Құдайбердіұлының «Үш анық»
шығармасы жан мен тəннiң өзара байланысын көрсете отырып,
ақылдылыққа, ынсаптылыққа, мейiрімділікке тəрбиелеу,
ақыл мен мінез
үйлесiмділігін қалыптастыру сияқты парасаттылыққа шақырады. Шəкəрім
рух пен нəпсi, ақыл мен ой, сенім мен махаббат, ақиқат, жүрек жылуы сияқты
рухани ілімді талдап берді. Адам өміріндегi мақсаты – өзiн-өзi танып,
ақылына салып, ақ пен қараны ажыратып, тура жолын, өмiрдегi өз орнын
таба білу рухын өсiрiп, нəпсiсін тыйып тəрбиелеу Шəкəрiмнің
басты
қағидасы болды. Яғни, адамның кез келген iс-əрекетi ол – жаны мен тəнiнің
ықыласынан туындайды, адам парасатты болу үшiн ол өзiнің iшкі жаны мен
тəнiнің тылсымын түсіну қажет екендігін өз ойларында дəлелдейді. Бұдан
бiздер, тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімi биік адамгершілiк тұрғыда
көтерiлгенде ғана соны тұлға өзiн-өзі танып, өз бойынан көре бiлгенде ғана,
iс-əрекет түрiнде жүзеге асыра алады - деп ұғынуға болады.
Ал, рухани сананың мақсаты – өмiрдің құндылығын түсiну, ақыл-ой
арқылы үнемi адамгершiлік
тұғырлары шындықты, ақиқатты iздеу; сезiм
арқылы сұлулықты сезiніп, түсiну; ерік арқылы мейірiмділікке,
рахымдылыққа ұмтылу болып табылады.
Рухани-адамгершілiк
білiм
беру
мен
мектепте
оқытудың
интеграциясына М. Жұмабаевтың «Педагогика»
оқулығы жақсы мысал
болады. Г.Ж.Есмағұлова, М.Жұмабаевтың шығармашылығын зерттей
отырып, М.Жұмабаев марксизм философиясын қабылдамайды, оның
көзқарасы жалпыадамзаттық жəне тиянақты құбылыстарға негiзделеді деп
қорытындылаған [3].
М.Жұмабаев адамды тəн мен жанның бірлiгі,
оның iшіндегі жанның
адам үшiн маңыздылығын, адамды адам ететiн жан екенiне тоқталады.
М.Жұмабаевтың көзқарасы бойынша адамның жаны – микрокосм, яғни
рухани атом. Ғалым сананы (жанды) тəннiң (мидың) қызметi деген
материалистiк ұстаныммен келiспейді жəне жанды материалистік əлемдегi
жан мен тəн көрiністерінің жиынтығы деп қарастырмайды. Ғылымда жанның
пайда болуы туралы деректiң жоқтығын, ал адамның рухани əлемiнің құпия
екендiгін атап көрсетедi. Жанның көрiнісін үш топқа бөледi: ақыл-парасат
құбылысы, iшкі сезім, ерiк-жiгер.
М.Жұмабаев бiлім берудiң
басты мақсаты - ақылдың дамуын, ішкi
сезiмді, ерік-жiгерді кірістіру арқылы жанды тəрбиелеу деген. Көрнектi
педагог өзiнің тəрбие тұжырымдамасында адамның мəнi болып оның сүю
жəне жақсылық жасау қабілеттілігi саналады деген. Адамның iзгі ниетi
Отанына, адамзатқа рахымдылық тілеумен байланысты. М.Жұмабаев
адамдарды нағыз адам болу үшін өзін жəне жақындарын ғана сүйіп қоймай,
бүкіл адамзатты сүюге шақырады.
М.Жұмабаевтың таным тұжырымдамасының ерекшелігi – таным
үдерісінде əсемдiктен рахаттанып лəззат алатын iшкі сезімдер, яғни қиял,
сүйіспеншiлік, əдемiліктер негізгі рөл атқарады. Мағжанның Ақиқатты тануы
22
Абай мен Шəкəрімнің Ақиқатты тануына сəйкес – бұл мəңгілiк мұрат,
заттардың мəңгiлік болмысын бiлу. Тек ақиқатқа
адал болу ғана адамды
тəуелсiз етеді.
Қазіргi ғалым – философтар А.Н.Нысанбаев, Г.Г. Соловьеваның
пайымдауы бойынша, батыста ғылым бағдары тарихи дəстүрлі прагматикаға,
жетістiктерге жетуге, өмiрлік құнды нəтижеге, кəсiби бiлім жəне iлім алуға
бағытталып, бірiнші орынға қойылған. Ал шығыс мəдениетiндегі бағдар
адамның руханилығына, адамшылығына бағытталған. Қазiргі біртұтас
ғаламшарлық жалпыадамзат жəне əлем мəдениеті қалыптасып келе жатқан
кезеңде, осы бағдарлардың арақатынасын өзгерту қажеттілігi пайда болды:
руханилық пен адамшылық бағдары алғы шепке шықты. Қазіргi позитивтік
ғылым
мен технологиялар, коммуникациялық жəне ақпараттық желiлер,
тектiк инженерияның мүмкіндіктерi, жаһандану – осылардың барлығының
ғылыми нəтижелерi рухани-адамгершілiк тұрғысынан бақылауға алынуы
керек.
Достарыңызбен бөлісу: