Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007



бет122/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   219
Байланысты:
Áà?àëû ?à?àçäàð íàðû?û æ?íå áèðæà ³ñ³ Î?ó ??ðàëû. Àëìàòû 2007

Атаулы бағалы қағаздар деген бағалы қағаздардың бетінде, немесе оларды иемденушілердің тізімінде, кәдімгі құжат бетінде, немесе электронды түрде иемденушінің аты-жөнінің көрсетілуі.

Ұсынушы бағалы қағаздары деген оның иесінің аты-жөні бағалы қағаздарда көрсетілмеген, ал оның айналысы еш жерде тіркелмеген бағалы қағаздар.

Әлемдік тәжірибеде көптеген мемлекеттерде, мысалы, АҚШ пен Ұлыбританияда атаулы бағалы қағаздар көп тараған болса, ал Германияда - ұсынушы бағалы қағаздары көп тараған.



Қағазсыз (құжатсыз) бағалы қағаздар - олар әрқашан ата­улы бағалы қағаздар, себебі электрондық жүйеде олар белгілі бір заңды немесе жеке тұлғаға тіркеледі.

Бағалы қағаздарды биржалық тауар ретінде оның мүліктік құқығы неге қатысты болуына байланысты (тауардың өзіне ме, не­месе оның бағасының өзгеруіне ме) шартты түрде екі үлкен класқа бөлуге болады (9.2. Сурет).






9.3. Сурет. Биржаларда саудаға түсетін бағалы қағаз түрлері
Бірінші класқа негізгі бағалы қағаздар немесе алғашқы бағалы қағаздар жатса, екінші класқа туынды бағалы қағаздар жатады. Негізгі бағалы қағаздарға олардың негізіне, әдетте тауарға, ақшаға, капиталға, мүлікке, әртүрлі қорларға және сол сияқты басқаларға мүліктік құқығы бар бағалы қағаздар жатады. Негізгі бағалы қағаздар өз кезегінде алғашқы бағалы қағаздар және екінші реттегі бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Алғашқыға акциялар, обли­гациялар, вексельдер жатса, екіншіге алғашқы бағалы қағаздарға негізделіп шығарылғандар, мысалы, варранттар, депозитарлық қолхаттар жатады.

Екінші класқа туынды бағалы қағаздар жатады. Олар:

Біріншіден, биржалық активтің негізі болған бағалы қағаздың бағасының өзгеруіне байланысты туындаған мүліктік құқықты қағазсыз білдіреді; Екіншіден, тауардың бағасына (мысалы, астық, ет, мұнай және т.с.с), негізгі бағалы қағаздардың бағасына (әдетте, акцияның индексіне, облигацияға), несие нарығының бағасына (проценттік ставка), валюта нарығының бағасына (валюта бағамы) шығарылған бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстік шарттар (тауарлы фьючерстер, валюталы фьючерстер, проценттік фьючерстер, индекстік фьючерстер) және еркін айналыстағы опциондар жатады.

Қорыта айтқанда, қазіргі биржаларда сатылатын негізгі бағалы қағаздар ол - нарықтық бағалы қағаздар, яғни биржада не­месе биржадан тыс еркін сатылатын және сатып алынатын бағалы қағаздар. Әйтседе, кейбір бағалы қағаздардың айналысы шектеулі болуы мүмкін, ондай жағдайда оларды келісілген мерзімнен кейін тек шығарушының (эмитенттің) өзіне ғана сатуға болады. Ондай бағалы қағаздар нарықтық емес, сондықтан олар биржалық тауар болмайды. Сондай-ақ шектеулі көлемде, немесе бір данасы ғана шығарылған бағалы қағаздар да биржаға айналысқа түсірілмейді. Биржалық тауар болу үшін және биржадағы тұрақты сұраныс пен ұсынысты қанағаттандыру үшін соған ие бағалы қағаздар түрлерін ғана қажетті көлемде шығару керек.

Биржалық сауда табысты болуы немесе капиталды жогалту қауіпімен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан биржалық бағалы қағаздарды болатын қауіпті ескере отырып бағалаған жон. Бағалы қағаздар қауіптілік деңгейіне қарай орналасады (9.3. Су­рет). Бағалы қағаздардың табыстылығы жоғары болған сайын, қауіптілігі де жоғары болады. Табыстың кепілдігі (немесе бағалы қағаздардың сенімділігі) жоғары болған сайын қауіптілігі де төмен болады.

Сонымен, биржада айналысқа түсетін бағалы қағаздардың басты белгілері:

Біріншіден, бағалы қағаздарды шығарушы органның (эмитенттің) тарапынан шектеусіз еркін сатып алынуы және сатылуы керек.

Екіншіден, эмитенттің сенімділігі, оның шығынсыз қызметі мен өзіне алған міндеттемелерін орындауы керек.



Үшіншіден, эмитент-компанияның мөлшері және еркін айналыстағы акциялардың, облигациялардың және басқа да бағалы қағаздардың саны көрсетілуі тиіс.


9.4. Сурет. Бағалы қағаздарды қауіптілік және табыстылық деңгейі бойынша орналастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет