1.2 Тілші-ғалым А. Байтұрсынұлының етісті зерттеуінен
Тіл білмінің басқа салаларымен етістің байланысын көрсетпек бұрын етіс
ерекшеліктерін толығырақ ашу мақсатымен қазақ халқының тілшісі Ахмет
Байтұрсынұлының етіс жайлы ғылыми көзқарасын қарастыруға бетбұрыс
еттік. Бұл бағытты дұрыс алға қоюымен байланысты ғалымның сөз өнерін
зерттеуге арналған әдістемелік ұстанымы басшылыққа алынды.
А.Байтұрсынов «Тіл тағылымы» деген еңбегінде етіс он түрге бөлінеді
деп жазады. Ғалым етістікке он түрлі етіс бар деп көрсеткен; сабақты етіс,салт
етіс,ортақ етіс,өздік етіс,өзгелік етіс,беделді етіс,ырықсыз етіс, шығыс
етіс,дүркінді етіс,өсіңкі етіс.
Әрқайсысына тілші-ғалымның берген анықтамаларын үлгі тұтсақ,олар
төмендегідей мәліметтерге тіреледі:
Сабақты етіске анықтама бергенде, бұл етісте еткен іске бір нәрсе
сабақталуы болса ғана,мәселен,осындай түрі анық көрініс табады, хат жаздым,
шөп шаптым,қармақ салдым дегенге: «жаздым, шаптым, салдым»- істер.
Тілші- ғалымның анықтамасы бойынша: «Хат жаздым»дегенде- ісіне хат
сабақталып тұр. «Шөп шаптым» -дегенде шабу ісіне шөп сабақталып тұр.
«Қармақ салдым» дегенде-салу ісіне қармақ сабақталып тұр. Жалпы,тіл
білімінде сабақты етістік болса,тілші-ғалым сабақты етісті көрсетеді.Толық
мәлімет берген соң,еңбек авторы дағдыландыруға тиісті тапсырма береді.
Салт етістің анықтамасында өткен іске сабақталып,байланып тұрған еш
нәрсе болмауы қажет,мәселен, «мен жүрмін,сен тұрсың,ол отыр».Сонда: менің
жүргеніме сенің тұрғанына,оның отырғанына сабақталып тұрған еш нәрсе жоқ
деп белгіленеді.
«Ержан күлді, Айман жылады, Сәуле жүгірді» Ержанның күлгеніне,
Айманның жылағанына, Сәуленің жүгіргеніне сабақталып тұрған еш нәрсе
жоқ, деп мысалдар келтіріледі.
Ғалымның анықтамасы бойынша: «Жүрмін», «Тұрсың», «Отыр»,
«Күлді», «Жылады», «Жүгірді» деген сияқты сабақтысыз істі көрсететін
сөздерді салт етіс деп көрсетіледі. Дағдыландыруға: «Тиісті кітаптан бір
мақала алып, сондағы салт етістіктерді көрсету» деген тапсырма беріледі.
Тілімізде ортақ етіс бар,автордың айтуынша, ортақ етіс- іс жеке
істелмесе, мәселен «бала жарысты,жау соғысты,балуан күресті».Бұған
автордың дәлелі пайда болады: «Бала жалғыз жарысуға болмайды, біреумен
31
жарысады; Жау өзімен-өзі соғыспайды біреумен соғысады; Балуан өзімен - өзі
күреспейді,біреумен күреседі»: «Осындай жеке істелмейтін екі жақтап істейтін
істерді көрсететін сөздерді ортақ етіс» деп белгілейді. Дағдыландыруға қажетті
кітаптан бір мақала алып, сонда ортақ етістерді көрсеткізу деген нұсқау
беріледі.
«Өздік етіс дегеніміз- істеуші басқаға іскерлік ісін өзіне істесе, мәселен,
«мен жуындым, сен тарандың, ол мақтанды» А. Байтұрсынұлының өздік етісі
тіл білімінде қалыптасқан анықтамамен мағынасы бірдей десек артық болмас.
«Жудым» десе, басқаны жуған болар еді; «Жуындым» дегенде өзін
жуған болады, яғни істі басқаға емес, өзіне істеген болады» деген түсініктеме
еңбек бетінде орын алады.
«Тарадым» десе, басқаны тараған болар еді, «Тарандым» дегенде істі
басқаға емес, өзіне істеген болады.
«Мақтадым» десе, басқаны мақтаған болар еді, «Мақталды» дегенде
басқаны мақтаған болар еді. «Мақтанды» дегенде басқаны емес, өзін мақтаған
болады.
«Жуындым», «Тарандым», «Мақтанды» деген сияқты басқаға істерлік
істі өзіне істеуді көрсететін сөздерді өздік етіс деп, ойын нақтылай түседі.
Тіл білімінде кең тараған өзгелік етісіне қатысты анықтамада: өзгелік
етіс-біреудің ісіне себепкер болуды, мәселен, «атты жүргізді, қойды өргізді,
түйені тұрғызды» дегенде аттың жүруіне, қойдың өруіне, түйенің тұруына
себепкер болғанды көрсетіледі» делінген. «Олар өздігінен істесе, ат жүрді, қой
өрді, түйе тұрды болар еді», деп ойын нақтылайды.
«Жүргіздім», «Өргіздім», «Тұрғыздым» деген сияқты – біреудің ісіне
себепкер істі көрсететін сөздерді өзгелік етіс деп берген.
Етістің түрлерін беру барысында тілші-ғалым А. Байтұрсынұлы әрі
теориялық мәліметтерді, әрі тәжірибелік нұсқауды ұтымды ұштастырып
отырады. Бұны еңбек бетіндегі дағдыландырулардан байқауға болады.
Беделді етіс-істі біреу арқылы істеуді көрсетеді. Мәселен, «хат жаздырды,
өлең айттырды, үй салдырды, кітап алдырды» дейміз.
«Жаздырды», «Айттырды», «Салдырды», «Алдырды» дегенде бәрі де
біреу арқылы істеген іс болады. Осындай сөздерді автор беделді етіске
жатқызады. Ырықсыз етіс-істелу ырықсыз істеушіден басқаға болған істі
көрсетеді. Мәселен, «ат жегілді, қоян қуылды, қозы сойылды» дегенде ат
ырықсыз жегіліп тұр, қоян ырықсыз қуылып тұр, қозы ырықсыз сойылып тұр.
«Жегілді», «Қуылды», «Сойылды» деген сияқты сөздерді ырықсыз етіс
дей келе, бұл етістің ерекшеліктерін толық ашуға тырысады. Қазіргі тілде
жоқ, ғалымның шығыс етісі - ортақ істі істеуге себепкер болады. Мәселен
«балаларды күрестірдім, елді табыстырдым, екі жағын соғыстырдым». Сонда,
ғалым «мен» есімдігімен етістің түрін толық ашады. «Күрестірдім», дегенде
күресулеріне мен себепкер болғанмын; «Табыстырдым», дегенде табысуларына
мен себепкер болғанмын; «Соғыстырдым», дегенде соғысуларына мен
себепкер болғанмын.
«Күрестірдім», «Табыстырдым», «Соғыстырдым» деген сияқты сөздерді
шығыс етіс дейміз.
32
Дүркінді етіс - қайта-қайта істелетін істі көрсетеді, мәселен «хат
жазғыладым, мылтық атқыладым, қолынан жұлқыладым». «Жазғыладым»,
«Атқыладым»,«Жұлқыладым» деген сияқты сөздерді дүркінді етіс деп,
анықтайды.
Өсіңкі етіс-күшейген істі білдіреді деп, мысалдармен ойын дәлелдейді.
Мәселен, «ат жүрінкіреді, су тасынқырады, бала ұйықтанқырады».
«Жүрінкіреді» дегенде жүру күшейгені көрінеді, «Тасынқырады», дегенде
тасқын күшейгені көрінеді. «Ұйықтанқырады», дегенде ұйқы күшейгені
көрінеді. «Жүрінкіреді», «Тасынқырады», «Ұйықтанқырады» деген сияқты
сөздерді өсіңкі етіс деп, бұл етіс түрін келтіреді.
Тіл білімін зерттеу атасы,тілші А. Байтұрсыновтың етіс туралы берген
деректемелері қазіргі кезде де етіс тақырыбын меңгеру барысында қолданыс
тауып,етіске қатысты зерттеулерге тиісті үлес қосқаны – етіс теориясын құруға
да өз ықпалын тигізеді.
Тіл жанашыры А. Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін салушы,
қазақ ана тілімізде алғаш зерттеуші ғалым екендігі баршамызға мәлім.
Ғалымның ғылыми еңбектерінде етістік жайлы пікірлері, осыған қоса,
грамматикалық категориялары жайлы тұжырымдамалары қазіргі таңда құнын
жойған жоқ. А. Байтұрсынұлының етіске қатысты көзқарастары да назар
аударарлықтай.
Сабақты етісті алатын болсақ, оның ерекшелігі - өтіп жатқан іске
қосымша бір нәрсе сабақталуы істі білдіреді. Бұны дәлелдеуге еңбек авторы
мынадай мысалдар келтіреді.
«Хат жаздым», деген сөйлемде жазу ісіне хат сабақталып тұр. Осы
мысалдарға нақты назар аударатын болсақ, ғалымның тіліміздегі етістік сөз
табының зат есіммен байланысын жан-жақты, терең лексикалық ұғым арқылы
қарастырудың үлгісін байқадық.
А. Байтұрсынұлының берген анықтамасы бойынша: «нәрсе сабақталатын
істі көрсететін сөздерді сабақты етіс», - деп білдіре келе, ең әуелі сөз
тіркесіндегі етістіктің мағыналық жағына оқырман қауымын жетелейді.
Салт етіс туралы сөз еткенде,бұнда өткен іске сабақталып, байланып
тұрған ешнәрсе болмаса ғана салт етіс деп, айтуға тура келеді. Салт етіске
дәлелдеме ретінде бірнеше сөйлемдер беру арқылы, оның ерекшелігі
көрсетілді-сабақсыз істі көрсететін сөздер салт етіске тән.
Сондағы іс-әрекетпен субъектінің арасында сабақталып тұрған ешнәрсе
жоқ екендігін көруге болады.
Ортақ етіске А. Байтұрсынұлының анықтамасы әрі қысқа, әрі нақтылы
берілген. Тілшінің пікірінше: «Ортақ етіс дейміз - іс жеке істелмес». Бұл
анықтама бірнеше мысалдар келтіре отырып, дәлелденеді мәселен: «бала
жарысты», «жау соғысты», әрі қарай өз ойын анығырақ көрсету үшін, тілші
жоғарыдағы айтқандарға былайша түсініктеме береді: «бала жалғыз жарысуға
болмайды», «жау өзімен өзі соғыспайды» деп, ортақ етіске толық сипаттама
береді: «жеке істелмейтін, екі жақтап істейтін істерді көрсететін сөздерді ортақ
етіс » деп, ортақ етістің ішкі мағынасын ашуға тырысады [37, 232 б.].
33
Берілген мәліметтердің тілді меңгерту жақтарын анықтай түсетін болсақ,
мұнда озық ойлы тәжірибелі түйін жатыр, өйткені грамматика саласынан орын
алған етістіктің етіс категориясын, оның ішінде ортақ түрін, сөз еткенде,
ғылыми деректемелерді түсінікті, әртүрлі мысалдарды келтіру арқылы жеткізе
біледі.
Ойымызды әрі қарай толығырақ айқындау үшін, етістің келесі өздік
түрінің ерекшелігін ашуды жөн көрдік. Өздік етіске мынадай сипаттама
берілген: «істеуші басқаға істерлік ісін өзіне істесе», мәселен: «қыз таранды,
мен жуындым» т.б. сонда ғана өздік етіс айқын көрініс табады дей келе,
ғалымның көзқарасын басшылыққа ала отырып, ойымызды жалғастыруға
болады. Қазіргі уақыттың талабына байланысты, етістікті күрделі сөз табы
екендігін біле тұра, етістіктің етіс категориясын тереңінен зерттеп мәнін ашу-
қазақ тілін оқытуда ұлы ғалымның етісті меңгертуде ашқан әдіскерлік жолы, әрі
білім беру тәжірибесіне қосқан үлесі деп қолдауымыз қажет.
А. Байтұрсынов өз талдауында етістіктің екі түрін салыстыру арқылы
өздік етістің өзіне ғана тән ерекшеліктерін көрсетуімен қатар, оның
мән-мағынасына да ерекше көңіл аударғанын төмендегі мысалдар тізбегі
дәлелдейді: «жудым» десе, басқаны жуған болар еді, «жуындым» дегенде
«өзін жуған болады, яғни істі басқаға емес, өзіне істеген болады»,-дей отырып,
ойын қорытындылай келе, мынадай анықтама береді: «жуындым», «таранды»,
«мақтанды» деген сияқты «басқаға істерлік істі» өзіне істеуді көрсететін
сөздерді өздік етіс дейміз», - деген еді [37, 232 б.].
Ғылыми еңбек бетінде орын алған етіс туралы мәліметтер теориялық
деректемелермен ғана шектелмейді, білім үрдісіндегі тәжірибеде тиісті орын
алған шәкірттер білімін бекіту мен дағдыландыру әдіс-тәсілдері де қамтылған.
Өздік етіс жайлы теориялық мәліметтер соңында «Дағдыландыру»
бөлімінде: «Қирағат кітабынан бір мақала алып, сондағы өзіндік етістерді
көрсеткізу» - мұғалім беретін тапсырмасы бар.
Бір сәттен көзге түсетіні – тілшінің шәкірттерге тапсырма беру тәртібі
әрі жүйелілі, әрі тартымды, мұндағы жеңілден күрделіліге, анық, түсінікті
орындау жолының болғаны – бұл да әдіскерлік шеберліктің айғағы. Өзгелік
етіс түріне тоқтасақ, етіс түрінің граммматикалық табиғаты тиісті орын алып,
басты ерекшелігі – біреудің ісіне себепкер болу, мәселен, «атты жүргізді,
баланы оқытты» дегенде аттың жүруіне, баланың оқуына себептер болғанды
көрсетіледі. Олар өздігінен істесе, «ат жүрді,бала оқыды» болар еді.
«Жүргізді», «оқытты»деген қимыл-әрекетті білдіретін етістіктерде – біреудің
ісіне себепкер істер көрсетіліп тұрғандықтан, ондай іс-әрекеттер өзгелік етіске
жатады.
Берілген деректемелерді дағдыландыру арқылы бекіте отырып, тілші-
ғалымның бағытын басшылыққа алу нәтижесінде, бұл етістің түрін нақты
меңгеруге жол ашылады. Бастысы – өзгелік етістің басқа етістерге қарағанда,
бұларды жасауындағы грамматикалық көрсеткіштер ретінде бірсыпыра жұрнақ
түрлерінің қатысуы.
«Тіл құралы » еңбек авторы – Ахмет Байтұрсыновтың етіс жайлы аса
қарқынды ғылыми көзқарасының дәлелі-беделді етістің түрін көрсетуінде
34
жатыр. Мұнда қазіргі қазақ тілі грамматикасындағы өзгелік етіс есебінде тұрған
беделді етісті жеке етіс түріне шығаруы, тілшінің шығармашылық сыры
етістердің көлемін кеңейтіп, терең қарастыруынан байқауға болады.
Беделді етіске берген анықтамасында, бұл етістегі істі біреу арқылы
істеуді талап етеді деп, анықтай келе, көбінесе бұл етістің «-дыр,-дір,-тыр,-тір»
жұрнақтары өзгелік етіс жұрнақтарынан жеке қолданылып, дағдыландыру
жолдарымен беделді етістерге көрсетуде, бірнеше мысалдар келтіріп, ондағы
барлық іс-әрекет біреу арқылы істелінген іс өзінің көрінісін табады деген
тұжырымдама береді.
Етістің сан жағынан жетінші түрімен Ахмет Байтұрсынов ырықсыз етісті
еңбегінде сөз етеді. Ырықсыз етіс туралы айтсақ, бұл етіс етістің көне түріне
жатады, себебі Орхон-Енисей ескерткіштерінде олардың болғандығын белгілі
ғалым А.С. Аманжоловтың зерттеулерінен көре аламыз.
А. Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы» кітабының беттерінде де ырықсыз
етістің басты ерекшелігі көрсетіліп, мынадай дәлелдеме арқылы сипаттамасы
нақтылай түседі: «ырықсыз етіс дейміз-істелу ырқы істеушіден басқада болған
істі» [50, 233 б.] Көрсететін етіс түрі деп, ғалым пікіріне қосылуға тура келеді.
Ырықсыз етіске тән сипаттаманы ашу барысында, тілші-ғалым бірнеше
мысалдарды келтірумен қатар, тіл үйренушілерге дағдыландыру
тапсырмаларын беру арқылы, оның басты ерекшеліктерін – қимыл-әрекет
ырықсыз өтілетінін айқындай түседі.
Қазіргі грамматикада жоқ, бірақ А. Байтұрсынов еңбегінде орын алған
шығыс, дүркінді, өсіңкі етістер туралы сөз болмақ. Тілші шығыс етісті ортақ
етіс төңірегінен бөлек шығарып, оның жекеше ерекшеліктерін анықтауға
бағытталып, тырысқан. Мұндағы басты мақсат – етістікке тән етіс
категориясының табиғат ерекшеліктерін терең тұрғыдан зерттеп, жан-жақты
қарастыру арқылы, шағын болса да, айырмашылықтарын тұжырымдамалар
күйінде белгілеу.
Сөйтіп шығыс етісті, ғалымның пікірінше, «ортақ істі істеуге себепкер
болуды» дейді. Өз ойын мынадай мысалдармен нақтылай түседі: «балаларды
күрестірдім, елді табыстырдым» сонда «күрестірдім, табыстырдым» дегендерде
бірінші жақтағы қимыл-әрекет иесі себепкер болғандығын көрсетеді. Бізше,
ортақ пен шығыс етістің мағыналық ерекшеліктеріндегі бірізділік пен
біркелкілік тұрғанымен, олардың арасында қайткенмен мәндік
айырмашылықтар бар.
А. Байтұрсынұлының әр тілдік категорияны тереңінен зерттеу үлгісін, ең
алдымен, тіл біліміне қосқан үлесі деп есептеуге болады.
Дүркін етісте қайта-қайта істелетін іс өз көрінісін табады. Бұндағы басты
мәндік ерекшелік-бір іс бірнеше рет істелгенін білдіргендігінде, мысалы: «Мен
оның қолынан жұлқыладым» деген сөйлемді алсақ, дүркінді етісте тұрған
«жұлқыладым» етістіктің мағынасында істің бір рет емес, бірнеше рет болғаны
байқалады.
А. Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін салушы, қазақ тілін ана
тілімізде алғаш зерттеуші ғалым. Тілші-ғалымның етістікке тән етіс
35
категориясы жайлы пікірлері қазіргі таңда құнын жойған жоқ, уақыт өткен
сайын маңызы арта бермек.
Етіс төңірегіндегі ғалымның ғылыми көзқарасы – бұл мәселе туралы
қарқынды ойдың даму үрдісін айқындай түседі.
Жоғарыда аталған етістің он шақты түрінде тілшінің берген
анықтамасына сүйенсек, әр қайсысының басты ерекшеліктері аталады да, әр
етістің мағынасы мен қызметі нақтыланып, етісті кең шеңберде қарастырудың
жолын ашу деп қабылдауға тура келеді. Аталмыш етіс категориясына тілшінің
терең ой жіберген ғалым екендігін қабылдай отырып, оның еңбектері кұні
бүгінге дейін құндылығын жойған жоқ.
Сайып келгенде, А. Байтұрсынұлы еңбектерін зерделеп, қазақ тілі
құрылысына қайта үңілгенде тіл табиғатын, жүйесін неғұрлым айқын сезініп,
терең тануға болады. Бұндай көзқарас етістікке тән етіс категориясын зерттеп,
анықтау бағытына керекті жайт.
Тіл білімінің беделді өкілі А. Байтұрсынұлының есімі бүкіл ғылыми
жұртшылыққа өзінің артынан қалдырған өшпес мұралармен белгілі.
«Өнер алды – қызыл тіл» деп мақалдап өткен қазақ ақындары,
жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың
бірі – Ахмет Байтұрсынұлы. Өз зманының ағысына қарсы тұра білген
қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш,
көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен.
Қазақ тілін болашақ ұрпақтарға дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден
биігіреп ұстап, тазалығын сақтауға демеу болды. Қазақ тілінің табиғатын,
құрылымын танудағы қызметі қазіргі мектептерде қазақ тілін пән ретінде
үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Қазақ тілін әсем сөздермен әшекейлей
білген А. Байтұрсынұлы өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді.
Әлемге есімі кең тараған, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліпбиінің атасы,
түркі тілтану ғылымының ағартушысы. Ғалымның мұрағаты жаңа уақыт, жаңа
заманға, халқына қызмет етуде. Ахметтің ілімдері – әлі зерттелетін үлкен
ғылым. Ахмет Байтұрсыновтың ұлтым деп соққан жүрегі, үлгі өнегесі-қазіргі
жаңа заманға өте керек.
Ғалымның «Тіл құралы»,«Тіл тағылымы» атты еңбектерін алатын болсақ,
мұнда қазіргі тіліміздегі асыл мұра А. Байтұрсынұлының бұл мұрасы қайтадан
халқының игілігіне айналды.
А. Байтұрсынұлы етіс категориясын, оның ерекшеліктерін, табиғатын
ашуда жан-жақты талдаудың озық үлгісін көрсетеді. Алғашқы
грамматикалардан бастап бұл категория арнайы зерттеу нысанына алынып,
ғылыми негізде қарастырыла бастады.
Қазақ тіл білімінде етіс құрылымдық жағынан етістіктің грамматикалық
категориясы ретінде қарастырылды. Функционалдық грамматикадан етіс
функционалды-семантикалық категория болып табылады. Қазіргі таңда жалпы
етіс теориясының тиісті дәрежеде зерттелгенімен, оның басқа тілдік
бірліктермен байланысы тұрғысынан әлі күнге дейін терең және арнайы
зерттелген емес.
36
Етіс негізінде тілдік категория – теориясы тұрғысынан қарастырып,
табиғатын айқындауды қажет етеді.
Тарихқа көз салсақ, түркі тілдерінің бәрінде осы күнге дейін етіс
категориясы іздену объектісіне айналған.
Сөйтіп, қазіргі түркі тілдерінде тұлғалық ерекшеліктері бар төрт дербес
етіс ол кездерде де қай жағынан алып қараса да, қалыптасқан категория
қатарында еді.
Қазіргі түркі тілдеріндегі, соның ішінде, қазақ тіліндегі де етіс
категориясының форманттары іс-әрекет пен субъект және объект арасындағы
өзара қарым –қатынасты білдірумен қатар сөз тудыру қабілетінде де түбірмен
біте қайнасып, лексика мен грамматикаға тең телініп кеткен.
Етіс аффикстері қосылған түбірлер тек туынды түбір етістік деп алынып,
олардың сөйлемдегі қызметі мен мәні сөз етілмеді.
Соның салдарынан етіс категориясының тілден алатын орны бүтіндей
айқындалмады.
Қазақ тіліндегі етіс категориясы етістікке тән күрделі категориялардың
біріне жатады. Түркі тілдердің зерттеу барысында етіс көне категориялардың
бірі болып есептеледі де, Орхон-Енисей ескерткіштері мен М. Қашқари
еңбектерінде нақты көрініс тауып, сөз етілген.
Етіс категориясының көнелілігі баса айтылып, тарихи ескерткіштердегі
көрініс тапқанына назар аудару арқылы ескі мен қазіргіде сақталып келген
жұрнақтары сөз етіліп, ғылыми тұрғыдан сипаттама бере, етіс теориясын
шығаруға ықпалын тигізеді.
Белгілі тілші А. Байтұрсынұлының он шақты етіс түрін көрсеткендігін
ескере келе, қазақ тіліндегі етістерді, негізінде: өздік, ырықсыз, ортақ, өзгелік
деп бөліп, осы төртеуінің негізі ретінде сабақты етістіктерді негізгі етіс деп,
етістің бірнеше аффикстері тізбектеле қосылған түрін, олардың өзіндік
ерекшеліктеріне сай, «жалғамалы құрам» деп атайтын пікірімізді ұсынамыз.
2 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
2.1 Етістің өзіндік сипаты,түрлері
Қазақ тілі қазіргі кезде халықтың қарым-қатынас тілі болып отыр. Сегіз
миллионға жуығы елімізде, екі миллионнан аса адам шет жұртта. Қазір ұлттық
санамыз бен мәдениетімізді көтеру үшін өз тілін өгейсітіп отырған қырық
пайызға жуық халқымызды қатарға қосу. Әсіресе, тілші ұстаздардың міндеті
деп білеміз. Қазақ тіліндегі етіс категориясына арналған тақырып осыған
бағытталып отыр.
Тіл –табиғаттың адамға берген сыйы. Ал, бүгінгі тәрбие жұмысы нені
негізіне алып отыр? Деген сұрақ туады. Қазіргі кездегі тәрбие жұмысы жеке
адамды тәрбиелеуге, оның жақсы қасиеттерін дамытуға негізделуі керек. Қазақ
тілінің дамуы да осыған байланысты. «Баланы жастан»,-деген ұлағатты сөзді
естен шығармауымыз керек. Аса көрнекті ақынымыз Қ. Мырзалиев айтқандай:
Ана тілің арың бұл,
37
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Қазақ тілін дамыту барысында қиындықтар да кездесіп жатыр. Ана
тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанннан кейін, әлі де болса, қазіргі шақта бұл
дәреженің айтарлықтай жұтан сезіліп отырғандығы да шындық.
Белгілі қазақ филологиясын зерттеушісі Аққал Қалыбаева - Хасенова өз
еңбектерінде осы туралы былай айтқан: «Етістік деген тұтас ұғыммен оның
түбірін айырып, ғылыми тұрғыдан шегін анықтап, дәлел деп, жүйелі түрде
көрсету үстінде бұлардан басқа да толып жатқан ерекшеліктер мен
қиыншылықтар, даулы мәселелер мен қайшылықтар кездеседі.
Соның бірі етістіктің етіс категориясы. Бұл категория жөнінде қазақ,
қарақалпақ, башқұрт, өзбек, түрікмен, әзірбайжан, қырғыз, т.б.түркі тілдерінде
арнайы зерттеліп жеке еңбектер, мақалалар жарияланып тюркологтар бас
қосып, айтыс, жиналыстар өткізіп, белгілі топшылаулармен ғылыми
қорытындылар жасап, әрі қарай зерттеуді керек ететін даулы мәселелердің бетін
ашып алды» [45].
Етіс категориясының зерттеулеріндегі осындай жетістіктерге қарамай,
қазақ тілі грамматикаларында бұл мәселе күңгірт қалып, өз орнын ала алмай
келеді.
Ал XVIII ғасырдағы «Әдеби тілдің грамматикалық сипаты» деген
бөлімінде: «18 ғасырда етістіктің етіс категориясын беруде өткен кездегіден
жәнеқазіргіден көп алшақтық жоқ»,- дейді Рабиға Сыздықова [46, 7 б.].
Бірең-сараң сәтерде осы күнгі –қыз, -ғыз жұрнақтарымен келетін етіс
тұлғасы –кер, -тір аффикстерімен қолданылған:
Шыны аяқпен іштірген,
Жомарттығын өткерген.
Рабиға Сыздықова етіс категориясының тарихын зерттеп айтса, «Қазақ
тілі» кітабында бірнеше топ авторлар, олар: Н. Оралбаева, А. Әбілқаев
Ғ. Мадина, етіске қатысты мынадай мағлұмат береді.
«Қимылдың объекті мен субъектіге қатысын білдіретін етістіктің түрін
етіс дейміз» [47, 9 б]. Мысалы: Олар сөйлесті.
Мұнда етіс қимылдың бірнеше субъектіге ортақ екенін білдіріп тұр. Ол
таранды дегенде, етіс қимылдың объектісі мен субъектісінің бір зат екенін
білдіреді.
Сонымен, етіс төрт түрлі:
1.өздік етіс
2.ырықсыз етіс
3.өзгелік етіс
4.ортақ етіс
Қимыл өздігінен жасалғандай болып көрінетін,қимыл иесі деп айтылса,
ал қазақ тілін зерттеушісі Ахмеди Ысқақаов «Қазіргі қазақ тілі»кітабында
«Етістер» деген бөлімінде, 90 тарауында былай жазады: «Етістіктен етістік
тудыратын,өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау
38
болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі, әдетте, етістіктер я етіс
категориясы деп аталады» [48].
Етістерді етістіктің өзге категорияларынан ерекшеленіп тұратын
сипаттары мынадай: «ол онан жөн сұрады; ол онан жөн сұратты; онан жөн
сұралды; олар бір-бірінен жөн сұрасты; ол өзі сұранды»-деген сөйлемдердегі
етістік сұрады, сұрасты, сұратты, сұралды, сұранды формалардың
соңдарындағы өткен шақтың қосымшасын -ды, -ты алып тастағаннан кейінгі
сұра, сұрас, сұрат, сұрал, сұран етістіктерін бір-бірімен салыстырғанда, олар бір
түбірден түбірлес негіздер екені айқындалады. Осы бес түрлі негіздің соңғы
төртеуі «сұра»түбірінен тиісті жұрнақтар арқылы -с,-т,-л,-н туып, бір-бірінен
ерекшеленіп тұр; осы формаларына қарай түпкі лексикалық мағынасы бір бола
тұрса да, олардың семантикалық мәндерінде де бір-бірінен айырмашылық бар.
Сондай-ақ, «тасы, тасыс, тасын, тасыл, тасыт; жу, жуысм, жудыр, жуыл,
жуын; айт, айтыс, айттыр, айтыл» тәрізді түбірлес етістіктерден де осы жүйе
аңғарылады.
А. Ысқақовтың ойы бойынша: «Осы түбірлес етістіктердің қай-
қайсысына болсын болымсыздық категориясының -ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе
шартты рай категориясының -са,-се, өткен шақ категориясының -ды,-ді,-ты,-ті,
есімшенің -ған,-атын,-ар,-мақ көсемшенің -ып,-іп,-п,-а,-е,-й,-ғалы және басқа
солар сияқты етістік негіздеріне етістікке тән парадигмалық формалар
тудыратын жұрнақтарды жалғай беруге болады» [48].
Зерттеуші мынадай мысалдар келтіреді: «тіктіріп, тіктіргелі, тіктірме,
тіктірсе, тіктірген».
Сөйтіп, автордың қорытындысы бойынша: «Етіс формаларының бұл
ерекшелігінен, біріншіден, басқа жұрнақтар сияқты, туынды етістік жасайтын
қабілет барлығы айырмасы тек етістіктен етістік тудыратындығы және сол етіс
жұрнақтары арқылы туған формалар етістік негіздері есебінде қызмет ететіні
айқындалады» [48].
Ендеше, дейді А. Ысқақов, бұл жағынан қарағанда, етіс жұрнақтары
сөзден сөз тудыратын жұрнақтармен сипаттас келеді де, лексикалық
категорияға жатады» [48].
Екіншіден, етіс категориясының формаларында субъекті мен объектінің
амалға қатысын, керісінше,амалдың әрекеттің субъектімен объектіге қатысын
білдіретін грамматикалық сипаты күшті.
Демек, етіс формалары сөйлемнің грамматикалық құрылысына өзгеріс
енгізіп отырады. Оны дәлелдеу үшін жоғарыда келтірілген синтаксистік
ерекшеліктерін талдап көруге болады. Ғалым А. Ысқақовтың талдауы бойынша,
мысалы, «сұра» етістігі тек біреуден біреу бірдемені я бірдеме туралы жай
сұрауды ғана білдірсе, екінші сөйлемдегі «сұрас» формасы амалға бір субъекті
емес, кемі екі я онан да аса субъекті қатысатынын және жөн жосықты біреуі
біреуінен ғана емес, бір-бірінен сұрасқанын білдіреді, сөйлемнің құрылысын
өзгертеді.
Соның нәтижесінде сөйлемнің субъектілері бірнешеу болып, олар амалға
ортақтас болғанын Алтын мен Қанат бір-бірінен жөн сұрасты аңғартады.
39
Үшінші сөйлемдегі «сұрат» формасының семантикасы алғашқы екі
формадан сұра, сұрас да өзгешелеу, өйткені онан сұрат әрекетті жасаттырушы
бір адам болса, жасаушы басқа бір бөгде адам екені білінеді, демек сөйлемнің
грамматикалық бастауышы амалды жасаушының өзі емес, оны орындаттырушы
адам болып көрінеді. Алтын Қанат арқылы жөн сұратты.
Төртінші, сөйлемдегі «сұрал» формасының семантикасы «сұра, сұрас,
сұрат» деген үш формадан да басқашалау.
Бұдан /сұрал/ амал жасаушы субъекті де, жасаттырушы субъекті де тіпті
көрінбейді: амалдық шарпуы тиетін объекті сөйлемнің грамматикалық
субъектісі болып көрінеді/ ауданнан мәлімет сұралды.
Соңғы сөйлемдегі «сұран» формасынан амалды жүзеге асырушы адам
субъекті сол амалдың әрі субъектісі, әрі объектісі болатындай мағына білінеді,
демек амал субъектінің өзі үшін жұмсалатынын аңғарарлықтай мән беріледі.
Сонымен, А.Ысқақов: «Етіс категориясы деген амалдың істің субъекті
мен объектіге қатысып, сондай-ақ, керісінше, субъекті мен объектінің амалға
іске қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз», - деп, бұл формаларда
сөз тудыру қабілеті де, сөйлемдегі сөздердің синтаксистік құрылысын өзгерту
қабілеті де болады. Етіс жұрнақтары түбір етістіктерге де, арнаулы жұрнақтар
арқылы жасалған туынды етістіктерге де, күрделі етістіктердің түрлеріне де
керісінше жалғана береді» [48].
Етістіктер жұрнақтарының түрлеріне, олардың мағыналары мен
қызметтеріне қарай, төмендегідей бес түрге бөлінеді. Олар А. Ысқақовтың
айтуынша: 1.негізгі етіс, 2.ортақ етіс, 3.өзгелік етіс, 4.ырықсыз етіс, 5. өздік
етіс.
Қазақ ғылыми зерттеушілердің арасында да етіс категория түрлерінің
саны да өзгеше. Бір топ ғалымдар,олар: Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев
етіс категориясын төрт түрге бөліп көрсеткен:
1.өздік етіс, 2.ырықсыз етіс, 3.өзгелік етіс, 4.ортақ етіс.
Осыған қарағанда қазақ тіліндегі етіс категориясының топтау мен сандық
жағы әлі де толық зерттелмеген. Қазақ тіліндегі етіс категориясының зерттелу
тарихына қатысты зерттеулердің бірі – А.С. Аманжоловтың түркі тіл әлеміне
қосқан үлесі туралы айтар едік, А. С. Аманжоловтың «Көне түркі ескерткіштер
тіліндегі етістіктің меңгеру» атты ғылыми еңбегінде ырықсыз етіс каузатив етіс
сияқты, қимыл-әрекеті грамматикалық объектімен жасалына отырып,
грамматикалық субъектіге ауысуы арқылы болатындығы көрсетіледі.
Қазақ тіліндегі етіс категориясы туралы ең үлкен зерттеу еңбектердің бірі
– белгілі қазақ филологы А. Қалыбаеваның «қазақ тіліндегі етіс категориясы»
деген кітабы Алматыда 1951 жылы шыққан еді.
Зерттеуші тіл мамандарының етіс категориясы жайында айтылған
пікірлеріне қысқаша шолу бере отырып, белгілі ғалым М.А. Қазембектің
етістер жөніндегі пікірлерінен үзінділер келтіріп, одан мынадай қорытындылар
шығарады. Біріншіден, «етіс» деген терминдік ұғымды дұрыс
пайдаланбағандықтан, етістіктің болымсыз түрімен етісті ұштастырып қате
айтқандығын, етістікке жататын атауларды «етіс» деп атамай, «етістік» деп
бергендігін анықтайды.
40
Етіс категориясы туралы қазақ тілі грамматикаларының авторлары,
әсіресе, етіс жұрнақтарының бір түбірде қабаттасып келуі жөніндегі дұрыс
пікірлердің жоқтығын баса айтып, түркі тілдерінің, соның ішінде, қазақ тілінің,
етіс категориясын сөз еткенде, оның негізгі морфологиялық белгілерін
көрсетумен қатар, «етіс» терминін дұрыс қолдана отырып, етісті:
1.өздік етіс
2.ырықсыз етіс
3.ортақ етіс
4.өзгелік етіс
төрт түрге бөліп қараған – П.М.Мелиоранский мен К.Боровков еді. Бұл тілші-
ғалымдардың етіс жөніндегі пікірлері орта мектептерге арналған «Қазақ тілі
грамматикаларына» негіз болып келіп, етіс жайлы мәліметтер Г. Беғалиев пен
С. Сауранбаевтың «Қазақ тілі грамматикасы» және С. Кеңесбаев пен
С.Жиенбаевтың «Қазақ тілі грамматикасы» атты еңбектерінің беттерінде орын
алды. Қазақ тілінде етіс жөнінде жазылған еңбектер құндысының бірі-
филология ғылымдарының докторы, профессор С. Кеңесбаев етіс категориясы
жөнінде қазақ тілінде сабақты, салт, ырықсыз, өздік, ортақ, өзгелік етістердің
бар екендігін көрсетіп, ең тұрақтысы сабақты етіс пен салт етіс деп, белгілей,
өзгелерін осы етістердің түрлерінің бірі екендігін айқындайды.
А.Қалыбаева-Хасенова етістіктің салт жіне сабақты болып бөлінуін өз
алдына күрделі мәселе екендігін белгілей отырып, етіс те өз алдына тиянақты
дербес категория деп, бұл екеуінің бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын
көрсетеді, себебі етіскатегориясы мен оның түр-түрге бөлінуін салт етістік пен
сабақты етістіктің сөйлемде әртүрлі мағынада қолданылуынан пайда
болатындығында жатыр деген пікір туындайды.
Біздің ойымызша, етісті қарастырғанда, филология ғылымдарының
докторы, профессор С. Аманжоловтың етіске берген анықтамасы жоғарыда аты
аталған авторлардың етіс категориясына деген көзқарастарынан өзгеше деуге
болады. Бұл өзгешелікті А. Қалыбаева - Хасенова: автордың өз сөзімен
келтіреді «кемі екі субъектінің қимылы қатыспаған етістік етіс қатарына
қосылмайды... кейбіреулердің ойында жұрнақ жалғанған етістік түбірі
түгелімен етіс болатын сияқты» [45]. Тілші С. Аманжолов етісті: өзгелік,
ырықсыз және ортақ деп үш түрге бөледі де, етіс категориясына енетін өздік
етіс пен етістіктің өсіңкі, дүркінді сияқты «вид» мағынасы бар түрлерін рай
категориясына жатқызады. Барлық мәліметтерді ескере келіп, А. Қалыбаева-
Хасенова мынадай қорытындыға келеді: «етіс категориясын мүмкінділігінше әр
жақтан зерттеу қажет, етіс категориясын етістіктің тұлғалық ерекшеліктерінің
негізгі бір саласы екендігін айқындап, жүйеге салумен ғана тыңбай, оның
беретін мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметінің ерекшеліктеріне де
кеңінен тоқтау керек» [45].
А. Қалыбаеваның жазылған еңбегіне сүйене отырып, етіс категориясы
туралы айтылмаған ой-пікірлерді айтуды жөн көрдік. Олар: етіс
категориясының ерекшеліктерін морфологиялық және синтаксистік көлемінде
зерттеп қарауымыз, себебі көркем туындымен танысу үстінде, әр шығарманың
ішінде ой, сезім, қиял мен қимыл-әрекеттерді білдіретін сөздер етістік арқылы
41
беріледі, бірақ, әр қимыл-әрекеттің болуы, немесе жасалуы өзіне тән объект пен
субъектіге сүйенеді, осының бәрі етіс категориясымен тығыз байланысты.
Сонымен А. Қалыбаеваның айтуы бойынша, етістік субъектінің қимылын,
амалын не күйін көрсету арқылы сабақты, немесе салт етістіктер тобына
жатады-бұл етістіктің мағыналық қасиеті, ал сөйлемнің баяндауышы болып
тұрғанда, белгілі жақ, шақ, рай және етіс категорияларында тұруы, оның негізгі
морфологиялық ерекшеліктері болып есептелуімен бірге, синтаксистік қасиеті
болып та саналады. Етіс категориясы қазақ тілі етістіктеріне тән қасиет
екендігін тілші - ғалым А. Қалыбаева-Хасенова өз еңбегінде белгілеген.
Зерттеуші А. Қалыбаеваның мынадай пікірін келтіруге болады: «сабақты
етістік пен салт етістік етіс категориясының пайда болуы мен қалыптасуына
негіз болады» [45]. Сөйтіп, тілімізде қолданыла келе етіс категориясының өзі
мағынасы жағынан салт етістікті сабақтыға, немесе сабақты етістікті салт
етістікке айналдырады, бұл жағдай етіс аффикстерінің жаңа сөздер тудыруда
лексикалық қызмет атқарып, жаңа етістіктер тудырып, тіліміздің негізгі сөздік
құрамын байытуда аса маңызды орын алған грамматикалық категория. Етіс пен
сабақты және салт етістіктердің арасындағы байланыстар мен ерекшеліктерді,
оларды бір шеңберде қарамай, өз алдарына бөліп, жеке мәселе етіп қарауды
керек етеді.
Етістіктің өзара тығыз байланыста болатын категориялары,
олар: «сабақты етістік пен салт етістік және етіс категориясы», - дейді
А. Қалыбаева- Хасенова [45].
Етіс жайлы Алтай тілі грамматикасының авторлары, А. Архангельский
мен П.М. Мелиоранскийдің құнды пікірлері қазіргі уақытқа дейін білім
саласында пайдаланып келеді. Бұл жерде етіс категориясын беруде профессор
С. Аманжоловтың рөлі ерекше. Өйткені етіс саласындағы басқа зерттеулерге
Қарағанда, профессор С. Аманжолов, негізінен, жоғарыда айтқанымыздай,
етістің үш түрін крсетеді. Бұлар осы күнге дейін тіл білімінде кеңінен
қолданылып жатыр.
Осыған орай, тілші-ғалым С. Аманжоловтың етіс категориясын
зерттеуіне қосқан үлесі туралы аса зор құрметпен айтуымыз керек, себебі
қазіргі таңда С. Аманжоловтың қазақ тіліндегі етіс категориясын зерттеу еңбегі
мектеп оқулықтарында ғана емес, жоғарғы оқу орындарының оқу құралдарында
да, тиісті орнын тапты. Осыларды меңгере келе, етіс категориясының лексика-
грамматикалық табиғатын ашуда, бұл категорияны жан-жақты зерттеу бағыты
туындап отыр. Етіс категориясының етістіктің тұлғалық ерекшеліктерінің
негізгі бір саласы екендігін айқындай келе, жүйеге салумен ғана тыңбай, оның
беретін мағынасы мен сөйлемде атқаратын функционалдық қызметі арқылы
лексика-грамматикалық табиғатын ашуға тоқталуымыз бетбұрыс жасауымыз
керек. С. Аманжоловтың зерттеулеріне сүйене отырып, «қазақ тіліндегі етіс-өз
алдында белгілі мағыналық ерекшелігі мен тұлғалық көрсеткіштері бар,
қалыптасқан синтаксистік категория, солай болса, басқа сөздермен қарым-
қатынасқа түсетін ерекше қасиеті бар», - деген ойлар назар аударарлықтай [49].
Етіс жұрнақтарына байланысты С. Аманжоловтың «Қазақ әдеби тілі
синтаксисінің қысқаша курсы» еңбегінің ерекше практикалық мәні бар.
42
Әсіресе, әр етіс жұрнақтарына келтірілген әдеби шығармалардан алынған
мысалдар жоғары мектеп студенттеріне ғана емес оқытушылар, мектеп
мұғалімдеріне де бұл салада етісті меңгеруге көп көмегін тигізеді.
Етіс категориясы жайында С. Аманжоловтың берілген мағлұматтарына
тоқтауды жөн көрдік. Жоғарыда айтылғандай, зерттеушінің пікірінше, етіс үш
түрлі. Біріншісі, өзгелік етіс, оның жұрнақтары да үш түрлі: -қыз, -ғыз, -кіз, -гіз
-дыр, -дір, -тыр, -тір және -т.
Келесі ырықсыз етіс жұрнақтарын сөз еткенде,ғылыми зерттеуінде олар
қазақ тілінде екі түрлі екенін айқындайды: -л, -ыл, -іл, -н, -ын, -ін.
Ырықсыз етістің ерекшелігін сипаттай келе, С.Аманжолов «ырықсыз
етістің жұрнағы етістіктің бұйрық райына жалғанып, барыс, шығыс, жатыс,
көмектес жалғаулы сөздерді меңгереді », - дейді [49, 50 б.].
Ырықсыз етістің қасиетін айқындауда мынадай ерекшеліктеріне сүйенуге
тиіспіз;іс-әрекетін атқарушысы, қимыл иесі, арнайы айтылмай, қимыл өздігінен
істелетіндігі көрінеді де, -л, -ыл, -іл түбірдің ішінде –л дыбысы болса, -н, -ын,
-ін жұрнақтары арқылы жасалады. Сонда ғана ырықсыз екендігін анықтаймыз.
Ортақ етіс жұрнағын бір түрлі –ыс, -іс,-с деп белгілей келе, «бұлар етістік
түбіріне жалғанып, табыс, барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғаулары керек
қылады», - деген анықтамасын бірнеше мысалдар арқылы ортақ етіске тән
ерекшеліктерін көрсетеді [49, 51 б.].
Сонымен, қорыта келгенде, қазақ тіліндегі етіс грамматикалық құрылыста
әбден қалыптасқан, қызметі мен мағынасына сай, белгілі тұлғасына бар,
етістіктің синтаксистік категориясының бірі.
Сөйтіп, жоғарыда айтылғандарға қоса,тілші-ғалым А. Қалыбаева-
Хасенова өз еңбегінде қазақ тілінің етіс категориясын жан-жақты зерттеуді
талап етеді деп тауып,етіс категориясын етістіктің тұлғалық ерекшеліктерінің
негізгі бір саласы екендігін айқындап,жүйеге салумен ғана шектелмей,оның
беретін мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметінің ерекшеліктеріне кеңінен
тоқтауды баса айтады.
Етіс жайлы сөз еткенде,бұл категория төңірегінде біздің ойымызша,
өзекті мәселелердің бірі- қазіргі уақытқа дейін етіс категориясына байланысты
зерттеу еңбектерде оның синтаксистік нақты қызметі көрсетілген емес.
Ғылыми жұмыстың мақсатына сай, Ж. Аймауытовтың шағын
әңгімелеріндегі («Әнші», «Елес») етіс категориясының функционалдық
қызметін анықтауда етістердің барлық түрлерін қарастырып,оның
морфологиялық,сөйлемдегі синтаксистік қызметіне ерекше тоқтау-етіске
қатысты зерттеудің дұрыс ұстанымы.
Қазақ тілін зерттеуші ғалым Ахмеди Ысқақов етіс туралы «Қазіргі қазақ
тілі »кітабында «Етістер» атты бөлімінде былай жазады: «етістіктен етістік
тудыратын өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттарын
басқалаушы болып келетін,бір алуан жұрнақтардың жүйесі,әдетте етістер я етіс
категориясы деп аталады» [48]. Зерттеуші:етістерді етістіктің өзге
категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттарын көрсетеді. Етістің
формаларына қарай түпкі лексикалық мағынасы бір болып тұрса да оолардың
43
семантикалық мәндерінде бір-бірінен айырмашылық бар. А. Ысқақовтың
ойынша: «Осы түбірлес етістіктердің қай-қайсысына болсын,болымсыздық»
категориясының «-ма,-ме,ба,-бе,-па,-пе»,шартты рай категориясынан /-са,-се/,
өткен шақтың категориясының /-ды,-ді,ты,-ті/,есімшенің /- ған,-атын,-ар-мақ/,
көсемшенің/-ып,іп,-п,-а,-е,й,-ғалы/» және басқа солар сияқты етістік
негіздеріне,етістікке тән,парадигмалық формалар тудыратын жұрнақтарды
жалғай беруге болады» [48]
Қазақ ғылыми зерттеушілердің арасында да етіс категориясы түрлерінің
саны да өзгеше. Бір топ ғалымдар олар: Н. Оралбаева, Г. Мадина, А. Әбілқаев
етіс категориясын төрт түрге бөлінгенін көрсетсе, А. Қалыбаеваның айтуы
бойынша,етістік субъектінің қимылын,амалын, не күйін көрсету арқылы
сабақты, немесе салт етістіктер тобына жатады- бұл етістіктің мағыналық
қасиеті,ал сөйлемнің баяндауышы болып тұрғанда,белгілі жақ,шақ рай және
етіс категорияларында тұруы-оның негізгі морфологиялық ерекшеліктері болып
есептелуімен бірге,синтаксистік қасиеті басым болып саналады.
Осы мәселе туралы университеттер мен педагогикалық институттардың
филология факультетінің студенттеріне арналған еңбекте «Қазақ тіліндегі
етістіктің категориялары тіркесімі,сөздегі орны» бөлімінің 21 бетінде былай
айтылған: «Негізінде,етіс жұрнағы басқа категория көрсеткіштерінің алдынан
келген.
Бұл етіс жұрнақтарының түбір етістікке тікелей, бірінші болып тіркесетінін
көрсетеді» [45]. Етіс туралы өз еңбегінде А. Қалыбаева-Хасенова тізбектеле
қосылған етіс аффикстерінің жасалуы мен мағыналарын қарастырады. Олар
мынадай тізбектеме түрінде беріледі, мысалы: өздік етіс тек сабақты
етістіктерден жасалады. Өзгелік етіс аффиксі қосылу арқылы салт етістіктен
сабақтыға айналған түбірлерге -ыл,-іл аффиксі қосылу арқылы салт етістіктен
сабақтыға айналған түбірлерге -ыл,-іл аффиксі қосылып,ырықсыз етіс болып
қолданылады.Сондықтан өздік етіс бастапқысында мағынасы болған
етістіктерді өздік етіс аффиксімен түрлендіріп,өздік етіс мағынасында бір-ақ
жұмсалады.Сөйтіп, өздік етіс мағынасындағы етістіктердің үстіне өзгелік етіс,
ортақ етіс және ырықсыз аффикстері қосыла алады.Түбірден соңғы бірінші
орында,зерттеушінің көрсетуі бойынша,өздік етіс,екінші орында не өзгелік етіс,
не ортақ етіс аффикстері,ең соңында ырықсыз етіс аффиксі жалғанады.
Етістердің осындай күрделі түрлеріне қатысты,төмендегідей ереже
нұсқауын шығаруға болады. Етістік түбіріне қосылған өзгелік етіс
аффикстерінің үстіне ортақ етіс пен өзгелік етіс аффикстері жалғана береді. Бір
түбірде өзгелік етістің екі,одан да артық аффикстерін қатар қосуға болады.
Бірақ екеуден артық қолдану тілдің нормалық қалпы емес.
Тілімізде орын тапқан үлгілері бойынша,бірнеше етіс аффикстерінің саны
артуымен түбірге қосылған қимылға байланысты,қатысушылардың да саны
артты. Сөйлем құрылысы мен мағыналары теңдік сақтап,мазмұны айқын
ашылады.
Етістіктер сөзжасамын жан-жақты қарастырудың нәтижесінде етіс
категориясының анық сипаттамасы орын алып , бұл категорияның қазіргі
44
қазақ тілінде нақтыланған сандық жағы көңіл аударлықтай,себебі бұндай
көзқарас бүгінгі таңда мектеп тәжірибесі болсын, жоғарғы оқу орнында
бекітіліп, көптеген ғалымдардың қолдауында жүр. Мәселен, септік жалғауының
атау септік деген тәрізді жалғаусыз сөздер тобын құрайтындар негізге
алынса,сол сияқты осыған дейін баяндалған түбір етістіктер негіз етіс деп
аталады.Олардан туындағандар,яяғни етіс жұрнақтылары төрт топқа
бөлінетіндігін байқаймыз. Олар:
1) өздік етіс жұрнақтары: -н,-ын,-ін
2) ырықсыз етіс: -л,-ыл,-іл
3) ортақ етіс:+оның, көмектес етіс түрі:-с,-ыс,-іс
4) өзгелік етіс жұранқтары- көп және әр қилы.
Жоғарыдағы айтылғандарды түйіндей келе,етістік түбірлерінде осы төртеуінің
белгілі жұрнақтары болуының логикалық астары және грамматикалық
көрініс табуы тұтаса байланысады.Етістіктердегі етіс аффикстері мағыналық
та,тұлғалық сипаттамаға ие. Мысалы: айт+ыс, сөйле-с т.б.-с,-ыс,-іс жұрнақтары,
бұрын да сөз етілгендей,көп субъекті, ең азы екі адам арасындағы ортақ іс,
амалды білдіреді. Өздік пен ырықсыз етістер әрқайсысы дара категория бола
тұра,грамматикалық құрылымы, кейде жұрнақтары ауысып,немесе бірдей
болып кететін тілдік деректері де бар.
Мынадай мысалдарда:
а) бала жуынды- өздік етіс
ә) еден жуылды- ырықсыз етіс
Жалпы,туынды түбір етістіктер осы екі етіспен қызметтерін атқарады,
жұрнақты түрлері- бірдей. Өздік пен ырықсыз етістің айырмашылықтарын
көрсететін болсақ, өздік етісте: бастауыш – әрі субъект,әрі объект.
Ырықсыз етісте: бастауыш- қимылдың объектісі. Іс-әрекеттің иесі
(субъект) мұнда жоқ. Көбінесе негіз болып тұрған етістіктер, мысалы: жу,
тазала- сабақтылар. Жалпы, өтілетін іс-әрекетте субъекті қимылы объекті
арқылы жүзеге асады. Бұған қарағанда,өзгелік етістің ерекшелігі бөлек. Өзгелік
етістің қолданылу аясы кең, себебі сабақты, салт етістік те өзгелік етіс болып
қолданыла алады, оның жұрнақ түрлері де басым. Бұл етісті синтаксис
саласымен байланыстыра қарасақ, өзгелік етісте логикалық: субъект,обект,
предикат дегендермен бірге грамматикалық осы етістегі баяндауыш,яғни
сөйлемде: оның бастауышы, тура және жанама толықтауыш сияқты сөйлем
мүшелері орын алады. Өзгелік етісті сөз еткенде, мұндағы ерекшелік - салт
етістіктердің сабақтыға айналуы. Сөйлемде көбінесе сабақты етістік
баяндауыш қалпына түседі.
Түбір етістікке күрделі жұрнақтар туралы сөз етілгенде, баяғыдан
қолданылып келе жатқан етістік негізгі туынды түбір етістіктердің ішінде
жұрнақтарының құрамы күрделі болып келетіндері аз кездеспейді. Бұлардың
көбі жұрнақтары дыбыстық қысқаруға ұшырап, ілімінде морфенемалық сипаты
өзгерген, тіпті екі жұрнақ ажырамастай бүтіндік түр алған болып та кездеседі,
мысалы: тіс-те-ле,қу-да-ла, және т.б. Етіс жұрнағына келетін болсақ,мұнда етіс
жұрнақтары басқа жұрнақтардан соңқосылады,- деп тиянақталғанымен:
45
сұра-н-шақ-та-н, тартын-шақтан жұрнағы түбірде екі рет қосылып тұр.
Етіс жұрнағының айқын көрінісі етістіктегі белгілі қимылдың асуы,бұған
субъекті немесе бірнеше субъектінің нақты ашылып,үлкен рөль атқарады.
Мысал ретінде, өзгелік етісті алсақ,өзгелік етісте бастысы- іс-әрекеттің
жүзеге асырылуы-өзге субъектінің, мәселен: «әжесі немересіне шай іш-кізіп,
нан же-гіз-ді»,- деген жағдайдағы іс-әрекетке айналғанын білдіреді.
Өзгелік етісті ілкі субъектінің жанама толықтауыш түрінде грамматикалық
көрініс тауып, (немересіне), бастауыш болып тұрған (әжесі) белсенді
субъектінің ырқына түсуіне ауысатын мағыналық ерекшелік пайда болады.
Сөйтіп,объектілі іс-әрекеттің жүзеге асырылуы-екі субъектіге тікелей қатысты.
Тілімізде өзгелік етістің жұрнақтары сан-алуан,олардың өздері жалаң және
күрделенген түрлерге бөлінеді. Жалпы өзгелік етіс жұранақтар ішінде
өнімділері: -дыр,-ғыз,-т олардың күрделенген түрлері;-дыр,+т,-ғыз+дыр тағы
басқалар,сонымен қоса: өнімсіздері,яғни белгілі түбірлермен ғана қосылып
қолданылып жүргендерін, түбір мен жұрнақ тұтасып қалыптасқандарын атап
кетуге болады (көр-сет,ау-дар,аз-ғыр,там-ыз).
Жоғарыдағы айтылғандардағы меңгере отырып,өзгелік етіс туралы сөз
етілгенде, біз түбірлер мен өзгелік етіс жұрнақтарының тұтаса қолданылып,
олар тудырған туынды түбір етістіктердің тарихи көнелілігін көрсетуге
тырысамыз. Осыған көптеген тілдік фактілер: оян-оят, уан-уат, жұбан- жұбат
тәріздері дәлел. Өзгелік етіске қатысты мынадай мысалдарды: «от жа-н-ды»
дегенмен «от-ты жа-қ-ты» деген өлі түбірлестердің соңғы жақ түрі- өзгелік етіс
мәнді, яғни «жа-н» салт етістігі «жақ-ты» дегенде сабақтыға айналады.
Келтірілген мысалдар арқылы етістің синтаксиспен байланымын аңғаруға
болады.Төмендегі сөйлемдердегі: «отты-шамды жағушы адам (субъект
бастауыш), жа-н-атын – от, шам (логикалық субъекті) тура толықтауыш дей
келе, күрделене қосылған етіс жұрнақты арқылы туынды түбір етістіктерді
атауға болады. Қазақ тілі грамматикасында орнығып, қазіргі кезде білім беру
үрдісінде баяндалатын етіс жұрнақтарына ие етістіктің төрт етіс түрлеріндегі
туынды түбір етістіктің іске асу-аспауындағы негізгі себепкер, яғни белсенді
субъекті белгілі іс-әрекетке қатысса болды, ол туынды түбірлер, одан әрі тағы
да тиісті етіс жұрнақтары үстеленіп сөйлем ішіндегі етістік тіркестері де
сәйкестене тілге тиек болады. Мұндай дайын күрделенген етіс жұрнақты
үлгілер негізінен мына төмендегілерді көрсетуге болады:
1. өздік+өзгелік:-індір (ки-ін-дір), -лт (бүг-іл-т-ті);
2. ырықсыз+өзгелік немесе өзгелік+ ырықсыз: төг-іл-т (төгіліп жыр
толғайтын), жа-ғ-ыл (шамдар жағылсын);
3. ортақ+өзгелік: тату-лас тыр;
4. өздік+ортақ: түс-ін-іс;
5. өзгелік+ өзгелік: көр-сет-кіз.
Тілімізде өзгелік етіс жұрнақтарының екі-үшке дейін болып үстелене
қосылып қолданылуы мүмкін:
а) ауылдан көмек алдыртпаймын,-дегенде І жақтағы субъектінің өзінен
басқа да қолдаушысы бары байқалады;
46
ә) бұл құжатты ол ешкімге бергіздіртпейді-дегенде өзгелік етісті сөйлем
болуы ықтимал.
Өзгеліктің бірнеше жұрнағы қосылған жағдайда, қаншама адам
(субъектілер) араға түскен-деген логикалық ұғым туады, соның нәтижесінде
жұрнақтарда көбейе түседі. Етіс жайлы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе,
түбір етістікке бірнеше етіс түрлерінің қосылуы қазақ тіліне тән құбылыс, бұл
арқылы қимыл-әрекетті білдіретін етістіктің мағыналық жағынан байлығы мен
жан-жақтылығы көрініс табады, іс жүзінде нақты қолданысқа ие болып
есептеленеді. Бастысы қазақ тіліндегі етіс категориясын жан-жақты зерттеу
жолында осы категориямен байланысты көптеген деректемелерге назар
аударуды жөн көрдік. Етіс туралы сөз еткенде, баршамызды қызықтыратыны,
бұның тек қана қазақ тілі емес, басқа да тілдердегі грамматика саласынан
ерекше орын алғандығында жатыр.
Көптеген шетел тілдерінің өзінде-ақ етістің өзіндік көрсеткіштері бар: бір
жағынан, етістің түрін білдіретін жұрнақтар болса, екінші жағынан, олардың
модальдік ерекшеліктері. Қазақ пен орыс тілдеріндегі ырықсыз етісті
салыстырғанда, бұл тілдерде ырықсыз етістің мағыналық ерекшеліктері бірдей
болғанымен, қимыл-әрекеттің иегері жоқ, әрекет тек қана объектіге
бағытталған. Бірнеше еуропа тілдерін қарастыру нәтижесінде келесі
тұжырымдамаларды айтуға болады: біріншіден, етіс категориясын сөз еткенде,
бұл категория құрамына модальдік форма түрін ендіру керекті, себебі оларды
есепке алмай, етісті сипаттау қиындыққа түседі; екінші жағынан, етістің
типологиялық зерттеу бұның басқа шетелқұрылымдық тілдер жақтарынан әсер
тигізуі оңайға түсетін морфологиялық категория екендігін дәлелдейді.
1967 жылғы «Қазақ тілі грамматикасында» көрсетілгендей, істің басқа
біреу арқылы істелгенін көрсететін етістіктің түрі өзгелік етіс деп аталады»
[54, 115 б]. 1954 жылғы «Қазіргі қазақ тілі» «істің жеке субъекті арқылы
істелмей субъекті арқылы істелгендігін, я істелгендігін білдіретін етістіктің түрі
өзгелік етіс деп аталады» [55, 295 б.] деген анықтамаларға сүйеніп, салт
етістіктен жасалған сабақты етістікті өзгелік етіс категориясының жатқызу
дұрыс емес деп санайды.Сондықтан салт етістіктен өзгелік етіс жұрнақтары
арқылы жасалған етістік тұлғасын «ауыспалы сабақты етістік» деп қарайды.
Демек, бұлардың үстіне өзгелік етіс жұрнағы жалғанғанда барып өзгелік етіс
мағынасы пайда болады. Мысалы, «өш-өшір-өшірт, яғни «шамды сен өшір:
шамды сен оған өшірт». Алғашқыда қимыл иесі субъект болса, кейінгіде, ол
екінші субъектінің әрекетіне көшеді. Ғалымның осы тұжырымы 2002 жылы
жарық көрген «Қазақ тілі грамматикасында» да көрініс тапқан.[39, 510 б].
Салт етістіктің сабақты етістікке, сабақты етістіктің салт етістікке
айналуы тілдік құбылыс. Қазақ тіліндегі өздік, ырықсыз, өзгелік етіс
жұрнақтарының басты қызметі сабақты етістікті салт етістікке, салт етістікті
сабақты етістікке айналдыру деп көреміз. Сабақты етістіктен жасалған өздік
және ырықсыз етіс тұлғасындағы салт етістіктің бойынан морфологияға да,
синтаксиске де қатысты болып келетін екі жақты сипатын байқауға болады.
47
Өздік және ырықсыз етіс тұлғаларының синтаксиске қатысы жағынан -
бұлар салт етістікке айналып, сөйлемде табыс септігінен болған тура
толықтауышты меңгермейді, керек етпейді дейді.
Сөйтіп, өздік, ырықсыз етіс жұрнақтарының басты қызметі- сабақты
етістікті салт етістікке айналдыру деп қарайды да, ал оның өздік, ырықсыздық
мағынасы сол салт етістік формасынан шығатын логикалық мағынасын екінші
орынға қояды. Кейбір өздік, ырықсыз етіс тұлғасындағы салт етістіктердің
өздік, ырықсыз етіске берілген анықтамаға сай еместігін айтады. Мысалы,
«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол ақынның білімсіз бейшерасы» (Абай).
«Көз ұшында мұнартып ағаш көрінеді. Жол екіге бұрылды. Бала тайып
жығылды» деген сөйлемдердегі өздік және ырықсыз етіс тұлғасындағы
былғанса, көрінеді, «бұрылды, жығылды» етістіктерінің ешқандай өздік және
ырықсыз етіс мағынасының білдірмейтіндігін дәлелдейді. Шынымен – ақ,
«-н, -л» жұрнақтары арқылы жасалған салт етістіктердің ішкі логикалық
мағынасы, яғни өздік және ырықсыздық мағына білдіруі де жүйелі түрде емес.
[34, 45-46 Б.]
Қазақ тілінің етіс категориясын арнайы зерттеген ғалым
А. Қалыбаеваның еңбегін атап өткім келеді. Ол етіс қосымшаларын сөз
тудырушы жұрнақтар деп анықтайды.
Қазақ тіл білімі жағынан жазылған еңбектерінің саны мен сапасы
жағынан да, түркологияға қосқан іргелі үлес жағынан да сүбелі табыстарға
жетсе, ол үшін оның іргетасын қаласқан, тақыр жерге күмбез орнатқан көш
бұйдагерлері А. Байтұрсынұлы, Т. Шонанов, Досмұхамедұлы, Қ. Жұбанов,
Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, М. Балақаев, С. Аманжолов тәрізді ірі
ғалымдарға қарыздар. Осы буын біздің рухани ұстазымыз болды.
Етістің өзіндік табиғатын ашу барысында, ең әуелі, бұл категория
төңірегінде зерттеуші - ғалымдардың айтылған пікірлерін, етіс жайлы берілген
анықтамаларын келтіруге бағыт алдық.
Етіс аталмыш ғылыми жұмыс тақырыбының негізі болғандықтан, оның
жан-жақты қарастыратын анықтамалық сипаттамасы тіл теориясында назар
тартарлықтай. Сөйтіп, етіс «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясында етіс төмен
дегішей беріледі: «етіс –қимылдың объект пен субъектіге қатынасын білдіретін,
етістің туынды түрі». Мысалы: «келіс», «келтір», «келтірілсін», «келтірілді»,
«жаздыр», «жазыл», «жаздырт», «жазыс».
Етіс жұрнағын қабылдаған етістіктің бәрі сөздіктерде реестр сөз ретінде
беріледі, яғни олардың туынды сөз екені танылған. Етістің категория болып
саналуы оның ортақ жалпы мағынасына және ол мағынаның ішкі ерекшелігі
мен оны білдіретін көрсеткіштері барына байланысты.
Етістің мынадай түрлері бар: 1) негізгі етіс; 2) ортақ етіс; 3) өзгелік етіс,
4) ырықсыз етіс; 5) өздік етіс [56, 443-444 Б.].
Етіске қатысты ғалым А. Ысқақовтың төмендегі пікірін келтіруді жөн
көрдік: «... етіс категориясының формаларында субъекті мен объектінің амалға
қатысын, керісінше, амалдың (әрекеттің ) субъекті мен объектіге қатысын
білдіретін грамматикалық сипаты күшті.
48
Демек, етіс формалары сөйлемнің грамматикалық құрылысына өзгеріс
енгізіп отырады. Сонымен, етіс категориясы деп амалдың (істің) субъекті мен
объектіге қатысын, сондай-ақ керісінше, субъекті мен объектінің амалға (іске)
қатысын білдіретін формалардың жүйесін атаймыз» [9, 296 – 297 Б.].
Белгілі тілші Н. Оралбаева да өзінің ғылыми еңбектерінде етісті сөз
еткен. Н. Оралбаеваның пікірінше: «Етіс –етістіктің бір категориясы, оның
көрсеткіш-тері сөзге басқа категориялардың көрсеткіштерінен бұрын
жалғанады, яғни аналитикалық форманттардың бәрі де етістікке етіс
жұрнақтарынан кейін ғана тіркеседі» [57, 121 б.].
Етісті төрт түрге бөліп, «Қазақ тілі грамматикасының» 1942 жылы жарық
көрген I бөлімінде С. Кеңесбаев пен С. Жиенбаев қарастырған болса
[58, 143б.], ал «Қазақ тілі грамматикасының» 1969 жылы шыққан I бөлімінде
бірқатар тілші- ғалымдар: І Кеңесбаев, А.Ысқақов, К.Аханов етіске мынадай
анықтама береді:
«Іс істеуші адамға немесе іспен байланысты затқа іс- әрекеттің қарым-
қатысын білдіретін етістіктің түрі етіс деп аталады» [59, 133 б.].
Бұнда да етіс төрт түрлі болып көрсетіледі, олар:өздік етіс, өзгелік етіс,
ырықсыз етіс, ортақ етіс.
Етіс категориясын тарихи тұрғыдан зерттеген белгілі ғалымдардың бірі -
М. Томанов. Ғалым М. Қашқари сөздігінен етіске қатысты деректемелерді
жинақтай отырып, «етіс категориясының арнаулы аффикстермен берілуі түркі
тілдері тарихында әсте жаңа құбылыс емес».
Етісті сөз еткенде, көптеген тарихи мәліметтерді мұқият қарастыруға
тырысамыз. Ертеден-ақ бұл тілдік категория қандай күйде болды, қазіргі
жағдайға келудің сыр-сипаты неде деген сұрақтар етіске де қатысты. Тарихи
деректемелерден етіс туралы ең бірінші түркітанушы ғалым М. Қашқари айтып
кеткендігі – оның әйгілі «Диуани лұғат ит- түрік» түрік сөздігінен
байқауға болады.
Етіс етістікке тән категория деп танығандығы - бірсыпыра етістік сөз
табына арналған бөлімдерден жинақтау жұмысын атқардық.
Етістік «көрініс беру» мағынасында, яғни бір істі істеп жатқандай
көрінетін мәнде келсе, ол салт етістік болады. Ортақтық мағынасы болмайды.
Бұл жерде «өз» сөзі айтылмаса да, салт етістік сол мағынаны білдіре береді,
ортақсыздық, жекедаралық мағынаны аңдатады. Сипат толымды шығады.
«Етіс категориясы (М Қашқаридың сөздігі бойынша ХI ғ.) атты оқу
құралы жас маман М. Жүнісованың авторлығымен шыққан екендігін есепке ала
отырып, біз де етіс табиғатын сипаттауға, түрік сөздігінің беттеріне назар
аударарлықтай болдық. Байқағанымыз - адал еңбек етіп,еңбегімен сөздік
жасаушы автор –М. Қашқари, таң қаларлықтай әр сөзді жинақтау үстінде, сөз
құдыретін құрметтей келе, жан-жақты қарастыру арқылы оқырманға мән-
мағынасын жеткізе білгендігі – тілшілер қауымына үлгі.
1954 жылғы «Қазіргі қазақ тілі» оқулығына сүйенетін болсақ, мұнда етіс
мағынасы мен тұлғасына қарай төртке бөліген және де ол – түбір етістіктен
туатын грамматикалық форма деп көрсетілген.
49
Оқулық бетінде етістің төрт түріне толық анықтамалық сипаттама
берілумен бірге сабақты етістіктің салт етістікке айналуы етіс категориясымен
байланыса көрсетіледі.
Сонымен, қазақ тілінде өздік, ырықсыз және өзгелік етіс
жұрнақтарының басты қызметі сабақты етістікті салт етістікке, салт етістікті
сабақты етістікке айналдыру болып саналатындығы баса айтылады [62, 295 б.].
«Етіс - етістіктің ерекше категориясы. Әдетте етіс қимыл, әс-әрекеттің,
субъекті мен объекті арасындағы (семантикалық-синтаксистік сипаты) әр түрлі
қатынасты білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістік
категориясы деп анықталады» деп көрсетілген [64, 507 б.].
Етіске қатысты ғылыми анықтамалар санын әлі де жалғастыруға болар
еді. Келтірілген етіс ережелерін салыстыратын болсақ, анықтамалық пікірлер
арасында бірізділіктің жоқтығы бірден көзге түседі. Мысалы, тілші-ғалымдар
Ш. Бектұров пен М. Серғалиев етіс жайлы төмендегідей өзіндік ойларын
көрсетеді; «Сөйтіп, етістіктің істеушіге (субъектіге) және істелетін затқа
(объектіге) қатынасына байланысты мағыналық және тұлғалық жақтан
құбылуын етіс дейміз» [65, 110-111 Б.].
Қазіргі кездегі жоғарғы оқу орындарында арналған «Қазақ тілі»
анықтамалығында: «Етіс – қимылдың, іс- әрекеттің орындаушыға, қимыл иесі
мен тура істелетін іске қатысып білдіру үшін етістіктен етістік тудыратын
жұрнақтар арқылы жасалатын етістіктің түрі. Яғни етістіктен етістік
тудыратын жұрнақтардың жүйесі етістер я етіс категориясы деп аталады» деген
мәліметті келтіруге болады [66, 49 б.]. Бұл оқулықта етістер жұрнақтарының
түрлеріне қарай бес түрге бөлінеді.
Негізінен, келтірілген анықтамалық деректемелерінен етіс етістіктің
категориясы бола тұра, іс- әрекетпен субъекті және объекті арасындағы қарым-
қатынасты білдіретіндігімен етістіктің басқа категорияларынан ерекшеленеді.
Жоғарыда сөз етілген Ы. Мамановтың көзқарасы бойынша етістің өздік
пен ырықсыз түрінің сипаттамасына қоса, басқа да өзгелік пен ортақ түрін
айтпас бұрын, жалпы, тарихи мәліметтерге сүйене отырып, етіске тікелей
қатысты жұрнақ пен жалғаудың ара-жігін ашуды жөн көрдік. Демек жұрнақ
пен жалғаудың сөзжасам мен морфология саласындағы атқаратын рөлін баса
айтуға тура келді.
Еліміздің көркейгенін, дамып келе жатқан елдер қатарына, дамыған
елдер тобына қосылғанын қаламайтын қазақстандық жоқ шығар. Осы
арманның жүзеге асуына қажетті факторлар өте көп. Солардың ең бастысы-
ғылым. Ал ғылымның үлкен бір саласы – тіл білімі. Қазақ тілінің мемлекеттік
мәртебе алуымен байланысты қоғамдық өмірдің көптеген саласында өрісінің
кеңейіп, жан-жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Ос ыретте тілдің
дамып, өркендеу барысында оның даму заңдылықтарын арнайы қарастырудың
мәні зор. Бұл даму заңдылықтарын тіл білімінің әр саласынан көруге болады.
Бізге белгілі, қазақ тіл білімі фонетика, лексика, сөзжасам, грамматика атты
үлкен салалардан тұрады. Граммматиканың өзі морфология және синтаксис
деген қабатқа жік теледі. Тіліміздің даму заңдылығына сәйкес қазақ тілі
білімінде сөзжасам атты үлкен сала өрендеу үстінде екені белгілі.
50
Сөзжасам 1991 жылы жоғары оқу орындарының оқу жоспарына
кіріп,содан бері қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бөлімінің студенттеріне жеке
пән ретінде оқытылып келеді.
Бұл пәннің оқу жоспарына қосылуы сөзжасамның тіл білімінің жеке
саласы ретінде танылуына байланысты. Сөзжасам жеке сала болып танылмаған
кезде, ол морфология саласына жатқызылып, морфология курсымен бірге
оқытылып келді. Бірақ морфология құрамында сөзжасам мәселелерінің тек сөз
таптарының сөзжасамы ғана қамтылды.
Қазақ тілі бай тілдердің біріне жататыны сөзсіз. Тілдің лексикасының
үздіксіз дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Қоғамның дамуы, адам
санасының өсуіне байланысты өмірде жаңа заттар мен ұғымдар пайда болады
да,оларды атау қажеттігі туады. Осы қажеттілікті өтеу үшін, сөзжасам арқылы
жаңа сөздер жасалады.Сондықтан тілдің сөздік құрамының баюына негізгі
қызметті қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атқарады.
Өйткені қазақ тілінің қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол тілде жаңа
сөздер жасауды қамтамасыз етеді.
Сөзжасамдық жұрнақтардың тілдегі қызметі - әр кезеңде түрліше
дәрежеде болуы-жиі кездесетін құбылыс. Бір кезеңде актив қызмет атқарған
жұрнақтар, келесі бір кезеңде пассивтенуі мүмкін. Кейде өлі, өнімсіз
жұрнақтардың қызметі күшейіп, өнімділігі артуы да кездеседі. Ал, бізше, етіс
жұрнағының өнімділігі уақыт өткен сайын артпаса, кеміген жоқ.
Құрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар арқылы жалаң жұрнақтар
және құранды жұрнақтар болып, екі ссалаға бөлінеді. Жалаң жұрнақтар деп
мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтін бір бұтін тұлғалы
жұрнақты айтамыз. Етіс жұрнағы мағына жағынан да, тұлға жағынан да бір
тұтас жұрнақ болып табылады.
Сөз етіп отырған етіс жұрнағының табиғаты да ерекше болып табылады.
Жұрнақтардың ішінде дыбысталуы (айтылуы) мен таңбалануы (жазылуы)
бірдей болғанымен, негізгі мағыналары да бір-бірімен байланыспайтын,
ұштаспайтын тіпті басқа-басқа бір алуан жұрнақтар бар. Ондайлар омоним
жұрнақтар деп аталады. Мұндай омоним жұрнақтарды полисемиялық
жұрнақтардан ажырата білу қажет және олар бөлек-бөлек категориялар ретінде
жеке-жеке қаралуы керек. Мысалы «Ауылға хабар жіберілінші» сөйлемдегі
«жіберілінші» формасындағы –ші қосымшасы етістіктің түр-түріне тілену,
жалыну мағынасын жамап тұрса; барғызмақ-шы, келдірмек-ші, дегендерде –
шы, -ші жұрнағы мақсаттың тиянақты түрде жүзеге асырылатындығына көзді
жеткізе түсетін мағына үстейді. Сөйтіп, бұл мысалдардағы -шы, -ші
жұрнағының етіс жұрнақтарымен ұштасу арқылы мағыналары көп екенін
көруге болады.
Сөйтіп, бір алуан сөздерге жаппай жалғана беретін жұрнақтарды тірі
жұрнақ дейміз де, бірді-екілі сөзге ғана жалғанып, орнығып, қалыптасып қалған
жұрнақтарды өлі я көне жұрнақтар дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |