Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі 1 Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата24.03.2017
өлшемі3,48 Mb.
#10354
1   2   3   4   5

Академик Ә.Х. МАРҒҰЛАН 

 

 

 

 

 

 

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

31  



 

Бағдат ҚАЗКЕНОВ 

 

КЕТБҰҚА -  ҚАЗАҚҚА ОРТАҚ ҰЛЫ 

ТҰЛҒА 

 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  бостандық  таңы  атқан 

тұстан  бері  қарай  тарихымызды 

түгендеп, 

жоғалған 

жәдігерлерімізді  жанданыруды 

басты  міндет  етіп  қойды.  Осы 

бағатта  тарихи  тұлғаларды  елге, 

жастарға  көрсету  қолға  алынды. 

Елін 


жаудан 

азат 


еткен 

батырлардың,  қазақтың  басын  бір  арнаға  біріктірген 

хандардың  елге  билік  айтып,  сөз  еткен  билердің  есімі  елге 

оралып,  олардың  ерлігін  ұрпақ  мақтан  тұтуда.  Ықылым 

заманда,  Арқаның  адырлы  белінде  дүниеге  келген  Кетбұқа 

бабамыздың  да  тарихтағы  тағылымын  ұрпаққа  тәлім  етсек 

деген бастамалар көтерілуде.  

Келер  2014  жылы  әз-бабаның 

туғанына  830  жыл  толмақ.  Осы 

атаулы 


мерекеде 

Жезқазған 

аймағының 

игі 


жақсылары 

Кетбұқаның  есімі  ұрпақтар  санасына 

сіңіруде бір қатар іс-шараларды қолға 

алып отыр.  



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

32  



 

Қос  қаланың  зиялы  қауымының  өкілдері  өткен  сенбі 

күні  Жезқазғандағы  С.Қожамқұлов  театрын  бетке  алды. 

Ондағы  мақсат  –  ұлы  тұлғаның 

құрметіне 

Арқа 


аймағындағы 

азаматтар  қандай  үлес  қоспақ  деген 

мәселені талқылау.  

Ұлты  үшін  ұлы  еңбектермен  ел 

есінде  қалған  абыздың  торқалы 

тойына 


дайындықтың 

барысын 


пысықтау  үшін  жиналған  көпшілік 

«Қазақтың 

Кетбұқасы» 

республикалық  қоғамдық  бірлестік  құруды  қолдап,  оның 

Жарғысын  бекітті.  Қордың  басқарма  төрағысы  мен 

мүшелерін сайлады.  

Қорды құрудағы мақсат – қазақ билерінің көшбасшысы 

Кетбұқаның  асқақ  бейнесін  тұғырға  қондырып,  ескерткіш 

орнату. Оның өз дәуірінде қоғамға қосқан еңбегін зерттеп – 

зерделеу.  

Құрылтай  жиынды  Жезқазған 

аймағы 


бойынша 

еңбек 


қатынастарын 

реттеу 


бюросы 

бөлімінің  басшысы                Төлеген 

Бүкіров  ашып,  жүргізіп  отырды. 

Тарихи  тұлғаның  кім  болғандығы 

жөнінде  жұртышылыққа  таныстыру 

үшін  сөз  кезегін  алған  өлкетанушы 

Кенжал  Балкенов  «Ұлт  тұлғасы  –  Ұлы  жырау  Кетбұқа 

Аталық жырау» тақырыбында баяндама жасады.  



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

33  



 

- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:  «Ұлы тұлғаларды 

білмейінше,  бірде-бір  дәуірді  дұрыстап  тану  мүмкін  емес. 

Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана 

аңдап  қоймаймыз.  Оның  рухын,  тынысын  да,  сезінеміз. 

Сондықтан  да  халқының,  елінің  алдындағы  өздерінің 

перзенттік парызын  айқын да, анық түсінген, қандай қиын 

қыстау  жағдайда  оны  адал  орындаудан  жалтармаған 

адамдар,  қай  дәуірде  өмір  сүрсе  де  дүйім  жұрттың  нағыз 

азаматы болып қала бермек» деген болатын.  

Ал,  Сирия  мемелекетіне  барған  арнайы  іс-сапарында 

Елбасы  қазақ  еліне  қатысты  тарихи  тұлғалардың  осы  ел 

үшін  жасаған  еңбектерін  бағалай  отырып:  «Кетбұқа 

бабамыз  – түбі  бір түркіге  ортақ  ұлт тұлғасы»  деп  толғана 

айтқан болатын.  

Осындай 


ұлт 

тұлғаларының 

алтын  әріпті  тұғырындағы  қазақ 

тарихындағы  бетке  ұстар  ұлы  жырау 

Кетбұқа  Аталық    биді  мақтанышпен 

айта  аламыз.  Көне  қазақ  әдебетінің 

көрнекті ақыны Доспамбет жырау:  

«Садақ толған сай кез оқ,  

Масағынан өткізіп,  

Басын қолға жеткізіп,  

Кетбұқадай билерден 

         Кеңес  сұрар  күн  қайда?!»  деп  көкірегі  қарс 

айырыла  жырласа,  19  ғасырдың  аламан  батыр-ақыны 

Махамбет 

ұстазы 

Доспамбет 



жыраудың 

сөзін 


жалғастырып,  

Кетбұқадай билерден 

Ақыл сұрар күн қайда?! 


Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

34  



 

Бізді тапқан ананың  

Асыраған атаның 

Қолын алар күн қайда?! – деп жырлайды.  

Асан 

қайғы, 


Қазтуған, 

Доспамбет  жырау,  Махамбеттей 

ақындар  ұлы  тұғырға  көтеріп 

жырлаған  Кетбұқа  би  туралы  біз 

не  білеміз?  Кетбұқа  бабамыз 

Жошы ханның қырық батырының 

бірі 

ретінде 


қазақ-қырғыз 

тарихында 

айтылады. 

Қырғыздармен  шайқаста  ерлік 

көрсеткен  Шыңғысханның  мың  басы  Бағары  Нұқы 

батыр туралы деректер Манғолдың құпия шежіресінде 

келтірілген.  Міне,  осы  Бағары  Нұқы  батыр  Кетбұқа 

жырау  деген  дерекке  сабырлықпен  қарап,  зерттеуіміз 

қажет.  Бір  сөзбен  айтқанда,  Алаштың  мемлекет 

қайраткері Кетбұқа бабамыз кезінде Палестина жерінде 

Құлағу  Елханымен  бірге  өз  саясатын  жүргізген 

Елатасы.  

Осындай  ұлт  тарихында  терең  із  қалдырған 

көреген  саясаткер,  шебер  дипломат,  мемлекет 

қайраткері,  сәуегей  әулие  Кетбұқа  жырау  біздің  ой-

санамыздан өз орнын толық алды деп айта аламыз ба? 

Мағыналы  өмірін  Сарыарқадай  даласында  жауын 

тізгіндеумен  өткерген  Кетбұқа  жыраудың  есімі  Лев 

Николаевич Гумилевтің зерттеулері арқасында ғылыми 

айналысқа түсті. Оның «Этнос және Жер биосферасы» 



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

35  



 

атты  кітабының  бір  тарауы  Кетбұқа  бабамызға 

арналған.  

«Алты  арыс  ел  Ұлытауға  жиналып,  Кетбұқаны 

Ұлығ  би  сайлады»  -  деп  Тұрсын  Жұртбаев  өзінің 

тарихи эфсанасында жазады.  

Өтпелі дәуірлер керуенінде көмескіленіп, ғасырлар 

тоғысымен  заманалар  ауысымында  ұмытып  болуға 

айналып бара жатқан тарихты іздемеу, Кетбұқадай ұлы 

тұлғаларымызды 

зерделемеу, 

бар 


деректердің 

жоғалуына апарып соғатыны аян.  

Сондай құндылықтардың бірі 

«Таңбалы  тас»  -  Кетбұқадай 

бабаларымыздан қалған ұлы мұра. 

Барлық  қазақтардың  басын  бір 

халыққа  біріктірген  Майқы  би, 

Кетбұқа  жырау,  Дай  шешен, 

Қотан би қазақ шежіренамасының 

негізін  қалаушылар  деп  барлық 

шежірелерде  көрсетіледі.  Кезінде 

«Ердің ері, егеудің сынығы» - деп Кетбұқадай батырды 

Ұлытауға  аттандырады.  Елдің  игі  жақсылары  оның 

ішіндегі  Майқы  би  «Қаратаудан  әрі  қарай  асыңдар, 

Ұлытау,  Кішітау  деген  таулар  бар.  Қаракеңгір, 

Жездікеңгір,  Құдайберді  деген  жерге  барып,  ірге 

тебіңдер. Ақ найзаның ұшымен, әділ биліктің күшімен, 

ел  болуды,  жұрт  болуды  ойлаңдар»,  -  деп  батасын 

берген  екен.  Ұлы  бидің  батасы  қабыл  болып,  еңселі 

орда құрылып, тасқа таңбаларын қашатып, ант беріскен 

жер – Ұлытау.  


Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

36  



 

Сол  Ұлытаудағы  Таңбалынұра  жерінде  үш  жүздің 

таңбаларын  тасқа  қашатқан  Майқы  би  мен  Кетбұқа 

бабаларымыз.  

Шыңғыс  заманының  тірі  куәсіндей  болып  жеткен 

«Ақсақ  құлан»  қазақтың  күй  тарихындағы  ескі 

күйлердің бірі болып саналады.  

Осы  уақытқа  дейін  Кетбұқа  Шыңғыс  ханның 

баласының  өлімін  домбырамен,  кейбір  кезде  қобызбен 

күй  тартып,  естірткен  деп  айтылады.  Қазақ  даласында 

аңыздарда  Кетбұқаның  есімі  әйгілі  «Ақсақ  құлан» 

күйімен  тығыз  байланысты  болып  келеді.  «Ақсақ 

құлан»  десек,  Кетбұқаның,  Кетбұқа  десек,  «Ақсақ 

құланның» қосарлана айтылатыны белгілі.  

«Ақсақ  құлан»  күйі  Қазақстанның  Алтай  мен 

Маңғыстау  түбегіне  дейінгі  байтақ  далада  дерлік 

тартылып  күні  бүгінге  дейін  жеткен.  Манғолияның 

Баян-Өлгей қазақтарында, еліміздің Шығыс Қазақстан, 

Семей,  Сыр  бойы,  Ақтөбе,  Орал,  Атырау,  Маңғыстау 

өңірлерінде  «Ақсақ  құлан»  күйінің  бірнеше  нұсқалары 

бар. 

Тарбағайталық 



домбырашы 

Бағаналы 

Салтөлековтың, 

Сыр 


бойының 

күйшісі 


Нәби 

Жәлімбетовтың, 

Маңғыстаулық 

күйші 


Мұрат 

Өскенбаевтың 

орындауындағы 

«Ақсақ 


құлан» 

күйіндегі  ортақ  сарын  «Балаң  өлді,  Жошы  хан»  -  деп 

келетін естірту ретінде домбыраның сөйлейтін тұсы.  

Өнер саласының зерттеушілері Кетбұқа жыраудың 

халық  арнасындағы  кең  тараған  күйлеріне  «Нар 

идірген»,  «Күйдім-жандым»,  «Ақсақал»,  «Жошы  хан», 



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

37  



 

«Ақсақ құлан» , «Жылан қайыс», «Ел бірлігі» күйлерін 

жатқызады.  

Кетбұқа  бабамыздың  қобызда  тартылатын  «Ел 

бірлігі»  атты  күйін  қырғыз  ағайындарымыз  ұлттың 

алтын  қорына  кіргізгенін  естіп,  біз  қуанып  қалдық. 

Бабамыздың 

тағы 


бір 

мұрасы 


табылғанына. 

Бабамыздың  аты  бізге  жауынгершілік  жолдармен 

қатар, құдіретті күй әуендерімен жетіп отыр.  

Осындай  Кетбұқа  бабамыздың  күйлері,  артында 

қалған мол мұралары қырғыз, қарақалпақ, өзбек, татар, 

ноғай  әдебиет  қорларында  бар  екенін  сенімдіміз. 

Осындай мұраларды іздестіру іс-шаралары Елбасының 

бастамасымен 

қабылданған 

«Халық 


тарих 

толқынында»  бағдарламасына  енгізсе  дейміз,  -  дейді 

баяндамашы.  

Ұлы  тұлғаны  ұрпаққа  танытудағы  тың  бастаманы 

көтерген 

Қазақстан 

Республикасының 

құрметті 

геологы,  Шет  ауданының  құрметті  азаматы  Сұлтан 

Сүтбаев,  техника  ғылымдарының  кандидаты  Мүсілім 

Тоқтамысов  Кетбұқаның  өз  дәуіріндегі  ерлік  істерін 

тарихи  дерек  бойынша  сөз  етіп,  оны  ұлықтаудың  сәті 

туғанын жеткізеді.         Жарыссөзге шыққан филология 

ғылымдарының 

кандидаттары 

Ғазиз 


Ештанаев, 

Кенжебай  Ахметов,  ҚР  Жазушылар  одағының  мүшесі  

Төкен  Әлжантегі,  Жезқазған  қаласының  құрметті 

азаматы 


Сағындық 

Қожамсейтов, 

Қазақстан 

Республикасының 

еңбек 

сіңірген 



актері,                         

С.  Қожамқұлов  атындағы  театрдың  директоры                    



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

38  



 

Досжан  Жанботаев  және  т.  б.  азаматтар  ескерткіш 

орнату бастамасын қолдайтындықтарын жеткізді.  

Бұл  бастамаға  еліміздің  түкпір-түкпірінен  қолдау 

хаттар  да  келіп  түсіп  жатыр.  Республика  көлемінде 

жүзеге  асқалы  тұрған  ауқымды  шараның  Жезқазған 

аймағынан  бастау  алғанына  ризашылықтарын  айта 

келе,  өзге  өңірдегі  ақсақалдар  мен    атпал  азаматтар 

ниеттестіктерін білдіріпті.  

Жиынның  негізгі  бөлімінде  қор  құру,  оның 

Жарғысын  бекіту  мәселесі  шешімін  тауып,  қоғамдық 

қордың  басқарма  төрағасы  болып  Төлеген  Бүкіров 

сайланды.  

Ұлтын  ұлы  мұратқа  жетелеп,  қазақтың  азат 

болуын  аңсаған  Кетбұқа  бабаның  атындағы  қор  өз 

жұмысын  бастады.  Қордың  атқарар  міндеті  ауқымды. 

Тек  ескерткіш  қана  орнатып  қоймай,  нар  тұлға 

жайында  сыр  шертетін  еңбектер  жариялау,  мәдени-

спорттық  іс-шаралар  ұйымдастыру,  ғылыми  зерттеу 

жұмыстарын жүргізуді көздейді.  

Тарихта  өзіндік  орны  бар  Кетбұқаның  ерлігін 

дәріптеуде  атқарылар  істе  ұлт  болып  ұйысып,  қоғам 

болып  қолдау  көрсетсек,  баба  алдындағы  ұлы 

құрметімізді  білдірген  болар  едік.  Бастау  алған 

шараның нәтижелі болуына барлығымыз үлес қосайық, 

ағайын!  

  

  

 



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

39  



 

Жаңғырық 

ОРЫНДАЙ АЛСАҚ, ОЙ – ДҰРЫС 

(«Кетбұқа  баба  ұрпақтар  құрметіне  лайықты 

тұлға», «Мысты өңір», 25 қазан 2013 жыл). 

Сұлтан Сүтбаев ағамыздың мақаласын оқып, ол кісінің 

орынды  мәселе  көтергеніне  риза  болдық.  Шынында  да, 

Кетбұқа бабамызды қастерлеу, оның рухына құрмет белгісі 

ретінде  ескерткіш  тұрғызу  бастамасын  ешкім  де  теріс 

демейтіні  ақиқат.  Өйткені,  Кетбұқа  ұлы  даламыздың 

даңқын  әлемге  танытқан  айтулы  тұлға  екендігін  табасыз. 

Біздер сонау замандарда-ақ қазақтың атын шығарған атақты 

адамның  өзіміздің  жерімізден,  елімізден  шыққанын  аса 

қатты  мақтаныш  етуге  қақылымыз.  Бастама  –  өте  оңды 

бастама. Енді бұл ой сөз жүзінде ғана қалып қоймауы үшін 

бәріміздің бірлікті тірлігіміз қажет.  



С. МЫРЗАТОВ , Ж. КЕНБАЕВ,  

З. ӘБДІҒАЛИ . Б. МӘНІБАЕВ,  

Т. ҚОЖАҚПАЕВ, Н. ШЕГІРБАЕВ  

Жезқазған қаласының тұрғындары  

Орынды айтылған ой кімнің тарапынан болса да қолдау 

табады  емес  пе?  С.  Сүтбаев  ақсақалдың  бабаны  құрметтеу 

турасында жазған мақаласын оқып, қуанып қалдық.  «Міне, 

нағыз  ақсақалдық  сөз,  елдің  рухын  көтеретін,  кейінгі 

ұрпаққа  жақсы  жол  көрестетін  бастама»  деп  риза  болдық. 

Елін  сүйген,  халқының  айбары  бола  білген  бабамыздың  өр 

рухына  арнап  ескерткіш  орнату  қазіргі,  ертеңгі  ұрпақты 

отансүйгіштікке  тәрбиелеудің  тамаша  үлгісі  болатыны 

сөзсіз.  Тәуелсіздіктің  ұлы  мүмкіндіктерінің  бірі  – 

тарихымызды  түгендеу,  ұлтымыздың  ұлы  тұлғаларымен 

табысу  десек,  Кетбұға  бабамызды  осыған  дейін  ескере 

қоймағандығымыз  дұрыс  емес  еді.  Енді  сол  жіберілген 

кемшілікті  түзейтін  уақыт  жеткен  секілді.  Көтерілген 

бастамаға  жалпы  халық  болып  қолдау  танытуымыз  керек. 

Өйткені Кетбұқа баба – біздің ұлы мақтанышымыз.  



Жаукен БӘЙІШЕВ,  

                                                             Ардагер педагог, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы.   

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

40  



 

Мен 


Доспамбет 

жыраудың 

бір 

толғауындағы 



«Кетбұқадай  ерлерден,  кеңес  сұрар  күн  қайда?»  деген 

жолдарды оқыған едім. Содан соң Доспамбеттей жыраудың 

өзіне арман, сағыныш болған Кетбұқаның тарихи тұлғасын 

тану мақсатында ізденіске түскен болатынмын.  Сөйтсем, ол 

кісі  тек  күйші,  жырау  ғана  емес,  заманында  ел  билеген, 

тіпті,  шет  жұрттарға  да  билік  айтқан,  сөзін  өткізе  білген 

ғаламат  тұлға  болған  адам  екен.  Кетбұқа  бабамыздың 

өлерінің  алдында  айтқан  «Мен  өлсем  де  артыма  шегінбей 

өлетін  боламын,  ұрпақтарыма  менің  осы  өсиетімді 

жеткізіңдер!»  деген  сөзін  біз  енді  ғана  біліп  жатырмыз. 

Осындай  қайсар  да  өр  тұлғаға  лайықты  ескерткіш  орнату 

қажеттігі  туралы  мақаладағы  ой  өте  дұрыс.  Дегенмен, 

меніңше  ескерткішті  халық  көп  шоғырланатын,  мәдени 

орындардың жанына орнатылғанын жөн санаймын.  



Г. БАЛКЕНОВА  

№22 орта мектептің қазақ тілі және 

 әдебиет пәнінің мұғалімі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

41  



 

Амандық РАХҰЛЫ  

«Мысты өңір» 

 

«ҚАЗАҚТЫҢ КЕТБҰҚАСЫ» ҚОҒАМДЫҚ 

БІРЛЕСТІГІ ҚҰРЫЛДЫ. 

 

Өткен сенбі күні Жезқазғанда ұлт тұлғасы Кетбұқа 

баба  қоғамдық  бірлестігі  мен  арнайы  қор  құру  туралы 

қалың  көпшілік  қауым қатысқан  құрылтай  жиналысы 

өтті.  

Жиналған  жұртшылық  алдында  академик  Қ.  Сәтбаев 

атындағы  тарихи-өндірістік  мұражай  директоры  Кенжал 

Балкенов    «Кетбұқа  Аталық  би  –  түркі  халқының  ұлы 

тұлғасы»  деген  тақырыпта  толғамды  баяндама  жасады. 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Сирия  мемлекетінде  барған 

іссапарында  «Кетбұқа  бабамыз  түбі  түркі  жұртына  ортақ 

ұлтымыздың тұлғасы»,  - деп, толғана айтқан пікірін    алға 

тарта  сөйлейді  баяндамашы.  Аты аңызға айналған  Кетбұқа 

жыршы, Кетбұқа күйші, Кетбұқа би,  Кетбұқа қолбасшының 

болмысын  тарихи  деректерге  сүйене  отырып  жамағатқа 

әсерлі  жеткізді.  Сондай-ақ,  сөз  кезегін  алған  Қазақстанның 

құрметті  геологы  Сұлтан  Сүтбаев,  Жезқазған  мен 

Ұлытаудың  құрметті  азаматы  Сағындық  Қожамсейітов, 

журналист  Көбейсін  Еңсебаев,  филология  ғылымының 

кандидаттары  Ғазиз  Ештанаев,  Кенжебай  Ахметов  пен 

басқа  азаматтар  да  Кетбұқа  туралы  жан-жақты  әңгіме 

өрбітіп,  тарихи  тұлғаны  құрметтеп,  ұлықтайтын  шараларға 

ұйытқы  болу  Жезқазған-Ұлытау  өңірі  халқының  абыройлы 

борышы  деген  тоқтамға  келді.  Жезқазған  қаласы  әкімінің 

орынбасары  Бейбіт  Аханов  та  өз  сөзінде  қоғамдық 

бірлестіктің 

жұмысына 

әкімдік 


тарапынан 

қолдау 


жасалатынын білдірді.   

«Кетбұғыдай билерден  

Кеңес  сұрар  күн  қайда?»  -  деп  Доспанбет  жырау 


Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

42  



 

бекерге  жырламағаны  белгілі.  Кетбұқа  тарих  сахнасына 

Найман  мемелекетінің  Шыңғысхан  соққысынан  күйреген 

тұсында  шыққан  тұлға.  Тарихшылардың  жазуы  бойынша 

Моңғол  империясы  мен  Найман  мемлекетінің  арасындағы 

16  жылға  созылған  жауласуының  ақырғы  шайқасы  1218 

жылы  қазіргі  Самарқанд  облысының  Сарыкөл  маңында 

болған. Қағанның қаһарынан қаймықпаған Кетбұқа бұдан 7-

жыл  өткен  соң  өзін  мойындатып,  Шыңғысхан 



империясының  ең  жоғарғы  лауазымын  ноян  дәрежесіне 

көтерілгені де көп нәрсені аңғартса керек. Қазақ халқының 

тарихын 

зерттеген 

ғұлама 

ғалым                             



Мұхамеджан  Тынышпаевтың  «Қазақ  халқының  тарихына 

қатысты деректер» еңбегінде оның Найманнан шыққан ұлы 

абыз,  қазақтың  сыйынатын  пірі  екені  айтылған.  Белгілі 

археолог  ғалым  Әлкей  Марғұлан  болса:  «...XII  жасаған 

атақты  жырау  «Ақсақ  құлан»  -  «Жошы  хан»  күйін  орасан 

көп  халықтың  ортасында  тартып  беріп,  музыка  үнінің 

кереметін  танытқан  Аталық  жырау  (шын  аты  –  Кетбұқа, 

кейбір жерде Кербұқа» еді деп тамсанып  жазғаны тағы бар. 

Кетбұқаның  «Нар  идірген»,  «Күйдім-жандым»,  «Ақсақал» 

атты  күйлері  туралы  да  аңыз  әңгімелер  көп.  Тарихи  тұлға 

жөніндегі  зерттеу  деректерін  Ақселеу  Сейдімбековтің 

«Балталы,  Бағаналы  ел  аман  бол»,  Тұрсын  Жұртбаевтың 

«Кетбұқа» тарихи әфсанасының Қуаныш Ахметовтың «Ұлы 

даланың  Ұлытауындағы»  «Кетбұғы  –  кемеңгер  бабамыз» 

шығармасынан көруге болады.  

Аты аңызға айналған тұлғаны одан әрі зерделеу, есімін 

жаңғырту,  сондай-ақ  қаланың  қақ  ортасынан  еңселі 

ескерткіш  орнату  мәселесі  көтерілді.  Осы  мақсатта 

«Жезқазған  аймақтық  қазақтың  Кетбұқасы  қоғамдық 

бірлестігін»  құру  туралы  ұсынысты  көпшілік  қауым 

бірауыздан  қолдады.  Соған  орай,  Жарғысы  бекітіліп, 

«Кетбұқа»  қоры  құрылды.  Барлығы  11  адамнан  тұратын 

басқарма мүшелері және қоғамдық қордың төрағасы болып 


Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

43  



 

рухани  істердің  жанашыры  болып  танылып  жүрген  азамат 

Төлеген Бүкіров сайланды.  

 

 

«Қазақтың Кет Бұқасы»  Қоғамдық бірлестігінің реквизиттері  

«Қазақтың Кет Бұқасы»  Қоғамдық бірлестігі  

Қазақстан Республикасы  

Қарағанды облысы 

Жезқазған қаласы 

Жанасов көшесі  6 үй 

БИН 131240014719 ОКПО 52467859  

код ОКЭД 94990 

Мемлекеттік тіркеу куәлігі 19.12.2013 ж №131240014719 

Банк реквизиттері: 

Есеп шоты KZ929650000071698423 

Альянс Банк акционерлік бірлестігі, БИК IRTYKZKA 

 

 



Реквизиты ОО «Қазақтың Кет Бұқасы» 

ОО  «Қазақтың Кет Бұқасы» Республика Казахстан 

Карагандинская область г.Жезказган ул.Жанасова 6 

БИН131240014719 ОКПО 52467859 

код ОКЭД 94990 

Справка о государственной регистрации от 19.12.2013 г. 

Банковские реквизиты: 

Расчетный счет KZ929650000071698423 

АО Альянс Банк, БИК IRTYKZKA 

                   

 


Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

44  



 

 

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

45  



 

БАСТАМАҒА   ҚОЛДАУ   БІЛДІРЕМІЗ 

Біз    әдебиет    саласының    маманы    ретінде    Кетбұқа  

бабаның  есімі    ел    ішінде      қайта  жаңғырғанына   

қуаныштымыз.    Қазақ  әдебиетіндегі    жыраулар      мектебін  

қалыптастырушы   тұлға ретінде  танылған Кетбұқа  абызды 

республикалық  деңгейде  ұлықтау    бастамасын    көтерген  

азамат  Сұлтан  Сүтбаев    ағамыздың    ойын    барша  жұртпен  

бірге    мен  де  қолдаймын.  Бүгін    жұтшылықтың    алдында  

осы  істің  бастауына  рұқсат  берілді.  Ұлы    тұлғаны  

ұлықтауға    арналған  шаралар  ұйымдастырылып    жоғарғы 

деңгейде  өтуі  тиіс. Әсіресе, оның ескерткішін және орнату 

кемшіліктер    болмауы    қажет.  Орнатылар  ескерткіш  

қаламызға  келетін  меймандар  мен тұрғындардың  тағзым  

ететін    мәдени  –  рухани  орнына  айналуы    басшылыққа 

алынса  дейміз.  Өз    заманында  ел    билеген    тұлғаны 

тарихтың  қатпарынан    ашып    алып, тәуелсіз    елдің   заңғар 

көгіне шығарып  жатсақ  не сөгеттігі   бар? Қолдау  болса, 

бұл іс ұрпақ  санасында жатталып  қалары сөзсіз. 

 

 

                                                                                 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет