Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал



бет30/41
Дата20.09.2023
өлшемі359,41 Kb.
#109151
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Байланысты:
Баешова а. . Жалпы химия (зертханалы ж мыстарды жина ы) О у- д

Жаттығулар

  1. Келесі кешенді қосылыстардың формулаларын жазыңыздар: калий дицианоаргентаты, калий гексанитрокобальтаты (ІІІ), гексаамминникель (ІІ) хлориді, натрий гексацианохроматы (ІІІ), гексаамминкобальт (ІІІ) бромиді, тетраамминкарбонатхром (ІІІ) сульфаты, диакватетраамминникель (ІІ) нитраты, магний трифторгидроксобериллаты.

  2. Келесі келесі кешенді қосылыстарды атаңыздар:

[PdCI(H2O)(NH3)2]CI; [Cо(NH3)6]CI3; [PtCI(NH3)5]CI3; [Pt(NH3)4]CI2.
3. Берілген элементтер,молекулалар, аниондар және катиондар арқылы кешенді қосылыстардың формулаларын құрыңыздар:
а) Ag+ – кешен түзуші; NH3 - лиганда; Cl - - сыртқы сфера.
б) Со3+ - кешен түзуші; NH3, – лигандалар; CI- - сыртқы сфера.
в) Ва2+ - сыртқы сфера, Сr3+ - кешен түзуші, NH3, SCN- – лигандалар.
г) К+ - сыртқы сфера, Ғе2+ - кешен түзуші, СN- - лиганда.
4. Берілген элементтер,молекулалар, аниондар және катиондар арқылы кешенді қосылыстардың формулаларын құрыңыздар:
а) Pt2+ – кешен түзуші; CI-, NH3 - лигандалар; Cl - - сыртқы сфера.
б) Со2+ - кешен түзуші; Br-, NH3, – лигандалар; - сыртқы сфера.
в) NH+4 - сыртқы сфера, Rh+3 - кешен түзуші, Cl- - лигандалар.
г) К+ - сыртқы сфера, Au3+ - кешен түзуші, СN- - лиганда.
5. Келесі қосылыстардағы кешен түзуші элементтердің тотығу дәрежелерін анықтаңыздар: (NH4)2[PtCI4(ОН)2]; [Cо(NH3)5CI]CI2, К[Ag(СN)2], К3[Co(NO3)6], [Cu(NH3)4]SO4, [Cr(NH3)5СI]Cl3, Na2[Zn(OH)4], К[Au(СN)4].
6. Тұрақсыздық константаларының мәндерін пайдаланып, келесі қосылыстардың ерітінділерінің арсында жүретін реакциялардың мүмкіндігін анықтаңыздар. Жүруі мүмкін реакциялардың теңдеулерінің молекулалық және иондық түрлерін жазыңыздар:
а) [Ag(NH3)2]NO3 + NaNO2; е) Na3[Ag(S2O3)2] + KCN
б) К2[HgBr4] + KI; ж) [Cu(NH3)4](NO3)2 + KCN
в) К2[HgBr4] + KCI; з) К[Ag(NO3)2] + NH4OH
г) К[Ag(СN)2] + NH3; и) [Cd(NH3)4]CI2 + KCN
д) К2[HgBr4] + KCN; к) К[Ag(NH3)2] + H2S.
7. Келесі кешенді бөлшектердің зарядтарын анықтаңыздар және олардың арасындағы катион, анион, бейтарап бөлшектерді көрсетіңіздер:
[Co(NH3)5CI], [Cr(NH3)4РО4], [Ag(NH3)2], [Cr(ОH)6], [Cо(NH3)3(NO2)3], [Cu(H2O)4], [AuСI4], [Cо(NH3)5CI] [Co(NO3)6], [PtCI4(ОН)2]; [PdCI(H2O)(NH3)2].
8. Келесі кешенді иондардағы кешен түзуші элементтердің тотығу дәрежелерін анықтаңыздар:
[Ғе(СN)6]4-, [Cu(NH3)4]-, [Cо(NH3)5CI]2+, [Cr(H2O)4Br2]+, [AuСI4]-, [Hg(CN)4]2-, [Cd(CN)4]2-, [Ag(S2O3)2]3-, [Cо(NH3)5Br]2+, [Fe(CN)6]4-, [Cu(NH3)2 (SCN)2].
9. Келесі электрбейтарап кешенді қосылыстарды атаңыздар:
[Cr(NH3)4РО4], [Pt(NH3)2CI4], [Rh(NH3)3(NO2)3], [Pd(NH2ОН)2CI2], [Cu(NH3)2(SCN)2], [CrF3(H2O)3], [Co(NO2)3 (NH3)3].
10. Берілген 0,1М К2[[Cd(CN)4] - кешенді қосылысының ерітіндісінде артық мөлшерде 0,1 моль/л KCN бар. [Cd(CN)4]2- - ионының тұрақсыздық константасы 7,8∙10-18 екенін ескеріп, осы ерітіндідегі кадмий иондарының концентрациясын есептеңіздер.
11, 12-зертханалық жұмыс
s, p, d - элементтердің химиялық қасиеттері. Кейбір s, p, d – катиондарының (Ag+, Cu 2+, Zn2+, Fe3+, Fe2+, Bi3+) және аниондарының (Cl-, SO42-, NO2-, NO3-, CO32-, PO43-) сапалық реакциялары
Теориялық бөлімі. Элементтердің негізгі сипаты (электрондық қабаттарының құрылымы, тотығу дәрежесі, комплекс түзуге қабілеттілігі, т.б.) Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде осы элементтердің орналасуымен анықталады.
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің кванттық механикалық түсініктемесі арқылы элементтерді жіктеу электрондық құрылымына байланысты жүзеге асады. Ол әр түрлі электрондық орбиталдардың (s-, p-, d-, f-) толуына негізделген. Осыған сәйкес, барлық элементтер s-, p-, d- және f- элементтер деп бөлінеді.
1. s-элементтерге: сутек, гелий, сонымен қатар I және II топтың негізгі топшаларының элементтері жатады. Бұл элементтерге айқын металдық қасиет тән.
2. p-элементтерге: III-VIII топтардың негізгі топшаларының элементтері жатады. Элементтердің басым көпшілігі металл еместік қасиет танытады және тотығуға да, тотықсыздануға да қабілетті. Тек элементтердің металдық қасиеттері басымырақ және қосылыстарында оң тотығу дәрежесін көрсетеді.
3. d-элементтерге: I-VIII топтардың қосымша топшаларының элементтері жатады. Барлық элементтер нағыз металдар, олар тотығу тотықсыздану реакцияларында тотықсыздандырғыш қызметін атқарады.
4. Периодтық жүйеде f-элементтер кестеден бөлек орналасқан лантаноидтар және актиноидтар топтарын құрайды. Бәрі типті металдарға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет