Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1(81), 2020
99
студенттер үшін орындалуы тиіс оқыту рәсімдерін түсіндіреді; ә) студенттер бөлінген өз жұмыстарының
қысқа әңгімелерін оқиды, бұл ретте оқу материалына қатысты сұрақтарды атап өтеді; б) студенттер
тақырып пен оның бөліктеріне сәйкес сипаттама мәтінінің мазмұнын салыстырады; в) оқушылар
басқарылатын мәнерде сипаттама мәтінінің сипаттамалары мен құрылымына сәйкес сипаттама мәтіні
туралы мәліметтер жазады; г) студенттер өз жұмыстарының
нәтижелерін тәуелсіз ұсынады; ғ)
оқытушылар мен студенттер осы күні қалай оқығандығы туралы қорытындылайды. Нәтижесін қарасақ,
әңгімелерді оқыту барысы қазақ әдебиетінде де Блум таксономиясы негізінде оқытылып жатқандығына
мән береміз. Технология мен әдіс бір болғанымен әңгімелерді оқытуда ұлттық мәселелерге көңіл бөлу
маңыздырақ. Салыстырмалы түрде зерттелген тақырып ұқсастығымен, алшақтығымен ерекшеленеді.
Көрнекті жазушы Ә.Кекілбаев әңгімелерін оқыту, мәтінмен жұмыс істеу барысы жоғары оқу
орнындағы білім берудің жоспарына сәйкес жүргізіліп отырғандығы байқалады. Қаламгердің романдары
біршама ауқымды зерттелген, қарастырылған. Рухани құндылықтарға толы әңгімелері ұлттық таным,
ұлттық болмыс тұрғысынан зерттелу маңызды мәселелердің бірі. Әңгімелерді талдауда Блум жүйесі
бойынша сын тұрғысынан ойлау технологиясындағы әдістермен оқыту және диалогтық оқыту тиімділігін
көрсетіп отыр.
Қаламгер Ә.Кекілбаев әңгімелері
білім алушылардың пәндік, ақпараттық, коммуникативтік,
әлеуметтік, кәсіби т.б. құзыреттіліктерін дамытуда мол үлес қосты. Құзыреттілік нәтиже ретінде адамның
меңгерген ақпараттары ғана емес, ол – тәрбие. Білім, тәжірибе, іскерлік үйлесім тапқанда құзыреттілік
қалыптасады. Құзыреттілік теориялық білім мен практикалық тәжірибені бір міндеттерді орындауға
қабілеттігін жүзеге асырғанда көрінеді. Оны жеке тұлғаны танымға, ойлауға, әрекетке, шешім қабылдауға,
нәтиже көрсетуге, ұтымды түзетулер енгізуге, талдауға икемділігінің белсенділігінен көреміз. Білім беру
саласында құзыреттілік әсіресе, мәтін талдау саласында едәуір тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Сәйкесінше, мақсатымыз да жазушы шығармаларын оқыту, талдау, үйрету, дамыту арқылы білім
алушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу және ол бүгінгі
күннің талабы. Қаламгердің әдеби мұрасы арқылы білім алушыларды өз ана
тіліне құрметпен қарауға,
қазақтың әдебиеті мен мәдениетін қолдауға, сауаттылыққа, рухани мұраны сақтауға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: