Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал



бет12/41
Дата29.09.2022
өлшемі359,41 Kb.
#40741
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Байланысты:
treatise4937

Молярлық (мольдік) концентрация. Молярлық концентрация 1 литр ерітіндідегі еріген заттың моль санымен аңықталады.
Егер 1 литр ерітіндіде еріген заттың 1 молі болса, ерітіндіні бір молярлы ерітінді дейді. Мысалы, ас тұзының бір молярлы ерітіндісін дайындау үшін оның бір молін, яғни 58,5 грамын (М=23+35,5=58,5 г/моль) өлшеп алып, 1 литрлік өлшеуіш колбаға салып ерітеміз де, ерітіндінің көлемін су құю арқылы бір литрлік деңгейге (колбаның мойынындағы таңбаға) дейін жеткіземіз. Децимолярлы ерітінді дайындау үшін ас тұзының 0,1 молін алып, ерітіндінің көлемін бір литрге жеткіземіз.
Ерітіндінің мольдік концентрациясын См деп немесе М әріпімен белгілейді. Мысалы, 1 молярлы ерітінді − 1М, екі молярлы ерітінді − 2М децимолярлы ерітінді − 0,1М, сантимолярлы ертіндіні − 0,01М, миллимолярлы ерітіндіні − 0,001М деп белгілейді.
Ерітіндінің молярлық концентрациясын келесі формула бойынша есептейді:
, моль/л
Бұл формуладағы См− молярлық концентрация (моль/л); m − еріген заттың граммен алынған массасы; М−еріген заттың молярлық массасы; V− ерітіндінің литрмен алынған көлемі.
Нормальдық (эквиваленттік) концентрация. Ерітіндінің нормальдық концентрациясын 1 литр ерітіндідегі еріген заттың эквиваленттерінің санымен анықтайды. 1 литр ерітіндіде 1 эквивалент еріген болса − 1 нормальды, 2 эквиваленттік масса еріген болса − екі нормальды деп атайды.
Нормальдық концентрация көп жағдайда н әрпімен белгіленеді. Мысалы, бір нормальды ерітінді − 1н, екі нормальды ерітінді − 2н, децинормальды ерітінді − 0,1н деп белгіленеді.
Ерітінділер дайындағанда қышқылдардың, негіздердің және тұздардың эквиваленттік массасын келесі әдістермен есептейді.
Қышқылдардың эквиваленттік массасын есептеу үшін қышқылдың молярлық массасын сутек атомдарының санына бөлу керек, мысалы:
М(ЭH3PO4) = 98 г/моль/3 = 32,66 г/моль.
Негіздердің эквиваленттік массасын есептеу үшін олардың молярлық массасын гидроксилдер санына бөлу керек, мысалы:
М(Э Ca(OH)2) =74 г/моль/2=37 г/моль.
Тұздардың эквиваленттік массасын есептеу үшін, олардың молярлық массасын металл атомдарының саны мен валенттілігін көбейткеннен шыққан санға бөлу қажет, мысалы:
М(ЭАl2(SO4)3) = 342 г/моль /2.3 = 342 г/моль/6 = 57г/моль.
Мысалы, күкірт қышқылының 1 нормальды ерітіндісін дайындау үшін оның бір эквиваленттік массасын М(ЭH2SO4 )=98 г/моль/2 = 49 г/моль, яғни осы қышқылдың 49 грамы бар ерітінді көлемін 1 литрлік колбаға құйып, ерітіндінің деңгейін су қосу арқылы бір литрді көрсететін таңбаға дейін жеткізеді (ескерту: концентрленген күкірт қышқылынан ерітінділер дайындаған кезде өте сақ болу қажет, міндетті түрде суды қышқылға емес, қышқылды суға құю қажет!). Ерітіндінің нолмальдық концентрациясын мына формула бойынша есептейді:
CH=m / М(Э) .V,
мұндағы СH − ерітіндінің нормальдық концентрациясы; m − еріген заттың граммен алынған массасы; М(Э) − еріген заттың эквиваленттік массасы; V − ерітіндінің литрмен алынған көлемі.
Лабораторияда ерітіндінің концентрациясын титр арқылы белгілеу жиі қолданылады. Ерітіндінің 1 миллилитріндегі еріген заттың граммен алынған мөлшерін титр дейді. Титрді мына формула арқылы есептейді:
Т= СH . М(Э)/1000
Т − титр; С − нормальдық концентрация; М(Э) − еріген заттың эквиваленттік массасы.
Мысалы, 0,1 нормальды фосфор қышқылының титрін есептейік:
ТH3PO4 = 0,1 .32,66 /1000 = 0,003266 г/мл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет