Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп



жүктеу 3.64 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата19.01.2017
өлшемі3.64 Mb.
  1   2   3   4   5
2191

б   8 3 (5 К ) 

Қ 5 6

Б .  Р .  К,ожахметова

МӘШҺҮР  ЖҮСІП 

ФОЛЬКЛОРИСТИКАСЫНДАҒЫ

БИ-ШЕШЕНДЕРДІҢ

СӨЗ  ӨНЕРІ

Павг.одар

Қазақстан Республикасының Білім жэне ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекетгік университеті



Б. Р. Қожахметова

МӘШҺҮР ЖҮСІП

ФОЛЬКЛОРИСТИКАСЫНДАҒЫ

БИ-ШЕШЕНДЕРДІҢ

СОЗ ӨНЕРІ

Оқу кұралы

Павлодар

Кереку


2014

I


ӘОЖ 821.512.122.0 

КБЖ  83.3(5Каз)

С. Торайғыров аты ндағы  Павлодар мемлекеттік уннверситетініи

Ғы лы ми кенесімен баспаға усынылды

П ікірсараош ылар:

Н.  Б.  Ағалиева  -   Павлодар  мемлекеттік  педагогикалык 

институтының доценті, филология гылымдарының кандидаты;

Ә.  Д. 


Әмренов  -   Павлодар  мемлекетгік  педагогикалык 

институтынын доценті, филология гылымдарынын кандидагы;

А.  Ф.  Зейнулина  -   С.  Торайгыров  атьшдагы  Паалодар

мемлекеттік университетінің  профессоры, филология ғылымдарьшың 

кандидаты. 

-  . - 



^

Қожахметова

Қ56 Мәшһүр Жүсіп фольклористикасындағы би-шешендердің сөз

2Ш 4  -  73 6 

1  Б' 

Кожахметова-  I   Павлодар  :  Кереку,



І8ВЫ 978-601-238-426-0

Оку 


құралы 

5В020500 

«Қазақ 

филологиясы», 



5В050400 

«Журншшстика», 

5ВОЗОІОО 

«Кдаьщгану» 

«ш авдькіары ны н

студенттеріне 

арналган. 

Оку 


қүралында 

Мэшһүр 


Жүсіп

жазбаларындагы  би-шешендер  сөз  өнерінің  ерекшеліктері,  дщму

кезеқцері  аиқывдалған.  Жүмыстың  материалдарын  «Қазақ  тілі» 

«Соилеу  мәдениеті», 

к 

^  


и,1№’

«Мәшһүртану

г 

шсшсндж  өнерге  оайланысты



арнаиы  курстар  мен  семинарларда,  ғылыми-зерпеу  жүмыстарда 

көмекші қүрал ретіңде пайдалан 



і 

У

  жүмыстарда

|і 

С-Тоо-  ғыров



атындағы 

821.512.122.0

Іакадемик  С.БейсЩ іШ #3|3{5Каз}

атьтд ағы   ғылыми

м

I --------   Қожазйик^ова Б  Р  >014



І8ВЫ 978-601-238-426-0 

О Г  Т

пляйг

^

 

’ 



° 

^  V. Тхзрайгыров атындаш ПМУ., 2014

Материалдың дұрыс болуына, фамматикалык жәңе орфоФафиялык кателерпг

авторлар мен құрастырушылар жауалты


А лғы сөз

Бүгінгі  таңца  сөз  өнері,  шешендік  өнер  ықпал  етудің  қуатты 

қаруына  айналып  отырганы  белгілі,  кез  келген  жагдайда  «не  айту» 

және  «қалай  айту»  керектігіне,  үлкен  жиын  алдында  сөз  сөйлей  білу

қабілетін дамыту мен  қатар  жеке  жерде  өз ойын  әсерлі  жеткізе білуге

үйретеді.  Сөз  арқылы  жогары  деңгейде  қарамқатынас  жасай  білу 

зиялы  қауым  өмірі  үшін  өзекті  мэселелердің  бірі  болып  отыр. 

Заманауи  қогамда,  ауызша  сөйлеу  арқылы  қарымқатынас  жасау 

мүмкіндігі  күннен  күнге  азайып,  есесіе  агент,  смс  т.б.  арқылы 

жазбаша  сөйлеу  түрі  дамуда.  Бұл  жагдай  жастардың  ауызша  сөйлеу 

тілін  тежеп,  жазбаша  тілдің  сауатсыздыгына  әқелді  десек  те,  бұл  -  

заман  ағымы  мен  өркениет  дамуының  бір  көрінісі.  Ойын  әсерлі  де 

түсінікті  сөз арқылы  жеткізе алмай қысылган уақыт әркімнің басынан 

өткен болар,  бұл  жагдай кейде  көзбе-көз біреумен сөйлесу барысында 

ұшырасса, үлкен жиын алдьгада шешен сөйлей білетін адамның өзі де, 

айтар  ойынан  жаңылып,  сөзін  ұмытып  қалуы  гажап  емес.  Демек, 

ойын  нақты  да,  анық  жеткізе  білу,  сауатты  да  көркем  сөйлеу  кез 

келген  қарымқатынас  үшін  қажетті  негіз  болып  табылады.  Айталық, 

ол адамның жеке қатынасы ма, келіссөз немесе сауда жүргізу ме, білім 

беру  ме,  әлде  жиын  өткізу  ме  кез  келген  жағдай  шешендікті  қажет 

етеді.  Ал  шешендік  өнер  іскери  қатынаста,  күнделікті  өмірде  де  ой 

кемелін  шыңдап,  сөйлеу тілін  жетілдіреді.  Өмір тәжірибесіне үңілсек,

биік  табыстарга  білімі  жетік  болуымен  қатар,  шешен  сөйлей 

білетіндер,  өз  идеясы  мен  көзқарасына  көндіре  алатындар  жететініне 

көзіміз  жетеді.  Демек,  тіл  шеберлігі  мен  шешендік  өнер  -   заман 

талабы.


Мәшһүр 

Жүсіп 


жазбаларындағы 

би-шешендер 

сөздерін, 

шешендік өнердің болмысын ашу, дәлелдеу шешендіктанудың зерттеу 

көздеріне  айналып  отыр.  Би-шешендердің  өзіндік  жеке  сөз  қолдану

стилін,  сөз  қолдану  зергерлігі  мен  шеберлігін  зерттеу  шешендік  өнер 

дамуына серпін беретін ерекше сала.

Қазақ елі  ежелден төрт  құбыласы  тең  іргелі  ел,  ірі  ұлыс  болғаны 

белгілі.  Осы  көшпенділер  өркениетін  орнатуға  зор  ықпалын  тигізіп, 

ұрпақтарына  үлгі  боларлық  рухани,  мәдени  асыл  мұраны  сақтап 

жалғастырған  дала  қайраткерлері  -   ойға  ұшқыр,  тілге  жүйрік  би- 

шешендері  болған.  Ел тұрмысын,  салт-дәстүрін, дүниетанымын  жетік 

біліп,  билер,  бабалар  сөзін  жадында  сақтап,  осы  қасиеттерімен  ел 

көңілінен  шыға  білгендер  ғана  би  атанған. 

Би-шешендер  туралы 

ғалым  Серік  Негімұлы:  «Негізінде,  шешен-билер  мемлекет  тагдырын 

шешетін  шынайы  тұлғалар.  Мемлекеттің  көсегесінің  көгеруі,  дамуы,

3


ныгаюы  нагыз  шешен-билердің  тегеурінді  әнерімен,  өнегесімен, 

қызметімен  тамырлас.  Ол -  тәртіптің тұткасын ұстаушы, ұлттын салт- 

дәстүрін,  рухани  болмысының  қасиеттерін,  ерекшеліктерін  бойына 

дарытқан  текті  тұлга,  ереже-қагидаларына  жүйрік  әрі  жетілдіруші

дархан  дарын,  әлеуметті  ілгері  сүйреген,  қызгыштай  қоргайтын, 

жақсылыққа  үндейтін  үлгілі  ұйымдастырушы»  -   деген.  Осы  би- 

шешендер  сөздерін  ел аузынан  жинап,  тіл  қадірі  мен  сөз  қадірін  жете 

түсінген,  оларды  жеке  мұрасына  сақтап  бізге  жеткізгендердің  бірі  ~ 

белгілі  фольклорист,  акын  Мәшһүр  Жүсіп  Кепейұлы.  Акыннын 

қағазга түсірілген жазбаларында  қазақ ауыз  әдебиеті  үлгілерімен  коса 

би-шешендер  сөздері  де  көптеп  кездесетіндігін  «Мәшһүр  Жүсіптін 

тарихилық, 

деректілік, 

шежірелік 

сыр-сипаты, 

мән-мағынасы 

мейлінше  өлшеусіз,  атап  айтқанда,  ұлт  тарихы  мен  руханиятына

қатысты  қолжазба  мұраларының  8-9  томдары  жарық  көрді...  Жалпак

елі  сүйсініп  айтқандай,  Мәшһүр  Жүсіп  заманынан  озып  туган  дара 

тұлга.  Ол  өз  дәуірінің  гұламаларының,  би-шешендерінің,  жүйрік 

әңгімешілерінің,  аузымен  құс  тістеген  жыршы-ақындарының аузынан 

небір 


керемет 

даналық 


мәйектерді, 

деректерді, 

шежірелерді 

мөлдіретіп  хатқа  түсірген  тарланбоз»  — ақын  туралы  айтылган  Серік 

Негимовтың сөздерінен аңгарамыз.

Мәшһүр  Жүсіп  шыгармашылығын  зерттеу  мәселесі  бүгінгі  күні 

қарқын  алуда.  Белгілі  галымдар:  Б.  Кенжебаев,  Ө.  Жиреншин, 

М.  Бөжеев,  С.  Дәуітов,  Д.  Әбілев,  Қ.  Мәшһүр  Жүсіп,  С.  Негимов 

еңбектерінде ақын өлеңдерінің идеялық-такырыптық негізі, жекелеген 

көркемдік  ерекшеліктері  сөз  болса,  әдебиеттану  саласы  бойынша 

Ү.  Қалижан,  С.  Сүтжанов,  Е.  Қ.  Жүсіповтың,  Г.  Қ.  Жүсіпов, 

М.  Баратовалардың  гылыми  еңбектерін  атауга  болады.  2003  жылы 

Н.  Қ.  Жүсіповтың  «XX  ғасырдың  бірінші  жартысындагы  казақ 

фольклортану 

гылымы» 

атты 


монографиясы 

шыкты. 


Бұл 

монографияда  қазақ  фолыслортану  тарихьгада  ерекше  орын  алатын 

тәуелсіздік  арқасында  кейінп  он  жылдық  та  гана  зерттеле  бастаган 

Қазақ  фольклортанушы  -   галымдары:  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы, 

Ахмет  Байтұрсынұлы,  Халел  Досмұхамедұлы,  Әлихан  Бөкейханұлы 

фольклортанушылық  еңбектері  сөз  болады.  Ал  ақын  жазбаларындағы 

бізді  қызыктыратьга  мәселе  —  би-шешендер  өмірінен  келтірілген 

деректер мен өмірбаяндық мәліметтер,  шешендік сөздердің  көркемдік 

ерекшеліктерімен  катар  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлының  өзі  жазган 

туындыларындагы  нақыл  сөздері  мен  толгау  өлеңдері,  өсиеттерінің

мазмұндық ерекшеліктері.

Жазба  әдебиеттен  фольклордың  негізгі  айырмашылықтарының 

бірі  —  оның  ауызекі  таралу  мен  сақталу  формасында.  Ал,  бұл

4


зерттеушіге  де,  жалпы  оқырманга  да  халық  шығармасының 

толыққанды  жетуі  үшін,  ең  алдымен  оны  жинау,  мұқият  қагазга 

түсіру,  содан  кейін  гана  баспадан  басып  шыгаруга  кірісу  міндетін 

жүктейді.  Міне,  мұның  өзі  фолыслорды  жинаушылық  қызметтің 

қаншалықты  жауапты,  ауқымды  мэнді  екендігін  көрсетеді.  Сондай-ақ 

халық мәдениетінің алтын  қоры  болып табылатын  фольклорды  жинау

-   бұл  ел  шыгармашылығының  қаншалықты  талантты,  жан-жақты 

екендігін діттеуге жол ашады [3.14 б.].

«Менің  мұрамды  шыгаруга  Нұх  пайгамбардың  өмірі,  Аюптың 

сабыры  керек»  — деп  акынның  өзі  айтқандай,  ақын  шыгармаларын 

зерттеудің  жаңа  бір  белесі  -   20  томдыгы  жариялануда.  2003  жылы 

Арын  Е.  М.,  Қирабаев  С.,  Құсайынов  А.  Қ.,  Мәшһүр  Жүсіп  Қ.  П. 

(жауапты 

сарапшы), 

Қасқабасов 

С. 


А., 

Нұргалиев 

Р., 

Әбусейітова  М.  Қ.,  Негимов  С.,  Дәуітов  С.,  Жүсіпов  Н.  Қ., 



Жүсіпов  Е.  Қ.  редакциялық  алқасымен  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы 

шыгармаларының алгашқы бірінші томы жарық көрді.

Қазіргі  қазақ  шешендік  өнерінің  даму  арнасының  кеңейіп, 

өрістеуі  соншалық,  оның  қолданыс  аясының  күрделене  түскенін 

байқауга болады. Ягни,  шешендік өнердің бүгінгі болмыс-бітімі алуан 

түрлі,  сан  қырлы  сыр-сипатта  болуы  заман,  дәуір  тынысынан  айқын 

аңгарылады.  Демек,  қазақ  би-шешендері  өнерін  зерттеу  арқылы 

бүгінгі  шешендік  өнердің  дамып,  кемелденуі,  шешендік  дау, 

шешендік  толгау,  шешендік  арнау  сияқты  ұгымдардың  кеңейе 

беретіндігі,  өрістей  түсетіні  анық.  Осыларды  ескере  отырып, 

Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  жазбаларында  кездесетін  қазақ  би- 

шешендерінің  шешендік  сөздеріне 

тереңдей  үңіліп,  жаңаша 

көзқараспен  зерделеу  тұргысында  ұлттық  әдебиеттану  гылымында 

бұрын қарастырылмаган шешендік сөздердің көркемдік ерекшеліктері 

мен  жанрлық  сыр-сипатына  қарай  ажыратып  зерттеу  қажеттілігі 

туындайды.  Қазақ әдебиеті тарихында осыған дейін сөз болмаған ұлы 

ойшьш,  фольклортанушы,  этнограф,  тарихшы,  философ,  қазақ 

мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы -  Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 

өзінің  ұлттык  шешендік  өнерге  қосқан  үлесін  көп  қырлылыгын*

күрделілігін  негіздеп,  арнайы  зертгеу  қажеттілігін  тудырып  отыр. 

Аузы  дуалы  ділмар  ақынның  жазып  калдырған  нақыл  сөз  бен  мэндес 

өсиеттері  болашақ  ұрпаққа  инабаттылық,  имандылық  пен  ізеттілік, 

обал мен қайырымдылық, үлкенге құрмет, кішіге салауат сияқты абзал 

қасиеттерді  дарыіу  мақсатында  жазылған  дүниелер.  Сондай-ақ, 

Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  жазбаларында  кездесетін  шешендік  сөздер 

үлгілері  әдебиеттану  гылымының  зерттеу  нысаны  болумен  қатар 

саяси,  заңи,  педагогика  мен  психология  тұрғысынан  мәні  бар

5


туындылар  болып  та  табылады.  Мысалы,  би-шешендер  өнеріндегі 

шешендік  дау  үлгілерін  әдебиеттану  тұргысынан  зерттей  отырып, 

оның  мазмұндық  болмысына  да  зер  салу  қажеттігі  туындайды,  би- 

шешендердің әділ бітімдерінің жанрлық, құрылымдық ерекшеліктерін 

карастыра  отырып,  олардың  сол  кездегі  әдет-гұрпқа  сай  келуіне  де 

көніл  бөлінеді.  Осы  күнге  дейін  қазақ  әдебиеттану  гылымында 

Мәшһүр  Жүсіп  жазбаларында  кездесетін  қазақ  би-шешендерінін 

шешендік  өнері  мәселесі  түбегейлі  сөз  болган  емес.  Біріншіден, 

шешендік  өнердің  зерттелуінде  шешендік  арнау,  шешендік  толгау, 

шешендік  дау  сияқты  шешендік  сөздер  нүсқаларының  түрлері, 

ұйымдастырылуы  толық  талданылмай  келгені  белгілі.  Екіншіден, 

бүгінгі  күні  шешендік өнер мәселесінің заманауи  қолданысы аясының 

кеңеюіне  байланысты,  оның  филология  гылымынан  басқа  өміріміздің 

кез  келген  саласымен,  әсіресе  психология,  педагогика,  заң,  саясат, 

экономика салаларымен  тыгыз байланысып,  астасып  жататындыгы да 

оган  арнайы  үңілуді  қажет  етеді.  Шешендік  өнер  осы  күнге  дейін 

біршама зерттелді десек те,  ондагы  шешендік дау мәселесі толыгымен

ашылып,  талдауды  керек  ететіндігі  дау  тудырмаса  керек.  Ягни  би-

шешендер  өнердегі  шешендік  дау  мәселесіне  жаңаша  карау  әлі 

игерілмеген, тың тақырыптын бірі деп айтуга әбден болады.

Қазақ  халқы  болмысынан  шешендік  өнерге  бейім.  Бүгінгі  күні 

•атадан  мирас  болып келе жатқан  шешендік өнер тек әдебиет және  тіл 

ғылымдарымен гана шектелмей,  халқымыздың тарихы,  экономикасы, 

саяси-әлеуметтік жағдайымен  де  тікелей  байланысты.  Ягни  шешендік

өнерді  біз  белгілі  билер  сөзімен  гана  байланыстырмай,  халык 

тарихында орын алган  кернекті  ақын-жазушылар, мәдениет,  мемлекет 

кайраткерлері,  саясаткерлердің  де  осы  өнерді  дамытуга  өз  үлестерін 

қосып  жүргенін  білеміз.  Демек,  халқымыздың  алтын  қоры  -   халық 

ауыз  әдебиетінен  жиналған  би-шешендердің  өнері,  олардың  ұшқыр 

ойын  білдіретін  өткір  сөздері,  ел  тағдырына  байланысты  даулы 

мәселелерді  шешуге  тікелей  қатысы  болғанын  ескерсек,  шешендік 

өнер мәселесін зерттеу бүгінгі күні өзекті болып отырғаны анық.

Осы  орайда  Мәшһүртану  багытының  әдебиеттану  саласында 

Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлының  еңбектерін  шешендік  өнер  тұрғысынан 

зерттеу  қажеттілігі  айқын  сезілді.  Әдеби  зерттеу  арқылы  ақын 

жазбаларындагы  би-шешендер  сөздерінің  жанрлық,  тақырыптық, 

идеялық  ерекшеліктерінің  ашылуымен  қатар,  шешендік  сөздердің 

көркемдік  ерекшеліктері  мен  Мәшһүр Жүсіп  Көпейұлының  шешендік 

өнерге  қосқан  үлесі 

карастырылды.  Міне  осының  барлығы 

такырыптың өзектілігін айқындайды

6


Сол  сияқты  Мәшһүр  Жүсіп  жазбаларындағы  би-шешендер 

сөздеріне  әдеби  талдау  жасаумен  қатар  мағына  жағын  да  толық 

карастыру  қолданбалы  шешендік  өнеріне  қатысты  құнды  деректер 

беретіні  мәлім.  Бұл  жұмыс  «қазақтың  би-шешендер  өнері» 

пәні 

ретінде  болашақ  жұмысына  тікелей  қатысы  бар  әдебиет,  тіл 



мамандарымен  қоса  құқықтану  мамандығына  да  дереккөз  ретінде 

пайдалануға  болады.  Яғни,  Мәшһүр  Жүсіп  жазбаларындағы 

би- 

шешендер өнерін зерттеу нәтижесі кеңінен пайдаланылады деген сөз.



Оқу құралының басты мақсаты -  Мэшһүр Жүсіп жазбаларындағы 

би-шешендер  тұлғасы  туралы  жазбаларды  таладу  арқылы,  қоғамдағы 

тарихи  кезендер  барысындағы  шешендік  өнердің  қалыптасуымен 

дамуына  қорытынды  жасау,  сондай-ақ  шешендік  өнердің  жанрлық- 

көркемдік  ерекшеліғін,  болмысын  ашу,  дәлелдеу,  шешендік  дау, 

толғау,  арнау  сияқты  түрлеріне  талдау  жасау,  бүғінгі  күндегі 

қолданысын  анықтау.  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  туындыларындағы 

насихат,  толғау  сөздерін  сипатына  қарай  жіктеп,  мақсатына  қарай 

саралау.  Осындай  күрделі  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  мынадай 

міндеттерді 

шешу 

көзделген: 



қазақ 

би-шешендері 

өнерінің 

зерттелуіне, 

жариалануына 

тереңдеу; 

би-шешендер 

өнерінің 

даралығын көрсету;  би-шешендер өнеріндегі шешендік дау,  шешендік 

толғау,  арнау  сөздерінің 

әдіс-тәсілдерін,  еркшеліктерін  зерделеу; 

шешендік  сөздерді  мазмұнына 

қарай  жіктеп,  оның  көркемдік 

ерекшеліктерін  анықтау;  шешендік  өнерді  сипатына қарай  ажыратып, 

заманауи қолданысын айқындау.

Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  жазбаларындағы  би-шешендердің 

тұлғалық  ерекшеліктері  туралы  мэліметтер,  шешендік  сөздердің 

көркемдік  еркшелігі,  стилистикалық  болмысы,  Мәшһүр  Жүсіптің  өзі 

жазған насихат сөздері  мен толғауларының  мазмұндық  ерекшеліктері

оқу құралының негізгі зерттеу нысаны болып табылады.

Мәшһүр Жүсіп жазбаларындағы  би-шешендер бейнесін,  олардың 

өнерінің  ерекшелігін  жан-жақты  талдау  негізінде  шешендік  өнердің 

сыр-сипатын, 

түрлерін 

неғұрлым 

кең 


қарастырып, 

заманауи 

қолданысы  тұрғысынан  сарапталды.  Сондай-ақ  Мэшһүр  Жүсіп 

Көпейұлының  туындыларындағы  шешендік  толғаулары  мен  өсиет, 

насихат сөздеріне талдау 

арқылы 


ақынның 

тұлғалық


ерешеліктерін  қарастыру.

Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  жазбаларындағы  би-шешендер  өнері 

үлгілерін 

талдау 


негізінде 

шешендік 

сөздердің 

мағыналық 

сипатындағы 

ұғымдарға 

ғылыми-теориялық 

талдау 


жасалып, 

дәлелденді.  Шешендік дау, шешендік арнау, толғау жүйесін,  мазмұны 

мен  мұратын,  көркемдігін  негіздеуде  би-шешендер  бейнесі  жетекші

7


қызмет  ететіні,  олардың  көмегімен  бұл  ұгымдардың  нақтылана 

түсетіні,  әрі  би-шешендердің  тұлгалык  қасиеттері  жетекші  рөл 

атқаратындыгы 

сараланды.  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлының  өз 

туындыларындагы  насихат сөздер  мен  толгаулардағы  шешендік  өнер

мэселесі айқындалады.

Оқу  құралының  теориялық  және  әдіснамалық  негіздеріне,

алдымен  қазақ  шешендік  өнерінің  зерттелуіне,  даму  тарихына, 

ерекшелігіне  тоқталуды  жөн  көрдік.  Зерттеу  жұмысы  Мәшһүр  Жүсіп 

жазбаларындагы 

шешендік 

өнер 


ерекшеліктерін 

анықтауға 

бағытталғандықтан.  жұмыстың  материалдары 

мен 


нәтижелерін 

мәшһүртану,  сөйлеу  мәдениеті  саласында  кенінен  пайдалануға

болады.  Сондай-ақ шешендік  өнерге байланысты  арнайы  курстар  мен

семинарларда,  гылыми-зерттеу  жұмыстарда  көмекші  құрал  ретінде

пайдалануға болады.

Оқу  құралында  Мәшһүр  Жүсіп  жазбаларындағы  казак  би-

шешендер  өнері  мәселесі  кең  көлемде  алғаш  рет  қарастырылып, 

іііешендік  сөздер  арқылы  дәуір,  заман,  кезең  айнасын  аңғартатын 

ерекшеліктер мазмұндық сипатына карай берілді.  Би-шешендердің тіл 

байлығы, 

ұлттық  танымы, 

сөз  саптауы, 

шешендік  сөздердін 

қолданылу  сипаты  дәйектеліп,  олардың  негізінде  шешендік  өнердің 

сыр-сипаты, 

болмыс-бітімі, 

өзіндік 

ерекшеліктері 

ашылып, 

ажыратылды.  Мәшһүр  Жүсіп  жазбаларындағы  шешендік  сөздер 

мазмұнына  қарай  шешендік  дау,  толғау,  арнау  деп  сыр-сипатына 

қарай ажыратылып, жүйеге түсіріліп, ұлтгық әдебиеттану ғылымымен 

қатар өміріміздің басқа салаларында да  маңызы зор  екені анықталды. 

Мәшһүр Жүсіптің өз т> ындыларындағы көркем сөз өнері  «ескі билер» 

тілінен  жоғары  көркемдік  деңгейге  көтерілгендігі,  терең  логика  мен 

поэтикалық 

көркемдікке 

негізделгені 

анықталып, 

сондай-ақ 

философиялық  толғау  түріндегі  пайымдаулары  шешендік  өнер  үлгісі 

ретінде қарастьфылды.

8


1  Қ азакты ң би-шешендері және МәшЬүр Жүсіп

Көшпелі  қазақ  қогамындагы  маңызды  да,  мәнді  тұлға  -   би- 

шешендер  -   халық  арасынан  шыққан  көреген,  көсем,  білгірлері  мен 

біліктілері.  Олардың  мәртебесін  ел  аузында  сақталган  ұйқастар, 

мақалдар  арқылы  аңгаруға  болады.  Мәселен,  Елге  бай  кұт  емес,  би  -  

құт.  Туганына  бұрғаны  -   биді  құдай  ұрганы.  Тура  биде  туган  жоқ, 

туганды  биде  иман  жоқ.  Ердің  құнын  екі  ауыз  сөзбен  бітірер  би. 

Ханда  қырық  кісінің  ақылы  болса,  биде  қырық  кісінің  ары  бар. 

Ар-намыс  пен  сөз  бостандыгын  бақ-дәулетпен  өлшенбейтін  рухани 

қасиет  деп  білетін,  ел  ішіндегі  елеулі  тұлгалар  -   би-шешендер 

«Малым  жанымның  садагасы,  жаным  арымның  садагасы»  деген 

қагиданы  мақтап  ұстанган.  Еркін  ойлап,  шешендік  тілге  жүйрік, 

айтыс-тартыста  парасат-пайым  танытып,  ұтымды,  ұтқыр  сөз  таба 

алатын  адам  гана  би  болган.  Халықтың  алдында  еркін,  асқан 

мәнермен  сөйлейтін,  ұрпақ  санасына  өшпес  өнеге  қалдыра білген  би- 

шешендер жөнінде,  галым Серік Негімұлы:  «¥лтының ұлы мұраттары

мен ұлылыгы, ірілігі  мен бірлігі, саналылыгы мен  пәктігі, есендігі  мен

•  


еркіндіп,  намысы  мен  ынтымагы  үшін,  тәуелсіздігін  қоргау, 

тұтастығын сақтау, қорганыс қабілетін күшейту жолында күш-қуатын, 

білім-білігін  сарқа  пайдаланган,  ауыздыға  сөз,  аяқтыга  жол  бермегеи 

сол  бір  заманның  жарқырап  туған  жарық  жұлдыздары,  мемлекет 

мәмлегері  Үйсін  Төле  бидің,  Қаздауысты  Қазыбек  бидің,  айыр  тілді 

Алшын  Әйтеке  бидің  таспадай  өрілген,  кестедей  төгілген  тұрлаулы, 

тұжырымды 

билік  кесімдері,  үлбіреген 

нәзік 


сезіммен,  жан 

толқытарлық  ғажайып  құлшыныспен,  терең  тебіреніспен  айтылган

айшықты 

да 


асыл 

ойлары 


аспандай 

көнермейді, 

көктемдей

қартаймайды» -  дейді [7].

Екі  ел  бітімге  келгенде  елшілікке  немесе  дау-жанжалга  айбар 

ретінде  батыр  жүрсе,  сөз ұстауға  от ауызды,  орақ тілді  би,  шешендер 

жүрген.  Билер  шешендігімен  шындық  пен  әділдікті,  адамның  ар- 

намысын  қорғауға,  халықтың  ынтымағын  қорғауга  жанын  салатын 

жандар  болған.  Қазақ  елі  ұлысқа  айналып  ұлғайған  кезде  оның  би-

шешендік дәстүрі де өз кемеліне жеткен еді.

Қазақтың 

ұлы 


үш 

биі 


жөнінде 

айтқан, 


Президентіміз

Н.  Ә.  Назарбаевтың:  «Үш  ұлы  би  тарихтың  мұндай  тар  өткелінде

бірліктен  қалған  жұрттың тірліктен де үміті  үзілетінін  ашық көрсетті. 

Қазақ  батырларына  үш  жүзге  сауын  айтқызып,  халықты  алқалы 

жиынға  шақырған  да  сол  ұлы  бабаларымыз  болатын.  Үш  ұлы 

бабамыздың  даналығы,  даралығы,  міне,  осындай  қысталаң  шақта 

ерекше  білінді.  Барша  казақ  баласы  аттарын  ардақгап,  айтқандарын

9


жаттаған  осы  үш  бабамыздың  ел  алдындағы  енбегіне,  халык  қамын 

жеген қасиетті  ісіне сөз жеткізіп, бага беру қиын-ақ»  [2.  79 б.]. -  деген 

сөзі  би-шешендердің  шындық  пен  әділеттілік  үшін  арпалысып, 

елдіктің туын тігіп, іргесін қалаган жандар екендігінің тагы бір дәлелі.

Ал  халқымызга  белгілі  болган  нагыз  шешендер  адалдыгы  мен 

мейірімділігі  арқасында,  ешкімге  жалданбай  ойын  еткір  тілімен 

айтқан.  Олар  кептің  арасынан 

суырылып  шыгып

  әнерін  кәрсете 

білген,  жақсының  жаршысы,  жамандықтың  арашасы,  адамдық  пен 

әділдікті  қорғаган,  рухы таза  жандар  болган.  Ш.Уәлиханов:  «Шешен 

дегеніміз  көне  түркі-моңгол  сөзі.Ол  -  дана,  ақылды  деген  магынаны 

білдіреді» -  дейді. Шешен болу үшін табиги, туа біткен қабілет, дарын 

болу  қажет,  сонымен  қоса  жогары  деңгейдегі  мәдениет,  терең  білім 

мен  дайындық  қажет.  Ойымызды  түйіндей  келе  шешен  адамдардың 

барлығы  би  емес.  Ал  бидің  барлыгы  шешен  болуға  міндетті.  Демек, 

би-шешен  деген  атақтың  өте  жогары  багаланып,  қүрметке  ие  болу 

себебі де осында деп білеміз. Егер бидің шешендік қабілеті жеткіліксіз 

болса,  айтайын  деген  ойын  өткір  тілімен  жеткізе  алмаса,  оның  ел 

арасындагы  қадір-қасиеті  мен  беделі  де  төмен  болады.  Мұндай 

билердің  шешендігі  туралы  халықта  «Ине  көзден  сынады,  Шешен 

сөзден сынады» деген.

Би-шешендердің  қогамдагы  қүдіретін  дәл  бейнелейтін  сөздерді 

(1771-1718  жылдар  аралыгында  хандық  құрган)  Абылай  хан  айтқан 

д есед і: «Батыр қол бастайды,  қол бастайтын батыр да қымбат;  шешен 

сөз бастайды, бәрінен де ел тагдырын шешетін шешен болу -  қымбат»

[5,  із б ,].

Көне 

замандагы 



билер 

туралы 


қызықты 

мәліметтерді 

Ә.  Байбатшаның  «Қазақ  даласының  тарихы»,  Қ.  Салгарұлының 

«Қазақтың  қилы  тарихы»  атты  еңбектерінен  табуга  болады.  Мәселен, 

осы еңбектерде «Би» сөзінің пайда болу уақыты көне түркі заманынан 

бастау  алатыңындығы,  үйсіндерде  б.д.д.  Ү -ІҮ   гг.  қолбастаган 

билердің болгандыгы, сондай-ақ, Дәу би (б.д.д.  178  ж.), Елжау (Елсау) 

би  (б.д.д.  178-104ж.),  Нулы  би  (б.д.д.  II  гасырдың  екінші  ширегі), 

Дулы би (б.д.д.  ІІ-І гг.) әйгілі болгандығы жөнінде сөз болады  [21].

Ғалым  Ж.  Молдабеков  би  ұгымы  туралы:  «Би  —  дәстүрлі 

қогамының  саяси-әлеуметтік  жүйесіндегі  демократялық  ыңгайдагы 

үстемдік  іспетті.  Қазақ  қогамының  тарихында  би  ұгымы,  негізінде 

төрт  магынада  —--елге  иелік  етуші,  төреші-сот,  батагөй  шешен,  ел 

бітістіруші  елші  репнде  қолданылды»  [4,  174  б.],  —  деген  пікір 

білдіреді.  2009  жылы  жарық  көрген  «Шешендік»  атты  еңбегінде 

шешендік  сөз  өнерінің  тарихи-идеялық  негіздері  мен  шыгыстық, 

батыстық,  өлкелік  түрлерін  қарастырады  және  қазақ  әдебиеті  мен

10


мәдениетінде 

кездесетін 

шешендік  өнерге  арнаиы  танымдык- 

философиялық  және  қолданбалы  талдау  жасай  отырып,  ел  іргесін 

сақтайтын  -   би-шешендердің  қадір-қасиеттері  жөнінде:  «  ...  көкірек 

көзі  ояу,  ойы  орамды,  болжамы  айқын  көсем,  сара  сөздің  саңлагы, 

орак  тілді,  ұшқыр  сөздің  зергері,  оралымды  ойын  төгіліп  тұрган 

жырмен  жеткізетін  ақын,  даугерді  айыптаушы  жэне  қысым  көргенде 

актаушы  заңгер,  жат  ел  арасындагы дауды  басуга да араласатын  елші 

мен  мәмлегер, дау алдында имікпей,  керекті  жерінде өткір тілмен эділ 

сөзін  ашып  айтатын  жүрек  жұтқан  батыл,  ел  арасындагы  қогамдық 

мәні  зор  саяси  мәселелерді  шешуде  негізгі  тірек,  кеңесші  болган 

саясаткер,  когам  қайраткері,  қазақтың  тарихын,  әдет-гұрпын,  салт- 

санасын  меңгерген,  кемел  ой  түйген  білімдар  мен  ойшыл  гапым, 

адамның  жан  дүниесін,  мінез-құлқын  бір  көргеннен  тап  басып 

танитын  кэнігі,  пайымшыл  психолог,  қал-қадірінше  элсіздің  жогын 

жоқтап,  ел  мүддесін  көздеген,  жастарга  ұлагат  сөздерін  айтудан

жалықпаган тәрбиеші» [4,189 б.], -  дейді.

«Қазақтың  қысқаша  тарихы»  деген  еңбегінде  тарихшы  галым

Н.Мыңжан  ежелгі  түркілерде  «ми»  деген  сөздің  көп  кездесетіндігін, 

ал  жапондықтар  бұл  терминді  хан  эулеті  дәуірінде  «би»  деп 

дыбыстаганын атап өтеді  [5].

Көрнекті  галым  В.В.Бартольдтің  ұсынатын  болжамы  бойынша 

қазак  халқының  тарихында  «би»  сөзі  ежелгі  түркінің  «бек», 

қырғыздардың  «манап»  ұгымдарымен  үндес,  мәртебесі  жагынан 

ұқсас[6,36 б.]. 

г

Би-шешендер мен  батырлар  елдегі  ірі  оқигалар  шындыгын терең 



түсініп, халыққа басшылық жасаган  биік рухты, ойы  мен сөзі  эділ де 

нақты  тұлгалар  болган.  Бойында  қайсарлық  пен  көріпкелділік, 

шеберлік  пен  шешендік  үйлескен  би-шешендер  заманының  беделді 

күшіне  айналды.  Олар  қысыл  таяң  уақытта  сөз  тауп,  беделін  сақтай 

отырып  ел  аралық  мәмілеге  келетін,  ел  үмітін  ақтайтын  адамдар 

болган.  Қазақтың  шешендік  өнер  тарихы  жайлы  зерттеулерді  негізге 

ала  отырып,  Мәшьүр  Жүсіп  жазбаларында  кездесетін  би-шешендер 

өнерінің  қалыптасуын  кезеңдерге  бөлуге  болады.  Бірінші  кезең 

ХІІ-ХҮ  гасырдагы  Майқы  би,  Аяз  би,  Жиренше,  Қожанасырлардан 

басталса,  екінші  кезең  ХҮ—ХҮІІІ  гасырда  өмір  сүрген  би-шешендер

-  Төле, Қазыбек,  Әйтеке есімдерімен байланысты  жэне үшінші  кезең 

XIX  гасырдан  бері  қарай  уақытты  қамтиды  деген  пікір  қалыптасқан. 

Халықка  әлеуметтік  багдар  беретін  мэдени  мұрамыз  рухани  күш- 

қуаттың  қайнар  көзі  —  шешендік  өнерді,  адамның  жан  дүниесі  мен 

ойлану мәдениетін жандандыратын тәсіл, дүниетанымын жетілдіретін 

шығармашылық  деп  айтуға  болады.  Бірақ  шешендік  жанр  ретінде

11


қазақ қогамында ХҮІІІ  гасырдын аяқ кезі мен  XIX  гасырдың басында

соңгы би-шешендер деген ұғыммен бірге жоғала бастады, себебі казақ 

даласында  сөз  бостандығына  тежеу  салынып,  оның  есесіне  патша 

үкіметінің  үстемдігінен  кейін  кеңес  дәуірінің  ықпалы  да  кері  әсерін 

тигізді. Би-шешендер  анерінің орнына  көркем  әдебиет,  проза,  поэзия 

келді.  Көркем  әдебиет социалистік,  коммунистік  идеолсгия  кұралына 

айналды.  Қоғамда  адамдар  дербес  ойлауға,  жұрт  алдына  шығып  өз 

ойын  еркін  білдіруге,  ашық  айтуға,  сөз  таласына  шығуға  қабілетсіз

бола бастады.

Белгілі  әдебиетші  ғалым  С.  Негимов  «Ш ешендік  өнер»  деген 

еңбегінде шешен-билер жөнінде: «Осы уақытқа дейін шешен-билердің 

мейілінше  дәл,  ұтымды  сөздері  көркем  сөз  ретінде  карастырылып 

келгені  белгілі.  Негізінде,  шешен-билер  мемлекет  тағдырын  шешетін 

шынайы  тұлғалар.  Мемлекеттің  көсегесінің  көгеруі,  дамуы  нағыз 

шешен-билердің 

тегеуірінді 

өнерімен, 

өнегесімен, 

қызметімен 

тамырлас.  Ол  тәртіптің  тұтқасын  үстаушы,  үлттың  салт-дәстүрін, 

рухани  болмысының  қасиеттерін,  ерекшеліктерін  бойына  дарытқан 

текті түлға, ереже қағидаларына жүйрік әрі жетілдіруші дархан дарын, 

әлеуметті  ілгері  сүйрейтін,  қызғыштай  қоргайтьш,  жақсылыкка 

үндейтін  үлгілі  ұйымдастырушы»  [7,  189  б.],  -   дейді.  Ұлттық 

шешендік  өнердің  табиғатына  терең  талдау  жасап,  ұлттық  эдебиет, 

мәдениет,  фольклор  тарихындағы  елеулі  ескерткіштерді  сөз  етіп,  би- 

шешендер 

мұрасындағы  шешендік  өнерге  қатысты  ой-пікірлерді 

таразылай келе ұлттық шешендік өнер ғылымынын тарихын

«Шығыстың 

Арнстотелі» 

атанған 


отырарлық 

окымысты 

Әбу  Насыр  Әл-Фарабиден  бастайды.  Оның  «Риторика»  атты  күрделі 

трактатында  ғылыми-теориялық  топшылау  мақсат  қою  мен  колдану 

аясьгаан  туындайтындығын  сөз етеді.  Сондай-ақ,  адам,  қоғам,  жер-су, 

мемлекет  тағдыры  сияқты  аса  маңызды  өмірлік  мәселелерді  шешу 

барысында  пікір-сайсқа,  тіршілік  таласына,  дау-дамайға  түсу  үшін 

шешендік қарым-қабілеттің қыр-сырын толық меңгеру қажетгігін атап

©теді,

Биліктің  әділ  жолын  жүзеге  асырған,  еліне  адал  қызмет  еткен, 



халқының  көңілінен шыға білген,  тектілігімен  ерекшеленген тұлғалар

-   би-шешендер  жөнінде  Ш.  Уәлиханов,  «қазақтардың  эрбір  ру 

басылары  өз  ру-тайпасының  шежіресін,  шыққан  тегін,  елдің  әдет- 

ғүрып  зандарын,  ескі  жарлықтарын,  халықтың  басынан  өткен  тарихи 

жайларды  көп  жасаған  ақсақалдардан  ыждағаттылықпен  үйреніп,

өзінің  шешендік  өнерін  шықдауға  көптеген  аңыз-әңпмелерді,  мақал- 

мэтелдерді,  маңызды оқйғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздерін ұзақ

уақыт  жаттайды.  Сондай  дайындығы  бар  билердің  аузынан  шыққан

12


сөздерді  халық уйып  тыңдайды,  ал  нықыл  сөздердің  мәні  өмірдің бар 

саласын  камтитындай  өсиет-өнеге,  тэлім-тэрбиелік  патриоттық 

мазмұнда болып келеді»  [8,  115 б.].

Қазақ  қауымында би  атағын  алу үшін  эдет-ғұрып заңын білуімен 

қатар 

шешендік 



қабілеті 

болу 


керектігі 

жөнінде 


айтылған

III.  Уәлиханов  билер  сотының  ертеден  келе  жатқан  халықтық  түрі

туралы  былай  дейді:  «Би  атағын  беру  қазақта  халық  тарапынан  бір 

сайлау  арқылы  немесе  халықты  билеп  отырған  үкімет  тарапынан 

бекіту  арқылы  болған  емес;  тек  сот  ғұрыптарына  эбден  жеттік, 

сонымен  қатар  тілге  шешен  қазақгар  ғана  бұл  құрметті  атаққа  өз 

бетімен ие болып отырған.  Мұндай би атағын алу үшін би болам деген 

қазақ  өзінің  заң  ісіне  жетіктігі  және  шешендік  қабілеті  бар  екендігін 

халық  алдында  сан  рет  көрсетуге  тиіс  болған.  Ондай  адамдардың 

атағы  бүкіл  қазақ  даласына  тез  жайылып,  олардың  аты  жұрттың 

бэріне  мэлім  болып  отырған.  Сонымен,  бұл  би деғен  атақ  келіп  билік 

айтуға  жэне  төрелік  сөз  сөйлеуге  патент  сияқты  нәрсеге  айналған» 

[9, 56 б.], -  деген пікір білдіреді.

Осындай  пікірді  қазақтың  ұлы  ақыны  Абай  да  қолдайды:  «Бұл 

билік деген  біздің қазақ  ішінде  әрбір сайланған  кісінің  қолынан  келе 

бермейді.  Бұған  бұрынңы  «Қасым  ханның  қасқа  жолын»,  «Есім 

ханның  ескі  жолын»,  Әз  Тәуке  ханның  Күл  төбенің  басында  күнде 

кеңес  болғандағы  «Жеті  жарғысын»  білмек  керек.  һәм,  ол  ескі 

сөздердің  қайсысы  заман  өзгергендіктен  ескіріп,  бұл  жаңа  заманға 

келіспейтұғын  болса,  оның  орнына  татымды  толық  билік  шығарып, 

төлеу саларға жарарлық кісі болса керек» [10,  157 б.].

Көшпенділер  өркениетінің  тарихына  шолу  жасасақ,  ұрпақгарын 

үлгіге  үйірген  дала  қайраткерлері  -   би-шешендердің  200  ден  артық 

аттары  жатталынып  қалған.  Әрқайсысы  ел-жұртының  қуанышы  мен 

қайғы-касіретін, ерліғі мен ептілігін еселеп жеткізген, ел қамын ойлап, 

қазақ ұлысын  құруға, халықтың әдет-гұрып,  салтын, жол-жоралғысын 

реттеуге, заңдастыруға үлкен  ықпал етті. Тарихи мәліметтер бойынша 

ежелгі  үйсін  тайпасында  елді  абыроймен  басқарған  атағы  шыққан 

адамдарды  «гунь-го»,  «гунь-ми»  яғни  «құнби»  деп  марапатттаған. 

«Құнбилердің»  қабілет-қасиеттері  биік,  беделі,  қайраты  қолбасына 

лайық  болған.  Олар  елін  бір  мекенге  топтастырып,  тұрақтандыру 

арқылы ұлысқа айналуына себепші болған.

Қазақ би-шешендерінің сөздерін  жинап, халық шешендігін алғаш 

бағалаған  ғальшдардың  бірі  -   С.  Зиманов,  Н.  Мыңжан  т.б. 

ғалымдардың  пікірінше  қазақ  қоғамының  тарихында  басқару  жүйесі 

жеті  сатылы  болған,  ауылдарды — ауыл  ағалары,  ақсақалдар,  руларды

13


-  ру басылары, тайпаларды -  билер, ұлыстардьі -  сұлтандар,  жүздерді

-  кіші хандар, үш жүзді -  үлы хан басқарған.

Қазақтардың  ежелден  қалыптасқан  мемлекеттік  күрылым  жүйесі

жүзге  бөліну  арқылы  болганын  тарихтан  білеміз.  Ел  басқарудагы 

билік  тізгінін  хан  үстағанымен,  билік  айтуға  үлыс  биі,  орда  биі,  жүз

билері иелік еткен.

Қ.  Омарханов  «Қазақ  елінің  дәстүрлі  қүқы га»  атты  еңбегінде

орда биі  жөнінде:  «Орда биі  үнемі  хан  жанында болып,  жүзге  кіретін 

бүкіл елдің халықтық мәселесін қарап шешкен. Басқа елдермен болган 

арадағы 


қарым-қатынасТардағы 

елшілік 


жол-жорасында 

майталмандық,  сыпайылықпен  мемлекетгік  мүддені  қорғап,  ішкі- 

сыртқы  саясатта  ханға  кеңес  беріп,  орда  билігіне  қатысты  қүқықтын

дұрыс  шешлілуіне  ықпал  етіп  отырған.  Реті  келгенде  ханның қарымы 

жетпеген  мемлекеттік  іргелі  істерде  дұрыс  шешім  қабылдауына 

тікелей араласқан.  Ел басқаруда орда атына лайықты  билік жүргізбей, 

теріс қылық танытқан, хандық билігін дұрыс атқара алмаған жағдайда, 

жауапқа тарту туралы үкім етуге дейін құзыры болған» [11, 56 б.]

1.1 

Ш ы ң ғы с хан зам ан ы н д ағы  би-ш еш ендер 



Ел  аузында  қалған  “Түгел  сөздің  түбі  бір,  түп  атасы  Майқы  би” 

деген  мәтелде  сөз  етіп  отырған  Майқы  би  -   казақтың  Үйсін 

тайпасынан  шыққан,  даналық  ой,  әділ  билік  ісімен,  шешендік 

ділмарлығымен  «түгел  сөздің  түбіне  жеткен»  мемлекет  қайраткері,

төбе  биі  болған.  Шыңғыс  хандай  қаһарлы  қағанға  бас  уэзір  болған 

бабамыз  Майқы  би  туралы  жазба  деректерге  назар  аударсак, 

Құрбанғали  Халидттің  шығыс  елдерінің  тарихы  туралы  «Тауарих 

хамса»  атты  ғылыми  танымдық  еңбегінде  Алтын  Орда  мемлекеті 

жөнінде:  «...  Өзбектен соң, ұлы  Жәнібек хан  көшпелі  мұсылмандарды 

үшке  бөліп,  ¥ л ы   жүз,  Орта  жүз,  Кіші  жүз  деп  ат  берген  еді.  ... 

Байқотан  би  Жәнібектің  бірінші  уәзірі  болып,  мұнын  тоғыз  ұлы 

бартын.  Бәйбішеден  жалғыз  Үйсін,  екінші  әйелінен  Арғын,  Найман, 

Қоңырат,  Қыпшақ,  Үақ,  Керей,  Үшінші  әйелінен  Алшын,  Жаппас 

болатын.  Байқотан  би  Шыңғысханға  уәзір  ағзам  (Бас  уәзір)  болған 

Майқы  бидің  бесіңші  немересі.  Майкы  би  Ш ыңғысханның  атасы 

Жасубаймен  бір  тума,  яғни  Жасубай  мен  Майқы  би  Байсұңқардан 

туган»  [11, 233  б.], -  деген деректер Майқы бидің кім  екенін дәлелдей 

түседі.


Шығыс  пен  батыстағы  Түркі  мемлекеттері  жұртының  басын

біріктірген  Шыңғыс  ханды  1206 жылы  Түркі  - Монгол  елдерінің ¥ л ы

қағаны  деп,  ақкиізге  отырғызып  хан  көтерген  жер  —  қазіргі  Семей

4


өңіріндегі Шыңгыстау. Сондай-ақ, Майқы бидің Шыңгыс хан тұсында 

төбе би болгандыгы жөнінде төмендегі деректерді келтіруге болады:

«  ...  Шыңгысты  27  жасында  шүршіт  ортасында хан  сайлап таққа 

отыргызганда жұрттан  билер  жиналып,  көп  ынтымагымен  хан  қойган 

екен.  Сонда  осы  Майқы  би  арбасын  жаяу  кісілерге  тартқызып  барып: 

«Сендер  төрт  аяқты  айуанға  мініп  келдіңдер.  Мына  мен  өмірімде 

айуан мініп көргенім жоқ. Бәріңнен артықтығым- осы», -  деп, төбе би 

болган  екен  деседі.  «Түгел  сөздің  түбі  бір,  түп  атасы  -   Майқы  би» 

атанған Майқы би -  осы» [14,432 б.].

Ғ алым  Г.  Қосымова  «Шешендік  өнердің  негіздері»  атты 

енбегінде  Майқы  би  туралы:  «Майқы  елді  билер  арқылы  басқарған. 

Екі  уәзірі  екі  қанатын  басқарған:  бірі  —  ел  ісін  жүргізуші, 

екіншісі -  әскер басы;  үш сұлтаны  , екі  биі,  екі  бақылаушысы  болган. 

Майқы 


төңірегінде 

дана 


адамдар 

көп 


болған: 

жұлдызшы,

жауырыншы,  балгерлер  Майқы  төңірегінде  жиналған.  Сонымен  ол 

дүлдүл  шешендерді,  ел  бастаған  көсемдерді  де  алдырып,  жанына 

ұстаған.  Елдің  ауызбіршілігі  мықты  болган,  рулардың  татулыгы,  ел 

бірлігі  қытайларды  да  қатты  сескендірген.  Майқы  көріпкел,  әулие 

адам  болған.  Болашақты  түс  көріп  алдын-ала  біліп,  алдын-ала  қам 

жасайды екен» [12,  104 б.], -  дейді.

Майқы  бидің  нақыл  сөздері  мен  толғауларында  халықтың 

әлеуметтік  тұрмысы,  адамның  жақсы-жаман  қасиеттері,  өнегелі, 

жағымды  істері дәріптеліп, жағымсыз қылықтары сынапады.

Майқы би қартайып жетпіске келген шағында айтқан екён:

О,  дүние,  не  болар  сенің  ақырың,  -   деп  бастапты  ол  сөзін. 

Өзімізді  өзіміз  қыратын  да  заман  болады  екен,  шығыстан  келер  сары 

сақал  -   өз  тұқымымыз  жұртымызға  аз  қорлық  көрсетпейді  екен. 

Талайдың  қанын  жүктейді  екен.  Елімізді  енді,  мына  мен  үш  жылдан 

кейін  өлген  соң,  мың  жеті  жүз  жыл  кейін  жүнбас  шегір  сарылар 

басқарар  болар.  Бірақ  еліміз  олардың  билік  жүргізген  кезінде  қатты 

бұзылады, -  деп барып, аяғын тақпақтап кетіпті:

Әлі заман өзгерер,

Өзгергенін көз көрер,

Еркек билік тұл болар,

Сиыр пұл болар.

Еркек жасып и болар,

Қатын тұлданып би болар...

Иекке тиер қызыл аз болар,

Адам шаштан айырылып таз болар [13,  16 б.].

Әділ  билігі,  тапқыр  шешендігі  бар  би-шешендер  “қалың  елім 

қазағым” деп сөйледі.  Билердің шешендігі —  сол халықтың даналыгы

15


мен  ой-санасынан  туындайды,  мәдениеті  мен  өнеріне,  табиги 

болмысы  мен  білім-білігіне,  салт-дәстүрі 

мен 

наным-сеніміне 



сүйенеді.  Қазақтың  би-шешендері  дүниені  әділдік,  адамгершілік 

түргысынан  түсінді.  Адам  өмірін  табиғатпен  біртұтас  болмыс  деп 

түсінген.  Өркениетгі  елдің  бір  көрінісі  -   оның  қогамдық  жүйесінің 

қалыптасуы,  ягни,  билігі  мен  басқарылуы,  әкімшілігі.  Қазақтың  ұлыс 

болып  қалыптасуына,  ел  болып  орныгуына  би-шешендер  дәстүрінің 

қосқан  үлесі  орасан  зор деуге  болады.  Адамдар татулыгы  мен  бірлігі, 

ынтымақтастыгы  жайында  айтылган:  «Алтау  ала  болса,  ауыздагы 

кетеді,  төртеу  түгел  болса,  төбедегі  келеді»  [4,  230  б.],  -  

деген

Майқының  сөздері  ел  арасына  кеңінен  тарап,  мақалга  айналып



кеткенін аңгаруга болады.

Мәшһүр 


Жүсіп 

Көпейұлының 

(1858-1931) 

тарихи 


шығармаларының  бір  тобы  болып  табылатын  8  томында  біз  сөз  етіп 

отырған  Майқы  би  туралы  біршама  деректер  бар.  Мәселен,  «Қазақ 

хандары»  деп  аталатын  29  мәтінде  (ОҒКҚҚ,  №   1645  -   папканың  76 

[250] -  87 беттерінен алынган):  «Қырық сан Қырым, отыз сан (нышан) 

Рум,  он  сан  Оймауыт,  тоғыз  сан  Тор[гауыт],  он  сан  Ноғай  бүлгенде, 

Ормамбет  би  өлгенде,  Ногайлының  елі  бір  алаша  тайдан  бүлініпті. 

«Ала  тайдай  бүлдірді»  -   делінген  сөз  сонан  қалыпты.  Сол  заманда 

Қондыкер,  Құбан,  Құтан,  Қогам  дегендер  болыпты.  «Түгел  сөздің 

түбі  бір.  Түп  атасы  -   Майқы  би,  -   деген  болыпты,  -   Тогыз  ханды 

қолынан таққа отыргызган кісі», -  дейді» [14,  118 б.].

Ғалымдардың  зерттеулерін  негізге  ала  отырып,  тарихымызда  би- 

шешен  Майқылар  бірнешеу  екендігін  аңгаруга  болады.  Барлық 

деректерде  Майқылар  Үйсін  ұрпагынан  екені  келтіріледі,  Дулат 

Майқы би — Үйсін Майқы ханбидің 42-ұрпагы  болса,  Мәнұлы  Майқы

— Үйсіннің  16-ұрпагы,  ал  Төбейұлы  Майқы  би  1105—1225  жылдары

аралыгында өмір сүрген деген мәліметтер бар.

Би-шешендердің  дәстүрі  адами  қасиеттерді  дәріптеумен  коса, 

адамның  үлгілі,  өнегелі,  ізгі  қасиеттерін  рухани  құндылық  ретінде 

қалыптастыруга ықпал  етті.  Адамгершілік  қасиеттерге  қайшы  келетін 

жағдайларда  көнбістік  білдірмей,  кісілік  құдіреттің  үлгісін  көрсету 

арқылы  би-шешендер  мәртебесін  көтерді.  Қоғамда  кез  келген 

мәселеде  бидің  сөзіне  тоқталып,  шешімін  қолдаган.  Би  кез  келген 

адамга  басу  айта  алган,  билік  айтудан  бас  тартса  оган  айып 

салынбаған.  Олар  қажет  болса  ханга  да  басу  айтудан  тайынбаган, 

қарапайым  адамдарды  да  қызбалық  пен  жалгандықтан  сақтандырган, 

дұшпандарды 

басындырмай,  шындықты  бетке  айтудан  қашпаган. 

Даулы мәселелерді ушықтырмай шешуге тырысып, болашақ ұрпақтың 

арман-ниетін  түзеді,  дүмшеліктен,  рухани  бұзылудан  сактандырды.

16


Осы  кезевде,  ягни  Шыңғыс  ханның  тұсында  өмір  сүрген  би- 

шешендердің қатарына аты аңызға айнапған Азяз биді де жатқызамыз.

Қ. Тауасарұлы Аязбиді Майқының уәзірі ғып көрсетеді, бірақ Аяз 

бидің аңызға айналған, жарқыраған бейнесін ашып бермейді.

Қазақ  совет  энциклопедиясында  Аяз  би  туралы:  «Бұрынғы 

қойшы,  кедей  Аяз  өзінің  ақылдылығы,  даналығыарқасында  уәзір 

болады. Бұл үшін ол Мадан ханның сынынан өтеді.  Оған шөп жаманы

-   қоға,  құс  жаманы  -   сауысқан  екенін  дәлелдеп  береді.  Ханның

•  



тұлпарының  сиырға,  өзінің  қара  халыққа  шатастығын  аиырады. 



Шартты  жұмбағын  шешіп,  бай  қызы  Мендісұлуға  үйленеді,  ханның

күншіл,  ақылсыз  қырық  уәзірін  өлімнен  құтқарады.  Аяздың 

даналыгын, 

достыққа 

адалдығын, 

сертке 


беріктігін, 

қайырымдылығын,  эділдігін  Мадан  мойындап,  хапық  қалап,  оны  хан 

етіп көтереді» [ 15,636 б.] — делінген.

Б.  Адамбаев  өзінің  1990  жылы  шыққан  «Шешендік сөздер»  атты 

еңбегінде Аяз биді Майқы бимен бірге Шыңғыс ханның  тұсында өмір 

сүрген  адам  екенін  көрсетеді.  Аяз  бидің  Шыңғыс  хан  іс-әрекеттеріне 

наразылығын  білдіргенін  атап  айтады.  «Аяз  би  бір  жолы  Хиуадан 

Арал теңізіне ел аралап келе жатып, жолда Болфан ханымға кездеседі. 

Болфан  -   Шыңғыс  Амудария  мен  Сырдария  өлкесін  басып  алганнан 

кейін  бір  тайпа  елге  хан  қойып  кеткен  қыпшақ  әйел  екен.  Ханым 

құзырына  мойынсұнбаған,  уақтылы  алым-салық  төлемеген  қалалар 

мен қыстақтарды қиратып, халқын қырып-жойып елге қатал болыпты. 

Аяз би мен Болфан  ханым бір елсіз  қыстақтың өтіп  бара жатса, біреуі 

бұтаның  басында,  екіншісі  қыстақта,  қираған  там  төбесінде  отырган 

екі  байгыз  кезек  сұңқылдап  қоймапты.  Аяз  би  «құстың  тілін  біледі» 

екен,  езу  тартып  күліпті.  Қатар  келе  жатқан  ханым:  «Би,  неге 

күлдіңіз?»  -   дейді.  Аяз  би:  «Байғыздардың  сөзіне  күлдім;  бұтадағы 

байғыз:  «Сен  сияқты  бір  қыстаққа  қашан  ие  болар  екенмін»,  — десе, 

кыстақтағы  байғыз:  «Асықпа,  Болфан аман тұрса,  қыстақ түгіл  қапага 

да ие боларсың», -  деп тұр дейді» [16,98 б.].

Г.  Қосымова:  «Аяз  би -   қазақ халқының ежелден  елге  аты  мэлім 

болған,  ел  арасындағы  айтылатын  аңыз-әңгімелердің  кейіпкеріне 

айналған кемел тұлға, ақылгөй шешен-би. Бүгінгі ұрпақ оны  «Аяз би» 

ертегісі арқылы біледі».

Осындай  би-шешендердің  қатарына  Едіге  биді  де  жатқызамыз. 

М.  Әуезов  «Әдебиет  тарихы»  атты  еңбегінде  Едіге  бидің  батырлығы 

жөнінде:  «Едігенің  ақылы  терең,  зейіні  өткір,  қиядан  көргіш  қырағы, 

қара  қылды  қақ  жарарлық  арыны  -   каааіЕ»й»*аека  жодды,  келелі, 

«жарығы»  билеріне  арнаулы  сипаттар.  |о п  

бгОтЪёръшғтрщлдік,

  сөз


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Л I м а. Ақтанова алалар әдебиеті (Қазақ балалар драматургиясы мәселелері) Оқу қуралы ifb u a h t p j f б а с п а с ы астана-2011
buuk -> Г. К. Сатыбалдиева биология гылымдарының кандидаты
buuk -> Монография «Тұран-Астана»
buuk -> Микркезз алматы
buuk -> Іллаев, Ғ. У. Уәлиев, Н. Д. Абдуллина ж л т л т л fee
buuk -> Физиологиясы
buuk -> Д. филология ғьш ы мдары ны ң кандидаты
buuk -> Әдістемесі тұрдалиева Г. Ж. Тұрдалиева бастауыш
buuk -> Мемлекеттік тілде оқымайтын
buuk -> Талғат СҮлтангереев әдептілік әдемілік


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет