«Б. Түлкиев атындағы жалпы орта мектебі» кмм



бет17/27
Дата20.04.2023
өлшемі1,06 Mb.
#84787
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
Тәрбие жоспар 8 б

Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп:

Б.Түлкиев атындағы жалпы орта мектебі

Күні: 16.03.2021 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Даулетоа М.К.

Сынып: 8 Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жол-көлік оқиғасы уақытында есінен таңған адамарға берілетін алғашқы медициналық көмек.

Сабақ мақсаттары

1.Оқушыларды жол тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу
2. Жолда жүру ережелерін меңгерту және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар

  • Жол ережелерін біледі және сақтауға дағдыланады

  • Жолда жүру мәдениеттіліктері қалыптасады

  • Куә болған келеңсіз оқиғаларға араша болуға үйренеді

  • Бір – бірінің пікірін тыңдауға, құрметтеуге ойын еркін жеткізуді ұғынады

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Басы
5 минут

Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу!
Мұғалім:
«Сәлеметсің бе» «Амансың ба»
«Саумысың» деген сөздерді ғажайып сөздер ретінде әңгімелесу.
Неліктен олай деп ойлайсындар?
«Денсаулық дегеніміз не?»
Амансың ба деген сөз нені білдіреді?
Адамның байлығы не?
Денсаулық болу үшін не істеу керек?
Бейне баян көреміз.

Қорапша, қима қағаздар, стикер




Қолдарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырады. Балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, педагогтың өзіне бір құшақ гүл – «Тілек шоғы» болып оралады.
«Бәріміз – біріміз үшін, біріміз-бәріміз үшін»деп деніміз сау болсын деп тілейік!
Жолда жүру ережесі?
Қауіпсіздік мектебі?
Жаманнан жирен?
Жарақаттың алдын алу?
- Міне, осы сұрақтар не жайлы айтады? Жарақат алу деген не? Қандай жағдайларда жарақат алу мүмкін? Оның алдын-алу жолдарын білеміз бе? Сол жөнінде мәліметтермен таныс боламыз, тәжірибе түрінде көрсетеміз.

Бейнежазба, Үлестірмелік қағаздар



Негізгі бөлім Тақырыпты ашу

10 – 25минут

25 – 28минут

28-33минут



33 -40 минут



Жарақат алудағы алғашқы көмекті жүргізу жолдарын білуіміз керек. Жараланудың барлық түрінде де қан тамырларына зақым түседі. Соның салдарынан көбіне денеден қан шығатынын байқаймыз. Жарақат кезіндегі зақымдалған тамырлардан қанның ағуы қан кету деп аталады. Оның болымсыз және күшті әсері өмірге қатерлі болуы мүмкін. Қан денеден орташа кеткенде, ағзаның ішкі бірнеше толықтырушы қасиеттері: жүрек қызметінің, тыныс алудың күшеюі, шеткі қан тамырларының жиырылуы іске қосылып өзі тоқтата алады. Ал денеден қан көп кеткенде жүрек қан тамырларының қызметі мүлде нашарлап, адамның өліп кетуі де ықтимал.
Қан кету түрлері: Зақымдалған тамырдың сипатына қарай қанның ағуы артериялық (күре тамырлық), веналық (көктамырлық), капиллярлық (қылтамырлық) және паренхиматоздық болып бөлінеді. Артериялық қан кету жүректен ағза мен ұлпаларға қан баратын ең ірі тамырлардан аққан қанды айтамыз, ірі күре тамырлардан аққан қан жараланған жерден атқылап немесе фонтанша ағады, түсі ашық қызыл, өздігінен тоқтамайды, жарақаттанған адамның өміріне елеулі қауіп төндіреді. Көктамыр деп жүрекке қайта бара жатқан қан айналымын айтады, оның түсі қара қошқыл болады, ол үздіксіз, баяу ағады. Қылтамырлық қан кету ұсақ тамырлардан ағады, ол тамшылап ағады, өздігінен тоқтайды. ^ Алғашқы медициналық көмек: Уақытша қолда бар құралдармен қан ағуды тоқтату. Қан ағуды тоқтату тәсілдері: 1) Аяғын жоғары көтеру, бұл жағдайда қан миды қоректендіреді; 2) Қанды артериядан жоғарырақ саусақпен қысып тоқтату қажет. Мұны бірнеше әдіспен атқаруға болады. Егер білек жараланса - онда қанды тоқтату үшін артерияны иық сүйегіне, қолтық жағынан қатты қысып басады. Артериялық қан сирақтан ақса - тізе шұнқырындағы күре тамырды қысады. Самай күре тамырын бас бармақпен, құлақтың алдынан, самай сүйегіне басады. Ұйқы күре тамырын зақымдалған жерден мойын омыртқасына қысады. Одан кейін жараға тазартылған таңғышты қаттырақ байлайды, оның үстіне бинттің, мақтаның қалың нығыз кесіндісін салып орайды. Бұғана асты тамырды - бұғананың астындағы шұнқырда, бірінші қабырғаға қысады. Кәрі жіліктің күре тамырын - бас бармақтың білезігінің жанындағы сүйекке басады. Шаптың төңірегіндегі санның күре тамырын түйілген жұдырықпен сан сүйегіне қысады таңғышпен қатты таңып тастау.
Артерияны саусақпен қысудың нүктелері: . 3. Қан тамырын саусақпен басу едәуір күш жігерді қажет етеді және саусақ тез талады, сондықтан мүмкін болатын болса бұрау немесе ширатпаны жылдам қою дұрыс болады. Қан тоқтататын ширатпа жалпақ иілмелі резина кесіндісі, оның бір шетінде ілгек екінші шетінде ілмегі бар жүзікше бекітілген. 4) Келесі қан тоқтату әдісі – аяқ-қолды қатты бүгіп таңып тастау, бұл әдіс көктамырдан да аққан қанды тоқтатады. ^ Ширатпа (жгут) немесе бұраумен қою әдістері. Ширатпа жазда екі сағаттан артық, ал қыста бір сағаттан артық қойылмайды, бұл аяқ-қолдың жансыздануына әкеп соқтырады.
Ширатпаны салар алдында созады да тартуды әлсіретпей аяқ қолға салады, бұл жағдайда ширақ қабатының әрбір орамын алдын ала салады. Қысудың жеткіліктігін бақылау: күре тамырдың сезімтал жерлерінде тамыр соғуының жоғалуы және қанның тоқтауы болып табылады. Әлсіз қойылған ширатпа қан ағуды күшейтуі мүмкін ал, қатты тартылған ширатпа жүйкені зақымдауы мүмкін.
Таяқшаны бұрау арқылы, жгутты қысып қан тоқтағанша тартады.
Байланған таяқша ашылып кетпес үшін бинтпен орау қажет. Қан
жүруінің тоқтап қалмауы үшін, әрбір 15 минут сайын, жгутты босатып отыру керек.
Ширатпа – қаң тоқтатудың соңғы тәсілі
Жарақаттың жоғарғы жағына, жұмсақ орамның (зақымданушының киімдерінен) үстіне жгут салу керек. Жгут салып болған соң оны созу керек.
Бірінші орауды байлаудың алдында, қан тамырларының соғуын, қанның тоқтағанын-тоқтамағанын көру қажет, ал жгут астындағы терінің ағарғанын көру керек.
Жгуттың келесі орамын, қатты қыспай орау керек, орағанда шығыс бағытында спираль тәрізді етіп, алдыңғы орамды басып орау керек.
Ширатпаның (жгуттың) жанына тура уақыты мен күнін көрсетіп мәлімдеме қалдыру қажет. Жгутты таңғыш және шинамен орамау керек. Көрінетін жерге «жгут» (маркет) көрсетіп қою керек.
Қан тамырды басып тұрып, бірнеше қабат салынған таңғышты (асептикалық) немесе бірнеше қабат оралған бинтпен байлау қажет.
Егер де таңғыш суланса, жоғарғы жағына тағы да бірнеше қабат таңғыш салып, алақанмен басу қажет.
Қан көп кеткен жағдайда аяғын жоғары көтеру, капиллярлық және веноздық қан тоқтату тәсілі ретінде қолдану.

Қорытынды:


- Осымен өз білгенімізше алғашқы медициналық көмек бере аламыз ба?
- Қане, кім не әкелді? Медициналқ көмек беру жолдарын білу парыз.
- Мәселен жарақат алған жағдайда не істей аласыңдар?
Оқушылар, өз білімдерін көрсетті.
Тәрбие сағатына өзіндік талдау.
Тақырыбы: Алғашқы медициналық көмек көрсету.
Мақсатым: Қан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарымен таныстыру.Көрнекі құралдар қолданылды: Мақта, орама бинт, «Зеленка», «Иод», мақталы таяқшалар т.б.
Сабақ барысында өзін-өзі тану пәнімен пәнаралық байланыс жүргізілді. Амандық сұрасып, денсаулық жайлы сыр шертті.Бейне баян көріп, қалай жарақаттың алдың-алу керек екенін түсінді.Қолдарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырып, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, құшақ гүл – «Тілек шоғы» болып оралады.«Бәріміз – біріміз үшін, біріміз-бәріміз үшін»деп деніміз сау болсын деп тілейік!-деп тәрбиелік мақсат ашылды.
Жолда жүру ережесі?
Қауіпсіздік мектебі?
Жаманнан жирен?
Жарақаттың алдын алу?
Зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсету әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті бақылайтын өнеркәсіптерде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылатын мөлшерді анықтайды.Оқушылар сабақ уақытында суреттер арқылы өз ойларын бөлісіп, белгілі бір дәрежеде өз білімдерін толықтыра алды. Оқушыларға сабақ тартымды, әрі қызықты болып ұнады.
Ата-аналардың көмегімен кер

Маркер, стикер, плакат


Слайд

Презентация


Материялдар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет