" Бабалар сөзі-баға жетпес қазына "
( танымдық тәрбие сағаты)
Оқытушы: Қ.Ү.Жақыпова
1 -жүргізуші: Құрметті оқытушылар,студенттер және кеш қонақтары, бүгінгі өткізгелі отырған " Бабалар сөзі-баға жетпес қазына " атты шарамызға қош келдіңіздер. Бұл шараның мақсаты - 100 томдық «Бабалар сөзін» халқымыздың ұлттық мақтанышы саналатын аса бай жинақталған фольклорын таныстыру.
2-жүргізуші:Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы жолдауында "Мәдени мұра"бағдарламасы бекіген болатын. Сол бағдарлама аясында бүгінде үлкен бір ауқымды іс аяқталып отыр. Ол қазақ ауыз әдебиетінің "Бабалар сөзі"деген атаумен 100 томдық жинағы жарық көрді. Қалай дегенде де елдің елдігін,ұлттың ұлтттығын танытатын басты белгі-өзінің төл мәдениеті. Қай мәдениетте де қадірлі қонақтар сол елмен танысқанда оның музейлеріне,концерт залдарына барады. Бұл елдің қандай ұлы жазушылары, ақындары, композиторлары,суретшілері болған,қазіргі мәдениетінде әлем таныған қандай тұлғалар бар дейді. Өйткені халықтың жаны мәдениетінен танылады."Бабалар сөзі"сериясы-біздің ұлттық мақтанышымыз. Бұл-қай жағынан қарасаң да әлемдік деңгейдегі теңдессіз жоба.
1- жүргізуші:Дүние дидарында бұған дейін фольклорын мұндай көлемде бастырып шығарған халықта болған емес. Демек,"Бабалар сөзі"мәдени ғана емес саяси әрі тарихи мәнге ие мирас және бүгінгі де,келешектегі де мәдениеттің ажырамас бөлігі. Сондықтан оған жай ғана "фольклордың жинағы"деп қарауға әсте болмайды. Ондағы шығармалар қазақ халқымен,оның бабаларымен жүздеген жылдар бірге жасап келсе енді олар бір серияда топтастырылып,100 том болып жиналып бүгінгіде ертеңгі де тіпті болашақта да мәңгі өмір сүреді. Сөйтіп,"Мәңгілік елмен" бірге "Мәңгілік тіл" сияқты "Мәңгілік фольклорда" болады.
2- жүргізуші: Кеңес өкіметі тұсында,діни дастандар,мифтер,магиялық фольклор,ырымдар мен тыйымдар,түс жору,тарихи аңыз хикаят сияқтылар атымен жоқ болатын. Тіпті басым көпшілігі жабулы жатқан. Бұған қытайдағы (10том),Моңғолиядағы(1)том.Егер нақтылап айтар болсақ: діни дастандар-7, хикаялық дастандар-13 том, ғашықтық дастандар-
8 том, батырлар жыры-20 том, тарихи жырлар-13 том, ертегілер-5 том. Бұлар ірі жанрлар. Ал шағын жанрлардың әрқайсысы 1-3 томнан тұрады. Жалпы пайызға салсақ,"Бабалар сөзі" 75-80 пайызға жуығы тұңғыш рет жарияланып халыққа ұсынылып отыр деуге болады.Осыншама қыруар еңбекті абыроймен атқарған М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Астанадағы «Фолиант» баспасы екенін айта кеткен жөн.
1-16- том. Аманқұлова Гүлжайна « Хикаялық дастандар» 17-22 –том Дүйсенғалиева Назерке «Ғашықтық дастандар» 23-32-том Адиетова Зарина «Қытайдағы қазақ фольклоры» 33-39-том Төлегенова Ақсамал « Батырлар жыры» «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқитын Таменова.А