Бабалар сөзі-баға жетпес қазына атты шарамызға қош келдіңіздер. Бұл шараның мақсаты 100 томдық «Бабалар сөзін»



бет3/3
Дата03.12.2022
өлшемі10,73 Mb.
#54605
1   2   3
2- жүргізуші:М.Тілеужанов ұлттық әдебиеттану саласында тек қазақ сатирасының ғана бағын ашып қойған жоқ,ол қазақ фольклористикасы мен этнографиясына да толағай жаңалықтар қосты. Өзінің халық ауыз әдебиеті төңірегіндегі салмақты ой-тұжырымдарын 5 томға жинақтап,ҚР Ұлттық және ҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының қолжазба бөліміне көзінің тірісінде өз қолымен табыстады. Бұл еңбектері елеусіз қалған жоқ.(слайд)
74-77-том Бесінбаева Шырын. «Ертегілер» 78-том Мерген Бекзат «Қазақ мифтері» 79-том Ахметжанова Райгүл «Моңғолиядағы қазақ фольклоры» 80-89-том Бауыржанова Рысгүл «Топонимдік аңыздар»
1- жүргізуші: Мынандай мәліметтерге назар аударсақ,атқарылған жұмыстың ауқымына тіпті қайран қаласыз.Жүз томда ұзын саны басы бүтін 594 ірі шығарма қамтылыпты,оның сыртында аңыз-әпсаналар,мифтер,қара өлеңдер,лирикалық өлеңдер,өтірік өлеңдер,мақал-мәтелдер,жұмбақтар,жаңылтпаштар,айтыстар,шешендік сөздер,бата-тілектер, тыйым сөздер,т.б қаншама? Әрбір томның көлемі орташа алғанда 400 беттен. Серияның жалпы көлемі 2540 баспа табақ,әр баспа табақ 16 беттен есептелгенде мұнда шамамен 40640 бет бар екен. 2- жүргізуші: Әр баспа табаққа 40000 таңба болатынын ескерсек,осы басылымдағы таңбалар саны...101миллион 600 мың таңба екен. Мұндағы мәтіндерді тек теріп шығу үшін компьютер клавиатураларына саусақтар 100 миллионнан артық рет тигенінің өзі ғажап емес пе?!
80-85 том.Аманқұлова Гүлжайна 91- 96-97-98том. Салауатова Назерке «Ауызекі әңгімлер» 92-93-94-95.Таменова Ақжарқын «Магиялық фольклор» 99-100 том.Байболатов Самат «Ән-күй өлеңдері»
1- жүргізуші: Әр томның уақтылы әрі сапалы шығып тұруын "Фолиант"баспасының бас директоры Нұрлан Исабеков,оның орынбасары-бас редактор Раушан Тұрланова және бүкіл серияға редактор болған Ұлпаш Тілегенова қамтамасыз етіп отырды. "Бабалар сөзі" жинағының редакторы Ұлпаш Сағынайқызымен болған сұхбатқа назар аударсақ (бейнебаян)
2-жүргізуші: Президент Н.Назарбаевтың 2003 жылы айтқан:"Халықтың мол мұрасын,соның ішінде осы заманғы мәдениетін,фольклорын,дәстүрлері мен салттарын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау қажет"деген сөзін атақты ғалымдар бастаған оқымыстылар жүзеге асырып отыр. Бұл мәртебелі жұмыс екені сөзсіз. Он жылда үлкен еңбек дайындап, әр жылда 10 томын шығару оңай болмаса керек. 1- жүргізуші. Бұл рухани мұра,отарлық мезгілде жоқ деп айтылған қазақтың бар мәдениетін айқын көрсетіп отыр. "Өз тілімен сөйлескен.өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта жойылмайды" дегендей, өз тілінде жазылған "Бабалар сөзі"халық қолына тиді. Бұл- фольклорлық туынды қазіргі жастар мен келесі ұрпаққа асыл мұра болып қалатын баға жетпес дүние.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет