Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007



бет149/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   219
Байланысты:
Áà?àëû ?à?àçäàð íàðû?û æ?íå áèðæà ³ñ³ Î?ó ??ðàëû. Àëìàòû 2007

Биржалық мәміле түрлері. Биржалар жасалатын мәміле түрлерін айқындайды. Мыс, нақты тауарлармен мәміле, бағалы қағаздармен және фьючерстік шартпен мәміле. Биржа әрбір мәміле бойынша шарттың стандартын, мәміле көлемін және активтің стандартты мәліметтерін белгілейді. Сауда сессиясы аяқталған соң мәміле құжатпен рәсімделіп, биржа тізіміне тіркеледі. Қол қойылған және тіркеуден өткен шарттар брокерлік сыйақы төлеу үшін клиенттерге қайтарылады.

  • Биржалық ақпарат. Оның саудаға қатысушылар үшін маңызы аса зор. Себебі жасалған мәміле туралы дәл, толық және уақытында берілген ақпарат нарықтың жағдайын талдап, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Биржалық ақпарат ағымдағы және жинақталған ақпарат деп бөлінуі мүмкін. Ағымдағы ақпарат - ол биржада жасалған соңғы мәлімет бойынша берілетін ақпарат. Көптеген биржаларда бұл ақпарат электрондық таблода жүгіртпелі жол түрінде көрсетіледі, оны «тикерлік ақпарат» деп те атайды. Қор биржасында бұндай ақпаратта компанияның сим­волы, акция түрі, мәміледегі акцияның саны және әрбір акцияның бағасы көрсетіледі. Әдетте ағымдагы ақпаратта коммерциялық құпия сақталады, сондықтан оны осы биржалық саудаға аккредитивтенген (яғни сауда операциясын жүргізу үшін уәкіл етілген) жақ қана ала алады. Жинақталған ақпарат биржалық бір күннің қорытындысын көрсетеді. Саудаға қатысушылар күнбе-күн бағалы қағаздардың айналысы туралы; мәміленің соңғы, ең аз, ең көп бағасы туралы; сатып алушының ең жоғары, сатушының ең аз бағасы туралы; орташа баға туралы және жасалған мәміле саны туралы ақпарат алады. Саудаға қатысушылар жинақталған ақпаратты техникалық талдау жасау үшін қолданады. Сондай-ақ қорытынды ақпараттар келешекте сауда жүргізу үшін шешім қабылдауға да қолданады.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   219




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет