1. өз саласы бойынша пікірлер мен ой-пайым (1-ші мамандыққа сәйкес) қалыптастыру, дағдылар мен тәсілдерге баулу, (бірыңғай білім және ғылыми үдерістер аясында) ойлау жүйесін меңгерту;
2. студенттерге ғылыми таным жүйесін меңгерту;
3. студенттерді ғылыми зерттеу тәсілдерімен, тәжірибе жүргізу және шешім қабылдау теориясы методикасымен таныстыру;
4. ғылыми және тәжірибелік тапсырмалар бойынша өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
6. студентті шығармашылыққа қажеттілікке, өз бетімен білім алуға, өз білімін ұдайы жетілдіруге, ғылыми материалды тереңдей және шығармашылық тұрғыдан меңгеруге үйрету;
5. ғылыми ұжымда жұмыс істеу мен ондағы жұмысты ұйымдастыру тәсілдерімен танысу дағдыларын қалыптастыру;
СҒЖЗ-ның негізгі міндеттері:
7. отандық және шетелдік әдебиеттермен ұдайы жұмыс істеу қазжеттілігі мен дағдысын, патенттік қорлармен жұмыс істеу білуді қалыптастыру;
8. қазіргі заманғы ақпараттық технология мен ақпараттық қарым-қатынас (Internet, электронды пошта, т.т) тәсілдерін меңгерту;
9. қоғамның экономикалық, әлеуметтік немесе рухани өрлеуіне негіз болатын ғылыми бағыттар өзектілігін бағалауды қалыптастыру;
10. студенттің қызығушылығын кафедраның білім-ғылым бағытымен тығыз қарым-қатынасқа бейімдеу, оқытудың бинарлық үдерісінде оқытушы мен оның студенттің шығармашылық байланысын шыңдау.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстар түрлеріне жатады:
конференция, семинарлар және дөңгелек үстелдер жұмыстарына қатысу;
ғылыми журналдар, баяндама жиынтығына және конференция тезистері және материалдарына басылымдарды жіберу;
ЖОО, аумақтық және халықаралық деңгейде байқауларға қатысу;
ғылыми тағылымдамаларға бару.
Оқу үрдісінен тыс уақытында орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстар келесі түрлер арқылы ұйымдастырылады:
студенттік ғылыми семинарларда жұмыс жасау;
студенттердің топтасып немесе жеке түрде мемлекеттік бюджет тарапынан немесе келісім шарт бойынша тапсырыстарды орындау жұмыстарына қатысуы;
студенттік ғылыми және ғылыми-техникалық бірлестіктерде (студенттік ғылыми қоғамдарда, конструкторлық, жобалық, технологиялық ғылыми-ақпараттық, аудармалық, экономикалық және басқа бюроларда, шығармашылық шеберханаларда және студияларда, шығармашылықтың ғылыми – техникалық орталықтарында, ғылыми -зерттеу институттарында және т. б. ) жұмыс жасау.