Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал


Сұйықтықтардың тығыздығын анықтау



бет13/41
Дата29.09.2022
өлшемі359,41 Kb.
#40741
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Байланысты:
treatise4937

4.1.Сұйықтықтардың тығыздығын анықтау
Сұйықтықтардың тығыздығы ареометр көмегімен (жуықтай) анықталады. Ол үшін сұйықтықты шыны цилиндрге құйып, оған цилиндр қабырғасына тигізбей, ареометрді біртіндеп батырады (тастап жіберуге болмайды).
Зат құрамында қоспа болса, оның тығыздығы да таза заттан басқаша болады. Ареометр сұйықтық бетінде қалқымауы немесе батып кетпеуі керек. Сұйықтықтың деңгейі ареометр шкаласына сәйкес келуі керек. Егер сынауға өте ауыр, немесе өте жеңіл ареометр алынса, оны шығарып, сумен шайып, сүртеді, содан кейін ареометрлер қорабындағы өз орнына салып, одан жеңілін немесе ауырын алады. Сұйықтық бетінің деңгейіне сәйкес ареометр шкаласының көрсеткіші осы сұйықтықтың тығыздығына сәйкес келеді. Тығыздықты анықтағаннан кейін ареометрді жақсылап жуып, сүртіп, орнына салады.
Оқытушы берген қышқыл және негіз ерітінділерінің тығыздығын анықтап, анықтамалардан олардың массалық үлесінің пайызбен көрсетілген мәнін алыңыздар.

ЕСЕПТЕР


  1. 1 литр суда 20 грамм фосфор ангидриді ерітілген. Түзілген ерітіндідегі фосфор қышқылының массалық үлесін анықтаңыздар.

  2. Азот қышқылының ерітіндісінің массалық үлесі 65%−ды құрайды. Ерітінді тығыздығы − ρ=1,4 г/см3, көлемі − 1 литр. Азот қышқылының 30%-дық ерітіндісін алу үшін осы ерітіндіге неше мл су қосу қажет екенін есептеңіздер.

  3. Сулы ерітіндінің құрамында 10% сусыз сода ерітілген. Na2CO3∙10H2O формуласына сәйкес кристалдық содаға есептегенде осы ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі (%) қандай болатынын анықтаңыздар.

  4. Массалық үлесі 44%, тығыздығы 1,34 г/мл күкірт қышқылы берілген. Күкірт қышқылының эквиваленттік концентрациясы 2,5 моль/л, көлемі 500 мл ерітінді дайындау үшін берілген ерітіндінің қандай көлемін алу керек екенін есептеңіздер.

  5. Массалық үлесі 60%, тығыздығы 1,37 г/мл азот қышқылы берілген. Азот қышқылының эквиваленттік концентрациясы 1,5 моль/л, көлемі 300 мл ерітінді дайындау үшін берілген ерітіндінің қандай көлемін алу керек екенін есептеңіздер.

  6. Массалық үлесі 24%, тығыздығы 1,12 г/мл тұз қышқылы берілген. Тұз қышқылының молярлық концентрациясы 0,5 моль/л, көлемі 250 мл ерітінді дайындау үшін берілген ерітіндінің қандай көлемін алу керек екенін есептеңіздер.

  7. Массалық үлесі 28%, тығыздығы 1,0388 г/мл сірке қышқылы берілген. Сірке қышқылының молярлық концентрациясы 1,5 моль/л, көлемі 200 мл ерітінді дайындау үшін берілген ерітіндінің қандай көлемін алу керек екенін есептеңіздер.

  8. Натрий хлоридінің 25%-дық ерітіндісінің 300 мл-ін дайындау үшін алынатын тұздың массасын және қосылатын судың көлемін есептеңіздер.

  9. 2 молярлы калий гидроксидінің 250 мл-ін дайындау үшін алынатын гидроксидтің массасын есептеңіздер.

  10. Эквиваленттік концентрациясы 3,5 моль/л-ге тең ВаCI2 (3,5 н ВаCI2) ерітіндісінің 200 мл-ін дайындау үшін алынатын барий хлоридінің массасын есептеңіздер.

5-зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет