«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» жоо-дағы оқу пәні ретінде. «Бағалаудың өлшемдік технологиялары»


Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау



бет10/14
Дата14.09.2022
өлшемі51,47 Kb.
#39118
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізудің тапсырмалар үлгілері берілген. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әдістері, тапсырмалары анықталады, оны мектептер өз бетінше құрастырады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген критериалды бағалауды өткізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:
• жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша;
• әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;
• тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен
айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады.
Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары өтілген бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім немесе ортақ тақырыптардағы бағалауға жататын оқу мақсаттарының саны пәндерге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне мұғалім талдау жасап, осы талдау негізінде оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтап, оқушыға беретін кері байланыс әрекетін жоспарлайды. Кейбір жағдайларда мұғалім өзінің оқытуды ұйымдастыру үдерісін қайта қарап шығып, оқушыларды оқу жетістіктеріне жетелейтін оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмаларды, оқытудың әдіс-тәсілдерін дұрыс ұйымдастыруы қажет. Орындалған жұмыстың нәтижелері оқушы үшін түсінікті болып, оның ары қарай оқуына және алға ілгерілеуіне ынталандыра алатындай болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет