Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


 Нəсілдік жəне қоршаған орта



Pdf көрінісі
бет5/20
Дата28.01.2017
өлшемі1,76 Mb.
#2897
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

3.2. Нəсілдік жəне қоршаған орта 
 
Дамудың  қай  қырлары  адамның  өзіне  тəуелді  жəне  қай  тараптары 
сыртқы жағдайларға, жағдаяттарға байланысты? Дамуды айқындаушы 
себептер  тобы  –  жағдайлар  деп  аталады,  ал  сол  қарапайым 
себептердің  ішіндегі  ең  маңызды,  мəнді  себеп – жағдаят  (фактор)  деп 
аталады.  Даму  процесі  мен  оның  нəтижесіне  əсер  етуші  жалпы 
жағдайлар мен жағдаяттар қандай?  
Белгілі  болғандай,  адамның  даму  процесі  мен  оның  нəтижесі  үш 
өзекті  жағдаяттардың  бірлікті  əрекетімен  жасалады,  олар  –нəсілдік, 
қоршаған орта жəне тəрбие. Негізге “нəсілдік” деп аталатын адамның 
тума,  табиғи  ерешеліктері  алынады.  Нəсілдік – бұл  атадан  балаға 
берілетін  тұрақты  сапалар  мен  ерешеліктер.  Нəсілдікті  тасушы – 
биологиялық  ген  (грек  сөзі - туындатушы).  Организм  қасиеттері 
табиғат  жаратқан  гендік  кодтарда  өрнектеліп,  белгілі  ақпарат  күйінде 
тіршілік  өкілі  тəнінде  сақталатынын  жəне  бірден  бірге  ауысып 
баратынын бүгінгі ғылым дəлелдеп отыр. Генетика – адам дамуының 
нəсілдік бағдарлама құпияларын ашып, жариялайды. Адамның нəсілдік 
бағдарламасы адамды адам кейпінде танытатын жалпы, сонымен бірге 
əрбір  адамның  басқаға  ұқсамас  өзгешілігін  білдіретін  айрықша 
детерминатты  (тұрақты)  жəне  ауыспалы  бөліктерді  өз  ішіне  алады. 
Нəсілдік  бағдарламаның  т  ұ  р  а  қ  т  ы      бөлігі  адамзаттық  ұрпақ 
жалғастыру  жəне  адам  тегіне  тəн  нышандарды – сөйлеу,  тік  жүру, 
еңбек іс-əрекеті, ойлау, т.б. – қамтамасыз етеді. Атадан балаға адамның 
сырт-қы  белгілері:  дене  құрылысы,  шаш,  көз,  тері  түстері – ауысады. 
Қан  тобы,  резус-фактор,  ағзадағы  ақуыздардың  əртүрлі  бірігімі  қатаң 
генетикалық бағдарламаға тəуелді түзілген.  
Адамның  жүйке  жүйесі,  мінезі,  психикалық  процестердің  өту 
ерекшелігі осы нəсілдік қасиеттер тобынан. Ата-аналар тəнінде болған 
жүйке  жүйесінің  кемшіліктері,  олардың  арасында  психикалық 
күйзеліс,  сырқаттар – патологиялық  ауытқулар  ұрпақтан-ұрпаққа  өтіп 
отырады.  Сондай-ақ,  қан  аурулары  (гемофилия),  қан  диабеті,  кейбір 

эндокриндік бұзылыстар, мысалы – ергежейлілік, нəсілдік сипатқа ие. 
Ұрпаққа  ауыр  зиян  келтіретін  жағдаяттардың  бір  тобы – ата- 
аналардың алкагольдік жəне нашақорлық зиянды əдеттерінен. 
Нəсілдік  бағдарламаның  ауыспалы  бөлімі  адамға  тіршілік 
жағдайларының  өзгермелі  шарттарына  икемдесіп  баруына  көмегін 
тигізеді.  Нəсілдік  бағдарлама  жетілдіре  алмаған  адамның  сапа-
қасиеттері  өмір  бойы  жүріп  жататын  тəрбиемен  толықтырылады. 
Бағдарламаның  бұл  бөлігін  əрбір  адам  өз  бетінше  дамыта  алады. 
Осылайша  табиғат  əрбір  адамға  өзіндік  даму  жəне  өзіндік  жетілу 
жолымен  өзінің  адамилық  мүмкіндіктерін  іске  асыруға  жол  ашады. 
Сонымен, тəрбие қажеттігі адамға оның табиғатынан берілген. Балалар 
өз  ата-аналарынан  нені  мұра  етіп  алады – ақыл  əрекетіне  дайын 
қабілеттерді ме немесе қабілеттерді дамыту үшін қажет, мүмкін болған 
нышандарды ма? Эксперименталды зерттеулерде топталған деректерді 
талдау бұл сұрақтарға нақты бір жауап мүмкіндігін берді: нəсілдіктен 
өтетін  қабілеттер  емес,  тек  қана – нышандар.  Əулетке  өткен 
нышанның  кейін  дамуы  да  мүмкін  не  қолайлы  жағдайлар  болмаса, 
өшіп  кетуі  де  ықтимал.  Бəрі  жағдайға  байланысты:  егер  адамның 
нəсілдік  бастаулары  нақты  қабілетке  өту  мүмкіндіктеріне  кез    болса  
жəне    тұрмыс    шарттары,  тəрбиесі,  адам  мен  қоғамның  қажеттері 
орынды үйлесім тапса, нышан қабілет деңгейінен көрінеді. 
Барша  қалыпты  адамдар  табиғатынан  өзінің  ақыл  жəне  танымдық 
күштерін дамыту мүмкіндігіне ие, сонымен бірге шексіз рухани дамуға 
қабілетті.  Жоғары  жүйке  қызметі  типтеріндегі  айырмашылық  ойлау 
процестерінің жүрісін ғана өзгертуі мүмкін, ал ақыл-парасат əрекеттері 
деңгейіне  олардың  ешқандай  əсері  жоқ.  Солай  да  болса,  бүкіл  дүние 
педагогтары нышандардың ақыл ой қабілеттерінің дамуына кедергі де 
болатынын  айғақтайды.  Мысалы,  маскүнемдерден  туған  балалардың 
бас  миындағы  енжар  жасушалар,  нашақорларда  болатын  гендік 
құрылым  бұзылымдары,  кейбір  нəсілдік  психикалық  сырқаттар – 
қабілеттердің  орнығуына  көп  кедергі  келтіреді.  Шылымкеш  ата-
аналардан туған балалар өкпе ауруына шалдыққыш келеді. 
Ақыл-ой  əрекетіне  негіз  –жалпы  нышандармен  бірге  арнайы 
нышандар  да  ұрпақтан-ұрпаққа  беріледі.  Белгілі  іс  əрекет  түрінде 
адамды  қалыптастырудың  бастауы  осы  арнайы  нышандарда.  Егер 
адамға  қажетті  жағдайлар  жасалса,  арнайы  нышандар  ерте  жастан-ақ 
белгілі  болады.  Мұндай  нышандар:  əн-күй,  сурет  өнері,  математика, 
лингвистика, спорт жəне т.б. үлкен маңызға ие. 
 
 
3.3. Іс-əрекет жəне тұлға дамуы 
 
Дамуға  нəсілдіктің,  қоршаған  ортаның  жəне  тəрбиенің  ықпалына 
қосымша əсер ететін аса маңызды жағдаяттардың жəне бірі – бұл тұлға 

іс-əрекеті. Іс-əрекет ұғымы қандай да жұмысты орындау үшін жасаған 
адам қимыл-қозғалыстарының бəрін аңдатады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Тарих тұңғиығынан іс-əрекет бабында небір дана бақылаулар бізге 
дейін  жеткен: «балаңның  немен  жəне  қалай  шұғылданатынын  айтсаң, 
оның  қандай  адам  болып  жетілетінін  айтып  беремін»; «қаңғыбас 
болғанның  ешқайсысы да, дегеніне жете алмаған»; «қанша тер төксең 
–  сонша  емерсің», «адам  өз  бақытының  ұстасы»; «ерте  тұрғанның 
ырысы артық»; «еңбегіне қарай – сый-сияпаты»; «өнерлінің қолы гүл» 
т.б.  Даму  нəтижелері  мен  іс-əрекет  қарқындылығы  арасында  тікелей 
байланыс  болатыны  айдан  анық.  Бұдан  даму  процесінің  жəне  бір 
жалпы  заңдылығы  ашылады:  оқушы  неғұрлым  белгілі  салада  көбірек 
іс-əрекет  жасаса,  оның  сол  саладағы  даму  деңгейі  соншама  жоғары 
келеді.  Əлбетте,  бұл  заңдылықтың  шексіз  қолданыла  беруі  мүмкін 
емес.  Ол  жағдай  əрбір  адамның  қабілеттеріне,  жасына,  іс-əрекеттің 
өзінің қарқындылығы мен ұйымдасуына тəуелді келеді. 
Іс-əрекет  барысында  адамның  жан-жақты  жəне  біртұтас  тұлғалық 
дамуы  жүріп  жатады,  оның  қоршаған  дүниеге  көзқарас,  қарым-
қатынасы  қалыптасады.  Таңдалған  іс-əрекет  көзделген  тұлғалық 
қасиеттердің  қалыптасуына  ықпал  етуі  үшін  оны  қажетті  деңгейде 
ұйымдастыру  жəне  келелі  бағдарлап  отыру  қажет.  Бұл  тəрбие 
практикасында  өте  күрделі  іс.  Өкінішке  орай,  көп  жағдайларда  осы 
күрделілік  даму  мүмкіндіктерін  шектейді;  кейде  тəрбиеленушілер  ең 
қажетті  болған  жағдаяттарға – қоғамдық,  еңбек,  таным  əрекеттеріне 
белсенді  араласа  алмай,  енжар  бақылаушы  күйінде  қалып, 
дайын ережелерді жаттаудан ары өте алмайды.  
Балалар  мен  жасөспірімдердің  іс-əрекеттерінің  негізгі  түрлері – 
ойын,  оқу,  еңбек.  Бағдары  бойынша  іс-əрекет  танымдық,  қоғамдық, 
спорттық, 
көркем 
өнерлік, 
техникалық, 
кəсіптік, 
құмарлық 
(гедоникалық)  болып  ажыралады.  Барлық  жастағы  оқушылардың  іс-
əрекеттерінің ерекше түрі – тілдесу, қатынасу (ортақтасу). 
Іс-əрекет  сипаты  бойынша  белсенді  (актив)  жəне  енжар  (пассив) 
болуы  мүмкін.  Тіпті,  құрттай  ғана  сəбидің  өзі  белсенді  тіршілік  иесі 
болып  көрінгенді  қалайды.  Ол  жасына  қарамай  үлкендерге,  қатарына 

қандай  да  талаптар  қояды,  төңірегіндегі  кісілерге,  заттарға,  болып 
жатқан  оқиғаларға  өз  қатынасын  білдіруге  тырысады.  Уақыттың 
озуымен қоршаған орта жəне тəрбиенің ықпалы арқасында белсенділік 
көтерілуі  де  мүмкін,  кейде  төмендеуі  де  ықтимал.  Мысалы,  адам  көп 
жұмыс істеуі мүмкін, бірақ іске құлықсыз, көңілі құламай, орындалуы 
қалай болса,  солай – енжар. Əлбетте, мұндай іс-əрекет адамды жоғары 
нəтижелерге  жеткізбейді.  Дамудың  тиімді  болуы  іс-əрекеттің 
белсенділігіне,  көңіл-күй  жарасымдылығына  тəуелді.  Адам  таңдаған 
ісіне  жан-тəнімен  кірісіп,  өзіндегі  бар  мүмкіндіктердің  бəрін  іске 
жұмылдырып,  өзін  кемелденген  тұлға  ретінде  көрсете  білуі  қажет. 
Мұндай  қызмет  адамға  қанағат  лəззатын  əкеліп,  шабыт  пен  қуаттың 
көзіне  айналады.  Сондықтан  да,  іс-əрекеттің  маңыздылығы  оның 
өздігінен  ғана  емес  сол  əрекетте  көрінетін  тұлға  белсенділігінің 
деңгейіне байланысты.  
Белсенділік  оқу  барысында  шəкіртке  тезірек    жəне  табысты 
əлеуметтік тəжірибе топтауға мүмкіндік береді. Оның қарым-қатынас, 
тілдесу  қабілеттерін  дамытады,  қоршаған  болмысқа  деген  көзқарасын 
қалыптастырады.  Баланың  ақыл-парасатты  дамуын  танымдық 
белсенділік қамтамасыз етеді. Бұл үшін балаға танымдық мəселелерді 
шешуімен бірге игерілген білімдерді практикада қолдану қажеттігі де 
тəн болуы тиіс. Себебі еңбектегі белсенділік   тұлғаны өзінің 
рухани  жəне  адамгершілік  дүниесін  тез  арада  жəне  тиімді 
қалыптастыруға  ынталандырады,  оны  көп  жəне  нəтижелі 
еңбектенуге бағыттайды. 
Белсенділіктің  барша  көріністерінің  негізінде  бір  ғана  тұрақты 
дерек көзі- қажеттік орын алған. Адам қажеттіктерінің көп түрлілігі 
оларды  қанағаттандыру  үшін  қолданылатын  іс-əрекеттердің  де  сан 
қилылығын  туындатады.  Өсіп    келе  жатқан  адамға  белсенділіктің 
пайдалы бағыттарын көрсетіп, алдамшы қырларын мейлінше бəсеңсіту 
– педагогтар үшін тұрақты да жəне өте күрделі де міндет. Күрделілігі – 
адамның жеделдете кемелденуі дəуірінде іс-əрекет қажеттері мен сеп- 
түрткілері  (мотивтері)  өте  қозғалмалы  жəне  ауыспалы  келеді. 
Сондықтан, əртүрлі жас сатыларында іс-əрекет түрлері ауысып баруы 
шарт. Жалпы мектептік тəрбиенің өзгерістер ізімен үлгере орындалуы 
өте  қиын,  солай  да  бола,  əрқандай  тəрбиелік  іс  мезетінен  бір  де 
кешікпей жүргізіліп, келеңсіз салдардың алдын алып отыруы қажет. 
Əрбір  адамның  өзіндік  белсенділігі  оның  қабілеттері  мен 
дарынының  дамуы  жəне  табыстарға  жетуінің  міндетті  кепілі.  Оқушы 
тəрбиесімен  қандай  да  бір  ғажайып  тəрбиеші  шұғылданбасын, 
оқушының  өз  əрекет-  ықыласы  болмаса,  ешқандай  нəтиже  болуы 
мүмкін  емес.  К.Д.Ушинскийдің  пікірінше,  бала  өзі  оқуы  тиіс,  ал 
педагогтың  қызметі – оған  игерілуі  қажет  материалды  ұсынып  беру, 
оның оқу процесін басқару. Осыдан, дұрыс қойылған тəрбиеде оқушы 

педагогикалық  ықпалдың  тек  объекті  ғана  емес,  ол  сонымен  бірге  өз 
тəрбиесін белсенді өз қолына алған- субъект.  
Іс-əрекет  сияқты  тұлға  белсенділігі  де  таңдамалы  сипатқа  ие. 
Тұлғаның  дамуы  кез-келген  əсерден  болмайды,  солардың  ішінде 
адамның  өз  қажетіне  сай  келген,  оның  тұлғасына  жарасымды  болған, 
шынайы  болмысқа  деген  оның  жеке  көзқарастарына  сəйкес  ықпал 
болса ғана, бала дамуы қарқынды жүреді.  
Тұлғаның  белсенділігі  дамудың  тек  алғы  шарты  емес,  оның 
нəтижесі  де.  Қоғамдық  белсенді,  ынталы,  шығармашыл  жəне  өзі  мен 
төңірегіндегі  қатысқан  адамдардың  бəріне  бірдей  жақсылық  пен 
қуаныш беретін тұлға қалыптастырушы тəрбие əрдайым өз мақсатына 
жетіп 
отырады. 
Саналы, 
педагогикалық 
сынақтан 
өтіп, 
ұйымдастырылған  оқушы  іс-əрекеті  белсенділіктің  қай  түрін  де 
қамтамасыз  ете  алады.  Өсіп  келе  жатқан  адамға  толық  іс-əрекет 
мүмкіндігін  ашып  беру,  өз  күш-қуатын  белсенді  қолдануға  қажет 
əрекет  тəсілдерімен  қаруландыру,  тұлғалық  ерекшеліктерді  жете 
зерттеу  жəне  əр  тұлғаның  болмысындағы  табиғаттан  берілген 
нышандар  мен  дарындылықты  мейлінше  жайып  салу-  əрбір  тұлғаның 
даму  процесін  ақылгөйлікпен  бағыттаушы  ұстаз-педагогтың  өз  ар-
намысы  мен  қоғам  алдындағы  борышы.  Сонымен,  оқушы  дамуының 
маңызды  жағдаяттарының  бірі – оның  меншікті  өз  əрекет  –қызметі. 
Мұғалім қаншама жақсы бола берсін, өз үстінде еңбектенбеген оқушы 
көздеген  мақсатына  жете  алмайды.  Əрқандай  іс-əрекет  оқушы 
ықылысымен  орындалып,  шартты  түрде  белсенді  болуы  қажет. 
Орындаған ісінен шəкірт лəззат  жəне қанағат табуы лəзім. Белсенді іс 
ешқашан шаршатпайды. 
 
 
3.4. Даму диагностикасы 
 
Педагогикалық  практикада  оқушының  даму  деңгейіне  байланысты 
жетістіктерді  дер  уақытында  зерттеп  тұру  қажеттігі  күннен-күнге 
үлкен  маңызға  ие  болуда.  Бұл  қажеттік  тұлғаның  қалыптасу  процесін 
тиімді  басқару  үшін,  ондағы  жүріп  жатқан  өзгерістердің  тереңдігін, 
қарқыны 
мен 
ерекшеліктерін 
білу 
керектігінен 
туындаған. 
К.Д.Ушинский : «Егер педагогика адамды барша тараптан тəрбиелегісі  
келсе, онда ол сол адамды ең алдымен жан-жақты білуі шарт» -деп өз 
уақытында  диагностиканың  нақты  оқу  тəрбие  процесіндегі  маңызын 
баса көрсеткен. 
Диагностика  (грек  сөзі:  диа – ашық,  айқын  жəне  гнозис - білу) – 
зерттелуші  объект  немесе  процесс  жөніндегі  ақпараттарды  күні  ілгері 
алудың 
жалпы 
тəсілі. 
Педагогикалық 
даму 
саласындағы 
диагностиканың  мəн-мағынасы,  медицинадағы  сырқатты  күні  бұрын 

анықтаумен бірдей. Диагностика жолымен тəрбие процесіндегі қандай 
да  өзгерістердің  белгілері  мен  себептері,  оның  сипаты  анықталып,  ол 
тəрбиені  болашақта  дұрыс  жолға  келтірудің  жоспарына  негіз  береді. 
Дұрыс  орындалмаған  диагностика  барлық  еңбекті  зая  етіп,  алдағы 
тұрған  мақсатқа  жетудің  кедергісін  азайтпақ  түгіл,  оны  асқындырып 
жібереді.  Сондықтан    да,  даму  желісін  диагностикалау  жоғары 
мамандық пен жауапкершілікті талап ететін өте маңызды практикалық 
іс.  
Оқушының тəн-дене дамуын диагностикалау қиындық тудырмайды. 
Бұл  үшін  бүкіл  дүниежүзінде  жалпы  жəне  айрықша  сапалардың  даму 
дəрежесін 
өлшестіруші 
ерекше 
тестер 
(нұсқау-көрсетпелер) 
қолданылады.  Берілген  тапсырманы  орындауына  қарай  оқушының 
қажетті  деңгейге,  тəн-дене  дамуындағы  нақты  өлшемдерге 
сəйкестігі 
анықталады. 
Алынған 
деректер 
жас 
мүмкіндіктермен салыстырылады.  
Рухани,  əлеуметтік  дамуды  диагностикалау  үлкен  қиындық 
тудырады.  Бұл  мақсатта  қолданылатын  əдістемелер  əзірше  күрделі, 
қорытынды  дəлдігін  қамтамасыз  ете  бермейді.  Диагноз  анықтаудың 
сенімділігін көтеруге орай комплексті тексерістер, антропометриялық, 
əлеуметтік  жəне  психологиялық  деректер  жинақталып,  өзара 
салыстырылады,  ал  бұл  үшін  арнайы  жабдықталған  клиникалар  мен 
зертханалар,  дайындықты  мамандар  қажет.  Нақты  педагогикалық 
практикада  мектеп  психологтары  мен  мұғалімдері  тұлғаның 
жекеленген  қасиет-сапаларын  анықтауы  мүмкін,  бірақ  мұндай 
зерттеулердің  нəтижесіне  негіздеп,  даму  құрылымдарына  жалпы  баға 
беріп болмайды. 
Оқушылардың 
дамуындағы 
кейбір 
ерекшеліктерді 
диагностикалаудың  қарапайым  əдістерін  үйреніп  алу  кəсіби 
педагогикалық 
дайындықтың 
аса 
маңызды 
шарты. 
Мектеп 
мұғалімдерін  аса  қызықтыратын  жəйттер – оқушылардың  ақыл-ой 
əрекеттерін,  мінез-құлық  сеп-  түрткілерін,  қажетсіну  деңгейін,  көңіл-
күй шабытын, əлеуметтік бітістер дамуы мен т.б. маңызды сапаларын 
күні  ілгері  байқастыру.  Аталған  сапаларды  зерттеудің  кең  тараған 
əдісі- бұл тестілеу. Мұғалімдердің өз қызметтерінде пайдалануы үшін 
чех психологы Й. Иырасектің алты жасар балалардың ойлау қабілетін 
анықтауға  жəрдемін  тигізер  тестерді  кейбір  өзгерістер  енгізіп 
үлгі ретінде ұсынып отырмыз: 
 
1.  Қай жануар үлкенірек – жылқы ма, ит пе? 
Жылқы –0 , қате жауап- -5. 
2.  Күндіз оқимыз, ал түнде… ? 
Ұйықтаймыз-0, ойнаймыз, сабақ оқимыз жəне т.б. - -3. 

3.  Күндіз жарық, ал түнде ….? 
Қараңғы –0, қате жауап –4 
4.  Аспан  көк, ал шөп…? 
Жасыл –0, қате жауап- 4. 
5.  Алма, алмұрт, шие… бұл не? 
Жеміс –1, қате жауап-1. 
6.  Неліктен адамдар өтетін жолда қызыл бағдаршам жанады? 
Сақтандыру үшін, т.т. –0, қате жауап-1. 
7.  Сағат неше? (қағаз сағатта: жетіге 25мин. қалды, 5мин. кем 8, 
он екіге 5мин.  қалды). 
Жақсы көрсетілген –4, бір ғана уақыт көрсетілген-3, білмейді-0. 
8.  Мəскеу,Алматы, Астана деген не? 
Қалалар –1, станциялар-0, қате жауап- -1. 
9.  Кішкентай сиыр-бұзау, кішкентай ит …, кішкентай қой …? 
Күшік, қозы –4, екеуінің біреуі-0, қате жауап - -1. 
10. Ит мысыққа не тауыққа ұқсай ма? Несімен ұқсайды? 
Мысыққа (бір белгісі жеткілікті)-0, мысыққа ұқсас (белгі келтірмей-
ақ)-1, тауыққа - -3. 
11. Автомобильдерге тежегіш неге керек? 
Екі  себеп  (таудан  түскенде,  тоқтау  үшін  жəне  т.б.)-4,  бір  себеп-0, 
қате жауап- -1. 
12. Балға мен балта несімен ұқсас? 
Екі ұқсастық-3, бір ұқсастық –2, қате жауап-0. 
13. Жолбарыс пен мысық несімен ұқсас? 
Екі ортақ белгі –3, бір ұқсастық –2, қате жауап-0. 
14. Шеге менен винт немен ажыралады? 
Винттің тілімі бар-3, винттің гайкісі бар-2, қате жауап-0. 
15. Футбол, волейбол, суда жүзу –бұл …? 
Спорт  (дене  шынықтыру-3,  ойындар  (жаттығу,  жарыс)-2,  қате 
жауап –0. 
16. Қандай автокөліктерді блесің? 
Үш  жол  көлігі  жəне  ұшақ  не  корабль-4,  жəрдемдесумен  жауап-2, 
қате жауап-0. 
17. Кəрі жас адамнан қалай ажыратылады? 
Үш  белгі-4, бір  не  екі  ерекшелік-2,  қате  жауап  (таяғы  бар,  шылым 
шегеді)-0. 
18. Адамдар неге спортпен шұғылданады? 
Екі себеп-4, бір себеп-2, қате жауап-3. 
19. Неліктен сабақтан қашу жаман? 
Дұрыс жауап –2, қате жауап-0. 
20. Неліктен хат конвертіне марка жабыстыру керек? 
Тасудың төлем ақысы –5, айыппұл төлемес үшін-2, қате жауап-0.  

Тест нəтижесі – жеке сұрақтарға берілген балл қосындысы.  
Нəтижелердің сарабы (классификациясы) : 
өте жақсы… +24 жəне одан жоғары 
жақсы …+14 +28 дейін 
қанағаттанарлық… +0 +13 дейін 
жаман … -1 -10 дейін 
өте жаман … -11-дан төмен. 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
1. Тұлға дамуы деген не? 
2. Тұлға дамуының қозғаушы күштері? 
3. Тұлға дамуындағы нəсілдік пен қоршаған орта ықпалы қандай? 
4. Тұлға дамуы мен іс-əрекет байланысын сипаттаңыз. 
5. Даму диагностикасының мəн-мағынасын түсіндіріңіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

4-дəрісбаян. Білім мəні мен маңызы
 
 
Жоспары 
 
1. Білім – жалпыадамзаттық құбылыс 
2. Білім - əлеуметтік қажеттілік 
3. Білімнің жүйелілігі 
4. Білім-педагогикалық процесс 
5. Қазіргі заман білім жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары 
 
4.1. Білім – жалпыадамзаттық құбылыс 
 
Қаншалықты  кең  тараса  да,  бір  қарағанға  тұрақты  болып 
көрінгенімен, «білім»  түсінігі  көп  мəнділігімен  ерекшеленеді.  Əдетте, 
бұл  термин  мазмұны  жағынан  келесідей  түсініктемелерге  ие  болуы 
мүмкін: білім - жалпыадамзаттық құбылыс; білім - əлеуметтік мəдени 
мұра; білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім – нəтиже. 
Категориялық  тұрғыдан  білім  жалпыадамзаттық  құндылық 
ретінде  танылады. XX- ғасырдың        60-жылдарынан    адам,  мораль, 
гуманизмге,  жалпы  субъектив  жағдаяттар  (фактор)  проблемасына 
қызығушылық  артудан,  бұл  категория  философиялық  деңгейде 
қарастырыла бастады. Құндылықтар табиғатын, олардың құндылықты 
дүние  болмысы  мен  оның  құрамындағы  орнын  аксиология  ғылымы 
зерттейді.  
«Құндылық»  термині  қоғамдық  мұраттар  қамтыған,  сонысымен  де 
міндеттілік  өлшемі  (эталон)  ретінде  танылған  нысандар  мен  құбылыстарды, 
олардың қасиеттерін, сонымен бірге бейнақты идеяларды  белгілеу, əрі 
сипаттау  үшін  қолданылады.  Құндылықтар  заттасқан  жəне  субъектив 
болып  ажыралады.  Сан  қилы  адамзат  қызметінің,  қоғамдық 
қатынастардың  өнімі  жəне  олардың  аймағына  қосылған  табиғат 
құбылыстары  заттасқан  құндылықтар  сапына  кіреді.  Ал  субъектив 
құндылықтар – бұлар  бағалау  –баға  негізіне  алынған  өлшем-шектері 
(критерий),  өрнек  үлгілер,  əлеуметтік  стандарттар.  Бұлардың  бəрі 
идеялар, принциптер, мұраттар, іс-əрекет мақсаттары ретінде қоғамдық 
санада бекіп, ол сананың бағыт-бағдарын айқындап отырады. 
Құндылық  ретінде  əлеуметтік  ілгерілеумен  (прогресс)  байланысты 
ұнамды  мəн-мағыналы  оқиғалар  мен  құбылыстар  ғана  танылады. 
Əрқандай  тарихи  нақты  қоғамдық  формация  əлеуметтік  реттілікті 
қамтамасыз  етуші,  өзіне  ғана  тəн  құндылықтар  жиынтығына  ие.  Сол 
құндылықтарды  танып  меңгеру  негізінде  тұлға  қалыптасады,  қоғамда 
қабылданған тəртіптер жүйесі қолдау табады. 
Адамзат  дамуының  əрқилы  кезеңдерінде  де  өзгеріске  түспей, 
тұрақты  қалпында  сақталатын  құндылықтар  болады.  Мұндай 

құндылықтар:  өмір,  бейбітшілік,  еңбек,  денсаулық, махаббат,  əсемдік, 
шығармашылық  жəне  т.б. – адамзат  қауымының  гуманистік  бастауы 
болған бұл категориялар мəңгілік, ешбір төңкеріс не идеология, саясат 
оларды  жоюы  мүмкін  емес.  Əр  тарих  кезеңде  олар  мəні  қайта 
қарастырылып, жаңа көзқараспен басқаша бағалануы ықтимал. 
Жалпы  құндылықтар  арасында  педагогикалық  құндылықтар  өз 
алдына дербес топ құрайды. Олардың мəні тəрбиелеу жəне білім беру 
қызметінің  ерекшелігі,  оның  əлеуметтік  ролі  жəне  жасампаздық 
мүмкіншіліктерімен анықталады.  
Педагогикалық  құндылықтар  білім  саласында  қалыптасқан 
қоғамдық  дүниетаным,  көзқарастар  мен  педагог  қызметтері  арасында 
жанама  жəне  тікелей  байланыстырушы  ретінде,  əрі  педагогикалық  іс-
əрекетті реттеуші талаптар (нормы) ретінде қабылданған.  
Барша  құндылықтар  сияқты  педагогикалық  құндылықтар  да 
қоғамдағы  əлеуметтік,  саяси,  экономикалық  қатынастарға  тəуелді. 
Олар  тарих  желісінде  қалыптасып,  ерекше  танымдық  бейне  жəне 
ұғымдар түрінде қоғамдық сана  формасына енеді. Өмірдің əлеуметтік 
шарттарының өзгеріске келуімен, тұлға, қоғам қажеттерінің дамуымен 
педагогикалық құндылықтар да ауысып барады. 
Білім – қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Мұның дəлелі – 
көпшілік  елдер  Ата  заңында  келтірілген  əрбір  адамның  білім  алуға 
болған  құқығы.  Бұл  құқық  əртүрлі  бастау  тұжырым,  бағыттардың 
дүниетаным  шарттарына  сəйкестендірілген  нақты  дəуір  білім 
жүйесімен қамтамасыз етіледі. 
Білім,  өз  кезегінде,  мемлекеттік,  қоғамдық  жəне  жеке  тұлғалық 
құндылықтарға ие. 
Білімнің  мемлекеттік  тұрғыдан  құндылықты  болуының  себебі- 
мемлекеттің  адами-инабаттық,  ақыл-парасаттық,  ғылыми-техникалық, 
рухани-мəдени  жəне  экономикалық  мүмкіндіктерінің  негізі – білімде. 
Осыдан, білімді ел- мықты, мызғымас ел.  
Білімнің  қоғамдық  құндылығы  да  жоғарыда  аталған  алғы 
шарттармен  анықталады.  Алайда,  мемлекет  жəне  қоғам  тарапынан 
болатын  білім  дамуына  орай  түсіністік  пен  ұмтылыс  əрқашан  сəйкес 
бола  бермейді.  Мысалы,  осы  күнгі  ҚР  он  екі  жылдық  оқуға  өту – 
мемлекет талабы, бірақ ол қоғам тарапынан түсінбеушілікке ұшырауда. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет