Б. Т. Каримова, Ж. Б. Әсетова Қазіргі қазақ ресми баспасөзіндегі медиа-мәтін сипаты



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата23.02.2022
өлшемі1,12 Mb.
#26237
1   2   3   4   5
Байланысты:
1122-1-2165-1-10-20151008

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №3(133).2011                                                                          

  73 

 

телебағдарламалардың  атаулары,  әйгілі  теле 

және  кинофильмдердің  атаулары,  әйгілі  кино-

фильмдерден  алынған  фразалар  және  негізгі 

кейіпкердің бейнесі. 

«Аргументы и факты Казахстан», «Караван», 

«Капитал», «Я  покупатель  и  собственник»  атты 

қазақстандық  мерзімді  басылымдардан  медиа-

мәтіннің  жүргізілген  талдауы,  газеттік  мақа-

лалардың  авторлары  медиа-мәтіннің  бірінші 

түріне қалай көңіл бөлсе, медиа-мәтіннің екінші 

түріне де солай көңіл бөлінуі көрсетілген. Бірақ 

бірінші  түрді  қолдану,  яғни  орыс  классика- 

лық  туындылардан,  мақалдардан,  мәтелдерден 

дәйексөз  алу  белгіленген  ақпараттың  қосымша 

тартымдылығын  тудырады,  оқырмандардың 

эмоциональді  қанағаттануын  қамтамасыз  етеді. 

Себебі  оқырманға  өзінің  білгірлігі  мен  білім-

дарлығына,  әдеби  білім  байлығына  сүйенуге 

тура келеді.  

Қазақстан журналистері Аргументы и факты 

Казахстан», «Караван», «Капитал», «Я  покупа-

тель и собственник» атты қазақстандық мерзімді 

басылымдарда  ұлы  орыс  жазушыларының  шы-

ғармашылығына  жүгіне  отырып,  орыс  классик-

тердің алтын қорын жиі қолдануын басшылыққа 

алғандығын  байқауға    болады.  Қазақстандық 

газет беттерінде Н.В.Гогольдің, И.А.Крыловтың, 

В.В.Маяковскийдің,  А.С.Пушкиннің,  М.Ю.Лер-

монтовтың  туындыларына  маңызды  көңіл  бө-

лінеді. Ал  «Егеменді Қазақстан», «Ана тілі» т.б 

газеттерде  ауыз  әдебиеті  мен  қазақ  ақындары-

ның  афоризмдеріне,  мақал-мәтелдер  мен  фра-

зеологизмдерге сүйенгендігін байқаймыз. 

Екінші  түрдегі  медиа-мәтінге  жүгіну  жет-

кілікті  әсерлі  және  дәлелді,  бұл  белгіленген  ақ-

паратты замандас оқырманның оңай қабылдауы-

на, түсінуіне мүмкіндік береді. Себебі теледидар 

мен  БАҚ  бір-бірімен  тікелей  байланысты  және 

біздің  заманымызда  негізгі  ақпараттық  көздер 

болып  табылады.  Журналисттердің  ауызша 

сөйлеу шеберлігі мен кәсібилілігін басшылыққа 

ала  отырып,  медиа-мәтінді  апелляциялау – 

интеллектуалды  дамудың  және  олардың  өзіндік 

білгірлігінің кқрсеткіші болып табылады. 

Медиа-мәтін  авторларының  жас  ерекшелік-

тері  үлкен  мәнге  ие,  себебі  бұлардың  көпшілігі 

өзіндік  тәжірибеге,  ұлттық-мәдени  ойлауға 

негізделеді. Уақыт пен әлеуметтік жағдайлар да 

маңызды  рөл  атқарады.  Егер  мақалалардың 

авторы  тым  үлкен  жаста  болса,  онда  жаңғырту, 

мысалы  кеңес  уақытындағы  жырлардың  дәйек-

сөздері  қисынсыз  болады.  Аудиториядағы  жас-

тар  үшін  бұл  түсініксіз  болуы  мүмкін,  себебі 

көрсетілген автордың жағдайын медиа-мәтінмен 

сәйкестендіргенде  түсінбеушілік  пен  қиыншы-

лық туындайды.  

Нақ сол себептен көптеген авторлар жас пен 

тәжірибеге  тәуелсіз  қазіргі  заманғы  әндерді, 

фильмдерді қолдануға тырысады, бұл жас оқыр-

мандарды  қызықтыра  түседі.  Бұл  феномендерді 

қолданғанда  жастардың  белгілі  бір  нәрсеге 

ықыласын қамтамасыз ету керек, сонымен қатар 

жастардың  бүгінгі  бұқаралық  мәдениетке  қа-

тысуын қамтамасыз ету керек. 

Сонымен,  соңғы  жылдардағы  қазақ  газет-

терінде мәтіндерге тақырыпаттар қоюда штамп, 

стандарт  сияқты  таптаурындардан  бас  тартып, 

бұрыннан  белгілі  формаларды  өзгертіп,  түр-

лендіру, жаңаша үлгіде жасалған қолданыстарға 

ұмтылу  үрдісі  байқалады.  Әсіресе,  сөз  мәйегі 

саналатын  мақал-мәтелдерден,  фольклорлық 

шығармалардан  алынған  қайталанбалы  дайын 

үлгілер,  жыраулар  мен  ақындардың,  классик 

жазушылардың  көпшілікке  белгілі  шығарма-

ларынан, басқа да көркем туындылардан, (кино-

фильмдер, әндер т.б.) алынған атаулар мен үзін-

ділерді, өлең жолдарын тақырыпат ретінде қол-

дану бүгінгі журналистер қауымы үшін дәстүрге 

айналғандай. 

Сонымен  бүгінгі  қазақ  баспасөзінде  кеңінен 

қолданылып жүрген медиа-мәтіндерге  қатысты 

мынадай тұжырымдар жасауға болады:  

-  біріншіден,  олар  автордың  позициясын 

көрсетеді,  яғни  өзі  көтеріп  отырған  проблемаға 

журналистің  қандай  баға  беретіні  көпшілікке 

бұрыннан  таныс  мәтіндер  мазмұны  арқылы 

меңзеледі; 

-  екіншіден,  адресант  пен  адресаттың  ара-

сын  жалғайтын  көпір  рөлін  атқарады,  яғни  бір 

тілдік  ұжымда,  мәдениетте  қалыптасып  орнық-

қан  коннотациялық  мәнге  ие  тақырыпаттар 

газет  мәтінін  өзге  материалдардан  айрықшалап 

тұратын  прагматикалық  қарқындандырушылар 

қызметін де атқарады; 

-  үшіншіден, өзін қолданған автордың дара-

лығын  танытып,  журналистің  жаңашылдыққа 

ұмтылысын көрсетеді. 

_____________ 

1.  Лихачев  А.  Газетный  заголовок  и  текст:  компози-

ционные  ресурсы  выразительности // Эффективность  прессы: 

вопросы  методики,  теории  и практики. – Свердловск:  изд. 

УрГПУ, 1989. – С.131-139 

2.  Караулов  Ю.Н.  Семантический  гештальт  ассоциа-

тивного поля и образы сознания // Языковое сознание. Со-

держание и функционирование. – М., 2000. - С. 107-109 

3.  Ихсангалиева Г.К. Газетный заголовок. 

4.  Серғалиев М. Стилистика негіздері. –Астана, 2006. - 

272 б. 

* * * 


В  статье  анализируются  источники  появления  заго-

ловков  публикаций  в  казахскоязычных  СМИ  прецедент-



ного характера. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет