Байланысты: Баешова а. . Жалпы химия (зертханалы ж мыстарды жина ы) О у- д
а) K3[Fe(CN)6] әсері. Темір (II) иондары калиийдің гексацианоферратымен (III) әрекеттескенде «турнбулл көгі» атты көк түсті тұнба түзіледі:
3FeSO4+2K3[Fe(CN)6]=Fe3[Fe(CN)6]2↓+3K 2SO4 3Fe2++2[Fe(CN)6]=Fe3[Fe(CN)6]2↓
Түзілген тұнба тұз қышқылында ерімейді, бірақ сілтілер әсерінен еріп, өзгеріске ұшырайды:
Fe3[Fe(CN)6]2↓+6KOH=2K3[Fe(CN)6]+3Fe(OH)2↓
Темір (II) ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы калий гексацианоферраты (III) ерітіндісімен әсер ету қажет. Реакция рН=2-3 шамасында жақсы жүреді. Fe 2+ -иондары реакцияның жүруіне кедергі жасамайды.
11.2. Темір катионының реакциялары а) K4[Fe(CN)6] әсері. Темір (III) иондары калийдің гексацианоферратымен (II) әрекеттескенде, көк «берлин көкшілі» деген тұнба түзіледі:
4FeCl3+3K 4[Fe(CN) 6]=Fe 4 [Fe(CN) 6] 3↓+12KCl
4Fe3+ +3Fe(CN) 6] 4-=Fe 4 [Fe(CN) 6] 3↓
Темір (III) ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы калий гексацианоферраты (II) ерітіндісімен әсер ету қажет. Түзілген тұнба сұйытылған тұз қышқылында ерімейді, бірақ сілтілер әсерінен еріп, өзгеріске ұшырайды:
Fe4[Fe(CN)6]3↓+12KOH=3K4[Fe(CN)6]3+4Fe(OH)3↓
Реакцияның сезілгіштігі жоғары, ерітіндіде темір иондарының концентрациясы өте төмен болған кезде ғана тұнба түзілмейді, бірақ көк түсті коллоидты ерітінді түзіледі.
Концентрлі қышқылдардың әсерінен темір гексацианоферраты ыдырайды:
Fe4[Fe(CN) 6] 3+18HCl=3FeCl2+18HCN+4FeCl3 б ) SnCl2 әсері Қалайы (II) хлоридінің әсерінен темірдің (III) валентті ионы темірдің (II) валенттілігіне дейін тотықсызданады:
2FeCl3+SnCl2=2FeCl2+SnCl4 11.3. Cu 2+ катионының реакциялары a) NaOH, KOH әсері Cu2+ - тұздары сілтілермен әрекеттесіп, көк-жасыл түстi Cu(OH)2 түзеді. Мыс гидроксиді минералды, шарап және лимон қышқылдарында ериді:
Cu 2+ +2OH-= Cu(OH)2 ↓
Cu(OH)2 +4NH4OH=[Cu(NH3)4]2++2OH-+4H2O
Cu(OH)2 тұнбасына NH4OH ерітіндісін артық мөлшерде қосатын болса комплексті қосылыс түзіледі.
Екі пробиркаға 2-3 тамшыдан CuSO4ерітіндісін құйып, 2-3 тамшы 2н NaOH қосады. Тұнба түзілгеннен кейін, бірінші пробиркаға H2SO4, екінші пробиркаға 25% -дық аммиак ерітіндісін қосады. Бірінші пробиркадағы тұнба ериді, ал екінші пробиркада қанық көк түсті комплексті қосылыс түзіледі.
б) NH4OH әсері Аммиак ерітіндісімен мыс (II) иондары көк-жасыл түсті мыстың негіздік тұзын түзеді. Ол аммиактың артық мөлшерінде еріп, ерітінді қанық көк түсті болады.
2Cu2++2NH4OH+SO42-=(CuOH) 2SO4↓+2NH4+ (CuOH) 2SO4↓+8NH4OH=2[Cu(NH3) 4] 2++2OH-+SO42-+8H2O
2CuOH++8NH4OH=2[Cu(NH3) 4] 2++2OH-+8H2O
Пробиркаға 2-3 тамшы CuSO4 ерітіндісін құйып, 2н аммиак ерітіндісін тамшылатып қосады. Тұнба түзілгеннен кейін 25%-дық NH4OH ерітіндісін қосып ,тұнбаның ерігенін көреді.