Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Сурет. Қор биржасында мәміле бекіту тәртібі



бет167/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   219
Байланысты:
Áà?àëû ?à?àçäàð íàðû?û æ?íå áèðæà ³ñ³ Î?ó ??ðàëû. Àëìàòû 2007

12.8. Сурет. Қор биржасында мәміле бекіту тәртібі
Қор биржасындағы мәмілелер орындау мерзіміне қарай кассалық және мерзімдік болып екіге бөлінеді. Кассалық мәміле дереу орындалады. Мысалы, биржа залында дереу орындалса Т+0 немесе бекіткен соң 3 күннен кейін орындалса Т+3 формуласымен өрнектеледі, бұнда Т - мәмілені бекіткен уақыт. Мерзімдік мәміле бойынша сатушы бағалы қағаздарды белгіленген уақытта жеткізіп береді, ал сатып алушы мәміле шарты бойынша ақша төлеуге және бағалы қағазды қабылдап алуға міндеттенеді.

Бағалы қағаздардың курсы әртүрлі болуы мүмкін. Онда кассалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасынан өзгеше болады. Шын мәнінде мерзімдік мәміленің айырмашылығы да қағаздың бағамында. Сондықтан мерзімдік мәмілені алыпсатарлық мәміле деп атайды. Алыпсатардың мақсаты - биржадағы құндылықтардың (яғни бағалы қағаздардың) сатып алу-сату бағасы арасындағы айырмасынан пайда табу.

Мерзімдік мәміленің көптеген түрі болады. Мәміле бойынша есептесу бағасына байланысты екіге бөлінеді: мәмілені бекіту кезіндегі нарықтық баға немесе орындалу кезіндегі баға. Олар: мәміле бойынша есептесу мерзіміне байланысты да бөлінеді: мәмілені орындау мерзіміне сай келетін белгілі бір күннен кейін (егер орындау мерзімі бір ай деп белгіленсе, онда 1 наурызда бекітілген мәміле 1 сәуірде орындалуы тиіс және т.с.с), сондай-ақ, мәміле белгілі бір нақты айда бекітілуі мүмкін, онда оның орындалу мерзімі я айдың ортасы, я соңы болуы керек (мысалы, наурыздың кез-келген жұлдызындағы мәміле сәуірде бекітілуі мүмкін, ал орындалу мерзімі я сәуірдің 15, я сәуірдің соңғы жұлдызы).

12.9. Суретте көрсетілгендей мерзімдік мәміле түрлерінің бір бірінен түбегейлі айырмашылығы жоқ. Олар тек кейбір іс-әрекет варианттарымен ерекешеленеді. Сондықтан мерзімдік мәміленің барлық басқа күрделі түрлерінің негізі болатын жәй көрінісіне тоқталып өтелік.

Мерзімдік мәміле бойынша есеп айырысу, жоғарыда айтылғандай, белгілі бір келісілген уақытта - әлбетте бір айдың ішінде - я айдың ортасында, я аяғында өтеді. Бірақ есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздың бағамымен жүргізіледі. Егер мәміленің орындалу кезінде оның бағамы төмендеп кетсе пай­даны сатушы алады да, ал жоғарыласа сатып алушы алады.

Қор биржаларының тәжірибесінде ең бір көп тараған мысал бойынша биржалық мәмілеге қатысушыларды, яғни алыпсатушыларды «аюлар» және «бұқалар» деп екіге бөледі. Сатып алушыларды бұндай сөздерге теңеу халық арасында кең тараған «өлтірілмеген аюдың терісін бөлу» деген мәтелден таралған деседі. Аюдың әдеті - табанымен таптау. Ал биржа ойынындағы қарсыласты «бұқа» деп атау - жағымсыздың әдеті - қарсыласын мүйізіне ілуден шыққан.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет