Қорытынды бақылау оқытудың соңғы нәтижелерін анықтауға, бұдан әрі оқуды қамтамасыз ететін даярлықтың қажетті көлемін белгілеуге арналған. Курстың немесе белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, жартыжылдық, семестр, оқу мерзімінің соңы) аяқталған кезде өткізіледі. Оның түрлері – сынақтар, рефераттарды, курстық және дипломдық жұмыстарды қорғау, ауыспалы немесе бітіру емтихандары.
Үздіксіз бақылау моделі
Бақылау жүйесін ұйымдастыру кезінде толықтық және жанжақтылық, тұрақтылық және жүйелілік, объективтілік және валидтілік есепке алынады. Бақылау оқу үрдісін құрастырушыларының бірі болып табылатындықтан, ол оның негізгі атқаратын қызметтерін, мысалы, білім беру, тәрбиелеу және дамыту жақтарын ашып көрсетуі керек. Осы талаптарға дифференциялық тәсілді, функциялық өзін-өзі бақылаудың дамуын және пайдаланылуын қосуға болады. Толықтық пен жан-жақтылықпен – оқу бағдарламасына