70
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №3(133).2011
зерттеушісі Г.К. Ихсангалиева прецедентті мә-
тіндердің трансформациялану тәсілдерін кван-
титативтік және квалитативтік және аралас түр-
лерге бөледі. Бірінші түрінде прецеденттік мәтін
құралымындағы бір сөйлем басқа сөздермен
алмастырылады немесе оған басқа сөз енгізіледі.
Екінші тәсіл бойынша, прецеденттік мәтіндегі
тұтас сөз емес, оның бір бөлшегі, яғни форма
немесе бірлі-жарым әріп өзгертіледі, аралас
тәсілде осы аталмыш тәсілдер алма-кезек қол-
данылады [3] .
Оқырман қауымға бұрыннан таныс мәтін-
дерден алынып, өзгеріссіз немесе өзгертіліп
(трансформацияланып) қолданылатын дәйек-
сөздер мәтінде белгілі бір астарлы мән тудырып,
онда баяндалатын оқиғаға қандай да бір баға
береді. Әсіресе әдеби шығармалардан алынған
мәтіндер қазіргі қазақ газеттерінде жиі қолда-
нылады деуге болады. Мысалы, «Бандыны қуған
Хамиттер қайда»? (Егемен Қазақстан, 26.03.04)
(С.Сейфуллиннің «Бандыны қуған Хамит» пове-
сінен). Қабдеш, «қайда барасың?» (Жас Алаш,
03.08.06, Б.Нұржекеұлының мақаласы). («Керей
қайда барасың?» деген жырау толғауынан) «Ба-
ға, қайда барасың? < «...Аягөз қайда барасың?»,
Бұқар жырау> (Алма Мұхамеджанова, Айқын,
№82, 13.05.2010)т.б.
Келтірілген мысалдардан көрініп отырған-
дай, газет мәтіндеріндегі тақырапаттар негізінен
көркем әдебиеттен трансформацияланған. Оқыр-
манға бұрыннан белгілі, үйреншікті нәрсенің
өзгеріп кетуі, күтпеген, оқыс құбылыстар праг-
матикалық әсер туғызып, газет мәтінінің қабыл-
дану қарқындылығын күшейте түседі.
Қазіргі қазақ баспасөзінде оқырманның
назарын аудартып, мақаланы оқып шығуға
«мәжбүр ету» мақсатымен осы сияқты ұлттық
танымды көрсететін, эмоционалдық бояуы қа-
нық, бедерлі оралымдарды қолдануға ұмтылыс
дәстүрге айналып келе жатқаны байқалады.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.»
(Зура Есімсейітова, Е.Қ. 01.09.2010).
«Жалғанды жалпағынан баспақ еді...»
(Ш.Қ.О ІІД баспасөз қызметі)
«Бетіміз қисық болса, айнаны неге жазғы-
рамыз?» (Қуанбек Боқаев, А.Т. №28, 15-21 шіл-
де, 2010ж)
Тілімізде бұрыннан бар, көпшілікке белгілі
тіркестердің ешбір өзгеріссіз, бастапқы қалпын-
да алынып, тақырыпат ретінде жұмсалуы қазақ
баспасөзінде жиі кездеседі. Мысалы: «Сабыр
түбі – сары алтын» (Оңдасын Елубай, Е.Қ.
29.09.2010). «Тас түскен жеріне ауыр» (Ж.А.,
07.07.099), «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді»
(Е.Қ., 20.02.09), «Бөлінгенді бөрі жейді» (Е.Қ.,
18.05.09), «Алмас қылыш қын түбінде жат-
пайды» (А.Т., 26.05.09), «Кел демек бар, кет де-
мек жоқ» (Е. Қ., 22.06.09), «Күшік асырап ит
еттім, ол балтырымды қанатты» (Ж.А., 27.04.09),
«Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» (Ж.А.,
29.05.09), «Жел соқпаса шөптің басы қимыл-
дамайды» (Ж.А., 10.01.04), «Сауда сақал сипа-
ғанша» (Ж. А., 14.02.09), «Бір құмалақ бір қарын
майды шірітеді» (Ж.А., 22.01.09), «Жақсы әке –
жаман балаға қырық жыл азық» (Ж.А., 02.03.09)
т.б. Бұлардың барлығында көпшілікке бұрыннан
белгілі тіркестер өзгеріссіз қайталанған. Осын-
дай дәстүрлі қолданыстардың ішінде ғылымның
басқа салаларынан алынған ережелер де тақы-
рыпат ретінде жұмсалғаны байқалады.
Енді көп жылдар бойы сөйлеу тілін тара-
тушыда орын алатын классикалық әдеби дәйек-
сөздердің қолданысына назар аударсақ.
«Аңдамай сөйлеген...» <Аңдамай сөйлеген
ауырмай өледі> (Мұрат абайұлы, А.Т., №4, 28-
қаңтар – 3-ақпан, 2010ж)
«Баяғы жартас – бір жартас» (Оңдаш Жаң-
бырбаев, А.Т., №5, 4-10 ақпан, 2010ж)
«Жақсының жақсылығын айт..» <Жақсының
жақсылығын айт – нұры тасысын> (А.Қаби,
А.Т.)
«Аягөзде той өтті тұрқы бөлек» (Жандос
Дайырбаев, дидар, №116, 21.06.2010)
«Тіл кеспек жоқ..» < Бас кеспек болса да, тіл
кеспек жоқ> (Боранхан Бөкен, Айқын, №75,
30.04.2010)
«Сезікті секіреді» (Асыл Нұрбек, Айқын,
№78, 06.05.2010)
«Ырыс, қайда барасың? Ынтымаққа бара-
мын» (Ералы Тоғжанов, Айқын, №76, 01.05.2010).
Газет беттерінде мақал-мәтелдердің басты рөл
атқаруы бекер емес, себебі замандас тілін байы-
туға қабілетті мақал-мәтелдер халық даналығын
сақтайды. Халықтың барлық жақсы шығарма-
шылық қуаты мақалдарда бекітілген, сол себепті
журналисттер бұл реттегі нақыл сөздерге жиі
жүгінеді. Авторлар оқырманның мәлімет беру
сеніміне қарай белгілі алмастырылған мақал-
дарды жүзеге асырады, оларды тану қиындыққа
соқпайды және есте оңай сақталады.
Сонымен, біз газет материалдарын қарас-
тыра отырып фразеологизмдердің сол қалпында
және автор тарапынан өзгеріске ұшырай отырып
қолданылғанына көз жеткіздік.
Автордың халыққа белгілі фразеологиялық
бірліктерді сол күйінде қолданбай, өзгертіп,
түрлендіруге ұмтылуы мынадай мақсаттардан
туындайтынын анықтадық:
1. Мақалаға адресат назарын бірден ауда-
рып, оның материалды оқып шығуына түрткі болу;
|