Б. Т. Каримова, Ж. Б. Әсетова Қазіргі қазақ ресми баспасөзіндегі медиа-мәтін сипаты



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата23.02.2022
өлшемі1,12 Mb.
#26237
1   2   3   4   5
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №3(133).2011                                                                         

   71 

 

2.  Аудиторияға  бұрыннан  таныс  фразеоло-

гиялық  бірліктерді  қолдану  арқылы  адресат 

санасында  туындайтын  әртүрлі  ассоциациялар 

негізінде  материалдың  тез  қабылданып,  жеңіл 

түсінілуіне қол жеткізу; 

3.  Трансформацияланған  фразеологизмдерге 

негіз  болған  пресуппозиция  арқылы  оқырман 

көңіл-күйіне  әсер  ету.  Бұл – тақырыпаттардың 

әсер ету қызметінің экспрессивті қыры. 

Әдеби  сөйлеудің  мәнерлі  және  бейнелі 

амалдарының бірі ретіндегі қанатты сөздер.  

«Тәрбие – талбесіктен..» (Айса  Хамзеұлы, 

А.Т. №24 24-30 маусым, 2010ж) 

«Кеңесіп пішкен тон келте болмас» (Қайнар 

Дәукен, А.Т. №37, 16-22 қыркүйек, 2010ж) 

Талдау, сындарлы ойлау тұрғысынан жазыл-

ған газет мақалаларының тақырыпаттары нақты, 

анық мәнді болмайды. Оларды құрайтын сөздер 

мен  тіркестер  көбінесе  ауыспалы  мағынада 

жұмсалады, оларда қолданылған стилистикалық 

тәсілдер  тұтас  мәтін  көмегімен  немесе  оның 

жеке  бір  үзігі  арқылы  айқындалып  түсініледі. 

Мұндай  тақырыпаттар  негізінен  аялық  білімдер 

пресуппозициясына  сүйенеді.  Оларда  қатталған 

ақпаратты  түсіну  үшін  адресат  аса  бай  мәде-

ниеттен хабардар болуы тиіс. Тақырыпаттардың 

адресатқа  жақсы  таныс,  белгілі  өлең  жолда-

рынан  алынуы  оны  жаңаша  коннотациялармен 

байытады,  оқырман  қауымға  тигізетін  әсерін 

ерекше  күшейтеді.  Жырлардағы  «қағидалық» 

және  «өзгертілген»  түрдегі  фразалар  мен  олар-

дың атаулары: 

«Болар елдің баласы..» < Болар елдің баласы 

он  бесінде  баспын  дер> (Қаншайым  Байдәу-

летова, Айқын, №67, 20.04.2010) 

«Көктем  келді  дегенше,  кене  келді  десең-

ші..» < Жақсы  келді  дегенше,  жырық  келді  де-

сеңші> (Нұрболат  Аманжол,  Айқын,  №52, 

30.03.2010) 

«Апат айтып келмейді» (Еркін Қаладан, Ай-

қын, №59 ,08.04.2010). 

Адамдық  болмысының  барлық  нәрселеріне 

қатысты мақал-мәтелдер. Мысалы,  «Баяғы жар-

тас – бір  жартас» (Оңдаш  Жаңбырбаев,  А.Т., 

№5, 4-10 ақпан, 2010ж) 

Газет  тақырыпаттарында  белгілі  әндердің, 

әнұранның,  эстрадалық  туындылардың  аттары-

на  қатысты  аллюзиялар  жиі  кездеседі,  яғни 

халыққа  танымал  әндерден  алынған  мәтіндер. 

Мысалы, 


«Той  басталды  Отырырда,  сырдың  сұлу 

бойында..» <»Отырар сазы» әнінен> (А.Т. №37, 

16-22 қыркүйек, 2010ж) 

«Соғады  жүрек..»<М.  Мақатаев  өдеңінен> 

(А.Қаби, А.Т., №4, 28-қаңтар – 3-ақпан, 2010ж) 

«Іленің  арғы  жағы,  бергі  жағы..»< «Арғы 

жағы  Еділдің,  бергі  жағы...»> (Жетісу  газетінің 

бас  редакторы  Ж.Нұрғожаев  пен  ақын  С.Има-

насовтың  әңгімесі,  А.Т.,  №10, 11-18 наурыз, 

2010ж) 


«Әрқашан күн  сөнбесін!» < > (Сәуле Әбділ-

аханқызы, Айқын, №76, 01.05.2010) 

«Қайран  менің  жүрегім,  жас  жүрегім..» < 

«Қайран  менің  жүрегім»  МузАрт  тобының 

орындауында> 

«Бозторғай, шырылдайсың жерге түспей..» < 

Кенен  Әзірбаевтің  «Бозторғай»  әні>  (Бағлан 

Бәбіжан, Айқын №100, 8-маусым, 2010ж) 

«Нағыз  қазақ  осы  міне,  танып  қой!» < 

«Қазақ  осы»  Қадыр  мырза  Әли> (Жомарт 

Молдахметұлы, Айқын, №102, 10.06.2010) 

«Жол жаққа қараймын..» < «Кешікпей келем 

деп  ең...»> (Мира  Берікболова,  Айқын  №15, 

30.01.2010) 

«Түсімде  де  жүрмін  мен,  аппақ  гүлдер 

ұсынып...» < «...Түсімде  де  жүрсің  сен,  аппақ 

гүлдер  ұсынып», «Аппақ  гүлдер»  әнінен>  

(Нұрболат Аманжол, айқын, №46, 17.03.2010) 

«Жоқсың  сен,  қайдасың?..» < «Қайдасың?» 

әні> (Қаншайым  Байдәулетова,  Айқын,  №59, 

08.04.2010) 

«Ауа  райы  ма  жақпаған?..» < «Көршінің 

қызы» әні> (Шалқар Естен, А) 

Халық  көңілін  бірден  өзіне  тартатын  қуатқа 

ие қолданыстар. Себебі  әндер көпшілік қауым-

ның  сүйіп  тыңдайтын  туындыларынан  алынған 

материалдар. Автордың «Кім айтты саған көлік-

тер  жүзбейді  деп?» < «...Кім  айтты  саған  тұл-

парды  сүрінбейді  деп...»  М.  Шаханов> (Нұр-

болат  Аманжол,  Айқын,  №48, 19.03.2010) «А» 

дегеніміз – ақша, «Ә»  дегеніміз – әлеуметтік 

жағдай... < «А дегеніміз – алма, «ә» дегеніміз – 

әтеш...> (Нұрболат  Аманжол,  Айқын,  №84, 

15.05.2010)  деген  таңдауларының  да  стильдік 

қызметі айырықша. 

Автор өзінің субъективті көзқарасын білдіру 

үшін  қарама-қарсы  ұғымдарды  еркін  пайда-

ланып, оларды біріктіруге де талаптанады. Оның 

бір көрінісін бүгінгі газет мәтіндері тақырыпат-

тарындағы  мағыналық  оппозициядан  байқай-

мыз.  Мысалы, «Кет  дегенде...  Ал  Шторк  әлі 

отыр». (Д.Қ., 20.09.2010) . Назар  салсақ,  бірін-

шіден  «ит»  деген  «құрметті»  атауға  ие  болған 

қандай «мырза» деген ой қалыптасса, «ит құрлы 

жоқ  не  деген  адам»  немесе  қандай  қылығы  ар-

қылы  сүйкімсіз  болып  отыр  т.б.  ой  оқырман- 

ды  жетектейді.  Шебер  журналист  баяндағалы 

отырған  оқиғасымен  тақырыбы  арқылы  ертіп 

әкете алған.    





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет