Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал



бет15/41
Дата29.09.2022
өлшемі359,41 Kb.
#40741
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Реакциялардың иондық теңдеулері
Электролиттік диссоциация теориясы бойынша электролиттердің су ерітіндісіндегі барлық реакциялар иондар арасындағы реакциялар болып келеді және иондық теңдеулер түрінде өрнектеледі. Оларды құрғанда аз диссоциацияланған, аз еріген (тұнба түсетін), газ күйіндегі заттар молекула түрінде өрнектеледі. Формула жанындағы мына (↓) таңба − бұл зат реакция шеңберінен тұнбаға түседі, ал (↑) − газ күйінде ұшады дегенді көрсетеді. Түгелдей диссоциацияланған күшті еритін электролиттер иондар күйінде жазылады. Теңдеудің екі жағындағы қосынды электролиттің зарядтары тең болуы шарт.
5.1. Кейбір электролиттердің ерітінділерінің электр өткізгіштігін салыстыру
Ерітінділердің электр өткізгіштігін зерттеу үшін арнайы қондырғы – электролизерді қолданады (8-сурет). Көлемі 50 мл стаканға (1) сәйкес ерітінді құйып, оған көмір электродтарын (2) салып, айнымалы токқа қосады. Басқа 4 стаканға 10 мл-ден 0,1 н сірке, тұз қышқылы және аммиак, күйдіргіш натр ерітінділерін құяды. Электр өткізгіштерін сынап, амперметрдің көрсетуін жазады, электродтарды біркелкі тереңдікке батыра отырып, электролиттерді күшінің өсуіне қарай орналастырады.
Әрбір сынақ алдында электродтарды жақсылап жуып, дистилденген сумен шайып отыру қажет.

8-сурет. Электролизер.
Сыналған электролиттердің электр өткізгіштігі неге әр түрлі?
Осы электролиттердің диссоциациялану теңдеулерін жазып, оларға әрекеттесуші массалар заңын қолданады. Әлсіз электролиттердің диссоциациялану константаларының мәндерін анықтамалар бойынша анықтап, жұмыс дәптерге жазады.

5.2. Диссоциациялану дәрежесіне сұйылтудың әсері
Стаканға концентрленген сірке қышқылының 10 мл-ін құяды. Бюретканы дистилденген сумен толтырып, ыдыс үстіне қойып, штативке бекітеді. Прибордың көмегімен қышқылдың электр өткізгіштігін сынайды бюреткадан 2 мл су қосып, шыны таяқшамен араластырып, қайтадан электр өткізгіштігін сынап, амперметрдің көрсетуін жазады. Осындай 4-5 көрсеткіш жазып алады (әр жағдайда 2 мл су қосып отырады). Жиналған мәліметтерге сүйене отырып, ордината осіне ток күшін, абцисса осіне су көлемін белгілеп, ток күшінің қосылған су мөлшеріне тәуелділігін көрсететін қисығын сызады.
Теңдеулерді пайдалана отырып, сутек иондарының концентрациясымен 1,0; 0,1; 0,01; 0,001 н сірке қышқылы ерітіндісінің диссоциациялану дәрежесін есептейді. Диссоциациялану дәрежесінің сұйылтуға тәуелділігі қандай сипатқа ие?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет