«Б. Түлкиев атындағы жалпы орта мектебі» кмм



бет1/27
Дата20.04.2023
өлшемі1,06 Mb.
#84787
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


« Б.Түлкиев атындағы жалпы орта мектебі» КММ

Келісемін: Бекітемін:


Тәрбие ісінің меңгерушісі Мектеп директоры м.у.а
_________ Түктібаев Қ.Ж _________Дуйсебаев А.М. « »___________2021 ж « »___________2021 ж

Тәрбие жұмысының жоспары

Сыныбы: 8 «б»


Сынып жетекшісі: Даулетова М.К.

2021-2022 оқу жылы



Тәрбие мақсаты:
Тәрбие мақсаты - үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, мектеп оқушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарда және патриоттар ретінде қалыптасуы мен өзін-өзі танытуларына болашақ мамандық иесі болып, кәсіби интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

Тәрбие міндетті:

  • Денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілігі бар, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыру;

  • Оқушыларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке зиялылыққа адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сылауға тәрбиелеу;

  • Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік табиғи және мәдени ортадағы өз әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымды қалыптастыру;

  • Жеке тұлғаның өзін-өзі іс-жүзінде көрсетуі мен әрі қарай дамуына ықпал ету, танымдық қызығушылығын олардың шығармашылық қабілеттеріне жалпы білімге икемдігін қалыптастыру;




р/с

Айлар

Тақырыптың атауы

Сағат саны

Мерзімі

1

қыркүйек

Жол жүру ережесінің пайда болуы
Жол белгілерінің халықаралық тілі

1

15.09.2021

2

қазан

Қозғалысты реттеу нысандары

1

20.10.2021

3

қараша

Жол белгілері

1

15.11.2021

4

желтоқсан

Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің міндеттері мен жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі

1

08.12.2021

5

қаңтар

Бастауыш сынып оқушыларымен ЖЖЕ (жол жүру ережелері бойынша) әңгімелесу

1

19.01.2022

6

ақпан

Жол қиылысынан өту және жаяу жүргіншілер өтпелері. Қоғамдық көлік аялдамалары

1

16.02.2022

7.

наурыз

Жол-көлік оқиғасы уақытында есінен таңған адамарға берілетін алғашқы медициналық көмек.

1

16.03.2022

8

сәуір

Буын шығып кеткен кездегі алғашқы медициналық көмек. Күйікке шалдыққан кездегі алғашқы медициналық көмек

1

13.04.2022

9

сәуір

Аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерге қойылатын техникалық талаптар. Велосипедшілер қозғалысына қойылатын қосымша талаптар

1

27.04.2022

10

мамыр

Қорытынды сабақ

1

18.05.2022




Барлығы:

10






Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп:

Б.Түлкиев атындағы жалпы орта мектебі

Күні: 15.09.2021 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Даулетоа М.К.

Сынып: 8 Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жол жүру ережесінің пайда болуы
Жол белгілерінің халықаралық тілі

Сабақ мақсаттары

1.Оқушыларды жол тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу
2. Жолда жүру ережелерін меңгерту және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар

  • Жол ережелерін біледі және сақтауға дағдыланады

  • Жолда жүру мәдениеттіліктері қалыптасады

  • Куә болған келеңсіз оқиғаларға араша болуға үйренеді

  • Бір – бірінің пікірін тыңдауға, құрметтеуге ойын еркін жеткізуді ұғынады

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Басы
5 минут

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
«Бес саусақ»әдісі арқылы 5 түрлі адам өміріндегі басты орын алатын қағидалар мен қасиеттерді сараптап, бір – біріне тілегін жеткізу
Топқа бөлу «Бағдаршам»
Сар, жасыл, қызыл түстер арқылы топқа бөлу

Қорапша, қима қағаздар, стикер




«Миға шабуыл»
Видеоролик «Жол – көлік оқиғасы»

  1. Балалар, видеодан не байқадыңыздар?

  2. Осы оқиғаның орын алуына не себеп деп ойлайсыңдар?

  3. Бұл оқиғадан қандай ой түйдіңдер?

  4. Осы қиғаның алдын алуға боатын ба еді, қалай ойлайсыңдар?

Осы сұрақтарды қою арқылы тәрбие сағатының тақырыбы ашылады. Сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады

Бейнежазба, Үлестірмелік қағаздар



Негізгі бөлім Тақырыпты ашу

10 – 25минут


25 – 28минут

28-33минут


33 -35 минут





Мұғалім сөзі: Болашақтың кілті, елдің ертеңі, даңғыл жолы–жас ұрпақ, сендердің қолдарыңда. Сендер сол жолға түсу үшін жан – жақты білімді, сауатты болуларың керек..Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында қарапайым жол ережелерін білмеу – үлкен қайғыға ұласып жатыр. Жол ережелері – өзіңнің және өзгенің өміріне жауапкер іспеттес.

«Жұмбақ сайыс»

  1. Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
    Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

  2. Арқаным бар тым ұзын,Ала алмайсың бір үзім.
    Ақылға салып ойланып, Тапшы мұны пысығым. ( жол)

  3. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам.(Жол сақшысы )
Жұптық жұмыс. Кері байланыс: талдау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет