Б. Т. Панзабек 1, Р. З. Зайкенова



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата25.11.2023
өлшемі2,28 Mb.
#126141
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
kekilbaev-gimelerini-k-rkemdik-palitrasy

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1(81), 2020 
97
жартыкеш, аяғының астында жарқырап жатқан айдын көл де жартыкеш, бұрын қанша шапса да шегіне 
шыға алмайтынбайтақ әлем де жартыкеш, тіпті қыбыр-қыбыр жүрісі де, өмір емес, жай әншейін жартыкеш 
жанбағыс, итшілеген құр әуре-сарсаң. Содан бері бұл кімнің тақымына түспеді! Ең әуелі бір егінші мінді. 
Сосын қорықшы мініп, мал қайырды. Шикі кірпіш соғатындарға саз балшық басып та көрді. Ең соңында 
почта тасып еді, почташы жуырда осы ауылдың тұсынан өтіп бара жатып, жол-жөнекей машинаға отырып, 
бұны тастап кетті. Қайтып соққан жоқ. Шамасы, басқа көлік тапқан шығар” [4; 21]. Бұл жерде автор 
адамзат баласының қолында билік, бойында өнер, мансабы бар кезде ғана абыройлы болып, қауқарсыз 
қартайған шағында оны керексіз қылатын пендешілік әрекеттерді сынай жазады. Бір сәйгүліктің ішкі ой 
иірімдері арқылы үлкен философиялық ой толғайды. Автор шығармасының қайсысын алсақ та ішкі 
монологтар арқылы кейіпкер психологиясын ашуға тырысады. Сонымен бірге ұлттық болмыс та қай 
туындысынан нақты белгілі болып тұрады. Киіз үйдің ішін суреттеген қаламгер қазақ халқының бүкіл 
тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, мәселен, қымыздың сабадағы пісілген дауысын, қозы сойылып, қазанға 
түсуін, домбыра үнін беруі этномәдени ақпарат кеңістігінен хабар береді. Этномәдени ақпаратты тілдік 
бірліктер, ұлттық бірегейлік, ұлттық шаблондар, ұлттық стереотип т.б. құрайды. Автор әңгіме 
атауларының өзінен де оқырманға әсер ету, ұлттық кодын ояту мәселесін де ұмыт қалдырмайды. 
«Көлденең көк атты» атты әңгімесінің атауы тұрақты сөз тіркесі болғанымен, мұнда ұлттық ұғым 
қалыптастырып, этномәдени маркерлік деңгейге көтеріліп тұр. Аталған сөз қазақтан өзге ұлт түсінбесі 
анық. Автор шеберлігін бұл тұста атап өту тағы орынды. 
«Жазушының өз бейнесін көргіміз келсе, біз оның шығармаларына үңілуіміз керек. Оның өмірі, 
арман-мүддесі, дүниеге көзқарасы, адамгершілігі сол өзі жазған шығармаларында елес береді. Ол өзінің 
өмірге деген сүйіспеншілігін де, өмірдегі жексұрындыққа деген жиренішін де шығармасында өрнектейді. 
Сөз өнері өкілдерінің шығармалары өз дәуірінің әлеуметтік тіршілігінен, күресінен оқшау болуы мүмкін 
еместігін Ә.Кекілбаев кейіпкерлерінің шексіз ой-толғаныстары арқылы өз ойын оқырманына жеткізеді.
Қаламгердің дүниетанымы өте бай. Бірде автор атынан төгілте әңгімелесе, бірде кейіпкерлердің 
өзіне сөз беріп олардың өздерін сөйлетеді. Енді бірде автор кейіпкерлердің жан дүниесіне еніп, не 
ойлағанын солар болып баяндайды. Кейіпкерлерінің жан дүниесі, психологиялық құбылыстары, 
қуаныштары, күйзелістері, мақсаттары мен армандары жазушы назарынан бір сәт те қалыс қалмайды.
Оқырман болып жатқан оқиғаларды әңгімелеушінің бағыттауынсыз тікелей қабылдайды, оқиғаға 
кейіпкердің көзімен қарайды, кейіпкердің ой-сезімдерін бөліседі. Баяндаушы-әңгімеші, баяндаушы – 
оқиғаға араласушы, баяндаушы – қаһарман сияқты болмысқа баға берудегі өмірлік-философиялық 
өлшемдер шығармада тұтасып көрінеді. 
Көркем прозаның баяндау тәсілі онда бой көрсететін автор бейнесі мен авторлық позицияның 
өзіндік ерекшеліктерін айқындайды. Әр суреткер – өз дәуірінің перзенті. Оның қаламынан туған 
туындылары – сол өмірдің айнасы. Сондықтан оның көркем шығармаларынан шындық өмірдің көрінуі 
заңды құбылыс. Бірақ қаламгердің өмірді көруі, көзқарастары әртүрлі болғандықтан оның әдеби 
туындысында өз дүниетанымынан туған даралық сипат болады. Өзіндік мені жоқ қаламгер жоққа тән. 
Шығармада қаламгер бүкіл жан дүниесін ашады, өз сезімін білдіреді. Егер біз суреткердің жан дүниесін 
түсінгіміз келсе, оның бейнесін көргіміз келсе, оның шығармаларына үңілуіміз керек. Ол өзінің өмірге 
деген сүйіспеншілігін, арман-мүддесін, жексұрындыққа, жауыздыққа деген жиіркенішін шығармасындағы 
кейіпкерлер арқылы көрсетеді. Ал көркем туындыдағы образдарды бір-бірімен байланыста 
қарастырмасақ, кейіпкер мінезін жан-жақты аша алмаймыз. 
Қаламгер әңгімелерінің бірі «Тасбақаның шөбі» классикалық туынды аталып жүр. Айтса, айтқандай 
әңгімеде әңгімеге тән белгілердің бәрі бар. Әрбір сөз, сөйлем, детальдар өз орнын тауып тұрғандай. 
Әңгімедегі жанды сурет, бейнелі орамдар – өмірдің өзіндегідей шынайы да нақты. Кейіпкерлері де 
шынайы. Шығарма тақырыбы – жетпісінші жылдардағы ауыл өмірі. Жазушының ауыл өмірін терең 
білетіндігі сондай, бар жайды өз басынан өткендей мөлдірете көрсеткен. Әңгіме оқиғасы бастан-аяқ екі-ақ 
кейіпкердің тұлғасын сомдауға жұмсалған. Шығармадағы басты кейіпкерлер - Оңбай мен Қарабала. 
Шығарманың қолға ұстатқандай болмысы екі персонаж төңірегінде, олардың замандастарымен өзара 
қарым-қатынасы және өмірдегі түрлі жағдайлармен кездестіру нәтижесінде ашылады. Екеуін салыстыра 
отырып, өмірдің мәнін, мағынасын айтуда қаламгерлік тың ізденіс тапқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет