Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К



жүктеу 1.76 Mb.
Pdf просмотр
бет1/20
Дата28.01.2017
өлшемі1.76 Mb.
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 
 
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЖАЛПЫ 
ПЕДАГОГИКА 
 
Оқулық
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 
2005
 
 

ББК 74.00 
Б 12 
 
Пікір жазғандар: 
 
Ералин Қ. – профессор, педагогика ғылымдарының докторы. 
Сманов І. – профессор, педагогика ғылымдарының докторы. 
 
Жауапты редактор: 
 
Беркімбаев К.М. – профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты 
 
        Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. 
Б 12    Жалпы педагогика: Оқулық – Алматы:  «Нұр-пресс», 2005 –  
228 бет. 
 
ISBN  9965-620-48-2 
 
Оқулық  жоғары  оқу  орындарының  «Педагогика»  пəні  бойынша 
мемлекеттік  оқу  стандартына  сай  жазылып, «Педагогика  жəне 
психология»  мамандығын  игеруші  студенттерге  арналады.  Бұл 
еңбектің  ерекшелігі – педагогика  курсының  мазмұны  ықшамдалып, 
жалпыланған  күйде  ғылым  əдіснамасы  тұрғысынан  берілді; 
аксеологиялық  теория,  инновациялық  бағыт-бағдарлар  мен  оқу 
технологиялары  жөніндегі  білімдік  мəліметтер  алғаш  енгізіліп  отыр. 
Көп  көңіл  тұлғалық  тəлім-тəрбие  мəселелеріне  бөлінді. «Қысқа  да 
нұсқа  оқу  технологиясы»  айдарымен  ұсынылған  бұл  оқулық  жаңадан 
еніп  жатқан  кредиттік  оқу  жүйесінде  өз  тиімділігімен  көрінеріне 
сенеміз. 
 
 
 
 
 
 
ББК 74.00 
 
Б 
4303000000 
     00(05)-05 
 
 
 
 
 
 
 
 © Бабаев С.Б.,  2005. 
 
 
 
 
 
 © Оңалбек Ж.К.., 2005. 
   ISBN  9965-620-48-2  
 
 © «Нұр-пресс», 2005. 
 
 
 

Алғы сөз 
 
«Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді». 
А.Байтұрсынұлы 
 
Сіз  өте  қиын,  бірақ  маңызды,  жауапты  жəне  қызықты  кəсіпті 
таңдағансыз.  Оқуыңызды  аяқтағаннан  соң  сіздің  қолыңызға  ата-
аналар өзінің ең ардақтыларын – перзенттерін тапсырып, оларды 
қайырымды  жəне  ақылды  адам  етіп  өсіріп  шығарады  деп,  сізге 
сенім білдіреді. Педагог ретінде сіз жай, cонымен бірге ғажайып іс 
жасайсыз:  кешегі  ұстағаны  қолынан  түскен,  аттаса  сүрінген, 
ебедейсіз,  сенімі  жоқ  сəбиден  келелі  тұлға  қалыптастырасыз. 
əлбетте, бұл жұмысты іске асыру үшін сіз нені, қалай жəне қашан 
орындау қажеттігін білуіңіз міндетті. 
Қазіргі  заман  мектебі  жоғары  деңгейде  маманданған  кəсіпқой 
мұғалімді күтуде. Бүкіл əлем бұл күнде тəлім-тəрбие қызметіне ең 
білгір,  ең  талантты,  өте  жауапкерлі  педагог-мамандарды 
қатыстыру  қажеттігін  мойындап  отыр.  Себебі  адам  тағдырында 
мектептік    кезеңі  аса  маңызды.  Балалардың  өмірлік  бастауында 
жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Егер 
бала-бақша тəрбиешісі, мектеп мұғалімі қателесіп, балаға қажетті 
назар аудармаса, онда бұдан келер кемшілікті ересек дəуірде түзеу 
оңай емес.  
Студенттік  қабырғаның  өзінде  болашақ  педагог  оқушы  мен 
мұғалімнің  қарым-қатынасын,  олардың  бірлікті  еңбегінің 
мектептегі  басты  құндылықтар  екенін  түсініп,  оны  есінде  мықты 
сақтауы қажет. Бала тəрбиенің құралы емес, мақсаты, сондықтан 
баланы  мектепке  икемдестірмей,  керісінше,  мектеп,  мұғалімдер 
бала табиғатын өзгеріске түсіру ықпалын жасамай тұрып, оны өз 
мүмкіндігінше  даму  деңгейіне  жеткізу  үшін  оқушы  болмысына 
икемдесуі тиіс.   
Өз ісіңіздің шебері болуы үшін сіз педагогиканы білуіңіз, кəсіби ой 
толғастыруға  үйренуіңіз,  содан  кейін    іс-əрекет  жасауыңыз  қажет. 
Педагогика  оқу  тəрбие  қызметінің  жағдайлары  мен  нəтижелері 
арасындағы жалпы тəуелділік байланыстарды ашып береді. Ол оқу мен 
тəрбиенің көзделген нəтижесі қалай орындалатынын, неліктен анау не 
мынау  проблемалардың  туындайтынын  көрсете  отырып,  күнделікті 
кезігетін қиыншылықтарды жеңудің жолдарын көрсетеді. 

Педагогика – күрделі  ғылым.  Басқа  ғылымдар  сияқты  ол  нақты 
жағдайлар  жəне  ережелерді  өрнектеумен  шұғылданбайды.  Бұл  ғылым 
педагогикалық  қатынастардағы  басты  құбылыстарды  айқындап, 
педагогикалық  процесс  себептері  мен  салдарын  нақтылайды. 
Шəкірттің    көп  түрлі  өмірлік  жағдайларын    ол  жалпыланған 
түсініктерге, теориялық тұжырымдарға келтіреді. 
Ғылыми  топшылаулар  артында  тұрған  мектеп  өмірі  шындығын 
кейде  байқай  бермейміз.  Дегенмен,  педагогиканың  бір  ғана  жалпы 
қорытындысы    мыңдаған  нақты  ситуацияларды  түсіндірудің  көзіне 
айналады. Теорияны жақсы меңгерген маман орасан көп санды нақты 
деректер    мен  мысалдарды  жаттап,  есінде  сақтаудан  құтылады.  Ал, 
қабылдаған  теориясын  тəрбиеге  байланысты  болып  жатқан 
оқиғалардың бəрін байыппен түсіндіруге қолданады. 
Сіздің  оқу  жылдарыңыз  педагогика  дамуындағы  күрделі  де 
қайшылықты  кезеңге  тура  келіп  тұр.  Педагогикалық  екі  бағыт 
текетіресі,  яғни  əміршіл-əкімшіл  жəне  гуманистік  оқу-тəрбие 
бағыттарының  тайталасы  белең  алуда.  Бірінші  бағыт  мұғалім 
үстемдігіне  негізделген,  ал  екіншісі - мұғалім  мен  оқушыны 
педагогикалық  процестің  тең  құқықты  қатынасшылары  ретінде 
таниды. Əміршіл-əкімшіл педагогиканың тамырлары қаншама тереңге 
бойлағанымен , əлемдік  педагогика  гуманистік  тəрбие  бағытын  қалап 
алды. Қолыңыздағы қазақ тілінде алғашқы жарық көрген дəрісбаяндар 
тобында    бұл  бағыт  оқу-тəрбие  процесінің  барша  кезеңдеріндегі 
мұғалім мен оқушылар арасындағы жаңа қатынастар, олар арасындағы 
түсіністіктер мен бірлікті қызметке байланысты толық сипатталған. 
Оқу құралы өте ықшамды құрастырылған. Оның беттерінен Сіз оқу 
тəрбие  процесінің  мəнін,  мазмұнын,  ұйымдасу  жəйттерін  түсінуге 
қажет  болған  негізгі  педагогикалық  тұжырымдарды  игересіз.  əр 
тақырып  бөлімдері  бойынша  өзіндік  тексеріске  арналған  сұрақтар, 
тапсырмалар  берілген.  Білімдер  қоры  қосымша  кітапта  плакаттар,  
таблица,  схемалармен  жабдықталған.  Олар  басты  түсініктер  мен 
терминдерді  саналы  жаңғыртуға,  негізгі  тұжырымдар  мен  өткен 
материалдардың  құрылымдарын  жылдам  еске  түсіру  үшін,  күрделі 
байланыстарды  түсініп,  оларды  жүйелестіру  жəне  бекітуге  жəрдем 
береді. Таныс болыңыз.  
Оқуыңыз жемісті болсын! 
Авторлар. 
 
 
 
 

1-бөлім. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
 
 
1-дəрісбаян. Педагогиканың адам туралы 
ғылымдар жүйесіндегі орны 
 
«Қазақ  мектептері – қазақтарға  білім 
берудің    басты  құралы…  біздің  барлық 
үмітіміз,  қазақ  халқының  келешегі  осы 
мектептерде. 
Сондықтан 
мектептерде 
жақсы  білім  берілетін  болсын…  Ғылыммен 
қаруланған,  əр  нəрсеге  дұрыс  көзқарасы  бар 
адамдар  қазақ  арасында  көбейіп,  бүкіл 
халыққа əсер ете алады». 
Ы.Алтынсарин 
 
 
 
 
Жоспары: 
 
1.  Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым 
2.  Педагогиканың пайда болуы мен дамуы 
3.  Педагогика нысаны, пəні жəне қызметтері 
4.  Педагогикалық ғылымдар жүйесі 
5.  Педагогика жəне басқа ғылымдар 
 
1.1. Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым
 
 
Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға 
болып  жетілуі  үшін – тəрбиелеу  қажет.  Тəрбие  адамды  ізгілендіріп, 
оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тəрбие 
жұмыстарын  жүргізу  үшін  арнайы  мекемелер  түзілген.  Бұл  процесті 
кəсіптенген  адамдар  басқарады.  Тəрбие  жөнінде  арнайы  ғылым 
қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз. 
Адам  тəрбиелеу  жөніндегі  ғылым  педагогика  деп  аталады.  Ол  өз 
атамасын  грек  сөздері  «пайдес»-  балалар  жəне  «аго» -жетектеу 
дегеннен  алған,  тікелей  аудармасында  «педагогика»  сөзі  бала 
тəрбиесін  бағыттау  өнері  дегенді  аңдатады,  ал  «педагог»  сөзі  бала 
жетектеуші мəнін білдіреді. 
Барша  дəуірлерде  педагогтар  балалардың  табиғаттан  берілген  
мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді 
жолдарын  тауып,  оларға  көмектесумен    келеді.  Мыңдаған  жылдар 
бойы  қажетті  білімдер    тырнақтап  жиналып  педагогикалық  жүйе 
негізге  келді,  тексерілді,  қажет  болмаған  тұстары  қолданымнан 
шығарылды,  ақырында  өміршең,  ең  пайдалы  педагогикалық  идеялар 

сақталып,  бүгінгі  күнімізге  жетті.  Бірте-бірте  басты  міндеті  ғылыми 
білімдерді  топтастыру  жəне  жүйеге  келтіру  болған  тəрбие  жөніндегі 
ғылым  пайда  болды.  Ұзаққа  созылған  даму  жолын  бастан  кешірген 
бүгінгі  заман  педагогикасы  адам  тəрбиесі  заңдылықтары 
жөніндегі ғылымға айналды. 
Педагогика  мұғалімдерді  белгілі  жас  тобындағы  балаларды  тəрбиелеу 
ерекшеліктері  жөніндегі  кəсіби  білімдермен  қаруландырып,  əрқилы 
жағдайлардағы  оқу-тəрбие  процесін  болжастыруға,  жобалауға  жəне 
іске асыруға, оның тиімділігін  бағалауға үйретеді. Тəрбие процесін 
ұдайы  жетілдіріп  отырып  қажет,  себебі  адамдардың  өмір  жағдайлары 
өзгермелі,  ақпараттар  көлемі  ұлғаяды,  осыдан  мұғалімге  қойылатын  талаптар 
жыл  сайын  күрделеніп  баруда.  Қоғамның    мұндай  талаптарына 
педагогтар өсіп келе жатқан əулетті оқыту, тəрбиелеу жəне оған білім 
берудің  жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді. 
Бұдан  бұрынғы  мыңдаған  жылдардағыдай-ақ  баланың  өмірлік 
мектебі    оның  алғашқы  демімен  бірге  басталады.  Осыдан  мектеп 
педагогтары  мəңгі  проблемалар  құрсауында  келеді.  Баланы 
адамаралық қатынастар дүниесіне енгізуді олар өзінің ең басты парызы 
деп  біледі.  Алайда,  осы  уақытқа  дейін  тəрбиелік  қызмет  мұншама 
қиын,  күрделі  жəне  жауапкерлі  болып  көрген  емес.  Дүние  басқаша 
кейіпте  болған,  онда  бүгінгі  балаларға  төніп  тұрған  қауіп-қатерлердің  
кейбір  түрлері  тіпті  болмаған.  Отбасында,  мектепке  дейінгі  балалар 
мекемелерінде,  мектепте  болашақ  азаматқа  қандай  негіз  қаланса, 
болашақ  өмірі  мен  бақыты,  бүкіл  қоғамның  берекесі  соған  тəуелді 
болып тұр.  
Қазіргі заман педагогикасы  үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол 
дамуға  байланысты  өзгерістердің  ізімен  асығу  қажеттігі  пайда  болып 
отыр.  Педагогиканың  іркіліс,  кешеуілдеуі  адамдардың  даму 
дағдарысына 
алып 
келеді, 
ғылыми-техникалық 
прогрестің 
шабандауына  соқтырады.  Сондықтан  да,  педагогика  қалаған  дерек 
көздерінен  жаңа  білімдерді  теріп,  жинақтап  баруы  қажет. 
Педагогиканың дамуына себепші көздер – адамдардың өмір салтында, 
дəстүрлерінде,  халықтық  педагогикада  бекіген  көп  ғасырлық  тəрбие 
тəжірибесі,  іс-қызметтері;  философиялық,  қоғамтану,  педагогикалық    жəне 
психологиялық  еңбектер;  əлемде  жəне  елімізде  жүріп  жатқан  тəрбие 
практикасы;  арнайы  ұйымдастырылған  педагогикалық  зерттеу 
деректері;  жаңа  идеялар,  жаңарған  бағыт-бағдарлар,  жылдам 
өзгерістерге  келіп  тұрған  бүгінгі  дүниедегі  тəрбиенің  тиімді  соны 
технологиялары. 
Сонымен,  педагогика - тəрбие  жөніндегі  ғылым.  Оның  басты 
міндеті  адам  тəрбиесі жөніндегі  ғылыми  білімдерді  жинақтау  жəне 
жүйелестіру.  Педагогика  адамдарды  тəрбиелеу,  білім  беру  жəне 
оқыту  заңдылықтарын  ашып,  соның  негізінде  алға  қойылған 

мақсаттарға  жетудің  ең  пайдалы  педагогикалық  жолдары  мен 
тəсілдерін көрсетіп отырады. 
 
1.2. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы 
 
Тəрбие  практикасы  өз  бастауларын  адамзат  өркениетінің  бірінші 
қадамдарымен    байланыстырады.  Тəрбие  алғашқы  адамдармен  бірге 
пайда  болды.  Ол  замандары  бала  ешқандай  педагогикасыз-ақ 
тəрбиеленген.  Адамдардың  ол  жөнінде  тіпті  хабары  да  болмаған. 
Тəрбие  жөніндегі  ғылым  геометрия,  астрономия  басқада  ғылым 
салаларынан көп кейін қалыптасқан. 
Белгілі  болғандай,  барша  ғылым  салаларының  пайда  болуындағы 
алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде 
аса  маңызды  рөл  атқара  бастады.  Себебі  əр  түрлі  қоғамда  өсіп  келе 
жатқан  əулиетке  берген  тəрбиесіне  орай  өмір  қажеттігі  де  жылдам 
немесе  шабан  дамитыны  белгілі.  Осыдан  тəрбие  тəжірибесін 
топтастыру  жəне  қорытындылау,  арнайы  оқу-  тəрбие  мекемелерін 
ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады. 
Ежелгі  дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған 
елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, 
одан  теория    түзу  қадамдары  жасалды.  Ол  кезде  табиғат,  адам,  қоғам 
жөніндегі  барша  білімдер  философия    шеңберінде  жинақталатын, 
алғашқы педагогикалық тұжырымдарда  сол ғылыми аумақта дүниеге 
келді. 
Барша  замандарда  адамдардың  рухани  жəне  тəн-дене  дамуында 
шешуші  рөл  атқарған  қуаты  мол  күшті  халық  педагогикасы  беріп 
келген.  Инабаттылық,  еңбектік,  тəн-дене  тəрбиесі  бойынша  халық 
қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді. 
Еуропалық 
тəрбие 
жүйесінің 
бесігі – ежелгі 
Греция 
философиясында  қалыптасқан.  Оның  көрнекті  өкілі  Демокрит (460-
370 жж. Б.э.д.)- балалар тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын 
жазған.  Сол уақыттың өзінде ол: «Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек 
айтсақ,  тəрбие  адамды  қайта  жасайды  жəне  оны  өзгерте  отырып, 
болмыс табиғатын түзеді… Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі 
тəрбиеге көбірек тəуелді». 
Адам  тəрбиесіне  жəне  тұлға  қалыптастыруға  байланысты  идеялар 
мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары  Сократ (469-399жж.б.э.д.), 
Платон (427-347жж. 
Б.э.д.), 
Аристотель (384-322жж.б.э.д.), 
Тертуллиана (160-222жж. Б.э.д) еңбектерінде жарияланған. 
Орта  ғасырлар  дəуірінде  шіркеу  ықпалы  қатайып,  тəрбиені 
толығымен  діни  арнаға  бұрды.  Бұл  Еуропада 12 ғасыр  бойы  үстемдік 
еткен    догматикалық  оқу  принциптерінің  шыңдалуына  жол    берді. 
Солай  да  болса,  өз  философиялық  тұжырымдары  мен  педагогикаға 

үлес  қосқан  шіркеу  өкілдері  Августин (354-430жж.),  Фома 
Аквинский (1225-1274) есімдері  ғылым  тарихында  сақталған.  Бүгінгі 
күйінде  жалпы  білім  беретін  мектепті  ойлап  отырып,  іске  қосқан 
Лойола (1491-1556) жəне оның ізбасарлары. 
Қайта  тіктелу  заманы  (эпоха  возрождения)  аса  жарқын  ойшыл 
педагог-гуманистерді  ғылым  сахнасына  келтірді.  Олардың  қатарында 
голландиялық  Эразм  Роттердамский (1466-1536), италияндық 
Витторино  де  Фельтре (1378-1446), француздық  Франсуа    Рабле 
(1483-1553)  жəне  Мишель  Монтень (1553-1592) өздерінің 
педагогикалық еңбектерімен əйгілі болды. 
Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі болып, тек қана 
XVII  ғасырда  ол  дербес  ғылым  лауазымына  ие  болды.  Осыдан 
педагогика  бүгінгі  күнде  де  философиямен  аса  тығыз  байланысқан. 
Себебі  бұл  екі  ғылымның  да  шұғылданатыны  адам,  оның  өмірі  мен 
дамуын зерттеу. 
Педагогиканың  философиядан  бөлініп,  өз  алдына  ғылыми  жүйеге 
келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен 
байланысты.  Оның 1654 жылы  Амстердамда  жарық  көрген  «Ұлы 
дидактика»  атты  еңбегі  алғашқы  ғылыми-педагогикалық  кітаптардың 
бірегейі  болды.  Ондағы  айтылған  идеялардың  көпшілігі  осы  күнге 
дейін  өзінің  көкейкестілігін  жəне  ғылыми  маңызын  жоғалтқан  емес. 
Я.А.Коменский  ұсынған    табиғи  сəйкестік  принципі,  сынып-
сабақтық  оқу  жүйесі  жəне  басқа  да  оқу  принциптері,  əдістері, 
формалары педагогикалық теорияның алтын қорынан орын алды. «Оқу 
негізіне  басқалардың  зат  жөніндегі  бақылаулары  мен  айғақтарын 
жаттау  алынбай,  сол  заттар  мен  құбылыстарды  танып,  білу  қалануы 
тиіс»; «Естігенді  –көргенмен,  сөзді-  қол  əрекетімен  байланыстыру 
қажет»; «əрқандай үйрету сыртқы сезім жəне ақыл-парасат байланысы 
негізіндегі  дəлелдерге  сүйенуі  қажет»…  Ұлы  педагогтың  осы 
тұжырымдары біздің заманымыздың талаптарына  да сəйкес келіп тұр. 
Ағылшын  философы  жəне  педагогы  Джон  Локк (1632-1704) өз 
қайрат-күшін тəрбие теориясына бағыштады. Өзінің «Тəрбие жөніндегі 
ойлар»  атты  басты  еңбегінде  ол  өзіне    сенімді,  ауқымды  білімділігін 
іскерлікпен,  берік  наным-сенімдерін  сұлу  мəнерлілікпен  ұштастыра 
білген  адам - джентельмен  тəрбиелеуге  арналған  көзқарастарын 
жариялады. 
XVIII  ғасырда  мектеп  педагогикасы  бойынша  өз  шығармаларымен 
танылған  француз  материалист-ағартушылары  Д.Дидро (1713-1784),  
К.Гельвеций (1715-1771), П.Гольбах (1723-1789), əсіресе Ж.Ж.Руссо 
(1712-1778)  болды. «Затқа  назар!  Затқа!  Мен  ешқашанда  біздің 
мылжың  тəрбиемізбен  сөзге  аса  көп  маңыз  беріп,  құрғақ  сөзді 
адамдарды  жасайтынымызды  қайталап  айтудан  жалықпаймын» -деп 
ұрандады ол. 

Педагогиканың  қалыптасуында    И.Г.Песталоцийдің (1746-1827) 
есімі  аса  құрметпен  аталады. «О  сүйікті  халқым!  Сенің  қаншалықты 
төмен  жасап  жатқаныңды  мен  байқап  жүрмін,  мен  саған  көтерілуге 
жəрдем  беремін»-деп,  ол  жан  айқайын  салды.  И.Г.Пестолоций  өз 
дегеніне  жетті:  мұғалімдерге  оқыту  мен  адамгершілік  тəрбиесінің 
ізгілікті теориясын ұсынды. 
«Өзгерістерден  басқа  тұрақты  ешнəрсе  жоқ», -деп  үйреткен  неміс 
педагогы  Фридрих  А.В.Дистервег (1790-1886) барша  педагогикалық 
құбылыстарға  тəн  тəрбиенің  қозғаушы  күштері  мен  қарама-
қарсылықтарын зерттеген. 
Орыс  ойшылдары,  философтары  жəне  жазушыларының  арасында 
педагогикалық 
шығармаларымен 
белгілі 
болған 
есімдер: 
В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен 
(1812-1870), 
Н.Г.Чернышевский (1828-1889), Н.А.Добролюбов (1836-1561). Бүкіл 
əлемде 
 
Л.Н.Толстойдың (1828-1910), Н.И.Пироговтың 
педагогикалық  идеялары  əйгілі.  Олар  таптық  мектепті  қатаң  сынға 
алып, халықтық тəрбие саласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады. 
Қазақ  халқының  да  тəлім-тəрбиелік  жүйесі  ұланғайыр  да  мəуелі. 
Бұл  салада  халқымыздың  тəлім-тəрбиелік  алтын  қорына  елеулі  үлес 
қосқан арыстарымыз А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғырұлы 
жəне т.б. Олардың тəлім-тəрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау 
болған.  Кемеңгер  Ахмет  Байтұрсынұлының  өткен  ғасыр  басында  –
«Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі həм сондай 
болмақшы…əуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз 
керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі 
неше  түрлі  кемшіліктің  көбі  түзелгенде,  оқумен  түзеледі» – деген  ұлағатты 
ескертпесі  бүгінгі  қазақ  мектебінің  ұлттық  білім  стратегиясының  тұғыры  ретінде 
қабылдануда. 
Орыс  педагогикасын  əлемдік  даңққа  бөлеген  Константин 
Дмитриевич  Ушинский  (1824-1871)  оқу-тəрбие  теориясын 
түбегейлі  өзгеріске  келтіріп,  педагогикалық  практикада 
төңкеріс  жасады.  К.Д.  Ушинскийдің  педагогикалық  жүйесінде 
жетекші орын  тəрбие мақсаттарына, принциптеріне жəне оның мəніне 
берілген. «Тəрбие,  егер  ол  адамға  бақыт  бағыштағысы  келсе,  оны 
бақыт үшін тəрбиелемей, өмірлік еңбекке баулуы тиіс. Ұдайы жетілуде 
болған тəрбие адамның тəн-дене, ақыл-парасат жəне ізгілік-инабаттық 
күштерінің  ауқымын  барынша  кеңейту  мүмкіндігіне  ие 
болады»- деп жазған еді ұлы ғұлама. 
Тəрбие жолындағы жетекші рөл мектеп жəне мұғалімнің билігінде: 
«Тəрбиедегі  барлық  істер  тəрбиеші  тұлғасына  негізделуі  тиіс,  себебі 
тəрбие  күші  тұлғаның  адамилық  қадір-сапаларынан  бастау  алады». 
«Ешбір  жарғы  немесе  бағдарлама , ешқандай  жасанды  мекеме 
организмі,  қаншалықты  айламен  құрылса  да,  тəрбие  жұмысындағы 

тұлға  беделінің  орнын  баса  алмайды» -деген  К.Д.Ушинский  бүкіл 
педагогиканы қайта қарастырып, жаңа ғылыми деректер негізінде білім 
беру жүйесін толығымен  түбегейлі қайта құруды талап етті:  
«…теориядан  алшақтаған  педагогикалық  практиканың    бір  өзі  –
медицинадағы тəуіпшілдікпен тең». 
XIX ғ. ақыры - XXғ. басында педагогикалық проблемалар АҚШ-та 
қарқынды  зерттеле  бастады.  Ол  жерде  адам  тəрбиелеудің  жалпы 
принциптері  мен  заңдылықтары  өрнектелді,  əрбір  адамға  белгілеген 
мақсаттарына  тез,  əрі  табысты  жетуге  мүмкіндік  беретін  тиімді  білім 
технологиялары 
қалыптасып, 
практикаға 
енді. 
Американ 
педагогикасының белгілі өкілдерінің бірі Джон Дьюи (1859-1952). Оның  зерттеу 
жұмыстары  бүкіл  батыс  Еуропа,  Америка  жəне  Австралия  аймақтарында 
педагогикалық  ойдың  дамуына  үлкен  ықпал  жасады. 
Американ 
педагогтарының  тағы  бір  көрнекті  тұлғасы  Эдвард  Торндайк (1874-
1949)  оқу  процесін  зерттеумен  атын  əйгілеп,  əрекетшіл  тəрбие 
технологиясын бүкіл əлемге жария етті. 
Елімізде  аты  танымал  американ  педагогы  жəне  дəрігері 
Бенджамен  Спок.  Ол  қауым  өкілдеріне,  бір  қарағанға 
қарапайым  ғана  тəрбиеде  басты  не  болу  керек:  қаталдық  па 
қайырымдылық  па? –деген  сұрақ  қойып,  көпшіліктің  санасына  жаңа 
тəрбие  лебін  жеткізді.  Бұл  сұрақтардың  астарынан  күтілген  жауап- 
педагогика  қай  бағытта:  əміршіл-əкімшіл  немесе  гуманистік – 
жолымен  дамуы  қажет  пе?  Бұған  нақты  жауапты  Б.Спок  өзінің  “Бала 
жəне оған қамқорлық”, “Анамен сұқбат” жəне т.б. еңбектерінде беруге 
тырысқан. 
XX  ғасырдың  басында  əлемдік  педагогикада  еркін  тəрбие  жəне 

Каталог: repository -> history
history -> С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009
history -> М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева
history -> Анықтамалық қолданба Пікірлер Ұғымдар
history -> Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева
history -> Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)
history -> Графикалық компьютерлік модельдеу
history -> Мәшімбаев С. М. Еуропа және америка
history -> Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы
history -> Булгакова Д. А


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет