«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» жоо-дағы оқу пәні ретінде. «Бағалаудың өлшемдік технологиялары»



бет12/14
Дата14.09.2022
өлшемі51,47 Kb.
#39118
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Жиынтық бағалауды өткізу
Тоқсандық жиынтық бағалау бақылау жұмысы ретінде берілген, сондықтан бақылау жұмысы өтерге дейін материалдар оқушылардан қатаң құпия түрінде сақталғаны жөн. Олар жабық шкафта, оқушылар көре алмайтын жерде сақталуы тиіс. Тапсырмалар белгілі бір қызметкерлер кіруге ғана мүмкіндігі бар анықталған жерде сақталады. Жиынтық бағадауды негізінен мұғалімдер өткізеді, оқушылар жұмыстарын жазғанда, кабинетте тек бір мұғалім болуы мүмкін. Мүмкіндігінше, кез келген бос мұғалім жиынтық бағалауды өткізуде мұғалімге көмектесуі қажет, яғни көмекші бақылаушы рөлін атқарады және ол бас-бақылаушы мұғалімнен нұсқаулық алады. Жиынтық бағалау өткізу кезінде мұғалімдер және басқа бақылаушылар бағалауды тиісті деңгейде және тәртіппен өткізуді мұқият бақылаулары қажет, басқа іс әрекет жасамаулары өте маңызды (мысалы, дәптер тексеру, ноутбукте жұмыс жасау). Бағалау кезінде барлық мұғалімдер мен қатысқан бақылаушылар шапшаң және зейін қоятын мұғалімдер болуы керек.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары балл қою кестесімен сәйкестендіріле жасалады. Жиынтық бағалау өткізілген соң мұғалім балл қою кестесін қолданып балл қояды. Мұғалім барлық жауап үшін балл қойылып, нәтижелердің дұрыс жазылғанына көз жеткізеді.
Негізгі әдебиеттер: 2-5; 11
Қосымша әдебиеттер: 14, 16, 18.
Портфолио - оқушының оқу жетістігін бағалау құралы
Портфолио – білім алушының жыл (тоқсан, семестр) бойы жасаған жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Портфолио білім алушының даму прогресі мен жетістіктерін көрсетіп, бұл процесті жан-жақты талдау мүмкіншілігін береді: білім алушылар өз оқуын бұрынғыдан да сәтті түрде ұйымдастырып, мақсаттарын тереңірек түсініп, жұмыстарына өзгерістер енгізіп, оқудағы өз жетістіктерін көреді. Портфолиода білім алушы өзінің жыл (тоқсан, семестр) бойы атқарған жазба жұмыс үлгілерін сақтап, оқу мерзімі аяғында үйренгені туралы есеп берген кезде портфолионы дәлел ретінде қолдана алады.
Портфолио - білім алушының оқу процесіне қалайша қатысатындығын көрсететін жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиімділігі деңгейін айғақтайды, оқу процесінің білім алушылар үшін қандай нәтиже беретіндігін көрсетіп, олармен кері байланыс құру тәсілі болып табылады. Бұған қоса портфолио білім алушылардың бірлесе жұмыс жасап, ұстаздармен әрекеттесуге септігін тигізеді, өйткені ол шәкірттердің жетістіктері мен дамуының динамикасын талдау жұмысына білім алушылардың өздері мен ұстаздың қатысуын талап етеді.
Оқушы портфолиосының құрылымы бойынша ұсыныстар:
• Титулдық парағы.
• Пән бойынша бөлгіштер.
• Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау бойынша орындалған жұмыстар, мысалы, жазба жұмыстары, практикалық жұмыстар, презентациялар, эссе және т.б. және бағалау критерийлері мен балл қою кестелері
• Күнделікті оқу үдерісі кезінде орындалған және оқу жетістігінің нәтижесін көрсететін жұмыс үлгілері.
• Ұсыныстар, пікірлер, мұғалім тарапынан берілген кері байланыс.
• Оқушы рефлексиясы.
Портфолионың үлгісі оқушының жасы мен пәнге байланысты. Мысалы: АҚТ мен Информатика бойынша портфолио электронды түрде болуы мүмкін (кейде ол электронды портфолио деп аталады) және электронды тасығышта сақталады (дискте).
Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 6, 8,9.
Қосымша әдебиеттер: 11, 14, 16,18, 19.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет