Жануарлар токсоплазмозын балау, алдын алу және күрес шаралары



жүктеу 155.1 Kb.

Дата29.12.2016
өлшемі155.1 Kb.

 

 

 

 

               1905 

              

 

                         КазНИВИ  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ЖАНУАРЛАР ТОКСОПЛАЗМОЗЫН 

БАЛАУ, АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ  

 

 

 

 

ӘДІСТЕМЕЛІК  

ҰСЫНЫС 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Алматы, 2014 

 

 



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 

 

 «ҚазАгроИнновация» Акционерлік қоғамы 

 

«ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ВЕТЕРИНАРИЯ ИНСТИТУТЫ» 

ЖАУАПКЕШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІК 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАНУАРЛАР ТОКСОПЛАЗМОЗЫН 

БАЛАУ, АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ  

 

 

ӘДІСТЕМЕЛІК  

ҰСЫНЫС 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2014 

 

 

 

ӘОЖ 619:616.99 



 

 

Жануарлар  токсоплазмозын  балау,  алдын  алу  және  күрес 

шаралары (әдістемелік ұсыныс).  

 

 

 

 

Құрастырушылар: Шалабаев Б.А., паразитология зертханасының аға 

ғылыми  қызметкері,  мал  дәрігерлік  ғылымдарының  кандидаты,  Қадыров 

С.О.,  аға  ғылыми  қызметкер,  биология  ғылымдарының  кандидаты, 

Сулейменов 

М.Ж., 


паразитология 

зертханасының 

меңгерушісі, 

ветеринария  ғылымдарының  кандидаты,  доцент.,  Сагдинова  Б.М.,  аға 

лаборант. 

                

 

Мекен жайы: 050016, Алматы, қ. Райымбек даңғылы, 223. 

Тел. +7 (727) 233-72-71; 33-72-64, 

 

e-mail: kaznivialmaty@mail.ru 

 

 

 

   

 

 

Әдістемелік  ұсыныста  жануарлардың  токсоплазмозын  балау,  алдын 

алу және күрес шаралары толығымен қамтылып жазылған. 

 

 

Ұсыныс  паразитолог  мамандарына,  ауылшаруашылық  саласындағы 

мал  дәрігерлерге,  ғылыми-зерттеу  зертханалары  мен  мекемелерге 

арналған. 



 

 

 

Әдістемелік  ұсыныс  «ҚазАгроИнновация»  АҚ,  «Қазақ  ғылыми  –

зерттеу  ветеринария    институты»    ЖШС    ғылыми  –  кеңес  отырысында 

қаралып (№ 2  хаттама  9 шілде 2014 жыл) мақұлданды.   



 

 

 

 

 

 

 

 

 



Мазмұны 



 

 

Кіріспе..................................................................................................................5 

 

 

1. Токсоплазмоз қоздырушысына сипаттама..............................................6 

 

 

2. Токсоплазмоздың эпизоотологиясы..........................................................8 

 

 

3. Токсоплазмоз ауруының клиникалық белгілері...............................10 

 

 

4. Жануарлар токсоплазмозын балау..........................................................11 

 

 

5.  Ауыл  шаруашылығындағы  фермерлік  және  жеке  қожалықтағы 

малдардың  токсоплазмоз  індетімен  зарарлануына  қарсы  күрес 

шараларын ұйымдастыру.............................................................................12 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Кіріспе 



 

 

Токсоплазмоз – әлемде кең тараған зооантрапоноздық паразитарлық 

ауру,  көбінесе  латентті  (жасырын)  түрде  өтеді,  нәтижесінде  орталық 

жүйке, лимфа, ішкі без жүйелері және көру мүшелері зақымдалады. 

     Бұл  еліміздің  мал  шаруашылығының  дамуына  кедергі  келтіріп, 

эпидемиологиялық  қатер  төндіретін  қауіпті  инвазиялық  аурулардың  бірі. 

Токсоплазмоздың мал шаруашылығына келтіретін экономикалық шығыны 

да  орасан  зор.  Егер  малдар  аурудың  созылмалы  түрімен  ауырса  көтерем 

болып,  арықтайды,  одан  алынатын  өнімдердің  азаюы,  бедеулік,  буаз 

малдың  іш  тастауы,  төлдің  өлі  тууы,  немесе    өміршеңдігі  төмен  болып, 

әлсізденуі белең алады, ал ауру жіті түрде өткен жағдайда  мал басын өлім 

– жітімге ұшыратады. Ауырған мал індет көзінің ошағына айналып, оның 

сыртқы қоршаған ортаға таралуына әсерін тигізеді. 

         Токсоплазмозбен  жан  –  жануардың  барлығы  дерлік  (ет-сүт 

қоректілер,  құстар,  кеміргіш  және    аңдар)  ауырады,  сонымен  қатар  бұл 

ауру адам үшін де өте қауіпті, әлеуметтік мәні бар мәселе. 

         Токсоплазмозма  туралы  алғашқы  деректерді  1908-1909  жылдары 

француз  зерттеушілері  Nicoll  С.,  Manceax  L.  Tунисте  кеміргіш  гонди 

ағзасынан,  ал  1909  жылы  Spleondor  А.    Бразилияда  қоян  ағзасынан  бөліп 

алып,  анықтағаннан  кейін  мәлімдеген.  Содан  бері  биология,  медицина, 

ветеринария  салаларында  жүргізілген  ғылыми  зерттеу  нәтижелері 

токсоплазманың  барлық  ет  және  сүтқоректілер  мен  құстардың  ағзасында 

тіршілік ететінін көрсетеді, ал паразиттің табиғи таралу деңгейі ешқандай 

географиялық  және    ауа  райының  климаттық  жағдайларына  тәуелді 

еместігі дәлелденген. 

        Адам  токсоплазмозын  алғаш  рет  Цейлон  аумағында  (1913-1914) 

Castellani  А.  анықтаған,  одан  кейін  Федорович  А.И.  (1916)  Қаратеңіз 

жағалауында  тұратын  адамнан,  чех  офтальмологы  Jnku  J.  (1923) 

токсоплазмозбен  ауырған  баланың  көзінен  паразиттерді  тапқан.  Wolf    А. 

(1939)  қызметтес  серіктерімен  хориоретинит,  ми  гидроцефалиясы  және 

кальцификатынан  қайтыс  болған  жас  баланың  миынан  токсоплазмаларды 

бөліп  алып,  осы  сала  бойынша  зерттеу  жұмыстарымен  айналысып, 

токсоплазмоз этиологиясын айқындаған. 

         Sabin  А.  өз  иегерлерімен  (1937-1950)  он  жылдан  астам  уақыт  адам 

және  мал  токсоплазмозын  анықтауда  жан-жақты  ғылыми  зерттеу 

жұмыстарын  жүргізіп,  токсоплазманың  жасушалық  түрін,  оның  ағзадағы 

өсіп  –  өну  көбею  процессін  көрсетіп,  тәжірибе  жүзінде  токсоплазмоздың 

әдістемелік  тексерулерін  және  серологиялық  балау  жолдарын  жасаған.  

Осы  уақыт  ішінде  жүргізілген  ғылыми-зерттеулер  нәтижесі  адам  мен 

малдан  бөлінген  токсоплазмалардың  бір  типтес  екендігін  көрсеткен.  Бұл 

пікірді  кейінірек  КСРО-да  токсоплазмоз  мәселелерімен  айналысқан 

ғалымдар  Засухин  Д.Н.,    Галузо  И.Г.  т.б.  қолдаған,  осыған  байланысты 

және  жабайы  жануарлар  мен  құстар  инвазия  резервуары  болғандықтан 

токсоплазмозды  табиғи-ошақты  антропозоонозды  індеттер  тобына 



 

жатқызу  керектігін  көрсеткен  (Павловский  Е.Н.).  Сондықтан  адамдардың 



үй және ауылшаруашылық  малдарын ұстап  – күтуі (араласуы) белгілі бір 

дәрежеде  ауру  қоздырғышын  жұқтыру  мүмкіндігімен  қауіпті  екендігін 

ескеру қажет. 

       Бүкіләлемдік  денсаулық  сақтау  ұйымының  (БДҰ)  мәліметтері 

бойынша  Батыс  Европа  мен  Солтүстік  Америкада  токсоплазмозбен 

залалданғандар  елдің  25-50%    құраса,  ТМД  елдерінде  серологиялық 

зерттеулер нәтижесі бұл көрсеткіштің 35% екенін анықтаған. 

        Соңғы 

жылдары  Алматы  қаласында  жүргізілген  әлеуметтік 

мониторинг  нәтижесі  токсоплазмозбен  ауырған  168  адамның  89,9% 

әйелдер,    ал  79%  жасы  15-35  аралығындағылар  екенін  көрсеткен 

(Дмитровский А.М., Қарабеков А.Ж., Шағманова С.К. ж.б.,2002). 

        Токсоплазмоз  әсерінен  адамдардың  жүйке  жүйесі,  көру  мүшелері 

зақымдалып,  бедеулік    артып,  ұрпақсыз  қалуы  мүмкін,  егер  әйел  адам 

екіқабат  кезінде  токсоплазмоз  дертіне  шалдықса,  дүниеге  келген 

нәрестенің соқыр немесе сал-мүгедек болып қалуы ықтимал. 

           

1. Токсоплазмоз қоздырушысына сипаттама 

 

Токсоплазмоз  –  Toxoplasma  gondii  RH  қарапайымдылар  тобына 



жататын,  жасуша  ішінде  өсіп  өнетін  паразит.  Protozoa-тобына, 

Aplcomplexa  типіне,  Sporozoa  класына,  Coccidiida  туысына,  Eimeriidae 

тұқымдасына, 

Isosporinae 

тұқымдасына 

жатады 


(Т.В.Бейер, 

Ю.И.Полянсский, 1979). 



Морфологиялық сипаттамасы 

Паразитарлық ауруға тән қасиет қоздырғыштың аралық және негізгі 

иесінің  болуы.  Токсоплазмоздың  негізгі  тұрақты  иесі  (дефинтивный 

хозяин)  үй  мысықтары  және  жабайы  тектес  мысықтар  болып  келеді,  ал 

аралық  иесіне  барлық  жануарлар,  құстар  мен  адамдар  жатады. 

Токсоплазмоз  аралық  иелерінің  ағзаларында  эндозоит  немесе  цистозоит 

түрінде  кездеседі,  ретикуло  –  эндотелиалдық,  орталық  жүйке  жүйесі, 

бұлшық ет т.б. жасушаларында тоғышарлықпен сақталады. 

 Фазалы  контрасты  микроскоп  көмегімен  қарағанда  токсоплазма 

эндозоитының пішіні сопақша, жарты ай немесе апелсин жарнағы тәріздес 

болады, бір жағы доғалдау, екінші жағының ұшы сүйір, ұзындығы 4-7 мкм, 

көлденең  2-4  мкм,  сыртында  екі  қабат  қабықшамен  қапталған. 

Цитоплазмада  ұсақ  түйіршіктер  мен  вакуолі,  сопақша  ядросы  анық 

көрінеді, ядросы паразиттың кеңдеу бөлігінде орналасқан.  Романовский – 

Гимза  әдісімен  бояған  кезде  паразит  пішіні  жақсы  сақталады, 

цитоплазмасы көгілдір, ядросы қанық қызыл түске боялады. 



Биологиялық қасиеттері 

Токсоплазма  қоздырғышының  өсіп  даму  циклы  өте  күрделі. 

Токсоплазма  эндозоиты  ағзаға  түскенен  кейін  бірнеше  сатыдан  тұратын 

өсіп  даму  жолдарынан  өтеді.  Токсоплазм  аралық  иесінің  ағзасында 

болғанда  жасуша  ішінде  эндодиогения  жолымен  бір  эндозоиттың  екіге 


 

бөлінуі  арқылы  көбейе  бастайды,  жасуша  іші  токсоплазмаға  толған  кезде 



жасуша жарылып босаған токсоплазмалар  келесі жасушаларға кіреді, осы 

процесс  арқылы  ағзада  көбейе  береді,  сол  уақыттан  бастап  аурудың 

клиникалық  белгілері  біліне  бастайды.  Псевдоцисталардың  шын 

цисталардан айырмашылығы өзіне тән қабықшасы болмайды. 

Ағзаның 

ауруға 


қарсы 

күресу 


қабілетіне 

байланысты, 

макроорганизмде  антиденелер  түзіле  бастайды  да  ауру  тоқтауы  мүмкін. 

Осы  кезде  ауру  созылмалы түрге  ауысады,  ол кезде  токсоплазмалар  адам 

немесе мал ағзасының ми қуысында, көз мүшелерінде, миокард, бұлшық ет 

ұлпаларында,  лимфа  бездерінде  орналасып  қалады,  олардың  сыртында 

өзіне  тән  қабықшасы  болады,  тұрған  жерлерінде  ұзақ  сақталып,  кейбір 

себептермен  ағза  әлсіреген  кезде  циста  жарылып,  токсоплазмоз  ауруы 

қайтадан күшейіп біліне бастауы мүмкін. 

Әдебиеттерден  алынған  мәліметтер  бойынша  табиғи  зарарланған 

мысық және мысық тұқымдас жануарлар ағзасында токсоплазмоздың өсіп 

даму  жолы  екі  түрлі  жыныссыз  және  жыныстық  жолмен  өтеді. 

Паразиттердің  бір  тобы  жоғарыда  келтірілгендей  энддиогения  немесе 

іштен  бүршіктену  жолымен  көбейсе,  екінші  тобы  ішектің  эпителиальді 

жасушаларына  еніп  жыныстық  жолмен  өсіп  көбейеді,  нәтижесінде  4-тен 

30-ға дейін мерозоиттер пайда болады, келесі өсу циклінде гаметоциттерге 

айналады. Зарарланған мысықтың ащы ішек жасушаларынан оларды 3-15 

тәулік  бойы  табуға  болады.  Геметогония  процесстері  жыныстық  фазаға 

жатады нәтижесінде ооцистер пайда болады. Екі – үш тәуліктен кейін бір 

ооцист  екі  спороцистке  бөлінеді,  әр  спороцисттің  ішінде  төрт  спорозоит 

болады.  Бес  –  алты  тәуліктен  кейін  барлық  ооцистер  қайтадан  ішек 

қуысына  түседі  де,  мысықтың  нәжісімен  бірге  сыртқы  қоршаған  ортаға 

шығады.  Қалыпты  жағдайда  ооцист  ішінде  өсу  жолының  экзогендік 

сатысы  –  спорогония  басталып,  екі  тәулік  ішінде  8  спорозоиттер  пайда 

болады да, олардың инвазиялық қасиеттері арта түседі. Сыртқы қоршаған 

ортаға  түскен  ооцистердің  сыртындағы  қабықшасының  тығыздығына 

байланысты сыртқы орта әсерлеріне өте төзімді келеді ал уыттылығы 1,5 – 

2  жылға  дейін  сақталады,  негізінен  ауру  тарататын  індет  көзінің  ошағы 

осы ооцистер болып табылады. 

Мысықтарға 

токсоплазмоз 

індеті 


жоғарыда 

келтірілген 

қоздырғыштардың  үш  түрлі  инвазиялық  сатысындағы  біреуінің 

алиментарлық  жолмен  (су  немесе  қоректік  заттарды  ішіп  -  жегенде) 

түскенде  жұғады.  Ауру  жұқтырған  мысықта  инкубациялық  кезеңі  10-18 

тәулік,  ал  бір  мысық  14  миллионнан  260  миллионға  жуық  токсоплазма 

ооцистерін нәжіспен сыртқы қоршаған ортаға бөліп ластайды. 

 

 



 

 

 



 

 

1-сурет  Toxoplasma gondii RH қоздырғышының микроскопиялық көрнісі 



 

 

 



2. Токсоплазмоз ауруының  эпизоотологиясы 

 

Токсоплазмоз  бүкіл  географиялық  аймақтарда  кең  тараған,  ауру 

қоздырғышының  тоғышарлық  тіршілігі  көптеген  жануарлардың  ағзасына 

бейім  және  зарарланған  жануарлар  өздері  ауырмаса  да  қоздырғыш 

тасымалдаушысы  ретінде  паразиттердің  табиғи  ортада  айналымын 

қамтамасыз етілуі нәтижесінде үлкен күрделі мәселеге айналып отыр. 

  Көптеген 

ғалымдардың  зерттеу  мәліметтерінің  нәтижесінде 

малдардың  токсоплазмозбен залалдануы қоздырғыштың бірнеше жолмен 

берілуімен  сипатталады:  алиментарлық  (қоректік  жем  –  су  арқылы), 

тікелей  жанасу  арқылы  (контактно),  ауа  (тамшы  –  тозаңды),  плацента 

арқылы және трансмиссивтік – тасымалдаушылар (қан сорғыштар) арқылы 

жұғатыны  дәлелденді.  Індеттің  таралу  көзі  мысық  және  иттер  үшін 

пісірілмей  берілген  ауру  малдардың  ет  өнімдері,  даладан  аулап  жеген 

тышқан  және  құс  еттері  болса,  ал  жануарлар  мен  адамдар  үшін  ауру 

малдан  алынған  өнімдер  белгілі  бір  өңдеуден  өтпеген  кезде  өте  қауіпті 

болып келеді. Сонымен қатар адамдардың жақын ұстайтын үй жануарлары 

ит пен мысықтан адамға жұғу қаупі өте жоғары болатындығы дәлелденді. 

Токсоплазмоздың  жіті  түріне  шалдыққан  малдың  инкубациялық 

кезеңінде  экссекреттерімен  (сүт,  сілекей  және  несеп,  танау  мен  көзден 

шыққан  іріңді  сұйықтар)  бірге  токсоплазмоздар  бөлінуі  мүмкін  деген 

деректер  бар.  Дегенмен,  аурудың  жұғымталдығына  және  паразиттердің 

сыртқы  қоршаған  ортаға  таралуына  мысықтар  мен  мысық  тектес  жабайы 

аңдардың  ролі  зор.  Токсоплазмоз  ауруымен  ауырған  малдардың 

ағзаларында, бұлшық және жүрек еттерінде токсоплазмалар циста күйінде 

сақталып  қалады.  Осындай  зарарланған  цистасы  бар  етті  жеген  мысық 

немесе мысық тектес аңдардың асқазан сөлінің әсерінен цистаның сыртқы 

қабаты  еріп,  токсоплазмолар  ішек  қуысына  түседі,  ол  жерде  паразиттер 

жоғарыда  келтірілген  жолдармен  өсіп  –  даму  цикілінен  өтеді,  одан  әрі 


 

мысық  нәжісімен  сыртқы  қоршаған  ортаға  түскен  уытты  ооцисттер  індет 



көзінің таралу ошағына айналады.  

Кеңес  одағы  кезінде  елімізде  жүргізген  ғылыми  –  зерттеулер 

мәліметтеріне  сүйенсек  1960  –  1979  жылдар  аралығында  ауыл-

шаруашылық малдарының токсоплазмоз індетімен зарарлануы 13 – 15 % - 

ды  құраған.  Соңғы  жылдары  жүргізілген  ғылыми  зерттеулер  нәтижесі 

бойынша Алматы облысында тқойлардың оксоплазмозбен залалдануы 15-

20%  құраса,  Ақмола  облысында  жүргізілген  серологиялық  тексерістің 

нәтижесінде  ет  қоректі  үй  жануарларының  (ит  пен  мысық)  4,7  %-ы 

токсоплазмоз індетіне  оң  нәтиже  берген. Алматы қаласы тұрғындарының 

үйде  ұстаған  жануарларын  токсоплазмозға  серологиялық  әдіспен 

тексергенде  нәтижесі  15,3%-ды  құраған,  ал  үйде  ит  пен  мысық  ұстаған 

тұрғындардың  1,9%-ы  токсоплазмозбен  ауыратыны  медициналық 

мекемелерде анықталған.  

Бүкілдүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) мәліметтері 

бойынша  Батыс    Европа    мен    Солтүстік    Америкада    токсоплазмоз 

індетімен      залалданғандар  елдің 25  – 50  %  -  ын    құраса, ТМД  елдерінде 

серологиялық  зерттеулер  нәтижесінде  бұл  көрсеткіш  35  %  -  екені 

анықталған.  Мысықтың  ағзасында  токсоплазмоз  індетінің  қоздырғышы 

көбейіп, қоршаған ортада сақталып таралуына бірден бір септігін тигізеді. 

 

2-сурет Токсоплазмоз қоздырғышының көбейіп таралу процесі 



  

 

 



 

 

10 


      3. Токсоплазмоз ауруының клиникалық белгілері 

 

Токсоплазмоз  ауруының  өзіндік  клиникалық  белгілері  нақты  бола 

бермейді,  ауру  үш  түрде  өтуі  мүмкін;  жіті,  жітілеу  және  созылмалы 

болады, жасырын түрде өтетін кезі де болады. 

Токсоплазмоз ауруы жіті өткен кезде негізгі клиникалық белгілеріне 

неврологиялық  синдромнан  вегетативті  тамырлардың  нашарлауына  дейін 

барады.  Инкубациялық  кезеңі  2  –  3  тәулікке  созылады.  Дене  қызуы 

көтеріледі, пульс соғуы мен тыныс алуы жіиелейді, ентігеді, азыққа тәбеті 

нашарлап,  шаршап,  дірілдеп  және  мұрын  мен  ауыздан  іріңді  сұйықтар 

бөлінеді.  Кей  жағдайларды  қой  мен  шошқада  және  терісі  бағалы  аңдар 

арасында қозғалыс координациясы бұзылып, ал иттерде артқы аяқтарының 

салдануы  кездесуі  мүмкін.  Шошқада  қан  тамырларының  жарылуына 

байланысты құлақ пен жамбастың ішкі жағындағы терісінде қанды дақтар 

(гематома)  пайда  болады.  Токсоплазмоз  ауруы  жіті  түрінде  сирек 

кездеседі, бірақ ауырған кезде мал басын өлім – жітімге ұшыратады.  

Аурудың жітілеу түрінде инкубациялық кезең 5-10 тәулік болады, ет 

қызбасы  4-6  тәулікке  созылады.  Клиникалық  белгілеріне  келетін  болсақ 

сол жіті түріндегі белгілер байқалады, малдар қатты арықтап аяқтарының 

салдануы белең алады, жүріс координациясы бұзылады. 

Аурудың  созылмалы  түрінде  дене  қызуы  болады  бірақ  тұрақсыз 

түрде  өтеді,  малдардың  тәбеті  нашарлауына  байланысты  арықтай 

бастайды,  орталық  жүйке  жүйесі  бұзылып  жас  төлдердің  өсіп  –  даму 

процессіне  әсер  етеді.  Токсоплазмоз  ауруын  тереңрек  зерттеген  көптеген 

ғалымдар  аталмыш  аурумен  ауырған  буаз  малдардың  арасында 

этиологиясы  белгісіз  қысыр  қалу  мен  іш  тастау  немесе  мутацияланған 

және  тіршілікке  қауқарсыз  өте  әлсіз  төлдердің  тууы  сияқты  жағдайларды 

байқаған.  Токсоплазмоз  ауруының  созылмалы  түріне  шалдыққан  малдар 

азып,  арықтап,  одан  алынатын  өнімнің  сапасы  мен  мөлшері  төмендеп 

азаяды. 

Аурудың  патогенезі  негізінен  жануарлардың  ағзасына  түскен 

токсоплазмалардың  қан,  лимфа  арқылы  барлық  мүшелерге  таралу 

процесіне  байланысты.  Инвазияның  жаңадан  пайда  болған  кезеңі  ағзада 

токсоплазм  трофозоиттарының  көбеюімен  және  ағза  мүшелерінің 

зақымдалуымен  сипатталады,  қоздырғыш  бөліп  шығарған  токсиндердің 

әсерінен орталық жүйке жүйесі мен ішкі мүшелердің қызметі мен құрлысы 

бұзылады.  Ауру  жіті  түрде  өткен  кезде  малдарда  өлімімен  аяқталады,  ал 

созылмалы  түрде  өткенде  трофозоиттар  көбейіп  цистаға  ауысады  да 

ағзаның  дәнекер,  жүйке  және  ет  ұлпаларына  ұзақ  уақыт  сақталады,  ауру 

қоздырғыштарын  тасымалдаушы  ретінде  және  осы  ауру  жануарлардан 

сыртқы қоршаған ортаға токсоплазмалар таралып отырады.  

   

 

 

 


 

11 


4. Жануарлар токсоплазмозын балау 

 

Токсоплазмоз  ауруына  қарсы  күрес  шараларын  ұйымдастырғанда 

негізінен  ауруды  дер  кезінде  анықтауға  байланысты.  Малдар  арасынан 

ауру  немесе  ауруға  күдікті  малдар  анықталған  кезде,  оларды  сау 

малдардан  дер  кезінде  оқшаулап  инвазияның  сыртқы  қоршаған  ортаға 

таралмауына жол бермеу басты мәселе. Аталмыш ауруды алдын ала балау 

жұмыстары  кешенді  түрде  жүргізіледі:  шаруашылықтың  індеттік 

жағдайын  зерттеуден  бастап,  аурудың  клиникалық  көрсеткіштері 

анықталып, зертханалық тексерулерден өткізіледі. 

Індеттанулық 

деректерді 

жинау 


кезінде 

токсоплазмоз 

қоздырғышының  биологиялық  қасиеттері  мен  ерекшеліктерін  ескеру 

керек.  Мысалы:  токсоплазмоз  қоздырғышының  табиғи  айналымда 

сақталуы,  ол  малдардың  қора-жайларында  кеміргіштердің  (тышқан, 

атжалман т.б.), үй жануарлары (ит пен мысық) салдарынан болуы мүмкін, 

токсоплазмоз  қоздырғышының  уыттылық  қасиеттерінің  өзгеріп  отыруы 

(авирулентті  түрінің  вирулентті  түрге  немесе  керсінше  ауысуы)  өз 

кезегінде әсерін тигізеді. Сонымен қатар, белгісіз себептердің нәтижесінде 

мал  арасында  бедеуліктің  белең  алып  –  еркек  малдардың  ұрықсыздануы, 

ұрғашы  малдардың  іш  тастауы,  төлдердің  өлі  туылуы  немесе 

мутацияланып  туылуы  сияқты  жағдайлар  орын  алған  кезде  індеттанулық 

деректер мен талдау жасалып жоғарыда келтірілген клиникалық белгілерге 

мән  берген  дұрыс.  Індеттанулық  және  клиникалық  тексеру  нәтижелері 

қосымша зертханалық тексерулермен толықтырылады. 

Зертханалық  тексерулер  арнайы  зертханаларды  паразитологиялық 

және иммунологиялық әдістерді қолдану арқылы екі бағытта жүргізіледі. 

Паразитологиялық әдістерде аурудан өлген малдардың ішкі ұлпалық 

ағзаларынан алынған зардапты сынамалардан токсоплазмоз қоздырғышын 

бөліп алу жатады. Залалды сынама ретінде өлген немесе лажсыз сойылған 

малдың  миы,  көзі,  ұлпалық  ағзалары  (бауыр,  бүйрек,  көкбауыр)  лимфа 

бездері,  мал  іш  тастаған  жағдайда  түсік  түгелімен  және  плацента 

сынамалары  зертханаға  жіберіледі.  Аталмыш  ішкі  ағзалардан  төсеніш 

шыныға жағынды дайындайды, оны бекітеді, Рамановский-Гимзе әдісімен 

бояп,  содан  кейін  микроскоп  көмегімен  осы  жағындыдан  токсоплазмоз 

қоздырғышын іздейді. 

Биологиялық  сынамалар  қою,  ол  жағдайда  аталған  ұлпалық 

ағзалардан  зертханалық  жануарларға  залалдандыру  арқылы  жүргізіледі. 

Залалды  сынамаларды  1:10  қатынаста  физиологиялық  ерітіндімен 

араластырып  езінді  дайындалады  да,  зертхана  жануарлары  (ақ  тышқан, 

теңіз  шошқасы  және  қоян)  тері  астына  немесе  құрсақ  қуысына  егіледі. 

Жұқтырылған  жануарлар  7  –  10  тәулік  бақылауда  болады.  Осы  уақыт 

аралығында  аурудың  клиникалық  белгілері  байқалса,  бақылауда  тұрған 

жануардың  біреуін  сойып,  оның  ішкі  ұлпалық  ағзаларынан  жағынды 

жасалады,  оны  жоғарыда  келтірілген  әдіспен  микроскоп  арқылы 

тексеріледі. Егер алғашқы пассажда токсоплазмоз қоздырғышы табылмаса, 



 

12 


онда осы зертхана жануарының ішкі ұлпалық ағзаларынан қайтадан езінді 

дайындалады  да  келесі  зертхана  жануарларының  тобына  егіледі, 

токсоплазмоз  қоздырғышы  бөлінгенше  осы  процедура  3  немесе  4  рет 

қайталау қажет (слепые пассажи). 

Паразитологиялық  әдістердің  көмегімен  жүргізілген  зерттеулер 

токсоплазмоз  қоздырғышын  микроскоп  арқылы  жағындыдан  тапқанда 

немесе  биологиялық  сынама  қойғанда  зертхана  жануарының  ұлпалық 

ағзасынан бөліп алғанда оң нәтиже алынды деп нақты балау қоюға болады, 

ал  егер  бұл  әдістермен  ештеңе  анықтауға  мүмкіншілік  болмағанда 

малдарды токсоплазмоздан сау деуге болмайды. Себебі қоздырғыш ағзада 

өсіп-көбейгенде 

олар 


әртүрлі 

токсиндер 

бөледі, 

оған 


қарсы 

макроорганизмде  аллерген  мен  антиденелер  түзіледі.  Сондықтан  қазіргі 

заман талабына  сай токсоплазмозды алдын ала балау үшін қолданылатын 

иммунологиялық әдістерді қолданудың маңызы зор. 

Токсоплазмоз  ауруын  балау  үшін  қазіргі  кезде  көптеген 

серологиялық  әдістер  (иммундық  флюоресценция,  тікелей  емес 

флюоресценция,  пассивті  гемагглютинация,  комплементті  байланыстыру, 

комплементті  ұзақ  байланыстыру  және  иммунды  ферментті  талдау) 

өндіріске  енгізіліп  қолданылуда.  Аталмыш  реакциялардың  ішінде 

кейбіреулерінің компоненттерінің өте қымбат болуы салдарынан және оны 

қоюға  арнайы  құрал-жабдықтың  қажет  етуіне  байланысты  өндірісте 

қолданылуға  мүмкіншілік  бола  бермейді.    Серологиялық  реакциялардың 

негізгі факторлары антиген көмегімен антиденелерді анықтау. 

Біздің  елімізде  кең  тарағаны  комплементті  байланыстыру  және 

комплементті  ұзақ  байланыстыру  реакциялары  (КБР,  КҰБР).  Аталмыш 

реакцияларды  қою  үшін  ветеринариялық  ғылыми-зерттеу  институтының 

паразитология 

зертханасында 

мал 

токсоплазмозын 



комплементті 

байланыстыру  реакциясымен  анықтауға  арналған  жиынтық  дайындалып 

өндіріске  енгізілді.  Жиынтық  құрамында  реакция  қоюға  қажетті 

токсоплазмоздық  антиген  және  бақылау  қан  сарысуы  (оң  және  теріс), 

қолдану нұсқауымен қамтылған.  

     


5. 

Ауыл 

шаруашылығындағы 

фермерлік 

және 

жеке 

қожалықтағы  малдардың  токсоплазмоз  індетімен  зарарлануына 

қарсы күрес шараларын ұйымдастыру 

 

Шаруашылықтарды  жұқпалы  инвазиялық  аурулардан  сақтандыру, 

алдын алу және оған қарсы күрес шараларын ұйымдастыру үшін аурудың 

індеттік  жағдайын  зерттеу  керек.  Індеттік  процесстің  дамуына  әртүрлі 

биологиялық  себептер  әсер  етеді,  ол  көбінесе  токсоплазма  мен  оны 

қабылдауға  бейім  ағзаның  күрделі  қарым  –  қатынасына  байланысты 

болады.  Токсоплазмоз  қоздырғышының  ағзада  өсіп-өнуі,  уыттылығының 

өзгеріп  отыруы,  сыртқы  қоршаған  ортада  сақталуы  сияқты  әртүрлі 

себептер  аурудың  малдардан  адамдарға  жұғуына  ықпал  ету  мүмкіндігін 

ескеру  қажет.  Сол  себепті  ауруды  дер  кезінде  балаудың  маңызы  зор. 



 

13 


Қазіргі заман талабына сай токсоплазмоз ауруының клиникалық белгілері 

пайда болмай тұрып, ертерек балау үшін ұсынылған бірнеше серологиялық 

әдістер (КБР, КҰБР, ПГАР және ИФТ) өндіріске енгізілген. 

Токсоплазмоз  ауруын  алдын  алуға  бағытталған  іс-шаралар  кешенді 

түрде  жүргізілуі  керек.  Аталмыш  індетке  қарсы  шаралар  жалпы  және 

арнайы болып екіге бөлінеді.  

Жалпы 

шараларға 



шаруашылықты 

ұйымдастыру 

және 

ветеринариялық  –  санитариялық  іс-шараларды  жүргізу,  сонымен  қатар 



малды  сапалы  әрі  құнарлы  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету,  суару 

гигиенасын сақтау және мал күтімін жақсарту сияқты жұмыстар кіреді. 



Малды азық – түлікпен қамтамасыз ету 

Шаруашылықтардағы  маңызды  іс-шаралардың  бірі,  ол  малдарды 

физиологиялық  толық  құнарлы  азықтармен  қамтамасыз  ету.  Ол  азықтың 

көлемі ғана емес, сонымен қатар сапасы да сай болуы керек, ағзаға қажетті 

ақуыз, көмірсулар, майлар, дәрумендер мен минаралды заттарда өте қажет.   

Ол  үшін  әрбір  фермерлік  немесе  жеке  шаруа  қожалықтары  адам  мен 

малдарға  өте  қауіпті  аурудан  таза  болуы  үшін,  мал  дәрігерлік  ережелерді 

қатаң  сақтауы  қажет.  Жануарлар  токсоплазмозына  қарсы  шараларды 

жүргізу  барысында,  малдардың  жеке  иелері,  оны  күтіп  бағатын 

қызметкерлер  және  мал  дәрігерлерінің  құқықтары  мен  міндеттері  ҚР  мал 

дәрігерлік заңында келтірілген талаптарымен сай жүргізілуі керек. 

Мемлекеттік мал дәрігері бақылау орындарының қызметтері: 

Қазақстан 



Республикасының 

мал 


дәрігерлік 

заңындағы 

ережелерінде,  шаруашылық-әкімшілік  шараларын  өткізу  және  жұқпалы 

инвазиялық аурулармен малдардың залалданбауын қадағалау. 

Заңды және жеке тұлғалардың алдындағы міндеттер: 

-  жануарлардың  токсоплазмозына  күдік  тудырған  жағдайларда 

жергілікті  мал  дәрігері  мамандарына  хабарлау,  аудандық  зертханаларға 

(күдікті ауру малдардың қан сарысуын, зардапты сынамалар) жіберу; 

- күдікті ауру малдарды отардан оқшаулап, серологиялық әдістермен 

қайталап тексеру, емдік шаралармен залалсыздандыру (дезинфекция және 

дератизация) жұмыстарын жүргізу; 

-  малдарды  жайылымда  топтастырғанда,  сояр  алдында,  сатқан 

жағдайда  немесе  сатып  алар  алдында  жергілікті  мал  дәрігерлік 

мамандарды  хабардар  етіп,  ол  малға  серологиялық  тексерістен  өткен 

құжаттарын талап етуге міндетті

- жаңадан әкелінген малдарды 30 тәулік карантинде оқшаулап ұстап, 

оларды  қадағалап,  токсоплазмозға  күдік  туған  жағдайда  2  рет 

серологиялық  тексеру  жүргізіледі.  Мал  дәрігерлік  бақылау  орындарының 

толық  рұқсаты  берілген  жағдайда  ғана,  өның  өнімі  таратылуға  және 

малдардың табынына қосуға рұқсат етіледі. 

Мал дәрігерлік мамандардың міндеттері: 

-  малдардың  токсоплазмозына  қарсы  шараларды  ұйымдастыру  және 

қадағалау; 

- малдарды 30 тәулік карантинде ұстағанда, токсоплазмозға тексеру; 



 

14 


-  малды  күтіп    бағушыларды  токсоплазм  ауруынан  сақтану  үшін 

алдын  алу  шаралары  туралы  семинарлар,  дәрістер,  тренингтер  өткізіп, 

жергілікті аумақтық медицина қызметкерлерімен мәліметтер алмастыру; 

-  тосоплазмозбен  адамдар  ауырған  жағдайда,  ауыл  шаруашылық 

малдарын тексерістен өткізу, адамдарға жұғу көздерімен таралу жолдарын 

анықтап, індеттанулық бақылау жүргізу; 

-  токсоплазмоз  ауруы  шыққан  шаруашылықтағы  малдарды  күтіп 

бағушыларға,  өздерінің  жеке  басының  гигиенасын  қатаң  сақтап,  жылдық 

медициналық бақылаудан өтуге міндетті. 

Осы  аталған  талаптар  мен  шараларды  қатаң  сақтап,  іс-шараларды 

уақытында жүргізгенде ғана, токсоплазма ауруының таралу көзін анықтап, 

кешенді ұйымдастыру арқылы, аталмыш ауру ошағын жоюға қол жеткізуге 

болады. 

Токсоплазмоз ауруының алдын алу үшін жүргізілетін шаралар:  

Індетке  қарсы  жүргізілетін  шаралар  кешенді  түрде  және 

шаруашылықтағы  малдар  мен  мал  бағатын  адамдарды  қорғауға 

бағытталады.  Ауру  қоздырғышының  таралу  сатысын  жою  үшін  алдымен 

індет  ошағын  табу  қажет,  одан  кейін  мал  қораларын  дезинфекциялап, 

дератизациялау кіреді. 

Дезинфекцияның екі түрі болады: сақтық және лажсыз. 

Індеттен  сақтануға  бағытталған  шаралардың  ішінде  сақтық 

дезинфекциясы мен дератизациясының маңызы зор. Алдымен дератизация 

жасалады,  кеміргіштердің  өлекселерін  жинап  алғаннан  кейін  толық 

дезинфекция  жүргізіледі.  Дезинфекцияның  бұл  түрінде  антипаразиттік 

әсері  мол  ылғалды  дезинфектанттар  қоданылған  тиімді.  Дезинфекция 

жасалған  мал  қоралары  мен  жем,  су  астау  науалары  дезинфекция 

қалдықтарынан  толық  тазаланып  жуылады  және  әбден  желдетіліп 

кептірілгеннен  кейін  ғана  мал  қораға  жіберіледі.  Сонымен  қатар  сақтық 

дезинфекциясы  шаруашылыққа  жаңадан  мал  әкелінген  жағдайда  да 

жүргізілуі қажет. 

Дезинфекцияның екінші түрі  лажсыз, ол өз кезегінде екіге бөлінеді. 

Біріншісі  тежеу  дезинфекциясы,  ол  ауру  байқалған  уақыттан  бастап 

жүргізіледі  де  ауру  ошағын  жоюға  бағытталады.  Оған  күдікті  деген  мал 

тұрған  қорадан  бастап  барлық  құрал-жабдықтар,  төсеніш  сабан, 

малшылардың жұмыс киімдері мен аяқ киімдері, қоқыстар мен нәжіс көң 

дезинфекцияланады.  Лажсыздың  екінші  түрі  қорытынды  дезинфекция, 

бұнда  ауру  қоздырғышын  жоюдың  соңғы  кезеңі,  онда  да  жоғарыда 

жүргізілген  жұмыстар  толығымен  қамтылады.мал  қорасына  санитарлық 

жөндеу жұмыстары жүргізіледі, қабырғалары әктеледі. 

Ветеринария  саласында  негізінен  химиялық  дезинфектанттар 

қолданылады, оған мыналар жатады. 

Күйдіргіш  натрий  –  тазартылмаған  техникалық  дәрмек  –  каустика 

содасы  қолданылады,  құрамында  92-95%  кұйдіргіш  натр,  ас  тұзы  және 

сода болады, 2-3%-дық ыстық ерітінді түрінде қолданылады. 


 

15 


Кальцийленген  немесе  көмірқышқыл  содасы  –  өндірісте  кеңінен 

тараған, 2-4%-дық ыстық судағы ерітінді түрінде қолданылады. 

Формалин  –  формальдегиттің  35-40%-дық  судағы  ерітіндісі,  иісі 

өткір,  түссіз  улы  зат,  ерекше  қасиеті  8-16%  формальдегиттің  судағы 

ерітіндісі  қыздырған  кезде  буға  айналып,  ауаны  да  дезинфекциялайды. 

Сонымен қатар хлорамин, сөндірілген әк қолданылады. 

Сыртқы ортада жиі кездесетін токсоплазмалардың резервуарлық иесі 

болып  келетін  кеміргіштермен  күресудің  де  маңызы  зор.  Оларды  көбіне 

химиялық  жолмен  жою  үшін  жемге  қосылған  улы  химикаттар 

қолданылады.  Тиімділеріне  мыналар  жатады  Ракулин,  Ланират,  Эндан-

дуст, парафин-воск блоктарының дәнді дақылдармен қосындысы. 

Токсоплазмоздан  сақтану  үшін  ветеринариялық-санитариялық 

кешенді  шаралар  қатарына  малдарды  ұрықтандыру  алдында  және 

жоспарлы  түрде  өткізілетін  емдік-сауықтыру  шаралары  кезінде  жылына 

бір  рет  серологиялық  тексеруден  өткізу  қажет    және  мал  шаруашылығы 

мамандарын,  ет  комбинаты  мен  ет  өндіру  цехтарының  және  мал  сою 

орындарындағы  жұмысшылар  арасында  токсоплазмоз  ауруының  зардабы 

туралы  семинарлар,  дәрістер  мен  насихат  түсінік  жұмыстарын  жүргізу 

керек. 

Токсоплазмоз  індетінің  ошағы  белгілі  болған  кезде  оған  қарсы 



жүргізілетін шараларға мыналар кіреді: 

- ауру және ауруға күдікті малдарды оқшаулап, бөлек ұстау қажет

-  ауру  шыққан  жердегі  малдардың  қан  сарысуын  қайталап 

серологиялық тексерістен өткізу керек;       

-  ауру  малдар  союға  жіберіледі,  өте  құнды  малдар  бөлек  ұсталып 

емдеу жұмыстары жүргізіледі; 

- өлген немесе лажсыз сойылған малдардың өлекселері өртеледі; 

-  ауру  шыққан  жерге  үй  жануарлары  (ит  пен  мысық)  жүрмеуін 

қадағалау, олардың өлген мал өлекселері мен ішкі ағзаларын жегізбеу; 

-  мамандар  мен  малшылар  жеке  бастың  гигиенасын  қатау  сақтауы 

керек,  ауру  малдар  мен  жұмыс  істегенде  резеңке  қолғаптар  пайдалану 

қажет; 


-  сауықтыру  шаралары  уақытылы  жүргізілуі  тиіс  сонымен  қатар 

ветеринариялық  және  санитарлық  –  эпидемиологиялық  бақылау 

орындарына хабарлау керек; 

-  шаруашылықта  қосымша  терісі  бағалы  аңдар,  қояндар  және  де  ит 

пен мысықтар болған жағдайда індеттің алдын алу үшін тірі салмағына 12 

мг/кг мөлшерінде 7 тәулік химкокцид беру керек. 

Ауру малды емдеу қажет болған жағдайда пиримидин тобының және 

сульфаниламид  препараттары  симптоматикалық  дәрі-дәрмектермен  бірге 

кешенді  түрде  қолданылады.  Қосымша    фоли  қышқылы  мен  В-

дәрумендерін қолданған жақсы нәтиже береді.    



 

      


 

 

16 


 

Қосымша 

 

 

 



 

 

 



«ҚазҒЗВИ» ЖШС «ҚазАгроИнновация» АҚ 

 

Мекен жайы: 050016, Алматы, қ. Райымбек, даң. 223, 



 

Факс 233 – 72 – 71, 397 – 87 – 17,  



 

e-mail: kaznivialmaty@mail.ru 

 

паразитология зертханасы, т. 233 – 72 – 64. 



 

Паразитология  зертханасының  ұжымы  жануарлардың  токсоплазмоз 

ауруының  алдын  алу,  балау  және  күрес  шараларына  қатысты  көмек 

сұраған шаруашылықтарға, фермерлерге және жеке шаруа қожалықтарына 

семинар, ғылыми кеңес беріп өткізуге дайын екенін жеткізеді. 

 

 



 

 

 



Методическая рекомендация 

 

«Профилактика,  диагностика  и  меры  борьбы  при  токсоплазмозе 



животных» 

 

 



В  рекомендации приведены  данные  о  распространении  возбудителя 

токсоплазмоза животных, клинические признаки заболевания, диагностика 

и меры борьбы с ним.   

 

  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал