11.7. Биржалық сауданы жүргізу механизмі
Ғылыми-техникалық прогресс, биржа ісінің дамуы биржалық сауданы ұйымдастыру негіздерін өзгерткен жоқ. Оған мәміле тек белгілі бір орында, яғни биржа залында өту керек деген қатаң талаптың орындалуының нәтижесі жатады. Биржалық сауда өтетін операциялық залға ерекше талаптар қойылады. Олардың аса маңыздыларына тоқталып өтелік.
Биржа залы әжептәуір сиымды болуы керек. Шетел биржаларының операциялық залы 2-3 мың адамға есептелген. Онда биржалық саудаға қатысушылардың әрбіреуіне сатып алу-сату прцедуралары үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Әлемдік биржаның көбінде сауда бірден бірнеше тауарлармен жүргізіледі. Олардың әрбіреуімен мәміле жасау үшін бөлек зал немесе үлкен залдан орын бөлінеді. Оның едені үлкен залдың еденінен сэл төмендеу болады. Сондықтан мәміле жасайтын орынды «биржалық шұңқыр», «еден» немесе «биржалық шеңбер» деп атайды. Бұл орын бүкіл саудаға қатысушының көріп отыруына тең мүмкіндік болатындай етіп жасалады. Шетелдік биржада сауда орнын шеңбер түрінде салу сауда жүргізушінің оған қатысушыларды түгел көруіне, тауарларды және оның бағасын хабарлағанда қатысушылардың алған әсерін (реакциясын) дер кезінде байқауына мүмкіндік береді.
Шеңбердің немесе шұңқырдың ортасында, я болмаса бір шетінде үстірт болады. Онда биржаның қызметкерлері, сауда жүргізушілер, сонымен бірге мәмілелерді және бағаны тіркеушілер түрады.
Биржа залында сауда жасауға құқық алғандар тұратын арнайы жабдықталған орындар болуы керек. Олар, әдетте, брокердің орны немесе бөлмесі деп аталып, залдың периметрінде (қабырғасының іргесінде) орналасады. Бұндай бөлме саны 400-500-ге дейін жетуі мүмкін.
Брокерлерге қажетті ақпаратты жеткізу үшін операция залында арнайы ақпараттық табло орналастырылады. Шетел биржаларында бұндай таблоға тек осы биржада тіркелген мәміле және баға турасындағы ақпараттар жазылып қана қоймай, сонымен катар онда басқа да тауар, қор және валюта биржаларындағы дәл осындай ақпараттарды жазады. Оған қоса, бағаны өзгертуі мүмкін мәліметтер (мысалы, ауа райы, көтерілістер, тауларды жөнелту, саяси жағдайлар және т.б.) туралы жазылады.
Биржа залы мен биржадағы әрбір орын телефон және телефакс байланысы тәрізді техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Оған қоса брокерді клиенттермен және биржа қызметкерлерімен қолма-қол тікелей байланыстыру үшін элетрондық таблоға шығатын компьютермен жабдықталады.
7. Биржа залымен қатар биржаның стационарлық аппаратындағы қызметкерлердің бөлімдері мен сауда туралы ақпараттар қоймасы орналасады.
8. Биржа залында биржа жаңалықтарын шапшаң хабарлайтын ақпараттық агенттіктердің өкілдеріне арналған жұмыс орындары қарастырылады.
Биржалық шеңберде (шұңқырда) сауда биржалық сессия деп аталатын белгілеген уақытта өтеді. Шетел биржаларының тәжірибесі көрсеткендей биржа бұл уақытты өз бетінше белгілей алмайды. Себебі басқа елдерде немесе уақыт белдіктеріндегі дәл осындай тауар биржалары бар екендігін ескеру қажет. Мысалы, АҚШ пен Англия биржаларындағы мұнай және дизель отынымен жасалатын мәміле уақыты Лондондағы сауданың аяқталуы Нью-Йорктағы оның басталуына дәл келуін есептеп бекітіледі. Бұндай әрекеттер мәміле жасау уақытын ұзартып, нәтижесінде биржалық операциялардың өсуіне мүмкіндік туғызады. Ол үшін биржалар жиі-жйі арнайы келісім шарт жасасады. Сауданы биржалық шеңберде (шұңқырда) брокерлер немесе оған қатысушы биржа мүшелері жүргізеді.
Әлемдік тәжірибеде биржалық сауда жүргізудің екі әдісі қалыптасқан:
Достарыңызбен бөлісу: |