Баға саясатының түсінігі және мақсаттары 2 Баға стратегиясының түрлері


Нарықта фирманың одан ары күнелтуін қамтамасыз ету



бет2/7
Дата21.11.2022
өлшемі42,71 Kb.
#51419
1   2   3   4   5   6   7
1.Нарықта фирманың одан ары күнелтуін қамтамасыз ету.Нарықтағы бәсекелестіктің шиеленісу деңгейіне және тұтынушылардың сұранысына , мұқтаждығы өзгеруіне сай көптеген мәселелер туындайды.Осы жағдайда,өндірісті одан әрі жалғастыру және өтпей қалған запас тауарларды өткізу үшін баға шамасын арзандатады. Мұнда пайда өз мағынасын жояды. Баға өзгермелі және тұрақты шығындарды әзірге өтей алғандықтан ,уақытша бір кезге дейін өндіріс жалғасады.

2.Пайданы қысқа мерзімде барынша көбейту.Кез келген кәсіпкер ,өз өнімдерінің бағасын неғұрлым мол пайда табу мақсатында қалыптастырады.Ол үшін, әр баға бойынша алдын ала сұраныс және өндірістік шығындар деңгейі жорамалданады.




3.Айналымды қысқа мерзімде ұлғайту.Қысқа мерзімде айналымды ұлғайтуға ынталандыратын бағаны ,тауарды бірлесіп өндіре отырып ,өндірістік шығындардың деңгейі мен құрылымын анықтау қиын болған жағдайда таңдайды.


4.Өнімнің өтімін барынша ұлғайту.Кәсіпкерлер және әр түрлі фирмалар өнімнің өтімін ұлғайту өнімнің бір өлшеміне есептелінген өндірістік шығындарды арзандатады,соның негізінде пайда ұлғаяды.


5.Жоғарғы деңгейдегі бағаларды белгілей отырып, нарықтың «қаймағын қалқу».Фирмалар жаңа тауарға барынша жоғары баға белгілеген кезде,осы баға саясаты орын алады.


6.Сапа бойынша озық болу.Сапа бойынша озат атағына ие фирма, сапаны арттыруға байланысты жоғарғы деңгейдегі өндірістік шығындарды ,және осы мақсатта жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстары шығындарын өтеу үшін өз өніміне ең қымбат құрайды.

Аталған баға саясаты мақсаттары әр түрлі уақытта, әр деңгейдегі бағамен, жүзеге асуы мүмкін, олардың арасындағы арақатынас әр түрлі болғанымен, олардың барлығы кәсіпорынның жалпы мақсаты – пайданы ұзақ мерзімді ұлғайту мақсатына қызмет етеді.


Баға саясатының қалыптасуы және оның іске асырылуы кәсіпорынның жалпы саясатымен байланысты, себебі әрбір кәсіпорынның негізгі мақсаты – тұтынушылардың басым көпшілігіне өнімдерді табысты сатып өткізу мақсатын көздейді. Баға саясатын қалыптастыру және табысты іске асыру үшін белгілі бір кәсіпорындарда өнімдерге баға белгілеу мәселелерін шешетін тұрақты қызмет етуші құрылымдық бөлімшелер, яғни баға бөлімшелері әрекет етеді. Бұл бөлімшелердің қызметі кәсіпорынның маркетингтік және сатып өткізу қызметтерімен тығыз байланысты болады. Бұл қызметтерге ақпарат жинау, сатып өткізу көлемін жоспарлау, жарнама кампанияларын жүргізу, тауар маркасының имиджін қалыптастыру, ақпарат тарату жатады.
Белгілі бір жаңа өнім нарықта орнықты орын алғаннан кейін, баға белгілеудің міндеттері өзге еді. Инновациялық салада бәсеке пайда болысымен, жаңашыл фирма және оған еліктеушілер, нарықта өздеріне позицияларды иелене бастайды және оны қорғауға әзірленеді. Аталған кезеңде олардың әрқайсысы бір-біріне қарама қарсы келесі екі стратегия аралығында орналасқан өткізу концепциясын іріктеп таңдап алады. Олар:
өнім оригиалынан толығымен өзгешеленетін стратегия
өндірістік шығындар бойынша озат болу стратегиясы.
Бірінші стратегия бойынша, фирма өз тауары үшін бірден-бір өте сирек белгілерді істеуді көздейді. Ол өнімнің өсу сатысында қалыптасатын ғылыми-зерттеу жұмыстарында, өндірісте, сатып алушылардың көнілдерін аудару мәселелерінде өз жағдайын жедел нығайта отырып, өнім арқылы іске асатын оригиналды идеялармен басым жабдықтаушы болуы қажет. Соңынан, бәсекенің біртіндеп ұлғаюына байланысты, оның өте сирек белгілері тауардың құндылығының нәтижесі ретінде көрініп, бәсекелестердің санының көбеюіне қарамастан, фирма үшін тиімді баға белгілеуге мүмкіндік жасайды. Ерекше өнім стратегиясы сатып алушылардың белгілі бір сегментіне әлде бір сала жүйесіне бағытталады. Мұнда, баға белгілеудің ролі, сатып алушылар қасиеттері өте сирек деп есептейтін, тауарды өндіруден пайда алу ретінде қарастырылады. Баға белгілеуде нарықтың«қаймағын қалқу» саясаты, бейтарап баға белгілеу стратегиясы, нарыққа дендей ену стратегияларына тән әдістер қолданылады.
Өндірістік шығындар бойынша озат болу стратегиясына байланысты фирма өзінің күш жігерін шығындарды ең төменгі деңгейге жеткізуге бағыттайды. Өйткені, нарықтағы баға бәсекелестігіне қарамастан, тауардың өзіндік құнының төмен болуы пайда алуға мүмкіндік туғызады деп болжайды. Көптеген нарықтарда өткізімнің негізгі үлесі және өндірістік шығындар бойынша озат болу, өнімнің тізбесін ұлғайту арқылы, жарнама және жаңа өткізу нарықтарын жаулап алу арқылы жүзеге асады. Өндірістік шығындар бойынша озат болуға бағдарланғанда, нарыққа дендей ену бағасын, көптеген жағдайларда пайдаланбаған дұрыс. Егер, шығындардың төмен деңгейі бойынша артықшылық, мол көлемдегі тапсырыстарға қызмет көрсетуде қолданылмайтын болса, егер, сатып алушыларды өнімнің бағасына қарағанда, оның сапасы және сенімділігі мен беріктігі қызықтыратын болса, баға белгілеуде бейтарап стратегия қолданылады.
Ал, тапсырыс өте шұғыл орындалуды талап еткенде, және сатып алушы басқалай мердігерді іздейтін уақыты тар жағдайда, осы өндіруші өндірістік шығындар бойынша артықшылығы бола тұра, баға белгілеуде нарықтың «қаймағын қалқу» баға саясатына тән әдістерді қолданады.
Стратегиларды таңдау, баға белгілеудің мақсатын анықтау фирманың өз іс-әрекетін жоспарлауына тікелей байланысты.


Кәсіпорынмен баға стратегияларын таңдауда келесі жағдайлар мүмкін.
1 Жағдай.  Фирма тауарға бағаны бірінші рет орнатуы керек. Бұл жағдай фирма өзінің жаңа тауарын ішкі нарыққа шығарғанда, немесе дәстүрлі тауарды сыртқы нарыққа немесе нарықтың жаңа сегментін қолданғанда іске асады.
2 Жағдай. Бәсекелес өзінің тауарына бағаны өзгертіп жіберді, бұл жағдай фирманың бәсекелестің бұл қадамына әсер етуге мәжбүр етеді және де келесі мүмкін қызметтерді талдау негізінде сәйкес шешімдерді қабылдайды:
- өз тауарына баға өзгерту арқылы жауап беру;
- қандай дәрежеде жаңа бағаны бекітуді анықтау;
- жаңа баға орнына қандайда бір басқа бағалық емес стратегияны қолданып, бәсекелестің бағаны өзгерткен жағдайын бір қалыпқа келтіруіне себепкер болады.
Өте күшті бәсекелестік жағдайда бәсекелестермен бағаның өзгеруіне фирма әсері өте жылдам болуы керек. Осыған байланысты фирмалар бағалық шешімдерді қабылдауда алдын-ала дайындалған бағдарламалармен әсер білдіруі керек.
3 Жағдай. Фирма өз тауарын деген ағымдағы баға шығындар тарапынан, не сұраныс тарапынан немесе екеуінің де тарапынан да дұрыс жолда екендігіне күмәнданады. Мысалы, сатып алушылар көп төлеуге дайын; қомақты шығындар үлесі нәтижесінен жеткілікті пайдалылық қамтамасыз етілмеген; тауар ескірді; күшті инфлияция байқалады және т.б..
4 Жағдай. Фирма сапасы бойынша сараланатын тауарды өндіреді. Бұл тауарлар арасында сұраныс және шығындар бойынша байланыс бар. Әр тауар варианты бойынша жақсы сатылымды қалыптастырып, пайдаға қол жеткізуде оңтайлы бағаны анықтау қиынға соғады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет