Бағалы қағаздарнарығына қатысушылар - ол бағалы қағаздарды сатып алатын және сататын немесе олардың айналымын қамтамасыз етіп және олар бойынша есеп айырысатын жеке тұлға немесе ұйым. Олар - бағалы қағаздың айналысы бойынша өзара белгілі бір экономикалық қатынастарға түсушілер. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар:
Эмитенттер- ол бағалы қағазды айналысқа шығарушылар. Олар, әдетте мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдар.
Инвесторлар - айналысқа шығарылған бағалы қағаздарды сатып алушылар. Олар, әдетте, бос ақша қаражаттарын ұлғайтуды (өсіруді) көздеген халық, сондай-ақ коммерциялық ұйымдар жатады.
Қор делдалдары- бағалы қағаздар нарығының эмитенттері мен инвесторлары арасын байланыстыратын сатушылар мен сатып алушылар.