Қор биржасының тауар биржасынан елеулі ерекшеліктері бар. Оның мүшесі болып бағалы қағаздар нарығының тек кәсіби қатысушылары ғана саналады. Қор биржасына мүше болып кіру тәртібі және оның саны қор биржасының ережесінде айқындалады.
Биржалық саудаға қатысушы-делдалдардың саны және құрамы, олардың клиенттерімен қарым-қатынас кестелері елдегі биржалық сауданың даму деңгейіне және қалыптасқан дәстүрге сай әртүрлі болуы мүмкін. Мыс, АҚШ биржаларындағы операциялык залдағы сауда жүргізушілер бірнеше категорияға бөлінеді. Нью-Йорк қор биржасында олардың төрт категориясы бар:
комиссиялық брокерлер - олар тек клиенттердің тапсырмасын орындайды, өз есебінен операция жүргізуге тыйым салынған;
мамандар (дилерлер) - олар өз есебінен және өз атынан қызмет етеді;
сауда залының брокері немесе «екі долларлы брокерлер» - олар комиссиялық брокерлер өз тапсырмасын үлгере алмаған жағдайда солардың тапсырмасын орындайды;
тіркелген трейдерлер - олар да дилерлер, бірақ дилерлерден айырмашылығы белгілі бір акцияға кесінді жауап бермейді.
Ресейде сауданың жүру барысын мемлекеттік комиссар мен биржа өкілінен туратын топ бақылайды [8; 131.]. Биржадағы мемлекеттік комиссар биржаның және биржалық делдалдардың заңнамаларды орындалуын тікелей бақылайды. Сондықтан комиссардың:
биржалық саудаға қатысуға;
биржа мүшелерінің жалпы жиналысына және биржа секцияларының (бөлімдер, бөлімшелер) жалпы жиналысына кеңесші дауыспен қатысуға;
Мемлекеттік комиссардан басқа сауданың жүру барысын биржалық комитеттің және тексеру комиссиясының мүшелері, аға маклер және сауданы ұйымдастыру бөлімінің бастығы бақылауы мүмкін. Сондай-ақ, Ресейде сауданы жүргізу барысын қадағалайтын биржа қонақтары деп аталатын топ құрылады. Оған баспасөз өкілдері (биржада үнемі немесе бір рет аккредитивтенген), сондай-ақ мәміле жасауға құқығы жоқ, бірақ өздерінің тапсырмасын орындайтын брокерлерге қажетті үкім беруге құқығы бар саудаға бір рет қатынасатын қатысушылар кіреді.
Қорыта айтқанда, кез-келген елде биржалық саудаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері биржаның ішкі нормативтік құжаттарымен, ең бірінші кезекте биржаның жарғысымен және биржалық сауданың ережесімен айқындалады. Мыс, Қазақстанда ол құжаттар «Тауар биржалары туралы» және «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңдардың негізінде шығарылған.
Достарыңызбен бөлісу: |