50
жарияланымдарына сілтемелер санын есептеу арқылы өлшеу үшін
қолданылады.
Хирш индексі, h-индекс (h-index)
–ғалымдардың, ғалымдар тобының,
ғылыми ұйымның немесе жалпы елдің еңбек өнімділігінің жарияланымдар
саны мен осы жарияланымдарға сілтемелер санына негізделген сандық
сипаттамасы.
Хирш индексі дегеніміз–ғылыми зерттеулердің
маңыздылығының
ғылыми көрсеткіші. Критерий әлемдік ғылыми қоғамдастықта дәйексөз
индексіне балама ретінде қолданылады.
h-индексі, мысалы, грант бөлу, кадрлық өзгертулер енгізу,
ғалымның
қызметін жарияланымдар бойынша бағалау немесе ғылым кандидаты
немесе докторы атағын алу қажет болған кезде принципті мәнге ие.
Автор идентификаторы
–ірі дәйексөздер базасының жүйесіне
жарияланған шығарма мен оның авторлары
арасындағы сәйкестікті
автоматты түрде орнатуға мүмкіндік беретін бірегей идентификатор.
Берілген кодты пайдалана отырып, қай елде,
қай тілде мақала
жазылғанына қарамастан, автордың басылым қызметі туралы жалпылама
ақпарат алуға болады.
Ресейлік
ғылыми
дәйексөздер
индексі
(РҒДИ
)–ғылыми
сілтемелердің ұлттық библиографиялық мәліметтер базасы.
Ғылыми мақалалардың дәйексөз индексі (Citation Impact, Citation
Index)
–бұл
басылымдардың
мақалалар
тізімдерінде
көрсетілген
сілтемелерді индекстейтін және осы сілтемелердің сандық көрсеткіштерін
(мысалы,
сілтемелердің жалпы көлемі, Хирш индексі, т.б.) көрсететін
мәліметтер базасы.
Достарыңызбен бөлісу: