|
Б. соқПАҚбаевтың КӚркем шығармаларындағы троп түрлерінің Қолданылуы
УДК 811.512.122.
Б.СОҚПАҚБАЕВТЫҢ КӚРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТРОП ТҮРЛЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Испандиярова А.Т. –
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің
аға
оқытушысы
,
гуманитарлық ғылымдарының
магистрі.
Бұл мақалада кӛркем шығармалардағы троп түрлерінің қолдану ерекшеліктері
қарастырылады.
Кӛркем шығармаларда автордың ӛзіндік тілдік қолданысын анықтайтын троп
түрлеріне талдау жүргізіледі. Жазушының троп түрлерін талдап, таңдап кейіпкердің образын
сомдауда,мінезін ашу, портрет жасау, шығарманың идеялық
-
кӛркемдік жақтарын жетілдіруде
тағы да басқа толып жатқан мүмкіндіктерге сай етіп, белгілі бір стильдік мақсатпен
қолданғанына тоқталған.
Қазақ әдебиетінің классик жазушысы Б. Соқпақбаев соғыс кезіндегі
қазақ халқының тұрмыс
-
тіршілігін ӛзінің шығармаларына арқау етіп алған. Шығармаларындағы
суреттелген оқиға, табиғат кӛріністері
,
қазақтың шынайы ӛмірі
,
ұлттық дүниетаным мен
болмысы
,
сӛз маржандары, авторлық қолданыстағы тілдік бірліктер арқылы ашылған. Автор әр
метафора, синекдохаларды берілетін ойды құбылтып айту үшін әрі шығармаға эмоционалды
-
экспрессивтік реңк беру мақсатында ұтымды пайдаланған. Автор тұрмыс тіршілікті кӛрсету
мақсатында, кейіпкерді мінездеуде, кейіпкердің портретін беруде, экспрессивті әр беру
мақсатында, мезгіл, сандық мӛлшер, сын сапа белгілерін айқындап кӛрсету мақсатында
метафоралар мен синекдохаларды тиімді қолданғаны байқалады.
Жазушы шығармаларындағы
метафоралар кейіпкер бейнесін толықтай ашумен қатар, ӛзіндік ой
-
арманын, сағыныш сезімін
дӛп басып беруге қызмет етеді. Мақалада кӛркем шығармадағы метафоралар мен
синекдохалардың қолданысы жан
-
жақты қарастырылып, қолданылу аясына зерттеулер
жүргізілген.
Негізгі сӛздер:
метафора
,
синекдоха
,
кӛркем шығармада
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ РАЗНОВИДНОСТЕЙ ТРОП В ХУДОЖЕСТВЕННОЙ ПРОЗЕ Б.СОКПАКБАЕВА
Испандиярова А.Т. –
старший преподаватель, магистр гуманитарных наук Костанайского
государственного университета имени А.Байтурсынова
В данной статье рассматриваются особенности использования разновидностей троп в
художественных произведениях. В художественных произведениях проводится анализ
разновидностей троп, определяющих особенности стилистического применения. Автор при
раскрытии образа героев мастерски использует разновидности троп, обороты для создания
портрета героя, раскрытия характера, полноты общей картины произведения.
Писатель, классик
казахской литературы Б. Сокпакбаев в своих произведениях брал за основу
жизнь и быт казахского народа в период войны. Описанные в произведениях события, явления
природы, реальная жизнь казахов, национальное мировоззрение и бытие, жемчужины слов
расскрывались через языковые единицы авторского пользования. Для более яркого выражения
мыслей и придания произведениям эмоционально
-
экспрессивного оттенка автор
умело
использовал каждую метафору, каждую синекдоху.
В целях описания жизни и быта, характеристики героя, создания портрета героя,
экспрессивной окраски, в целях конкретизации периода, количества, критики и определения
качества наблюдается эффективное использование автором метафор и синекдох.
В произведениях писателя метафоры не только раскрывают образ героя, но и дают
возможность передать его мысли, чувство тоски.
В статье всесторонне рассматривается использование метафор и синекдох художественных
произведений, проведены исследования в части их употребления.
Ключевые слова:
метафора
,
синекдоха
,
художественное произведение
USING VARIETIES OF STYLISTIC METHODS IN B.SOKPAKBAEV
’S
PROSE
Ispandiyarova A.T.- senior teacher master of the humanities KostanayState University named after
A.Baitursynov
In this article the pecularities of
stylistic methods’
varieties in the prose are considered. Analysis of
types of stylistic methods, determining the stylistic features of the application is carried out in the work . In
disclosing the image of the heroes the author skillfully uses a variety of artistic methods, ways to create a
portrait of the hero, the nature of the disclosure, the completeness of the work.
B. Sokpakbaev is a classic and a writer of Kazakh literature, he described the Kazakh people's life during
the war in his works. Describing the events in the works, the phenomena of nature, the real life of the
Kazakhs, the existence of national and world view, creating a jewel of words, the author used the
language units. For a more vivid expression of thoughts and make works of emotional and expressive
shades B. Sokpakbaev skillfully used every metaphor, every synecdoche. The author also used
metaphor, synecdoche for the description of everyday life, the characteristics of the hero, a skilful creation
a portrait of the hero.
By using metaphor the writer reveals not only the image of the hero, but also provides an opportunity
to convey his thoughts, a sense of melancholy.
In the article the use of metaphor and synecdoche are comprehensively reviewed, as an effective
means of expressing artisticthought of the writer, and he made some research work on particular cases of
its usage in the works.
Key words: metaphor, synecdoche, research work
Метафора дәстүрлі зерттелуде кӛбінесе тілді кӛркемдеуші құрал ретінде танылады. Ол кӛркем
әдебиет пен шешендік ӛнердің адресатқа әсер ету қызметі тұрғысынан зерттеліп келді. Оның тілдік
сипатына соңғы уақыттарда ғана кӛңіл бӛліне бастады. Бұл ретте, ең алдымен метафораның
адамның ойлау үрдістерімен байланыстылығы және тілдегі әлем туралы білімнің бейнелену
заңдылықтарына қатысы ескеріле бастады.
«Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың атауымен аталуының негізінде сӛз
мағынасының ауысуы
-
метафора деп аталады» немесе «Метафора
-
сыртқы не ішкі ұқсастығына
қарап, бір нәрсені екінші нәрсеге балау. Екі нәрсенің арасына тепе
-
теңдік белгісін қою»
[1, 23].
Қ.Жұмалиев метафораны «сыртқы не ішкі бір ұқсастығына қарап, бір нәрсені екінші нәрсеге балау,
екі нәрсенің арасына тепе
-
теңдік белгісін қою» деп анықтаса
[2,117],
З.Қабдолов «метафора сӛз
мәнін түрлендіре ӛзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін,
ажарландыра түсу үшін оларды ӛздеріне ұқсас ӛзге затқа не құбылысқа балау, сӛйтіп, зерттеліп
отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту» деп
тұжырымдайды
[4, 214].
Орыстың тілші ғалымы А.И. Ефимов метафора құбылысының қызметі туралы былай дейді:
«Метафоризация
-
это область формирования образных средств, непрестанно появляющихся
в процессе общенародного речевого творчества,
а также деятельности выдающихся художников
слова » [
5, 121].
Қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынов метафораға «ауыстыру» деген атаумен ғылыми талдаулар
жасап, теориялық анықтама берген:
«Сӛздің кӛбін ӛз мағынасында жұмсамай, ӛзге мағынада жұмсаймыз. Арасында тек ұқсастық жоқ,
екі нәрсенің етететін әсері бірдей болса, біріне қас қамалды екіншісіне ауыстырып айтамыз.
Мәселен,
«күн құтырып кетті», «аяз қарыған», «қырау соққан» дейміз. «Құтырып кетті», «қарыған»,
«соққан» деген сӛздер нақ ӛз мағынасында емес, ӛзге мағынада айтылып тұр. «Құтыру» жанды,
есті нәрсенің күйін кӛрсететін сӛз. Мұнда күннің желдетуі адамның құтырған күйіне ұқсас әсер
ететіндіктен жанды нәрсенің күйін кӛрсететін сӛз күннің күйін кӛрсетуге ауыстырылып алынып тұр.
Осындай ұқсастығымен ауыстырылып, ӛз мағынасынан сӛзді ӛзгелеп айту
-
ауыстыру деп
аталады»,
-
дейді ғалым
[6, 69].
Орыс тіл білімінде метафоралар тағы да лексикологиялық, лексикографиялық, психологиялық
тұрғыда да зерделенді. Тілдік метафоралардың сипатын морфологиялық, сӛзжасамдық,
синтаксистік мәселелер шеңберінде айқындауға тырысқан А.А. Потебня, В.В. Виноградов, В.В.
Лопатин, Н.Д. Арутюнова еңбектерін атауға болады. Әсіресе метафораның синтаксисі терең
зерттеледі. В.В. Виноградов орыс тіліндегі метафоралық мағыналы сӛздің бір нәрсені жекелеп
кӛрсетуіне байланысты ерекше синтаксистік позициясын ескере отырып қарастырады
[5, 102].
Кӛркем прозада болсын, поэзиялық шығармаларда болсын метафора
-
сӛз мәнін түрлендіре,
ӛңдендіре, құлпыртып, ӛзгертіп айту үшін тартылатын тілдік бірлік. Суреттеліп отырған затты яки
құбылысты образды бейнелеу үшін, оларды ӛзге затқа не құбылысқа балау арқылы беру, автордың
айтпақ ойын әсірлеп, суреттеліп отырған жайттың мағынасын тереңдетіп, оқырман сезіміне әсерін
күшейте отырып жеткізу үшін, оқиғаның немесе затты, құбылыстың мазмұнын тереңдетіп, әсерін
күшейту үшін метафора бірден
-
бір кӛркемдегіш тәсіл.
«Белгілі бір затты не құбылыс атауы басқа бір зат не құбылыстың түрі, тұлғасы, қимыл
-
әрекет
ұқсастықтарына қарай ауысып аталу тәсілін метафора деп атайды. Мысалы, иненің кӛзі, бұлақтың
кӛзі, істің кӛзі, күн кӛзі дегендегі кӛз сӛздері адам не жануардың мүшесі
-
кӛзге ұқсату арқылы
аталатын ауыспалы мағынадағы сӛздер. [ 7
].
А. Айғабылова метафоралар арқылы ауыспалы мағына туғызу тәсілін үш түрге бӛліп
қарастырады. 1. Тілдік метафора. Тілдік метафора жалпы халық тілінде: сӛйлеу, жазу, оның ішінде
әдеби шығармаларда да кең қолданылады. Мысалы, таудың басы, ӛзеннің басы, қос басы, әскер
басы, кітап беті, істің беті, судың беті, жердің беті т.б.
2.Тұрақты метафора. Тұрақты метафоралар жалпы халық тілінде қолданылатын, бірақ
суреттеу құралы ретінде образдылығымен ерекшеленетіп ауыспалы мағыналы сӛздер. Мысалы,
сары алтын (бидай), ақ алтын (мақта), алтын күз, сӛз маржаны, жасыл алаң (футбол), кӛгілдір
экран (телевизор) т.б.
3. Индивидуалдық метафоралар. Бұл топқа сӛз шеберлерінің метафора тәсілі арқылы
қолданған кӛпшіліктің қолданысында жоқ метафоралар енеді». [7
,10-
б].
Осы үш метафораның түрі Б. Соқпақбаевтың шығармаларында кеңінен қолданылған.
Мысалы, Тӛсекте қарсы, терезе жақта ӛз алдына оқшау топ
боп, шүйіркелесіп бірнеше қыз
-
келіншектер отырған.
(3, 9-
б) Жазушы «оқшау топ» метафорасын тұрақты метафора ретінде
қолданғанын кӛреміз.
«“Әңгімені қой да, үйлен, үйге шүйкебас
біреуді кіргізіп бер”
-
деп, ағайымның
құлағын дамылсыз қашай беретін оның ӛзі еді»
(3,8-
бет). Автор келін деген сӛздің орнына
ауыспалы мағынада шүйкебас
деп қолданған.
“Қарға тамырлы қазаққа бірімен бірі жақын бола кетуге осы да жеткілікті. Әйтпесе, Нұрәлі үйі
бұған дейін бізбен онша кӛп араласпайтын
.
”
(3, 16
б ) Қарға тамырлы қазаққа тіркесі автордың
даралық стилін кӛрсететін метафора.
Сонымен, кӛркем шығарма тіліне метафораның айрықша ажар беретіндігіне кӛзімізді тағы да
жеткізе түсеміз. Ал жазушы еңбектерінде бұл метафоралық қолданыстар тӛмендегідей кӛрініс
тапқан:
“Шетімізден Наполеонбыз.
Шетімізден Суворовпыз.
Шетімізден Александр Македонскийміз.
Қазіргі ел басына қауіп тӛнген қиын кезде фасистерді талқандап майданда жүрмей,
Қарасайдың кӛшесін таптап жүруіміз бір түрлі қылмыс тәрізді”
(3, 34-
б).
Бұл мысалда автор кейіпкерлердің ерекше қасиеттерін даралап кӛрсету мақсатында
Наполеонға,
Суворовқа, Александр Македонскийге теңеген метофоралар түрлерін қолданған.
“ Сәрсенбек екеуінің қосылғанына жыл жарымдай уақыт ӛтті. Дос сүйініп, дұшпан күйінгендей
тату
-
тәтті семья құрып еді. Дүлей соғыс оны есепке алды ма?”
(3, 35-
б). Автор дүлей соғыс
тіркесін суреттеп отырған оқиғаға экспрессивтік мағына үстеу үшін ұтымды пайдаланған.
“
-
Не, не айтасың? Осы арадан да естимін.
-
Қасыңдағы періштеңнен айырылып қаламын деп қорқамысың?
Мен не айтарымды білмей
қысылып қалдым.”
(3, 15-
б).
Жазушы кейіпкер тілінде періште деген
сӛзді ауыспалы мағынада ұтымды қолдана білген.
“Музыканың сиқыр үні тамыр
-
тамырды балқытып, түгел билейді. Қанатсызға қанат, тілсізге
тіл бітіреді. Әуелде бойларын жинақы ұстап, аяқтарын әдеппен қорғауға
тырысқан бишілерден
бір кезде ерік кете бастайды. Жаратылғанынан бір туып, біте қайнаған егіздерше біреуіне
біреуі тақалып, жабысып алады. Тӛске тӛс, ауызға ауыз тиермен болып, күбір
-
күбір сӛйлесіп,
күле беретіндерін қайтерсің. Не айтып, неге күледі екен? Алпыс екі тамырдан ерік кеткенде
айтылар сӛз белгілі ғой: махаббат, біреуіне біреуі ӛліп
-
ӛші...” (3, 240 б).
Жоғардағы мысалдарда
кездесетін
метафоралар
-
авторлық
қолданыстағы
метафоралар.
Бұл
мәтінде
жазушы
метафораларды сӛзді ажарландыра түсу үшін эмиционалды
-
экспрессивті әр беру мақсатында
пайдаланған.
«Метафора сӛз мәнін түрлендіре ӛзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты
айқындай түсу үшін, ажарландыра түсу үшін оларды ӛздеріне ұқсас ӛзге затқа не құбылысқа балау,
сӛйтіп, зерттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін
күшейту»,
[4, 214]
деген метафораның қызметін автор шеберлікпен қолдана алған. Мысалы,
қаламгер метафоралар арқылы кейіпкердің ішкі жан дүниесін, сыртқы келбетін де ӛзгеше етіп
кӛрсете білген. Сонымен қатар, кейіпкерлер арсындағы қарым
-
қатынастар, оларды қоршаған орта,
оның тигізетін әсері де ұмытылмаған. Метафора фразеологизмдердің бейнелілігін арттырып
отырған. Мысалы, Бір жағынан шӛп орылып бітпей, екінші жақтан егіннің пісуі таяп, мұрнынан
су кетіп жатқан тығыз шақ (3, 41
-
б).
Мұрнынан су кетіп жатқан тығыз шақ
–
жұмысы бастан асты
дегенді суреттеп тұр.
Дегенмен,
автор уақытты
әсерлі бейнелеу үшін «мұрнынан су кетіп жатқан» деген ауыспалы мағынадағы
фразеологиялық
тіркесті қолданған.
А.Сыбанбаева: «Метафораның қызметі арқылы тілдің лексикалық және фразеологиялық
қабаты, жалпы сӛздік құрамы, бір ұғым аясы кеңи түседі. Сӛздің метафоралануы арқылы сӛз саны
ӛспегенімен, мағына аясы кӛбейеді, сӛз мағынасы дамиды. Метафора
-
кӛптеген тіл қабаттарының
шығу кӛзі. Мәселен, фразеологизмдер, мақал
-
мәтелдер, қанатты сӛздер метафораға негізделіп
жасалады»
[8, 12],-
деген тұжырым жасайды.
Жазушы шығармаларында метафоралар фразеологиялық тіркес ретінде кӛрініс тапқан.
Ӛмірдің сәнін келтіріп, жарастықпен ұғысып табысқан екі аққу тәрізді біріне бірі жан қияр
жұбайларды біреуінен біреуін зорлықпен ажыратып әкеткелі жатыр(3, 35
-
б).Бірақ жиырма үш
жасар қабылан жігіт
бұған мойымайды, шаршау дегенді білмейді. (3, 11
-
б)
Тӛрт мүшесі сау,
тепсе темір үзетін
ағайыма комиссия не деуі мүмкін? Арқасынан бір қағып: «бар, жарайсың»
дегеннен ӛзге ештеңе айтпас деп ойлаймын.(3, 34
-
б)
Бірінші мысалда келтірілген жан қияр
сӛзі –
бірі
-
бірін сүйіп қосылған, екі жастың берік
махаббаты
мағынасын алмастырса, екіншісі қабылан жігіт
тіркесі –
мықты, жігерлі деген мағынада
қолданса,тепсе темір үзетін ауыспалы мағынадағы фразеологиялық тіркесін кейіпкерді мінездеуде
қолданған.
Шығармадағы кейіпкерлердің мінез ерекшеліктері метафоралар арқылы айқындалған.
Мысалы, «Қалидың жауыз бала
екенін мен бірден білдім. Қолымнан келсе, шайнап жеп қояр едім,
«Қап, сені ме!» (3, 28
-
б)
Бұл мысалда автор жауыз бала
деп кейіпкердің
мінезін
сипаттаған.
Б. Соқпақбаев
ӛз шығармаларында метафораларды
түрлі мақсатта қолданған.
1. Тұрмыс тіршілікті кӛрсету мақсатында.
Ол кезде Тұйықта клуб дейтін клуб жоқ, тек аты ғана. Бір кезде ішінде адам тұрған,
қыстақтағы кӛп үйлердің біреуіндей
аласа тоқал үй.
(3, 13-
б)
Кӛпшілік шалғай колхоздар тәрізді мұнда да радио жоқ, газет бірнеше күн кешігіп келеді.
Соғыстың дәл қалай, қайтып басталғанын әлі ешкім жӛндеп біле қоймайды. Қазіргі келіп
жеткені ауданнан телефонмен беріліп, мұндағы жаяу почта таратқан әлгіндей
шолақ хабар
.
(3, 28-
б)
Майдандағы армияға жылы киім
жинау науқаны
басталды. Жұрт аямайды, иықтарынан
сыпырып беріп жатыр. Киім жинайтын пунктерде тӛбе
-
тӛбе болып үйілген: тон, пима, ішік,
малақай, биялай, байпақ, бӛкебай... (3,
33
–
б)
Иттер үріп шықты. Қараша мықыр жаппалардың
арасында жалғыз ғана боз үй.
Бұл сӛз жоқ
ферма меңгерушісінің үйі.(3, 49
-
б)
Боз үйдің алдына кеп, аттан түсіп жатырмын. Жүрегім дүрс
-
дүрс. Аттарды мама ағашқа
байлап жатып, екі көзім киіз үйдің есігінде.
(3, 49
–б)
Ұры итте
ұят, нысап болмайтын кӛрінеді. Болса, осымен бір емес, бірнеше рет жәукемдеді.
Қоймай ма? (3, 77
-
б) Үйге тез жетуге, мен үшін жер түбі саналатын ту сонау Алматыдан
әкелінген нәркес кӛз,жас жеңгемді тез кӛріп танысуға ынтықпын.(3, 8б)
Үстімдегі киімдерім жамаулы, ескі жұмыс киімдері.Шалбарымның қалтасы тесік. Жеңгелерімнің
біреуінің әумесерлене сұққан қолы
сол тесіктен сумаң етіп ары қарай ӛтіп кетті.(3, 8 б)
2.
Кейіпкерді мінездеуде метафораларды
ұтымды пайдаланған. Мысалы,
Балуан денелі, беттері былшиған,
қара мұрт, қара сұр адам. Бір кӛзінің ағы бар. Арақты
сіміріп салғанда бөренедей жуан мойны жыбыр етіп қоймайды.(3, 16 б)
Ысқақты тәңірім қара еңбекке барынша бейімдеп жаратқан. Долбиған зор денесінде өгіздің
күшіндей күші бар
. (3,30-
б)
Дәреже дейтін кімді де азды
-
көпті мас қылатын нәрсе
ғой. Колхозға председатель болғаннан
кейін Нұрәлі ӛзгере бастады. (3, 38
-
б)
3.
Б
.
Соқпақбаев
кейіпкердің портретін жасауда да метафораларды ұтымды қолдана алған.
Мысалы, Көмірдей қара
шашын
желкесіне тӛгілдіре қырыққан. Бұл Балжанның Ғалия дейтін
қызы екен.(3, 10 б)
4.
Экспрессивті әр беру мақсатында метафораларды тиімді пайдаланған.
Қалидің қарасы өшті ме екен
деп, бір кезде артыма бұрылып қарадым. Сӛйтсем, қарасы
ӛшкен былай тұрсын, ол бізге қарай салып ұрып, қайтадан жүгіріп келеді.
(3, 29-
б)
Енді немене? Аяқ астынан не болып қалды? Әлде аузыңа пәлен етейіндердің біреуі бірдеңе
деп, кӛңіліңді қалдырды ма? (3,4
2-
б)
Қорыта айтқанда қаламгер туындыларындағы метафоралық қолданыстар жаңа ұғымдарға атау
береді, әрі тілді байытады, сонымен қатар тілдік үнемдеуді жүзеге асыра отырып, берілген ойды
нәрлендіреді.
Қаламгер шығармаларында кӛріктеу құралдары
-
синекдоха
эмоционалды
-
экспрессивті мәні
жағынан ұтымды қолданылған тілдік бірліктер болып табылады.
Б
.
Соқпақбаев
шығармаларында синекдоханы қолданыста
кеңінен, еркін түрде әрі
шеберлікпен жұмсайды. Автор ӛзінің «Ӛлгендер қайтып келмейді» атты еңбегінде аталған троп
түрлерін ұтымды пайдаланып, кейіпкер бейнесін сәтті сомдаған. Ғалым Р. Сыздықова: «бүтіннің
орнына бӛлшекті, жалпының орнына жалқыны (дараны), үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізі
сӛз мағынасының ауысуы» [9
, 203].
Б
.
Соқпақбаев
синекдохаларды шығармаларына кӛркемдік нәр
беру әр сӛзді құбылтып айтылатын ойды ажарландыра түсу үшін қолданған. Мысалы,
«Осы үшін жұрт оны
күлкі, әжуа етіп жүрген кездер болған » (
3, 21-
б
).
«Үйден бізді қарсы алуға
тӛрт –бес адам шықты. Әуелгі шашы желбең етіп, атып шыққан қыз бала Ғалия еді.»
(3, 26-
б
)
«Қазір енді нем бар қарайлайтұғын? Айдап жүрген арбам ба?
Екі қолға бір күрек
қайдан да болса
табылады»(3,46
-
б
);
«Үшеуінің мініп келген бір
-
бір
салт аттары бар.» (
3, 47-
б)
Бұл мысалдарда
автор синекдохаларды берілген ойды құбылтып айту мақсатында қолданған.
«Осы сӛз маған тӛбемнен суық су құйып жібергендей әсер етті. Есімді тез жинап алдым.
Ғалиямен оңаша қалған уақытым минуттап та емес, секундап саналатынын, соның бәрі
текке ӛтіп бара жатқанын жаңа ұққандай болдым». (3, 51 б)
Үштен
-
төрттен топ болып
қаланы аралауға шықтық. Ауыл балаларына мұндағының бәрі
қызық.(3,55б)
«Базар шетінде екі аяғы тізеден, екі қолы шынтақтан жоқ,
домаланған біреу отыр.
Әлгіге қараудың
ӛзі соншалық аянышты. Домаланған құр кеуде. Ұйпаланған жирен шаштың
арасы кір
-
кір.
Қол орнына шолтаң
-
шолтаң еткен, томырылып біткен екі жілік
-
қызыл ет.» (3, 55 б)
Жоғарыдағы мысалдардан
автор
синекдохаларды мезгіл, сандық мӛлшер, сын сапа белгілерін
айқындап кӛрсету
мақсатында тиімді қолданғанын байқаймыз.
«Енді біреулер бар
-
екі иығын жұлып жеп, ұрынарға қара таппай жүрген.
Сӛздеріне
тұздықтап, боқтық араластырып сӛйлейді. Онсыз сӛздердің сәні кірмейтін тәрізді» (3,57 б)
Жазушы кейіпкердің жағымсыз мінезін сомдауда
синекдохаларды тӛгілте қолданған.
Қорыта келгенде, Б.Соқпақбаев
шығармаларындағы троп түрлері жазушының тіліне
эстетикалық нәр беріп, суреттеп отырған оқиғаның кӛркемдік әлемін байытқан.
Әдебиеттер
:
1.
Хасанов Б. Қазақ тілінде сӛздердің метафоралы қолданылуы.–
Алматы: Мектеп, 1966.–
208 б.
2.
Жұмағалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы, 1969, 243 б.
3.
Б.Соқпақбаев «Ӛлгендер қайтып келмейді». –
Алматы 2010,355 б.
4.
Қабдолов З. Таңмамалы шығармалар ІІ том. Алматы, 1983,
456 б.
5.
Ефимов А.И. Стилистика русского языка. –
М
.:
Просвещение, 1969
.
–
262 с.
6.
Байтұрсынов А. Шығармалары. –
Алматы: Жазушы, 1989. –
318 б.
7.
Айғабылова А. Қазақ тілі стилистикасы. –
Алматы, 1998. –
64 б.
8.
Сыбанбаева А. Метафораның тілдік болмысы және концептуалды метафоралар.
-
Алматы, 2002.
-
154 б.
9.
Нуржекеева Л.Метонимияның тілдік табиғаты.
-
Алматы, 1992.
-
80 б
References:
1. Hasanov B.Kazak tilindesozderdin metaforali koldanilyi.
–
Аlmaty: Mektep, 1966.–
208 b.
2. Zdumagalieva K. Ad
ebiet teorijaci. Аlmaty, 1969, 243 б.
3.
B.Sokpakpaev «Olgender kaitip kelmeidi». –
Аlmaty 2010,355 b.
4.
Kabdolov Z. Tandamali sigarmalar ІІ tom. Аlmaty, 1983, 456 b.
5.
Еfimov А.I. Stilistika russ
kogo jzika.
–
M.: Prosveshenie, 1969.
–
262 s.
6. Baitursynov A Shigarmalari.
–
Аlmaty:
Shazyshi, 1989.
–
318 b.
7.
А
igabilova
А.
Kazak tili stilistikasi.
–
Аlmaty
, 1998.
–
64 b.
8. Sabinbaeva
А. Ме
taforanin tildik bolmisi zdane konzeptyaldi metaforalar. -
Аlmaty
, 2002. - 154 b.
9. Nurzdekeeva L
.Ме
tonimijnin tildik kabati. -
Аlmaty
, 1992. - 80 b
Автор туралы мәлімет
Испандиярова А.Т. –
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аға
оқытушысы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі, тел.: 87752963078
Испандиярова А.Т. –
старший преподаватель, магистр гуманитарных наук Костанайского
государственного университета имени А.Байтурсынова, тел.:
87752963078
Ispandiyarova A.T.- senior teacher master of the humanities KostanayState University named after
A.Baitursynov, tel.: 87752963078
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|