Халықаралық Цифрлық Сәулет және
Құқық колледжі.
РЕФЕРАТ
Тақырып:
Ұйымның қадрлық саясаты
Орындаған:Г-632 студенті
Қойшекенов Нұрлыбек Сансызбайұлы
Тексерген:Жайлиевна Жеміс
Кадрлық саясат – кез-келген меншік нысанындағы әрбір
заманауи компанияның ұйымдық мәдениетінің ажырамас
элементі. Компаниядағы кадрлық саясатқа қойылатын негізгі
талаптар төрт негізгі постулаттардан тұрады:
1. Кадрлық саясат кәсіпорынның даму стратегиясымен тығыз
байланысты болуы керек. Бұл тұрғыда ол осы стратегияны іске
асырудың кадрлық қамтылуын білдіреді.
2. Кадр саясаты жеткілікті икемді болуы керек. Бұл бір жағынан
тұрақты болу керек дегенді білдіреді, себебі қызметкердің белгілі
бір үміттері тұрақтылыққа байланысты, екінші жағынан серпінді
болуы тиіс, яғни кәсіпорынның тактикасына, өндірістік және
экономикалық жағдайының өзгеруіне сәйкес түзетілуі тиіс.
Персоналдардың мүдделерін ескеруге бағдарланған және
кәсіпорынның ұйымдық мәдениетіне қатысы бар жақтары
тұрақты болуы тиіс.
3. Білікті жұмыс күшін қалыптастыру кәсіпорынның белгілі бір
шығындарына байланысты болғандықтан, кадрлық саясат оның
нақты қаржылық мүмкіндіктеріне қарай экономикалық тұрғыдан
негізделген болуы тиіс.
4. Кадрлық саясат өз қызметкерлеріне жеке тәсілді қамтамасыз
етуі тиіс.
Кадрлық саясатты іске асыру құралдары:
• кадрлық жоспарлау;
• ағымдағы кадрлық жұмыс;
• қызметкерлерді басқару;
• оның дамуы, біліктілігін арттыру шаралары;
• әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі шаралар;
• сыйақы және ынталандыру болып табылады.
Оқыту арқылы қызметкерлерді дамыту
Компания қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейі
үнемі оқыту және кәсіби даму арқылы дамып келеді.
Компания менеджменті қызметкерлерді даярлау және
біліктілігін арттыру мәселелеріне көп көңіл бөледі. Компания
оқытудың келесі түрлерін ұсынады:
- шет тілін корпоративтік оқыту;
- оқыту тренингтері арқылы менеджмент дағдыларын жетілдіру;
- мемлекеттік сатып алу бойынша оқыту семинарларын өткізу;
- қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін оқытудың
басқа түрлері.
Кадрлық саясат – бұл ұйымның барлық басқарушылық
қызметінің және өндірістік саясатының құрамдас бөлігі болып
табылады. Ол біртұтас, жауапты, жоғары дамыған және жоғары
өнімді жұмыс ұжымын қалыптастыру мақсатына ие.
Достарыңызбен бөлісу: |